kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«М??гілік м?ратымыз т?уелсіздік!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 13.12.2014

Сыныбы: 6 «А»

Та?ырыбы: «М??гілік м?ратымыз т?уелсіздік!»
Ма?саты : 
1. Білімділігі: Балаларды? бойында ?аза?станны? ?ткені мен б?гінгі ?мірін салыстыра отырып, ?з елімізді? даму тарихы туралы танымдарын ?алыптастыру. ?лтты? сана сезімін, саяси сауаттылы?ын ояту. Т?уелсіздік к?ні туралы тере? ма?л?мат беру. Т?уелсіздік ?шін к?рескен, желто?сан ??рбандарын еске т?сіріп, желто?сан ??рбандарыны? ерлігі жайында т?сіндіру. 
2. Т?рбиелігі: ?аза?станны? болаша? дамуына ?зіндік ?лес ?осатын жеке т?л?а екендерін ??ындыру. ?о?амны? бір м?шесі ретінде адам ?мірі мен жа?сы т?рмысты? ??ндылы?тарын ??ындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. О?ушылар?а патриотты? т?рбие беру, Отанды с?юге ж?не ерлікке баулу. Желто?сан о?и?асында ел ?амын жеген ерлерді ?лгі т?ту, ?неге алу?а ж?не хал?ыны? тарихын білуге ?йрету, досты??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу. 
3. Дамытушылы?ы: балаларды? ?ткен тарих?а деген ?ызы?ушылы?ын ояту. 
К?рнекілігі: 
1. ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздері: Туы, Елта?басы, ?н?раны, Н.?. Назарбаевты? портреті, слайд, желто?сан ??рбандарыны? суреті. Жалаушалар. 
2. На?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар. 
3. Шарлар, г?лдер, музыкамен жабды?тал?ан. 

 

           С?леметсіздер ме, ??рметті ?она?тар, ?стаздар ж?нео?ушылар. Бізді? «М??гілік м?ратымыз т?уелсіздік!» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!

Біз т?уелсіз елді? т?легі бол?анымыз?а шексіз ?уанамыз. Бізді? отанымызды ?лем таныды. Осы с?тте Отан туралы еріксіз ой?а берілесі?. Б?л ??ымны? аясы ке?. Отан – дала?, орман, тауы?, ауылы? мен астана?. 
Отан ?р ж?мыр басты пендені? киелі мекені, жер басып ж?рген ?р тіршілік иесіні? шексіз байлы?ы. Т?й-т?й бас?ан н?ресте де, е?кейген ?ария да оны? бір м?шесі. 
    Ендеше сыныбымыз о?ушысы ?йлешова Динараны? орындауында   «Атамекен» ?нін ?абыл алы?ыздар.

?азіргі кезде сендер ашы? аспан, жары? к?н с?улесі т?сіп т?р?ан мемлекетте ?мір с?ріп жатырсы?дар. 
?аза? хал?ы еркіндікке жету ?шін ?аншама ?иын – ?ыстау кезе?дерді бастан кешірді. Мы?да?ан жылды? тарихы бар. Ал, 1986 жыл?ы о?и?а халы?ты? есінде м??гі са?талады. 
       16 – желто?санда ?аза? жастары Орталы? ала??а шы?ып, ?аза?стан т?уелсіздігін талап етті. 
Б?л к?н - ?аза?стан тарихында т?уелсіз ?аза?стан Республикасыны? ту?ан к?ні деп алтын ?ріппен жазылды. Сонды?тан да желто?сан б?кілхалы?ты? мереке. 
      - Балалар, біз осы т?уелсіздікке о?айлы?пен ?ол жеткізген жо?пыз. Оны? бір к?рінісі желто?сан о?и?асы. 
        Желто?сан о?и?асында ерен ерлігімен к?зге т?скендер ?те к?п, соларды? бірі – ?айрат Рыс??лбеков. Ол ?ыршын жасын ?иды. О?ан ?лкен айып та?ылды. 
Ерлігі?е ?уанам да, с?йінем, 
?айрат а?а рухы?а мен иілем. 
Б?йшешекті? сол?анына ах ?рсам, 
?діл жанны? ?азасына к?йінем. 
      


-Енді балаларды? т?уелсіздік мейрамына жатта?ан ?ле?дерін  ты?дайы?.

1-о?ушы

?айраттай ?айсар ?лдарды? 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззатты? 
Арымен келген еркіндік 
?асірет пен ?ай?ыны? 
Б?рімен келген еркіндік 
 

2-о?ушы
Он алтыншы желто?сан 
Ел мерейі тасы?ан 
?аза? деген ?алы? ж?рт 
Б?рін кешті басынан 

3-о?ушы

?р ?аза?ты? есінде са?талады 
Желто?санды? ?рендер а?талады 
Ел намысын ?ор?а?ан сарбаздарым 
Ерліктерін м??гілік са?талады. 

4-о?ушы

Он алтыншы желто?сан 
Т?уелсіздік ал?ан к?н 
Ерекше боп м??гілік 
Ел жадында ?ал?ан к?н 

 

 

5-о?ушы

К?к аспанда туларды? 
Желбіреген к?ні - б?л, 
Елім деген ?лдарды? 
Елжіреген к?ні - б?л. 

6-о?ушы

Елдігімні? – ре?і, 
Тендігімні? – тірегі 
М?ддесінен халы?ты? 
Ажырамас бір елі. 
Алтын за?ым – арай таным! 

7-о?ушы

?ділетті? ?раны, 
А?и?атты? шыра?ы. 
Тынышты?ты? туы боп, 
Зор салтанат ??рады. 

8-о?ушы

Т?уелсіздік м??гілік са?талсын, 
Алдымызда барлы? ?міт а?талсын 
Тату – т?тті бірлік болып ?ашанда 
Бейбіт ?мір бар халы?пен жа?талсын. 

9-о?ушы

Енді міне біз т?уелсіз ел болды? 
Бас?алармен терезесі те? болды? 
?р?ашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан ?шін болу?а да ??рбанды? 

10-о?ушы

Д?бірлетсін ??ірді 
Д?бірлесін д?лділі. 
?аза? деген елімні? 
??тты болсын б?л - к?ні!

       -Міне, балалар, б?гінгі та?да ?аза?стан т?уелсіз мемлекет. Бізді? ?зімізді? туымыз, елта?бамыз, ?н?ранымыз бар. Егеменді ?аза?стан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымызды? ?рпа?тарысы?дар. Жа?сы о?ып,?лгілі, т?ртіпті болы?дар. ?з елі? мен жері?ді к?ркейтіп, ?аза?станны? намысын ?ор?айтын келешек ?рпа?ты? а?ылшысы, тірегі сендер болма?сы?дар. 

   

 О?ушыларымыз дайында?ан биді б?ріміз бірге тамашалайы?.

 

       Осыдан 20 жыл б?рын, я?ни 1986 жылы Алматыны? бас ала?ына жастар жаман оймен бар?ан жо?. Олар бейбіт жолмен т?уелсіздікке ?ол жеткізу ?шін ?атыс?ан. 
Енді міне, осы желто?сан к?терілісіне ?атыс?ан а?аларымыз бен апаларымызды? ар?асында ата-бабаларымыз ?ш ?асыр?а жуы? уа?ыт бойы арманда?ан т?уелсіздікке ?ол жеткіздік. 
Бас ала?да ел жос?ан, 
Жастар ?аны жу?ан т?н. 
16 желто?сан- 
Т?уелсіздік ту?ан к?н! 

 

Олай болса жылдар?а кезек беріп с?йлетейік
1991 жыл 1 желто?сан - ?Р т???ыш президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев сайланды.
1991жыл 10 желто?сан – ?аза?КСР - ні? ?аза?стан Республикасы болып аталуы.
1991 жыл 16 желто?сан – ?Р Т?уелсіздік туралы За?ыны? ?абылдануы.
1992 жыл 2 наурыз - ?Р Біріккен ?лттар ?йымына м?ше болды.
1992 жыл 7 мамыр - ?Р ?ор?аныс министрі ??рылды.
1992 жыл 4 маусым - ?Р мемлекеттік р?міздері бекітілді.
1992 жыл 2 ?азан - т???ыш ?аза? ?арышкері То?тар ?уб?кіров ?арыш?а ?шты.
1993 жыл 15 ?араша - ?лтты? валюта - Те?гені? айналыс?а енгізілуі.
1993 жыл - Рухани келісім жылы.
1994 жыл – Халы?аралы? жан?ялар жылы.
1995 жыл – Абай жылы (150 жылды?ы)
1995 жыл 28 ?а?тар - ?Р - ны? жа?а Конституциясы ?абылданды.
1996 жыл - Сенат пен М?жілістен т?ратын Парламент т?ра?ты ж?мыс істейді.
1997 жыл - Саяси ?у?ын - с?ргін ??рбандарыны? жылы.
- «?аза?стан - 2030» ба?дарламасы бекітілді.
- ?Р - ны? астанасы Алматы ?аласынан Астана?а к?шірілді.
1998 жыл 10 маусым - Астананы? халы?аралы? т?саукесері.
1998 жыл - Халы? бірлігі мен ?лтты? тарих жылы.
1999 жыл - ?рпа?тар бірлігі мен саба?тасты?ы жылы.
2000 жыл - М?дениетті ?олдау жылы.
2001 жыл - Т?уелсіздікті? 10 жылды?ы.
2002 жыл - Денсаулы? са?тау жылы.
2003 - 2005 ж. ж. - Ауылды дамыту жылдары.
2006 жылы – ?аза?станда Пушкин, Ресейде Абай жылы.
2007 жыл - ?аза?станда?ы Германия жылы.
2008 - Украинада?ы ?аза?стан жылы.
- Астананы? 10 жылды?ы тойланды.
2009 - Астана?а ЮНЕСКО к?лемінде «?лем ?аласы» ата?ы берілді.
2010 жыл - ?аза?стан Е??? - ?а т?ра?алы? етті.
2011 жыл - ?аза?станда ?ІІ ?ыс?ы Азия ойындары ?тті.
2012 Жылы 1 желто?сан Т???ыш Президент к?нін тойлады.
 

Біз - ?аза? еліні? т?уелсіз мемлекет атанып, к?к туы желбіреген ж?лдызды с?тін ?з к?зімізбен к?ру пешенесіне жазыл?ан ?рпа?пыз.
?ай халы?ты? да е? ?лі м?раты, е? ізгі арманы - елболу, т?уелсіздік туын биік ?сьау, азат ??мыр кешу. Ата - бабаларымызды? сан ?асырлар бойы а?са?ан арманы орындал?ан к?н - ?асиетті Т?уелсіздік к?ні.
Жал?анны? жартысындай ?аза? елі
Ал?андай к?зді? жауын с?лу жері
А? пейіл, дар?ан к??іл хал?ымыз бар
Бол?анда бірі батыр, бірі сері,
?з бабам азатты?ты а?сап ?ткен
Ел ?шін талай са?ла? шейіт кеткен.
Соларды? ??діретті ой - арманы
Та?ы боп т?уелсіздк бізге жеткен.

 

?н: «Ту?ан жер»

«Б?л д?ниеде бізді? бір ?ана Отанымыз бар, ол - Т?уелсіз ?аза?стан» деп елбасымыз айт?андай, ке? - байта? ?аза?стан – ту?ан ?лкеміз, оны с?йіп ??рметтеу - барлы?ымызды? парызымыз.
??тты болсын Т?уелсіздік мейрамы,
Ол ?ркімге бейбіт ?мір сыйлады.
А?са?ан сан ?асырлы? арман болып,
?ол жеткізген шынды? жырын жырлады.
?уаныштан ?алай кеде кермеспін
Б?л к?німді бір ?асыр?а бермесін
А? т?йені? ?арны б?гін жарылды
Т?уелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Осымен  «М??гілік м?ратымыз т?уелсіздік!» атты т?рбие са?атымызды ая?таймыз. Уа?ыттары?ызды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««М??гілік м?ратымыз т?уелсіздік!» »

Күні: 13.12.2014

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: «Мәңгілік мұратымыз тәуелсіздік!»
Мақсаты : 
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар. 
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар жәнеоқушылар. Біздің «Мәңгілік мұратымыз тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 
Ендеше сыныбымыз оқушысы Әйлешова Динараның орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.

Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. 
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. 
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем. 


-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған өлеңдерін тыңдайық.

1-оқушы

Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 

2-оқушы
Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 

3-оқушы

Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 

4-оқушы

Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 



5-оқушы

Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 

6-оқушы

Елдігімнің – реңі, 
Тендігімнің – тірегі 
Мүддесінен халықтың 
Ажырамас бір елі. 
Алтын заңым – арай таным! 

7-оқушы

Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 

8-оқушы

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

9-оқушы

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық 

10-оқушы

Дүбірлетсін өңірді 
Дүбірлесін дүлділі. 
Қазақ деген елімнің 
Құтты болсын бұл - күні!

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 

Оқушыларымыз дайындаған биді бәріміз бірге тамашалайық.


Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 
Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 


Олай болса жылдарға кезек беріп сөйлетейік
1991 жыл 1 желтоқсан - ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991жыл 10 желтоқсан – ҚазақКСР - нің Қазақстан Республикасы болып аталуы.
1991 жыл 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік туралы Заңының қабылдануы.
1992 жыл 2 наурыз - ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
1992 жыл 7 мамыр - ҚР Қорғаныс министрі құрылды.
1992 жыл 4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1992 жыл 2 қазан - тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1993 жыл 15 қараша - Ұлттық валюта - Теңгенің айналысқа енгізілуі.
1993 жыл - Рухани келісім жылы.
1994 жыл – Халықаралық жанұялар жылы.
1995 жыл – Абай жылы (150 жылдығы)
1995 жыл 28 қаңтар - ҚР - ның жаңа Конституциясы қабылданды.
1996 жыл - Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент тұрақты жұмыс істейді.
1997 жыл - Саяси қуғын - сүргін құрбандарының жылы.
- «Қазақстан - 2030» бағдарламасы бекітілді.
- ҚР - ның астанасы Алматы қаласынан Астанаға көшірілді.
1998 жыл 10 маусым - Астананың халықаралық тұсаукесері.
1998 жыл - Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы.
1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы.
2001 жыл - Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
2002 жыл - Денсаулық сақтау жылы.
2003 - 2005 ж. ж. - Ауылды дамыту жылдары.
2006 жылы – Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы.
2007 жыл - Қазақстандағы Германия жылы.
2008 - Украинадағы Қазақстан жылы.
- Астананың 10 жылдығы тойланды.
2009 - Астанаға ЮНЕСКО көлемінде «Әлем қаласы» атағы берілді.
2010 жыл - Қазақстан ЕҚҮҰ - ға төрағалық етті.
2011 жыл - Қазақстанда ҮІІ Қысқы Азия ойындары өтті.
2012 Жылы 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін тойлады.

Біз - қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз.
Қай халықтың да ең ұлі мұраты, ең ізгі арманы - елболу, тәуелсіздік туын биік ұсьау, азат ғұмыр кешу. Ата - бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн - қасиетті Тәуелсіздік күні.
Жалғанның жартысындай қазақ елі
Алғандай көздің жауын сұлу жері
Ақ пейіл, дарқан көңіл халқымыз бар
Болғанда бірі батыр, бірі сері,
Өз бабам азаттықты аңсап өткен
Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Солардың құдіретті ой - арманы
Таңы боп тәуелсіздк бізге жеткен.


Ән: «Туған жер»

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Осымен «Мәңгілік мұратымыз тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«М??гілік м?ратымыз т?уелсіздік!»

Автор: Токеева Тойжан Жалгасовна

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151457


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства