Просмотр содержимого документа
«Электрқозғалтқыштарын қосу»
Жаңақала колледжіӨндірістік оқыту шебері :Тлеубергенов Қамидолла Орынғалиұлы
Электрқозғалтқыштарын басқару және қорғау аппараттарының көмегімен желіге қосукезінде оларды пайдалану қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Электр жабдықтарын қондыру ережелері (ЭҚЕ), құрылыс нормалары мен ережелерінің барлық талаптары, сонымен қатар сәйкес нұсқаулардың талаптары міндетті түрде орындалуы керек. Электрлік монтаждау қызметкерінің біліктілік деңгейіне жоғары талап қойылады.Электрқозғалтқыштарын монтаждау жұмыстарын, электр тартылымдарды монтаждаудың, сым мен кабель талсымдарын ұштау және қосу әдіс тәсілдерін жақсы меңгерген соң ғана жүргізуге болады.
Электрқозғалтқыштарды желіге қосар алдында олардың пайдалану жағдайын анықтайтын жазбалар мен үлгілерге мұқият түрде қарау керек. Мысалы, асинхронды қозғалтқыштардың техникалық төлқұжаты болады, онда қызу темпаратурасын қалыпты шамадан асырмай, керегінше ұзақ жұмыс істеуге болатын номиналды параметрлері келтіріледі. Қозғалтқышқа жапсырылған қаңылтырда көрсетілген номиналды параметрлер: біліктегі механикалық қуат Р2 ротор мен статорды жалғаудың сұлбалары, сызықтық және фазалық кернеулер мен токтар, біліктің айналымы п ПӘК, COSФ және кейбір басқа да қосалқы мәні бар мағлұматтар.
Өндірістік оқу сабағының жоспары № 22
Өтетін күні: 26 наурыз 2017 ж.
№54топ
Тақырыбы: Электрқозғалтқыштарды қосу.
Тақырыпшасы: Электрқозғалтқышты магниттік жүргізгіш арқылы басқару.
Сабақтың мақсаттары:
Білім беру:
Теориядан алған білімдерін машықтану жүзінде жұмысқа пайдалана білуі.
Дамыту:
Оқушының өз бетімен жұмыс жасай білуіне қамтамасыз ету.
Тәрбиелік:
Еңбекті ұйымдастырудың өзіндік әдістеріне үйрету.
Материалдық-техникалық жабдықтар:Монтер пышағы, бұрағыш, жалпақ қысқыш, тістеуік, домалақ қысқыш, оқшаулағыш таспа, техника қауіпсіздігі плакаттары.
Сабақ өткізілетін орын:“Электрмонтер” зертханасы.
Пәнаралық байланыс:Электротехника, электр машиналары мен аппараттары, физика, қауіпсіздік техникасы, сызу, еңбекті қорғау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: 3-5 минут
Оқушыларды түгендеу.
Сабақтың тақырыбын және тақырыпшасын жариялау.
Сабақтың мақсатын жариялау.
ІІ. Кіріспе нұсқау: 40-45 минут
Жұмыс орындарын бөлу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру және өткен материалды қайталау.
Жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау.
Сұлбамен таныстыру және оны талқылау.
Құрал-жабдықтарымен, өлшеу-тексеру құралдарын пайдалану.
Жұмыс жасауға, операцияларды таныстыру.
Тапсырманың орындалуын түсіндіру.
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасын оқушылардың есіне салу.
ІІІ. Оқушылардың өз күшімен орындайтын жұмыстары: 180 минут
Өндірістік оқыту шеберінің рұқсатымен, техника қауіпсіздігін сақтай отырып, зертханалық стендте кернеумен орындаған құрастыру жұмысының дұрыстығын тексеріңіз.
Өндірістік оқыту шебері жұмысты тексерген соң, қосылысты бөлшектеңіз.