Білімділік мақсат: оқушыларға біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсат: Оқушыларды ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру. Жаттығуларды өз беттерінше орындау арқылы ой өрістерін,таным қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мақсат: шығармашылық жұмысқа баулу, тілді құрметтеуге,табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу.
Өткен сабақтарды қайталау "Сәлеметсіз бе?"ойыны
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейміз .
1.Түбір дегеніміз не?
Қосымша – сөздің түбірге жалғанған бөлігі.
2. Қосымша дегеніміз не ?
3.Қосымша қанша түрге бөлінеді? Оларды ата.
Қосымша 2 түрге бөлінеді: жұрнақ және жалғау
4.Жұрнақ нешеге бөлінеді?
Жұрнақ екіге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
5.Сөздер құрамы жағынан қалай бөлінеді?
6. Дара сөздер дегеніміз не?
Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейміз
7.Күрделі сөздер дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз деп аталады.
Сөзстан елі
Күрделі сөз ата
Біріккен сөз
Тіркесті сөз
Қос сөз
Қысқарған сөз
Бірікккен сөздер
Қараторғай
Айгүл
Мойыномыртқа
Итмұрын
Доптаяқ
Тасбақа
Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен күрделі сөздер деп аталады. Мысалы: белбеу, ашудас, өнеркәсіп, т.б.
Біріккен сөз
Құрамына енген тұлғалары сақталмай, кейбірі дыбыстық өзгеріске ұшырайды Мысалы: Ботагөз, Амангелді. Ғылыми тілде бұлар кіріккен сөздер деп аталады.
Құрамына енген тұлғалар сақталып отырады Мысалы:қара+құс
баспа+сөз
Аң,құс,жәндік, өсімдік атаулары
Географиялық атаулар
Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар
Мезгелге байланысты атаулар
Кісі атттары
Біріккен сөздерге жататын атаулар
Дене мүшелері
Күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар
Ойын атаулары
Ән, күй, өлең атаулары
Ауру атаулары
Топтық тапсырма: біріккен сөздерге жататын атауларға мысал келтіру
І-топ
ІІІ-топ
Аң,құс,жәндік, өсімдік атаулары, географиялық атаулар, кісі атттары.
ІІ-топ
Ән, күй, өлең атаулары, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар,
мезгілге байланысты атаулар.
Дене мүшелері, ауру атаулары, ойын атаулары.
Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар
Аң,құс,жәндік, өсімдік атаулары : қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, саңырауқұлақ, итмұрын, аққу, т.б.
Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық, Сарысу, Әулиеата, Көкбозат, Қызылорда, т.б.
Кісі атттары: Орынбасар, Сейілбек, Мұхаметжан, Аманжол, Есенәлі, т.б.
Дене мүшелері: асқазан, тоқішек, ұлтабар, сегізкөз, мойыномыртқа, т.б.
Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қылтамақ, қарасан, т.б.
Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т.б.
Ән, күй, өлең атаулары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қараторғай, Кісенашқан, Сегізаяқ, т.б.
Күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, еңбеккүні, отағасы, ақсақал, т.б.
Мезгілге байланысты атаулар : биыл, бүгін, күздігүні, әнеугүні, т.б.