Білімділік : Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық : Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік : дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ.
Сабақ әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау,салыстыру әдісі тест т.б.
Сабақ көрнекілігі : интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, плакаттар т.б.
І. Ұйымдастыру кезеңі :
а) сәлемдесу
ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
ІV. Сабақты бекіту (тапсырмалар)
V.Қорытынды. (Венн диаграммасы.)
VI.Үйге тапсырма беру.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
2.Тұрлаусыз мүшелерді ата?
1. Тұрлаулы мүшелерді ата
3.Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
4.Синтаксис нені зерттейтін ғылым?
6.Сөйлем түрлерін ата?
5.Бастауыш дегеніміз не?
7.Дара бастауыш дегеніміз не?
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай- күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.
Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?
Не істемек? Немене?Кімдікі?Ненікі?Кім?Не?Неше?Қандай?т.б.
Баяндауыш құрлысына қарай 3 түрге жіктеледі.
Баяндауыштардың жасалуы.
Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын с өз табы – етістіктер. Мысалы: Амантайдың жүрегі аттайтулады.(С.Мұқанов.)
Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.
Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергендетүнмін, күлгендекүнмін.Сөзім-шекер,тілім-бал, лебізімнен алған нәр. (Ғ.Мұстафин.)
Сын есімдерден болған баяндауыштар:
Ауа-райыжақсы.Қарқалың.
Сан есімдерден болған баяндауыштар: Менон бестемін.Білгенің –бір тоғыз,білмегеніңтоқсан тоғыз.(Мақал.)
Есімдіктерден болған баяндауыштар: Басқаға үлгі болатынбізбіз.Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі-осы.(М.Әуезов.)
Баяндауыш болатын сөз таптары
№
Сөз таптары
1
Сөйлемдер
Етістік
2
Сын есім
Сен қайда жүрсің?
3
4
Зат есім
Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз
Сан есім
5
Ат – көлік, қамшы - қару
Ер кезегі – үш
Есімдік
6
Еліктеуіш сөзбен көмекші етістік
Кешегі келген – соның өзі
От жылт етті.
Мылтық даусы тарс етті
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
38- жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлем құраңдар