Просмотр содержимого документа
«Презентация по казахскому языку на тему "Баяндауыш (глагол)" »
Баяндауыш
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.
2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.
3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, тест т.б.
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, плакаттар т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі : а) сәлемдесу
ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Сабақты бекіту (Деңгейлік тапсырмалар)
V. Қорытынды. (Венн диаграммасы.)
Үйге тапсырма беру.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру
2
9
1
3
7
5
4
8
6
Баяндауыш.
1. Б
2. А
3. Я
4. Н
5. Д
6. А
7. У
8. Ы
9. Ш
Баяндауыш
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай- күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.
Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?
Не істемек т.б.
Баяндауыштардың жасалуы.
Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын сөз табы – етістіктер. Мысалы: Амантайдың жүрегі аттайтулады.(С.Мұқанов.)
Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.
Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергендетүнмін, күлгендекүнмін.Сөзім-шекер,тілім-бал, лебізімнен алған нәр. (Ғ.Мұстафин.)
Сын есімдерден болған баяндауыштар:
Ауа-райыжақсы.Қарқалың.
Сан есімдерден болған баяндауыштар: Менон бестемін.Білгенің –бір тоғыз,білмегеніңтоқсан тоғыз.(Мақал.)
Есімдіктерден болған баяндауыштар: Басқаға үлгі болатынбізбіз.Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі-осы.(М.Әуезов.)
Дара баяндауыш
Күрделі баяндауыш
Нұрлан мектепте оқиды.
Ол бөлмені тазалады.
Машина баяу жүріп келе жатыр.
Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.
Біз Қазақстанда тұрамыз.
Ертең жаңбыр жауады.
Келе жатқан үшеу екен .
Ол келуге тиіс екен.
1-тапсырма.Сөлемдегі баяндауыштың орнын толықтырыңдар.
Адам баласы табиғатты .
Біз бұлақтардың көзін .
Су мол болса, астық та .
Көк шөпті таптауға .
Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен .
Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.
2-тапсырма. Үнемі 2 сөзден тастап отырып өлең құрастырып, ішінен баяндауыштарды табыңыздар?
3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.(Сөйлемдердегі баяндауыштарды тауып, қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар)
Керден үндей алмады. Ол түстен кейін командасын алаңға алып келді. Күн ашық болатын. Жер дымқыл. Алаң ортасы құм төселгендіктен тың. Айналасында сары балшық шыланып езіліп жатыр. Күннің жылы лебі сезіледі. Қайсарлар да келген. Олар екінші тордың айналасына шоғырланды.(С.Сар.)
Тест тапсырмалары
1.Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем не деп аталады?
А.құрмалас сөйлем
В. жай сөйлем
С.сабақтас құрмалас сөйлем
D.салалас құрмалас сөйлем
Е.аралас құрмалас сөйлем
2. Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?
А. 5 В. 3 С. 2 D. 4 Е. 6
3. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер не деп аталады?
А. Сөз таптары D.сөз тіркесі
В. сөйлем мүшелері Е. сөз формасы
С. сөз
4. Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын көрсетіңіз?
А.бастауыш D. толықтауыш
В. анықтауыш Е. сөз тіркесі
С. баяндауыш
5. Сөйлемде айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?
А. Баяндауыш D. анықтауыш
В. бастауыш Е. пысықтауыш
С. толықтауыш
6. Бастауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
А.Үй іші ұзақ жым-жырт болды.
В. Еңбек еткен ер атанар.
С. Ертең құрылыс жұмысы басталады.
D. Оқушылар мектептен қайтты.
Е. Астана қаласы қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.
7. Бастауышы күрделі болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
А. Жаңбыр құйып кетті.
В. Өтеген он төрт жаста.
С. Бәйтерек кешені- тәуелсіздіктің символы.
D. Әсел үйіне қайтты.
Е. Әкесі келгенін байқамай қалды.
8. Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А. 2 В. 3 С. 4 D. 5 Е. 6
9.Баяндауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз?
А. Апам келе жатыр.
В. Бақыт жүгіріп бара жатыр.
С. Омар мен Ермек өзенге барып, шөп шауып келе жатыр.
D. Мен сегізінші сыныпта оқимын.
Е . Арманбек өте жақсы кісі еді.
10.Бастауыштың қимыл-әрекетін, жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі?
А. Бастауыш.
В. анықтауыш
С. толықтауыш
D. пысықтауыш
Е. баяндауыш
Қорытынды
Баяндауыш дегеніміз не?
Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Дара және күрделі баяндауыштарға мысал келтіріңдер?
Венн диаграммасы
Үй тапсырмасы:
42 бет. 3.1.4. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар, осы сөздермен мәтін мазмұнына жақын сөйлем құрастырыңдар.