Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың сегіз қырлы,бір сырлы дарын иесі екенін таныту.
Сабақтың міндеті :
А) Білімділік : Жүсіпбек шығармаларының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу.
ә) Дамытушылық : Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын бекіту
Сұлтанмахмұт қай жылдары өмір сүрді?
Ақынның қандай шығармалары бар?
Лирикалары
Туған ел, халық
тағдыры,
оқу өнер,
көңіл күй,
махаббат
Поэмалары
*Кедей*,
“ Адасқан өмір”,
“ Таныстыру”,
Айтыс
Романдары
“ Қамар сұлу”,
“ Кім жазықты”
БЕС АРЫС
Ш. Құдайбердиев (1858-1931 жж) – қазіргі Шығыс облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде туған.
Шәкәрім – лирик, эпик, ақын және композитор, музыкант, орыс және шығыс классиктерінің қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол – терең ойшыл әрі бармағынан өнер тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен қоғам қайраткері.
“Қалқаман- Мамыр” (1888 ж), “Еңлік-Кебек” (1891 ж.) дастандарын жазған.
Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоудың “Том ағайдың балаганы”, Л.Толстойдың “Үш сауал” т.б. Әңгімелерін, А.С.Пушкиннің “Боран”, “Дубровский” повестьтерін қазақ тіліне аударған.
А.Құнанбаевтың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты.
А.Байтұрсынов (1873 – 1938 жж.) – қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келді.
Қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы, лингвист – ғалым, еңбегі ерекше ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, ірі қоғам қайраткері.
Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын А.Байтұрсыновтың “Әліпбиімен” ашып, ана тілін “Тіл - құралы” арқылы оқып үйренді.
А.Байтұрсынов – араб графикасына негізделген қазақ жазуының іргесін қалаушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш ғалым, қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.
Ақынның алғашқы өлеңдері 1909 ж. Санкт-Петербургте “Қырық мысал” аударма жинағында жарық көрді. Екінші кітабы - “Маса”
Міржақып Дулатов
Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған.
Көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы).
1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі.
1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.
М.Жұмабаев (1893 – 1938 ж.) солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келеді.
Ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 1912 жылы “Шолпан” тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.
М.Жұмабаев - философ ақын, “Қорқыт” поэмасы бар. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” еңбектерін жариялады.
Ол орыс ақын – жазушылары И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, А.А.Блок, Д.Н.Мамин-Сибиряк т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған.
“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Ж.Аймауытов (1889 – 1931 жж.) – Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылында дүниеге келген.
Абайды бала жастан жаттап өскен Жүсіпбек көркем сөздің ерең жүйрік зергері. Ол әрі ақын, әрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы және педагог ағартушы.
Ол музыка өнерінің терең сырына қанық, өзі әнші, өзі музыкант, сегіз қырлы өнерпаз.
“Қартқожа”, “Ақбілек” романдары, “Күнікейдің жазығы” повесі, “Шернияз”, “Ел қорғаны”, “Мансапқорлар” пьесалары, “Комплексті оқу жолдары”, “Жан жүйесі”, “Өнер таңдау”, “Мағжанның ақындығы туралы” ғылыми еңбектері – сан салалы талант иесінің қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін шығармалары бар.
Қаламгердің өмірі меншығармашылығына
сатылай кешенді талдау
Қаламгердің аты – жөні:
Ж.Аймауытов
Туған жылы:
1889ж
Туған жері:
Павлодар облысы,Баянауыл
ауданы,Қызылту атырабы
Ең алғаш алған білімі:
ауыл молдасынан
оқу орны:
Баянауылда, Павлодарда оқыған
орыс-қазақ мектептері
Семейдегі оқу орны:
мұғалімдер семинариясы
Атқарған қызметі:
«Қазақ тілі» газетінің редакторы
Шоқтығы биік шығармасы:
«Ақбілек» романы
Өнер саласына арнаған әңгімесі:
“Әнші”
Кейіпкері:
Өмірдегі бейнесі:
Әмірқан
Әміре Қашаубаев
Өмірден өткен уақыты:
1931 ж
Сандар сыры
Өмір сүрген
жылдары
Шымкенттегі Педогогикалық
техникумның директоры
1926-1929
1889-1931
Баянауылдағы орыс-қазақ мектебінде оқыды
“Ақ жол ” газетінің
редакциясында қызмет істеді
1907
1924-1926
Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсті
Қарқаралыда мектеп
мұғалімі
1911
1922-1924
1914-1919
Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыды
“Абай” журналын шығаруға атсалысты
“Қазақ тілі” газетінің редакторы
Қаламгер туындылары
Жүсіпбек Аймауытов
Әңгімелері
“Бетім-ау, құдағи ғой”
“Елес”, “Әнші”,
“Боранды болжағыш әулие”,
“Ханалар тарихы”.
Пьесалары
“Рабиға,”
“Ескі тәртіппен бала оқыту”, “Шернияз”, “Ел қорғаны”, “Мансапқорлар”
Ғылыми еңбегі
“Жан жүйесі”, “Өнер таңдау”, “Комплексті оқу жолдары”, “Мағжанның ақындығы туралы”