kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақсылық – жан жадыратады.

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по самопознанию для учащихся 9 класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақсылық – жан жадыратады.»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Новый орта мектебі Мерзімі: 06.11.2019 №9 сабақ

Мұғалімі:Дауылбаева Ғазиза Серікбайқызы Сынып – 9 Оқушы саны: 20

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық – жан жадыратады.

Құндылық: Риясыз Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кішіпейілділік, мейірімділік, қамқорлық


Мақсаты: оқушыларға жақсылық – жан жадырататындығы туралы түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Риясыз Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • оқушыларға көңілдің тазалығы арқылы кішіпейілділіктің мәнін ұғындыру;

  • оқушыларда мейірімділік, ізгілік қасиеттерін дамыту;

  • оқушыларды жалпыадамзаттық қамқорлыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер үнтаспа)






Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Салемдесу. 5Т

Тәртіп

Тыныштық

Тазалық

Талап

Татулық

2.Тыныштық сәті:

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен сүйіспеншілік құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Нұрды уақытша түсініспей жүрген адамдарға да бағыттыңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Сүйіспеншілік және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру. № 9 сабақ «Жақсылық – жан шуағы» тақырыбында эссе жазып келу.

- Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

- Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? 

- Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

- Үнемі жақсылық жасау неге жол бастайды?

- Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сен жақсылық жасағанда қандай сезімде боласың?










































4. Дәйексөз:

«Сүйіспеншілік – баға жетпес құндылық.Қанша сыйласақ та таусылмайды»

Лев Толстой

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

2 рет қыздар, 2 рет ұлдар 1 рет барлығымыз бірге қайталаймыз

Дәптерге жазу.

5. Әңгімелесу (сұхбат)

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

-Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

- Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді. Осылайша балалары анасының барлығын бірдей жақсы көретінін ұғынды.

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Сұрақтар:

- Балалары анасына қандай сұрақпен келді?

- Анасы шырақты не себепті жақты?

- Балалары ансынан қандай жауап алды?

- Ана өз сүйіспеншілігін  қалай  жеткізді?

- Адамға жан жылуы қалай көмектеседі?

- Сен өз сүйіспеншілігіңді қалай білдірер едің?

Смайыл Ыбрақұлы. 2014 жыл 22 сәуір.


6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Мақал мәтел. Бұл жағдайда алдын ала кеспеқағаздарға бір мақалды бөліп-бөліп жазып, таратады, сосын оқушыларға мақалды құрасатыру тапсырылады. Осылайша топтар құрастырылады.

Ақыл, қайрат, жүректі / бірдей ұста,

Сонда / толық боласың / елден бөлек.


Мейрімі мол / адамның —
Жүрегі / жылы, /қолы кең.


Жақсылық / қылсаң жасыр,
Жақсылық / көрсең / асыр.


Бітер істің / басына, 
Жақсы / келер / қасыңа. 


Тапсырма «Жанашырлық жанға қуат» тақырыбына жоба құрастыру. Жобаны топ болып қорғап. Шығармашылық бұрышына жұмыстарын іледі.

Баяу әуен қойылады. (Асылбек Енсепов_-Детство. Күй)Топқа топтастыру



7. Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы ағайын» Сөзі: Құрмаш Маханов

1.Көктем етіп көркейтсе де маңайын, 

 Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, 

 Өшігуді қояйықшы өзгеге, 

 Кешірімді болайықшы, ағайын! 

2.Көк нөсерін көл етсе де жауындар, 

 Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, 

 Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, 

 Мейірімді болайықшы, бауырлар! 

 3.Болашаққа қол ұстасып барайық, 

 Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, 

 Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, 

 Кішіпейіл болайықшы, халайық! 

 4.Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, 

 Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, 

 Өзімізге қалайтұғын нәрсені, 

 Тілейікші өзгеге де болса деп. 

 5.Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, 

 Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, 

 Қаратайық Қыбылаға жүздерді, 

 Таратайық адамзатқа жылылық! 

Топпен ән айту.

7. Үй тапсырма беру. №10 Оқулықтағы 51-53 беттегі А.Қоныстың «Сөз құдіреті» атты шағын мәтінді, оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды минуты :

Көздерімізді жұмамыз. Сіздің ойыңыз таза, жүректеріңіз Нұрлы! Осылай жарқырап жүріңіз.Сіздерге ризамын!Көзімізді ашамыз. Рахмет! Сау болыңыздар!

Әсем әуен








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Жақсылық – жан жадыратады.

Автор: Дауылбаева Ғазиза Серікбайқызы

Дата: 09.05.2019

Номер свидетельства: 509562

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Жа?сылы?- жан жадыратады."
    ["seo_title"] => string(24) "zhaksylykzhanzhadyratady"
    ["file_id"] => string(6) "270563"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451198511"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "ЖА?СЫЛЫ?-ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ (саба? жоспары)"
    ["seo_title"] => string(37) "zhaksylykzhanzhadyratadysabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "276305"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452701343"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Жа?сылы?- жан жадыратады "
    ["seo_title"] => string(29) "zhak-sylyk-zhan-zhadyratady-1"
    ["file_id"] => string(6) "245967"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446273021"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Жақсылық - жан жадыратады 9 сынып Өзін - өзі тану пәні"
    ["seo_title"] => string(54) "zhak_sylyk_zhan_zhadyratady_9_synyp_ozin_ozi_tanu_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "360503"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479583215"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Жа?сылы? -жан жадыратады"
    ["seo_title"] => string(25) "zhaksylykzhanzhadyratady1"
    ["file_id"] => string(6) "292438"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455278329"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства