kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?сылы? -жан жадыратады

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жа?сылы? жан жадыратады" д??гелек ?стел жо?ар?ы сынып о?ушыларына арнал?ан. О?ушылар?а адамгершілік ??ндылы?тары,мейірімділік,?айырымдылы?,жа?сылы? туралы т?сініктерін ке?ейту. Жа?сылы? жасауды? адам ?міріндегі м?нін ашып,жа?сылы?ты т?сіну, жа?сылы? жасау іскерліктерін дамыту?а арнал?ан. Д??гелек ?стелде о?ушылар ?з ойларын орта?а салып,жа?сылы?,жаманды?ты ?алай т?сінетіндерін,еш ойланбастан жа?сылы? жаса?ан кездері? болды ма? Жа?сы с?з айту,жа?сылы??а жата ма? т.б.с?ра?тарына   ?з ойларын орта?а салды. Саба?та жа?сылы? жасау ж?нінде бейнефильм к?рсетіліп,""

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?сылы? -жан жадыратады»

Өзін-өзі тану

/дөңгелек үстел/


Тақырыбы: Жақсылық -жан жадыратады


Мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері: - жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

  • жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

  • жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурсы: слайд,аудио,видеодиск,ақ қағаздар,түрлі-түсті қарындаштар.


Барысы:


Сәлеметсіздер ме оқушылар, қонақтар! Бүгінгі «Жақсылық-жан жадыратады» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Қазіргі таңда адамгершілік құндылықтары,жақсылық жасау,мейірімділік таныту өзекті мәселенің бірі. Өйткені біздің болашағымыз жастардың қолында. Болашақта елімізде мейірімділік,татулық,бейбітшілік болу үшін қазіргі жастарды мейірімді болуға,жақсылық пен жамандықты ажыратып, жақсылық жасауға тәрбиелеуіміз қажет деп ойлаймын.

Сабағымды «Жақсылық пен жамандық» туралы өсиет әңгімеден бастағым келіп отыр. /Мұғалім өз сөзімен әңгімелейді/

Жақсылық пен жамандық

/өсиет әңгіме/

Қарт ескі досымен шай ішіп отырып: - Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді. Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған: - Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді. Досы сасып қалып: - Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді.Қарт: - Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп, - дейді.Бұл шындық еді. Досы қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап: - Бөлмеден қоңыр түсті заттарды, өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен! Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтындығымызда.

Мұғалім: – Жақсылық, жамандық деген сөздер сіздерде немен ассоцияланады? /плакатка сурет аркылы салып көрсетеді/

- Жақсылық, жақсылық жасау дегеніміз не?

- Жамандық дегенді қалай түсінесіздер?

- Еш ойланбастан жақсылық жасаған кездерің болды ма?

- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

- Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

Дәйексөз

Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық- ер адамның ісі.

Халық мақалы

/оқушылар талқылап,мұғалім қорытындылайды/

Адамға жағымды нәрселердің барлығы Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне,арман тілегіне,болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді.Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне,қоғамдық қатынастарына,адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.


Мұғалім:

-«Жақсылығыңды ескерсе ғана жаса,ал елемесе алаңдама» деген пікірге келісесіндер ме?

/ «Жақсылық әрқашанда оралады» видеофильм көрсетіледі, төмендегі сөздермен қорытындылады./

Жақсылығымыз жақын болсын. Кейде адамдар «Жақсылығым алдымнан шықпайды», - деп ренжіп жатады. Жақсылық сатусыз жасалады. Жақсылық - өлшеусіз құндылық. Жақсылықты ұқпаған адам күндердің күнінде ұғатын болады.


Тапсырма: - Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

- Жақсылық жасау кез келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

- «Жақсылығың алдыңнан шықсын»деген халық ұғымы нені білдіреді?

Оқушылар параққа өз алақандарын салып, сол алақанға өз бойындағы жақсы қасиеттерді жазып,сөйлемді аяқтайды.

-Мен жақсылық жасай аламын,себебі.................

/ «Бәрі өз қолыңда» өсиет видеосы көрсетіледі, жақсылық туралы тақпақтар айтылады,бір-біріне жылы сөздер айтады/


Сабақты қорыту: Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық,достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды.Әр кезде де жақсылықты риясыз жасау қажет. /Сүйінбай Аронұлының өлеңімен қорытындылаймын/


Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,

Жаман адам балтаның ұңғысындай.

«Олақтан салақ жаман» деген мақал

Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Жамандар өсек-аяң айтып жүрер,

Ешкімнің білмесе де қылмысын-ай.

Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,

Ақылы ауысқан адамның жындысындай.

Екеуін салыстырып әдейі айттым,

Қажетін қолданарсың тұрмысыңа – ай.

Топпен ән айту:

Бағалайық бақытты
Балғын дәурен, балауса кезің қандай,
Гүл бағында балқиды сезім балдай.
Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,
Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.

Қайырмасы:
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.

Ешкім бізге, аяулым, бал ашпайды,
Қалауына жүректің таласпайды.
Жүрегімен таңдаған адаспайды,
Ешкімге де жалғыздық жараспайды.

Қайырмасы:
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.

Арманның мекені алыстап кетеді,
Жастығың өтеді қас қағымда...
Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын,
Өмірің жайнасын жас шағыңда.

Қайырмасы:
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жа?сылы? -жан жадыратады

Автор: Кенженбаева Айман Утенбаевна

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292438


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства