Көрнекіліктер: | Мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: Білімділігі: татулық,бірліктің адами қарым- қатынастағы мәнін ашу; Дамытушылығы: адамдармен сыйластықты,жарастықты қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Тәрбиелігі: бірлікке,достыққа,кішіпейілділікке тәрбиелеу; |
Сабақ барысын талдау | Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу Оқушыларды түгендеу Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық |
| Тыныштық сәті Ал балалар ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа да болады. Өздеріңді көгілдірде ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір су жағасына келдік деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап сылдырдай ағады. Тап – таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты. Біз су жағасына жақындап, екі қолымызбен бір уыс су ішіп алдық. Су бізге қарап, жылт – жылт етеді. Тіпті осы су тамшылары да бізге әлденені айтқысы келетіндей. Біз алақандағы су тамшыларын төгіп алмайық деп қалпымызға келейік. Көзімізді ашпайық. Сендердің алақандарыңа аялап алған суларың сендерге не айтуы мүмкін деп ойлайсыңдар және сол суды сендер қалай пайдаланар едіңдер? |
| Үйге берілген тапсырма. Өткен сабақта «Адалдық – ардың ісі» тақырыбында шағын шығарма жазып келу тапсырылған.( әр оқушының дәптері тексеріледі және жақсы жазылған шығарма дауыстап оқылады,мақтау, мадақтау жүргізіледі) |
Жаңа сабақ | Әңгімелесу (Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар беріледі) 1. «Татулық – достық кілті» дегенді қалай түсінуге болады? 2.Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын айта аласыңдар? 3.Достық, ынтымақ, бейбітшілік ұғымдарының ұқсастығы неде? |
| Дәйек сөз «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт...» Жамбыл Жапаұлы Жабаев |
| Әңгімелеу (мұғалімнен сый) Бізге келіп жеткен аңыз әңгімелерде Төле би Әлібекұлының елдің береке-бірлігін нығайтуда сіңірген еңбегі туралы көптеп айтылады. Бірде Төле би ауырып жатқанда Қазыбек би бастаған біраз билер көңілін сұрай келеді.Олар биден еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара.Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады»,- деп жауап берген екен. Енді бірде Төле би өзінен жасы үлкен абыз билерден бата алмақшы болады да әуелі ол әкесіне барады. Жасы жүзге тақап қалған әкесі оған ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Сол кезде Төле: «Ел бірлікте болу үшін не істесе болады?- дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады: -Балам мынаны сындырып көрші?І Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. -Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?- Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп оп-оңай сындырады. Әкесі Әлібек би: -Бұдан не түсіндің,балам?-дейді. Сонда Төле би: -Түсіндім, әке,бұның жауабы: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау алмайды дегеніңіз ғой- дейді. Оқушыларға сұрақтар 1.Төле бидің жауабына талдау жасап көр, не ұқтыңдар? 2.Бабалар салып берген жолмен біздің еліміз қалай көркеюде? 3.Қазақстан қандай мемлекет? 4.Елімізде қанша ұлттың өкілдері тұрады? 5.Ел бірлігін сақтауға қандай жағымды ой қосар едің? |
| Топпен жұмыс Төменде берілген сөздерді пайдалану арқылы Отанға, достарымызға, отбасымызға шағын әңгіме жазу. Бейбітшілік - ... Татулық - ... Достық - ... Бірлік - ... Отбасы татулығы - ... Ұжым татулығы - ... Ауылдың татулығы - ... Отанның татулығы - ... |
| Үйге тапсырма Тақырыпқа байланысты өздеріне ұнаған тақырыпта шығарма жазып келу. |
| Қорытынды Тыныштық, тыныштық, тыныштық, Тыныштық бар жерде. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, Тыныштық бүкіл әлемде. |
| Тыныштық сәті: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |