kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» сабақ жоспары 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»»


Сабақ жоспары


САБАҚ: Қазақ әдебиеті

БӨЛІМ: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

ТАҚЫРЫП: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Солтүстік Қазақстан облысы

Мектеп: Шал ақын ауданы, Сергеевка қ. «Академик Е.А.Букетов атындағы мектек-гимназиясы» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Балгабаева Гульмира Дулатовна

СЫНЫП: 6

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.

Сабақ мақсаттары

Шығармадағы әлеуметтік мәселені түсіндіріп, көркемдегіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.

Бағалау критерийлері

1. Шығармадағы әлеуметтік мәселені түсіндіреді.

  • 2. Көркемдегіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Әлеуметтік мәселе бойынша өз ойын білдіре алады, көркемдегіш құралдарды дұрыс пайдалана алады, түсіндіреді, сипаттайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Портрет (фр. portraіtportraіtе — бейнелеу) — бейнелеу өнерінің жанры, адам бейнесін, живопись яки графика түріндегі бейнесі.

Теңеу эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Метафора (грек metaphora – ауыстыру) –троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. 

Алдыңғы оқу:

С.Мұратбековтың өмірбаянын біледі, «Жусан иісі» шығармасымен таныс.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

3 мин



Сәлемдесу

Ширату жаттығу: «Жусан, жуа, ермен»

Оқушылар шеңбер құрып отырады, оқушыларға отырған ретімен жусан, жуа, ермен атаулары беріледі. Ортаға бір оқушы шығып бір атауды немесе бірнеше атауды айтқанда, атаулары айтылған оқушылар орындарын ауыстырады, ал жүргізуші болған оқушы бір бос орынға жылдам отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болады. Ойынның соңында берілген атаулармен оқушылар топқа бөлінеді.

Оқу мақсаттары тақтаға ілініп, оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады.











Ортасы

10 мин












8 мин









































































10 мин









1 – тапсырма

«Пирамидалық талқылау» әдісі

Оқушылар топта гүлдің ортасындағы түймесіне шығарманың идеясын жазады, сол идея арқылы әр оқушы таратылған гүл жапырақтарына шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені жазады,

Топтың ішінде жапырақта жазылған мәселені біріктіреді,

Әр кімнің жауабымен танысып, ойларын қорғайды.

Қ.Б. «1 сұрақ» (бір-біріне сұрақ қою арқылы өзара бағалау)

2- тапсырма

Берілген мәтін үзінділерінен көркемдегіш құралдарды анықтайды.

«Зерттеушілер конференциясы» әдісі берілген мәтін бойынша әр топ зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

1-топ

Мәтіннен үзінді

Портрет

Теңеу

Метафора

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең
соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам.

Бүгін де сырғанақтағы ойынның сондай бір қызған шағы еді. Күннің
көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған. Сірескен ақ
қардың бетінде бір сәтке жұқалаң қызғылт кілегей тұрды.




2 топ

Мәтіннен үзінді

Портрет

Теңеу

Метафора

Анадай жерде: шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай
таза бір бала тұр екен. Біз қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп,
екі қолын қалтасына сап шіреніп қойды.

Бүгін де сырғанақтағы ойынның сондай бір қызған шағы еді. Күннің
көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған. Сірескен ақ
қардың бетінде бір сәтке жұқалаң қызғылт кілегей тұрды..




3 топ

Мәтінен үзінді

Портрет

Теңеу

Метафора

– Менің де мынадай ақ көйлегім бар. Үлкен сандықта жатыр, апам
кигізбейді, – деді көп үндемейтін Қосым тырнауық та. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол:

– Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да білеміз, – деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді. Есікбай – сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын,
жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Бүгін де сырғанақтағы ойынның сондай бір қызған шағы еді. Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған. Сірескен ақ
қардың бетінде бір сәтке жұқалаң қызғылт кілегей тұрды.





Қ.Б. «Менен – сұрақ, сенен – жауап» кері байланыс

екі топ бір – біріне сұрақтар қояды, бағалайды.

3 тапсырма

«3 сөйлем» әдісі

Оқушылар көркемдеуіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жазады

Саралау: оқушыларымның ерекшелігіне сәйкес, мақсатқа бағытталған тапсырмалар жеке беріледі.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Көркемдегіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.


- Көркемдеуіш құралдарды ажыратады;

- Көркемдеуіш құралдарды пайдаланып 3 сөйлеммен кейіпкер бейнесін сипаттап жазады;




Қағаздан жасалған Түймедақ гүлі
















Кесте

Соңы

9 мин


«Əріптестер» әдісі

Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді.

1. Әңгіме неге жусан иісі деп аталды?

Жауабы: Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусантөбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған...

2. Аян ауылға әжесімен қай жылы көшіп келді?

Жауабы: Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген.

3. Аянның достарын ата:

Жауабы: Садық, Қосым, Есікбай т.б.

4. Иманжанов деген кім?

Жауабы: Балаларға әріп танытқан ұстаз.

5. Аянның тобығы неге тайғыш болып алды?

Жауабы: Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті. Сол жолы
Аянның тобығы тайып бір айдай үйінде ауырып жатты. Осыдан кейін-ақ Аянның тобығы тайғыш болып алды. Қит етіп алысса, иә секірсе тобығы
тайып кететін де.

6. Аян Бапай шалдың үйіне неге көшті?

Жауабы: Аянның әжесі қайтыс болған соң әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті.

7. Аян неге жетімдер үйіне кетті?

Жауабы: Ағасынан қаралы қағаз алған соң, жетімдер үйіне кетті.

Қ.Б. «Сұрақ-жауап» әдісі

Оқушылар берілген сұрақтарға стикерге жауап жазып «Мұғалімге жеделхат» тақтасына жапсыру арқылы орындалады.

1. Шығармадағы әлеуметтік мәселені түсіндірдің бе?

2. Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтай алдың ба?

3. Көркемдегіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алдың ба?


Сұрақ – жауап жазылған кеспе қағаздар































«Мұғалімге жеделхат» тақтасы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

  • Сыныпта 15 оқушы, оның ішінде 5-і зерек, 6-ы өз ойын жеткізе біледі, 4-і баяу жұмыс істейді.

  • «3 сөйлем» әдісі

  • Оқушылар көркемдеуіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жазады

  • Оқушыларымның ерекшелігіне сәйкес, мақсатқа бағытталған тапсырмалар жеке беріледі, себебі әр оқушының қажеттілігі ескерілді

  • «1 сұрақ»

  • Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өзара бағалайды

  • «Менен – сұрақ, сенен – жауап» кері байланыс

екі топ бір – біріне сұрақтар қояды, бағалайды.

  • «Сұрақ-жауап» әдісі

  • Оқушылар берілген сұрақтарға стикерге жауап жазып «Мұғалімге жеделхат» тақтасына жапсыру арқылы орындалады.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:




Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:


2:







Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма


Қазақ әдебиеті 6 сынып


Бөлім:

Тақырып:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Оқу мақсаты:

6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Бағалау критерийлері

Көркемдегіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.

Тапсырма

«3 сөйлем» әдісі

Оқушылар көркемдеуіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жазады


Бағалау критерийі

Дескриптор

Көркемдегіш құралдарды пайдаланып кейіпкер бейнесін сипаттап жазады

- Көркемдеуіш құралдарды ажыратады;

- Көркемдеуіш құралдарды пайдаланып 2-3 сөйлеммен кейіпкер бейнесін сипаттап жазады;




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Автор: Балгабаева Гульмира Дулатовна

Дата: 25.12.2019

Номер свидетельства: 533511

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Сайын М?ратбеков «Жусан иісі» шы?армасында?ы кейіпкерлерге мінездеме "
    ["seo_title"] => string(80) "saiyn-mu-ratbiekov-zhusan-iisi-shyg-armasyndag-y-kieiipkierlierghie-miniezdiemie"
    ["file_id"] => string(6) "215431"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432691716"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Сайын М?ратбеков «Жусан иісі» шы?армасында?ы кейіпкерлерге мінездеме. "
    ["seo_title"] => string(82) "saiyn-mu-ratbiekov-zhusan-iisi-shyg-armasyndag-y-kieiipkierlierghie-miniezdiemie-1"
    ["file_id"] => string(6) "215705"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432779717"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»"
    ["seo_title"] => string(30) "saiyn_mu_ratbiekov_zhusan_iisi"
    ["file_id"] => string(6) "379098"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484368088"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Сайын М?ратбеков "Жусан иісі" (1-саба?) "
    ["seo_title"] => string(38) "saiyn-mu-ratbiekov-zhusan-iisi-1-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "158345"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421734676"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сайын Мұратбеков Жусан исі"
    ["seo_title"] => string(29) "saiyn_mu_ratbiekov_zhusan_isi"
    ["file_id"] => string(6) "471740"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1527766802"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства