Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Емханада" 5 сынып»
Қазақ тілі: 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Емханада.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
VI. Үй тапсырмасын беру: «Емхана» тақырыбына шығарма жазу.
VII. Бағалау. Рефлексия
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды , қайталанбас , жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық экологиялық жағдай және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдалар ішіндегі адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз , бұлар:шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және тағы басқа.