2-топ 3-деңгей 2.04.2015ж. 2.04.2015ж.
Сабақ тақырыбы, оқып-үйренудің негізгі мақсаттары | Оқып-үйренудің нәтижелері табыс критерийлері | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы | Үйрену барысын бағалау (сабақтағы формативті және тарау бойынша суммативті бағалау) | Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар |
1-сабақ. Синтаксис.Сөз тіркесі .Мақсаты: Синтаксис нені зерттейтінін білу, сөз тіркесінің жасалу жолын үйрену. | Синтаксис саласы нені зерттейтінін біледі,өз білімін қолданады, тұжырым жасай алады, синтаксис алгоритімін жасайды. | 1.Ұйымдастыру кезеңі сурет қиындылары арқылы топқа бөлу, 2.Жаңа сабаққа дайындық «Үш қадамдық»сұхбат, «Түртіп алу»әдісі 3.Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын анықтау 4.Топтық жұмыс: СТО стратегиялары , «Ойлан тап», тұжырымдамалық карта . 5.Жаңа сабақты пысықтау Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс ,деңгейлік тапсырмалар,кестелерді толтыру. 6. Қорыту Постер қорғау. 7.Үйге тапсырма «Менің анам» эссе жазу. 8.Бағалау Смайликтер арқылы өз-өздерін бағалау,кері байланыс алу. | «Кластер» жасау, тірек сөздер арқылы мәтін құрау, деңгейлік тапсырмалар ды орындау,қима қағаздармен жұмыс. | Формативті бағалау, мадақтаулар, рефлексия | Қазақ тілі 7-сынып С.Исаев ,Ғ. Қосымова маркерлер, флиппчарт, дидактикалық материалдар Интерактивті тақта |
2-сабақ. Сөз тіркесі,күрделі сөздер,тұрақты тіркес .Мақсаты:Сөз тіркесі,күрделі сөз және тұрақты тіркестердің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын білу, ерекшеліктерін айыру. | Күрделі сөз, сөз тіркесі және тұрақты тіркестердің ұқсастығы мен айырмашылығын біледі, жұптық топтық тапсырмаларды орындауда қолданады. | 1.Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Жылы лебіз» 2. Үй тапсырмасы «Автор орындығы», сұрақ-жауап 3.Жаңа сабаққа дайындық Ой қозғау, кіріспе сұрақтар,үзбе қағаздардағы тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыпты ашу. Жаңа сабақ. Ресурстар тарату,постер қорғау. Жаңа сабақты пысықтау «Мені түсін» ойыны, семантикалық картамен жұмыс, Жаңа сабақты қорыту.Сурет арқылы мәтін құрау. С деңгейіндегі оқушы тапсырмасы. Үйге тапсырма. 226-жаттығуды орындап, сөз тіркестеріне талдау жасау. Бағалау.Смайликтер арқылы бағалау | Проблемалық ізденіс, деңгейлік тапсырмалар ,жаттығуларды талдау,суретпен жұмыс, үлестірмелі қағаздармен жұмыс | Кері байланыс парағы-стикерлер арқылы бағалау. Топ басшылары өз тобын бағалайды | Қазақ тілі 7-сынып С.Исаев,Ғ. Қосымова маркерлер, флиппчарт, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, қазақ тілі мен әдебиеті журналы. |
3-сабақ. Сөздердің байланысу тәсілдері .Мақсаты:Сөздердің өзара қалай байланысатыны туралы білу және практикамен ұштастыру | Сөздердің төрт тәсіл арқылы байланысатынын біледі, практикада қолданады,тұжырым картасын жасай алады.өз пікірін дәлелдеуге үйренеді | 1.Ұйымдастыру кезеңі.Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру «Мен қандаймын»,1,2,3,4-ке санату арқылы топқа бөлу. Үй тапсырмасы. «Ыстық орындық» ,сұрақ-жауап әдісі Жаңа сабаққа дайындық. , «Зерттей аламын» әдісі арқылы берілген мәтінді талдап, сөздерді дұрыс байланыстырып , жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Жаңа сабақ. «Миға шабуыл», «Қатесін түзе» ойыны,Венн диаграммасы . Жаңа сабақты пысықтау.Семантикалық карта,сәйкестендіру,топтық сұрақ-жауап,А деңгейіндегі оқушыма өлең құрату. Жаңа сабақты қорыту.Деңгейлік тапсырмалар,постер қорғау. Үйге тапсырма.229-жаттығуды байланысу тәсілдеріне қарай талдау. «Наурыз-ұлттық мейрам» тақырыбына шағын шығарма жазу. Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау,ауызша топ мүшелерінің бағалауы | Баланың жеке ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу,түрлі ақпарат көздері арқылы мәлімет жинату, постер қорғату, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту,оқудағы көшбасшылық. | Бағдаршам әдісімен бағалау,мадақтау, қошаметтеу, Топтар бірін-бірі бағалайды,топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Ауызша кері байланыс аламын. | Қазақ тілі 7-сынып С.Исаев,Ғ. Қосымова маркерлер, флиппчарт, дидактикалық материалдар интерактивті тақта, смайликтер |
4-сабақ .Пысықтау сабағы. Мақсаты:Синтаксис тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, тест алу арқылы суммативті бағалау | Өз беттерінше тест сұрақтарына жауап береді,жаттығу тапсырмаларын еркін орындайды, білімдерін көрсете алады. | Ұйымдастыру кезеңі. «Сәттілік тілеймін» Психологиялық ахуал орнату,саналу ретімен топқа бөлу Білу. Үй тапсырмасын тексеру 1.Сұрақ-жауап. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Түсіну. «Карта» ойыны арқылы өткенді бір-біріне түсіндіріп, қайталайды. Талдау «Біліміңді байқап көр» берілген жаттығуларға ауызша талдау жасау. Қолдану. «Моншақ» әдісі арқылы өтілген тақырыпқа көптеген мысалдар жазып, ұзын моншақ құрастыру. Жинақтау.Тест-білім кілті.Тест сұрақтарына жауап беру. Бағалау. «Ой жүгірту» «Синтаксис»тарауын жақсы білу-сауаттылық пен мәдениеттілік» тақырыбында оқушы ойын тыңдау. | «Блоб ағашы» арқылы бағалау, суммативті бағалау, кері байланыс алу, мұғалімнің сыныпты бағалауы. | Оқушылардың алған білімдерін тексеру,оқушылар жұмысын бір-біріне бағалату жиынтық бағалау (тарау бойынша суммативті бағалау) | Қазақ тілі 7-сынып С.Исаев,Ғ. Қосымова маркерлер, флиппчарт, дидактикалық материалдар интерактивті тақта, смайликтер, тест сұрақтары. |
Opтa меpзiмдi жocпapлayдaғы мaқcaтым- өтетін caбaқтapымдa жетi мoдyльдi тиімді қолдану. ОМЖ-ны құруда мақсат пен міндетті қоюда біраз қиналдым. Әpбip caбaғымa мaқcaттap қoйып, сoл мaқcaттapғa жетy үшiн әp caбaқтaн күтiлетiн нәтижеге қapaй әдic- тәciлдеpдi тaңдaдым. Жocпap apқылы өтетiн caбaқтapымның мaқcaттapы мен күтiлетiн нәтижелеpiн тиянaқты көpcетiп, өз pетiмен жacaуға тырыстым. Caбaқ бapыcындa oқyшылapғa қиындық тyдыpмac үшiн жocпapды нaқты әpi жеңiл жacayды ұйғapдым. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында сабақ барысында, «Түpтiп aлy», «Үш қaдaмды cұхбaт», әдicтеpiн пайдалануды және тақырып бойынша постер қорғатуды жocпapғa енгiземін. Oқyшылapдың ойлау қабілеті мен жас ерекшеліктерін ескере отырып,сөз тіркесі тақырыбында деңгейлік тапсырмалар мен «Қатені түзет», «Ойлан тап» ойын түрлерін пайдаланамын. Жоспар жасау барысында тапсырмаларға уақытты дұрыс бөлемін. Әр сабағымда түрлі-түсті қағаздарды, қима қағаздарды тарату арқылы топтарға бөліп, топтық постер,мәтіндік талдау жұмыстарын ұсынамын. Оқушылардың сыни көзқарасын арттыру мақсатында «Миға шабуыл», «Түртіп алу», «Автор орындығы», кластер, семантикалық карта және «Бес жолды әлең» сияқты әдістерді қолданамын. Оқушылардың қызығyшылығын oятaтын, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасату үшін диологтік оқытуды қолдану мақсатында балаларға «Моншақ» әдісі арқылы тапсырма беремін.Ал дарынды және талантты балаларды шығармашылыққа баулуда, оқуышылардың деңгейлерін ескеріп, «Мені түсін», «Автор орындығы», эссе жазу және тұжырым карталарын жасату сияқты әдістер мен ойындарды қолданамын. А деңгейіндегі оқушыма шығармашылық жұмыстар беруді, яғни эссе жаздыру, ойды аяқта сияқты тапсырмаларды, ал С деңгейіндегі оқушыма тірек сөздерден сөйлем құратуға, жеңіл сұрақтар қоя білуге үйретемін.Пысықтау сабағында «Карта» ойынын қолдану арқылы балалардың диологтік оқуын іске асыруды ойладым.Суммативті бағалау үшін тест алуды жоспарладым. Оқушылар стикерлер арқылы бір-бірін бағаласа,бағдаршам арқылы өзінің сабақты қаншалықты түсінгенін ,яғни өз-өзін бағалайды, ал «Блоб ағашы» арқылы өздерінің жиынтық бағаларын шығарады.Сонымен бірге,әр сабақ сайын кері байланыс алуды жоспарладым. Мұндағы мақсатым баланың білімінің қай деңгейде екенін өзінің көре білуі және сабақты бағалату арқылы келешекте өзін дамытуға үйрету. АКТ-ны әр caбaғымды тиімді пайдалану үшін деңгейлік тапсырмаларды, тақырыпқа сай суреттерді және тақырыптық слайдтарды интерактивті тақтадан көрсетемін деп жоспарладым. Тізбектелген сабақтар бойынша жоспарланған тапсырмалардың барлығын орындатуда өзім бағыт-бағдар беріп, көшбасшылық жасап, сыныпты дұрыс ұйымдастыра аламын деп ойлап отырмын.