Ба?дарламаны? жеті модулін ?олдану ?дістемесі к?рсетілген тізбектелген т?рт саба?ты? топтамасын орташа мерзімді жоспарлау
Ба?дарламаны? жеті модулін ?олдану ?дістемесі к?рсетілген тізбектелген т?рт саба?ты? топтамасын орташа мерзімді жоспарлау
?аза?стан Республикасы, ?ызылорда ?аласы, №217 Б. Шал?ынбаев атында?ы орта мектепті? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі Раймкулова Жанат Та?атар?ызы
В1 есебі
Ба?дарламаны? жеті модулін ?олдану ?дістемесі к?рсетілген тізбектелген т?рт саба?ты? топтамасын орташа мерзімді жоспарлау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ба?дарламаны? жеті модулін ?олдану ?дістемесі к?рсетілген тізбектелген т?рт саба?ты? топтамасын орташа мерзімді жоспарлау »
Раймкулова Жанат Таңатарқызы Мұғалім портфолиосы В1 есебі
II топ III деңгей
Қызылорда қаласы 17 .11.2014жыл
Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Раймкулова Жанат Таңатарқызы
В1 есебі
Бағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау
Оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесіне Бағдарламаның барлық жеті модулін қатыстырып тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыру арқылы орта мерзімді жоспар жасаймын.
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
-тәжірибеде Бағдарламаның жеті модулін қатыстыру;
-Оқыту мен оқу мақсаттарын белгілеу;
-Оқыту мен оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау ;
-Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады.
Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып, мен 8-сыныпта Қазақ тілі пәнінен «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тарауына тізбектелген сабақтар топтамасын жасаймын.Сабақтарда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, сыни бағалау, өз пікірін қорғау, дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру үшін Сындарлы оқыту теориясының тиімді әдістерін пайдаланамын.Әсіресе, жеке, жұптық, топтық жұмыс жолымен ұйымдастырылған «Қара.Оқып шық.Жап.Жаз», «Тақтадағы диалог», «Кресщелер-Нөлдіктер», «Ілесіп отыр », «Өзіндік ойын», «Өзіндік мысал» әдістері арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткіземін деп ойлаймын. Оқушылардың өз ойларынан мысалдар келтіріп, оларды алдағы талдауларда пайдаланып, өзгелермен салыстырып талдау жасауды үйретуді мақсат ете отырып мына әдістерді пайдаланамын: «Санадағы кинофильм», «Бір минуттық эссе», «Кім жылдам?» әдістері.
Формативті бағалау стратегиясының өзін-өзі бағалау,жұптарды бағалау, топтарды бағалау және де «Бағалау парағын» пайдаланып, Балдық жүйе бойынша, «Дейін -Кейін» стратегиясы мен «Бас бармақ»әдісі, «Мадақтау сэндвичі» әдісі, «Жұдырық –Алақан»әдісі, «Екі жұлдыз,бір тілек»әдісі, «Тәтті тоқаш» әдісі, «Бәйтерек» әдістерін пайдаланып оқушылармен кері байланыс орнатуды көздеймін.
Сабақта слайд жасауда, интерактивті тақтада талдаулар жүргізуде, Электронды оқулық пайдалануда, видеороликтер көруде АКТ көрініс табады. Тілтаным деңгейіндегі тапсырмадағы «Тіл білімінің тұлғалары» айдарында бір оқушы қосымша тапсырма ретінде Құдайберген Жұбанов жөнінде презентация көрсетеді деп жоспарлаймын. АКТ-ны сабақта пайдалану арқылы оқушыларды ақпаратты бағалауға, таңдауға, сақтауға, өз жұмыстарын редакциялауға және тексеру кезінде пікір алмасуға, жұмыстарын желіде жариялауға үйретуге болады деген тұжырым жасаймын. Қорыта келе айтарым - Оқу нәтижелері оқушыға бағытталса,оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болса сабаққа қойған мақсаттарға қол жеткізуге болады.Сындарлы оқыту теориясының тиімді әдістерін қолданып, оқушылармен үнемі кері байланыс орнатылса әрбір сабақ нәтижелі болары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012
«Қазақ тілі» оқулығы (Г.Т.Тұрсынова,А.А.Қасымбек,А.Н. Нұрғазы),
8- сынып Астана: «Арман ПВ»2012,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемесі 2013 жыл, 3-5 саны.
№
Сабақтың тақырыбы
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Оқып-үйренудің нәтижесі
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау
Барлығын қосқанда
Негізгі дереккөздер
1
Бастауыш
Бастауыш туралы алған білімдерін кеңейту;
Бастауыш жасайтын сөз таптарымен танысу,оларды талдау жұмыстарында дұрыс талдауға үйрену;
Пайдаланылған түрлі әдістер арқылы салыстыруды,талдау-ды,
бағалауды үйрену.
Тест сұрақтары
(жеке жұмыс)
«Тақтадағы диалог»
(топтық жұмыс)
«Кім жылдам?»
(жұптық жұмыс)
«Ілесіп отыр» әдісі
(жеке жұмыс)
Бастауыш жөнінде алған білімдері кеңейеді;
Бастауыш жасайтын сөз таптарымен танысып, оларды талдау жұмыстарында дұрыс талдауға үйренеді;
Пайдаланылған түрлі әдістер арқылы салыстыруды,тал-дауды,бағалауды үйренеді.