Мені? досым бар. Оны? аты - Бауыржан. Біз Павлодар ?аласында т?рамыз. Оны? отбасы онша ?лкен емес. Досымны? отбасы т?рт адамнан т?рады. Олар: ?кесі, анасы, ?арындасы ж?не досымны? ?зі. Бауыржан ?те а?ылды, зерек, т?рбиелі. Досым ?арындасына ?ам?ор болып ж?реді. ?арындасы ?лия?а саба? ?арау?а к?мектеседі. Бауыржан- ?те жа?сы дос.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мені? досымны? отбасы"»
Сынып: 5б Күні:
Сабақтың тақырыбы: Менің досымның отбасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ойын ойнатуға, білімін бекітуге, жүйелеуге машықтандыру; грамматикалық тақырыпты меңгерту.
Дамытушылық: берілген тақырып бойынша оқушылардың өз ойын айтып беру дағдыларын дамыту; ойын, тапсырма орындау барысында белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу; сабаққа деген ынтасын арттыру.
« Орамал тастамақ» ойыны арқылы оқушылар бір біріне сұрақ қояды.
3 Фонетикалық жаттығу:
Дыбыстарды әндету, буындарды плакат бойынша қайталау.
4. Лексикалық жаттығу « Кім мұкият тыңдап отыр?»
а) жіңішке дыбыстар бар сөздерді естігенде қолдарыңды көтеріңдер, егер жуан дыбыстар бар сөздерді естігенде – шапалақтаңдар.
Мектеп, мұғалім, сынып, сабақ, оқулық, зерек, үлгілі, ақылды,тәрбиелі, қымбат, адал, күн, дос, достық. ә) Дос, күн – фонетикалық талдау.
5. Білімді пысықтау кезеңі.
1. а) кіріспе сөз: Бүгін біз «Дос. Достық. Досымның отбасы» тақырыбын жалғастырамыз. Дос қандай болу керек, досты қалай құрметтеу керек екенін біз бүгін әңгімелейміз. Досымның отбасы туралы шағын шығарма жазуға дайындаламыз. ә) Достық туралы қандай мақалдар білесіндер? Мағынасын түсіндіру. б) Фонетикалық талдауды тексеру, сөйлем құрастыру.
2. Мәтінмен жұмыс.
Алдарында «Менің досымның отбасы» мәтіні бар. Мәтінді іштей түсініп оқып, бір параққа сұрақ жазыңдар, сұрақты сандыққа салындар. (Сұрақтарды араластырам) оқушылар шығып сұрақты алып, жауап береді.
Менің досымның отбасы.
Менің досым бар. Оның аты - Бауыржан. Біз Павлодар қаласында тұрамыз. Оның отбасы онша үлкен емес. Досымның отбасы төрт адамнан тұрады. Олар: әкесі, анасы, қарындасы және досымның өзі. Бауыржан өте ақылды, зерек, тәрбиелі. Досым қарындасына қамқор болып жүреді. Қарындасы Әлияға сабақ қарауға көмектеседі. Бауыржан- өте жақсы дос.
3. Тірек- сызбамен жұмыс.
Қандай?
қайда тұрады?
Менің досымның отбасы
оқиды?
неше адамнан тұрады?
а) тірек-сызба арқылы әңгіме құрастыру;
ә) тірек-сызба арқылы диалог құрастыру
б) үйге тапсырма: осы тірек-сызба бойынша шығарма жазыңдар. Келесі күні пошта жәшігіне конвертті салыңдар.
6. Қорытынды:
а) оқушылар фишка арқылы білімдерін өздері бағалайды;
ә) кіріспе сөз: Достарыңның болғаны қандай жақсы! Сен ауырып, оқуға бара алмай қалғанда, достарынды сағынасың. Дос - ең жақын адам. Сондықтан досыңды ренжітуге болмайды, досты қадірлеу керек. Біз бүгінгі сабағымызды «Достық» әнімен аяқтаймыз.
Б) «Дос, отбасы» туралы мақал-мәтел жазып, оларды жаттап ал.