kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок-"My freinds family"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы:  1»А»

Саба?ты? та?ырыбы:  Unit 2. Lesson3. My friend’s family.

Саба?ты? ма?саты:

Мені? досымны? отбасы та?ырыбы бойынша жа?а лексиканы ?йрету. Grandmother/granny, grandfather/grandpa лексикасы, to love етістігі к?мегімен с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру. А?ылшын тіліні? [r], [p] ерекше дыбыстарын д?рыс дыбыстау да?дысын ?алыптастыру. His/her т?уелді есімдіктерін пайдалану белсенділігін арттыру.

К?тілетін н?тиже:                                                       

п?ндік: ?з досыны? отбасын таныстыру да?дысын ?алыптастыру;

т?л?алы?: ?рт?рлі м?дениеттерді? ?кілдерін ??рметтей білуге баулу;

ж?йелік-?рекеттік: осы та?ырып бойынша б?рын о?ыл?ан лексикалы?-грамматикалы? материалды (mother, father, sister, brother) пайдалану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«открытый урок-"My freinds family" »

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Шиелі кенті, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүсүпхан Бақытгүл.


Күні: 25.10.2014

Сыныбы: 1»А»

Сабақтың тақырыбы: Unit 2. Lesson3. My friend’s family.

Сабақтың мақсаты:

Менің досымның отбасы тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрету. Grandmother/granny, grandfather/grandpa лексикасы, to love етістігі көмегімен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілінің [r], [p] ерекше дыбыстарын дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру. His/her тәуелді есімдіктерін пайдалану белсенділігін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

пәндік: өз досының отбасын таныстыру дағдысын қалыптастыру;

тұлғалық: әртүрлі мәдениеттердің өкілдерін құрметтей білуге баулу;

жүйелік-әрекеттік: осы тақырып бойынша бұрын оқылған лексикалық-грамматикалық материалды (mother, father, sister, brother) пайдалану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

мұғалім үшін: СД ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш-карталар.

оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка, елтану( Англия мен Америкадағы отбасылық туысқандық атаулары).

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру сәті.

  • Good morning, children! Listen to me and say:

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

I’m glad to see you!

II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  • Бүгін біз досымыздың, құрбымыздың отбасын таныстыруды үйренеміз. «Отбасы» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді үйренеміз. III Тірек білімді белсендіру.Фонетикалық жаттығу.

  • Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар.

  • Good morning, Mr. Wise Crow.

  • Hello, children. How are you?

  • Бірде мен саябақта келе жатып бір иттің ырылдағанын естідім. Оның айтып жатқан дыбысын айтып көрейікші: [r],[r],[r]. Ал менің көршімнің иті басқаша ырылдайды: [p],[p],[p].Бұл дыбыстарды айту үшін тілімізді артқа тартып,сәл дөңгелентеміз.Let’s practice! Listen and say after me: [r],[r],[r].[æ] дыбысын енгіземіз.

  • Балалар, достарымызды қалай таныстырамыз есімізге түсірейік.

Cl: This is my friend. Her name is Alma. This is my friend. His name is Daniyar.

Балалар партадағы көршілерін таныстырады.

  • Well done, children!

Енді біз досымыздың отбасын таныстыруды үйренеміз. Өз отбасымыз туралы айтқанда пайдаланған сөздерді айтыңдаршы.

Cl: mother, father, sister, brother. T: Very good!

IV Жаңа материалмен жұмыс.

  1. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Look and listen.

  • Let’s do exercise 1. Look at the picture. This is Alibek. This is his family tree. Look at the picture and answer my questions: Who’s this?

  • Балалар Әлібектің аға, әпкесінен басқа ата-әжесі де бар. Мен сөздерді айтамын,ал сендер қай сөз атаны, қай сөз әжені білдіретінін табыңдар.

Мұғалім балалармен бірге жаңа: grandfather, grandmother сөздерінің айтылуын пысықтайды.

Track 18.

  1. This is his grandfather.

  2. This is his grandmother

  3. This is his father.

  4. This is his mother.

  5. This is his brother.

  6. This is his sister.

Жұптасып жұмыс істеу.

Мұғалім This is Alibek. This is his family. This is his grandfather… тілдік үлгісі бойынша Әлібектің отбасын сипаттауды сұрайды.

- Балалар, үйде әжелеріңді қалай атайсыңдар? Англияда балалар үйлерінде әжелерін granny, ал аталарын grandpa деп атайды. Енді аудармашы болып ойнаймыз. Мен сөздерді ағылшын тілінде айтамын, ал сендер оларды қазақ тілінде айтыңдар.

«My friend’s family» тақырыбы бойынша лексиканы бекітуге арналған Кесек қар дидактикалық ойыны.

Оқушылар шеңберге тұрады. Бірінші оқушы отбасының бір мүшесін атап, допты екінші оқушыға лақтырады. Ол допты ұстап алып, алдыңғы екі сөзді қайталап, өз сөзін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Алдыңғы оқушының артынан барлық сөздерді қайталап, өз сөзін айта алған оқушы жеңімпаз атанады.

2-жаттығу. Describe Anar’s family.

  • This is Anar. This is her family. This is her grandfather. This is her grandmother. This is her mother. This is her father. This is her sister. This is her brother.

  • Well done, children! Ал енді менің Анардың отбасы туралы айтатынымды тыңдаңдар.

Her family is big.

3-жаттығу. Follow the lines and say.

This is Ainur and this is her mother. This is John and this is his father. This is Dasha and this is her brother. This is Vitaly and this is his sister

Сергіту сәті.

(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді.)

Hands up,

hands down.

Hop, hop,

Turn around

Bend left, bend right.

Turn around and sit down.

  1. Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу.Follow the lines and say.

Жаңа лексиканы қолдану белсенділігін арттыруға арналған жаттығу. Оқушылар көрсетілген сызықтар бойынша екі кейіпкердің – Ольга мен Мишаның әжесі мен атасы бейнеленген суреттерді салыстыруға және мұғалімнің : Look at the picture №1 Who’s this? This is his grandmother және т.б сұрақтарына жауап беруге тиіс.

2-жаттығу.Listen and choose the right sticker.

Мұғалім дәптердің соңындағы қосымшаны ашып, осы жаттығуды орындау үшін ұсынылған стикерлердің арасынан тыңдалған сөйлемдердің мағынасына сәйкес келетін стикерді тауып, бос төртбұрышқа жапсыруды сұрайды. Мұғалім Мунидің атынан мына сөйлемді оқиды:

This is my mother.

This is my sister.

This is my father.

This is my brother.

V Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Осы сабақтан кейін ата-аналарыңа не жайында айтар едіңдер?

  • Бүгінгі сабақта ата-әжелер туралы әңгімелеуді үйрендік. Grandmother/granny, grandfather/grandpa сөздерін пайдаландық.His/her сөздерімен сөйлем құрдық. Әлібек пен Анардың отбасыларын сипаттадық.

Ата-аналарға тапсырма. Келесі сабақта My family tree жобасын орындау үшін фотосуреттер дайындау. Әр сабақта оқушылардың жетістіктерін мақтап, мадақтап отыру өте маңызды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
открытый урок-"My freinds family"

Автор: Ж?с?пхан Ба?ытг?л

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 206935


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства