Сабақтың мақсаты:
– оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
Білімділігі:
– оқушыларға халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
Дамытушылығы:
– оқушыларды халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу;
Тәрбиелілігі:
– салт-дәстүрге құрмет, елжандылық сезімдеріне тәрбиелеу
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)
Тыныштық сәті :
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз.,арқамызды тіктейміз., қолдарыңды тізеге қоюға болады.
Д е м а л.. ш ы ғ а р. (жаймен 9-10 рет)
немесе
1...2
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі 1- тапсырманы тексеру
3.Дәйексөз:
«Ата салтың – ұлттық қалпың»