Сабақ (2) | Қазақ тілі |
Сынып 8 | Қатысқандар:26 | Қатыспағандар: 0 |
Сабақтың тақырыбы | Алғаш ғарышқа ұшқандар |
Күні: | 06.12.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні | Байбосова Анар Турсуновна |
Мектеп | Момышұлы атындағы орта мектеп |
Бөлім атауы | Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис. |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын мәтіннің ішінен дәйексөздер мен үзінділерден көтерілген мәселені анықтай алады. Көпшілігі орындай алады: Тақырып бойынша ұсынылған мәтіндегі тапсырмаларды орындау арқылы көтерілген мәселеге болжам жасай алады. Жеке, топтық, жұптық жұмыстарда сөз тіркесінің байланысу түрлері қиысуды ажыратып, талдайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Тапсырмаларды орындау барысында сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажыратады, есімді етістікті тіркестерді біледі, қолдана алады. |
Бағалау критерийлері | Сөз тіркесінің байланысу түрлері тақырыбы бойынша ұсынылған мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажыратады, қолданады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Сөз тіркесінің байланысу түрлері бойынша берілген мәтіннің ішінен дәйексөздер мен үзінділерден көтерілген мәселені анықтай алады, тақырып бойынша ұсынылған мәтіндегі тапсырмаларды орындау арқылы көтерілген мәселеге болжам жасай алады,жеке, топтық, жұптық жұмыстарда сөз тіркесінің байланысу түрлерін ажыратып, жазады, тапсырмаларды орындау барысында сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажыратады, есімді етістікті тіркестерді біледі, қолдана алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: рельеф-жер бетінің ой қыры, эфемерлер- тез өсетін шөл және шөлейтті жерлерде сирек далалық аймақта өсетін біржылдық өсімдіктер. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Байқоңыр» ғарыш айлағы, аймақтың рельефі, күрт бұзылып, суы тартылып, экологиялық мәселе, ғарышайлақтың жұмысы, температураның әсері.т.б. Талқылауға арналған сұрақтар: Мәтінде не туралы айтылған? «Байқоңыр» ғарыш айлағы қай жерде орналасқан? «Байқоңыр» ғарыш айлағында ауа райында қандай өзгеріс болады? «Байқоңыр» ғарыш айлағы сол аймаққа қалай әсер етті? |
Ишара: мадақтау, жылы шырай таныту, қошеметтеу. |
Алдыңғы оқу: | Сөздік қор мен сөздік құрам. |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Құрмет. Табиғатқа деген құрмет. |
Пәнаралық байланыс | Астрономия, география. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 14 минут | 1.Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал туғызу. «Гүлмен тілек» әдісі бойынша орындалады. Орындалу шарты:оқушылар арнайы дайындап келген тілегі бар түрлі – түсті гүлді алақандарына салып,сол түстер бойынша топқа бөлінеді. 3 топтатың атаулары болады 1-суретті таңдаған оқушылар «Ғарыш айлағы» 2-суретті таңдаған оқушылар «Ғарыш айлағының экологияға әсері. 3-суретті таңдаған оқушылар «Ғарыш айлағының пайдасы» тобына барады. І топ «Ғарыш айлағы» ІІ топ «Ғарыш айлағының экологияға әсері» ІІІ топ «Ғарыш айлағының пайдасы» Үй тапсырмасын тексеру. Сөздік қор, сөздік құрам туралы сұрақтарға жауап беру. «Блиц-сұрақ» әдісі бойынша орындалады. Сөздік қор дегеніміз не? Сөз құрам дегенді қалай түсінесің? Лексика нені зерттейтін сала? Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Қолданылыс аясы шектеулі сөздер деген не? Оған қандай сөздер жатады? Дескриптор Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді. Сұрақтарға толық жауап береді. ҚБ : Жапсырмалы күлегештер арқылы бағалау. | Интербелсенді тақта, слайд |
Сабақтың ортасы 30 минут | Кіріспе сөзі. Бүгінгі сабақ сөз тіркесінің байланысу түрлері, тәсілдері, есімді және етістікті тіркес туралы толық түсінік беремін. Сабақтың тақырыбы мен негізгі мақсатын таныстырамын. 1-тапсырма. Топтық жұмыс. Тыңдалым және айтылым. Сабақтың тақырыбын анықтау, тақырыпқа байланысты мәселеге болжау жасау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: Тақырып бойынша жуан, жіңішке сұрақтар арқылы ой қозғаймын. а)Ғарыш айлағы дегеніміз не? ә)Оның пайдасы мен зияны қандай? б)Қазақстанның ғарыш айлағы қай жерде? в)Қазақстаннан ғарыш айлағына кімдер ұшты? Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. Дескриптор: Сабақтың тақырыбын анықтайды. Тақырыпқа байланысты мәтінге болжау жасай алады. ҚБ. «Күлегештер» беру арқылы бағалаймын. 2-тапсырма Топтық жұмыс. Ғарыш айлағының пайдасы мен зиянын айту. «Ішіне, сыртына» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: Ғарыш айлағының пайдасы мен зиянын айтады. І топ. Ғарыш айлағы (мәтіннен негізгі ойды анықтау, болжау) ІІ топ. Ғарыш айлағының экологияға әсері (сыртына жазады) ІІІ топ. Ғарыш айлағының пайдасы. (ішіне жазады) Дескриптор: Мәтіннен негізгі ойды анықтайды. Ғарыш айлағының пайдасы мен зиянын айта алады. ҚБ. «Бағдаршам» арқылы бағалау. 3-тапсырма: Жұптық жұмыс.Әдеби тіл нормасы. Есімді, етістікті сөз тіркестерінің ортақ белгілерін анықтау, оған мысал тауып жазу. «Қаламсап» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: әр топтағы оқушыға қаламсапты қойып,мұғалім сұрақ қояды, мысал келтіруін талап етеді, оқушы жауап береді. Дескриптор: Есімді, етістікті сөз тіркесінің ортақ белгілерін анықтайды. Мәтіннен есімді, етістікті тіркесті ажыратады, тауып жаза алады. ҚБ. «Күлегеш» беру арқылы бағалаймын. Сергіту сәті. «Сәлемдесу» ойыны. Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір –бірлеріңмен тез –тез амандасасыңдар. Сонымен бастаймыз. Көзбен, қолмен, иықпен. 4-тапсырма: Жеке жұмыс Сөз тіркесінің байланысу түрлеріне мысал жаза алу, сөз тіркесінің байланысу тәсілдерді, есімді, етістікті тіркесті ажырату, қолдану. Орындалу шарты: Қиыса, матаса және қабыса байланысқан сөз тіркестерін мәтіннен тауып, кестеге орналастыр. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін тауып, ажырат. Қиысу | Матасу | Зат есім + зат есім | Ілік септігі + зат есім | | | | | | | | | | | Дескриптор: Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ажыратып, сөз тіркесін жаза алады. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерді, есімді, етістікті тіркесті тауып ажырата алады, қолдана алады. ҚБ. «Бағдаршам» арқылы бағалаймын. | Қима қағаздар |
Сабақтың соңы 5минут | Кері байланыс «1 +1 » әдісі арқылы жүзеге асады. Орындалу шарты: Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айтады. Оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында кері байланысы. Үй тапсырмасы: Барлығы: Арнайы кестеге сөз тіркесінің түрлеріне сөз тіркесін жазып, толтыру. Рефлексия «Борт журналы» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: сабақтан алған білімін, жаңалығын, өз ойларын жазып, кестеге жапсырады. Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? | Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? | | | | 1+ 1- |
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? Сабақ барысында сараланған тапсырмаларды жүзеге асыруда «Миға шабуыл», «Ішіне, сыртына» әдістерін тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға тырысамын. Қолдауды қажет ететін оқушыларға: Сөз тіркесінің байланысу түрлері бойынша берілген мәтіннің ішінен дәйексөздер мен үзінділерден көтерілген мәселені анықтау үшін тапсырмалар беремін. Көпшілік оқушыларға: Тақырып бойынша ұсынылған мәтіндегі тапсырмаларды орындау арқылы көтерілген мәселеге болжам жасау барысында қолдау көрсетемін, жеке, топтық, жұптық жұмыстарда сөз тіркесінің байланысу түрлерін ажыратып, жаза алу үшін тапсырмалар беремін. Қабілетті оқушыларға: Тапсырмаларды орындау барысында сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажыратып, есімді етістікті тіркестерді білу, қолдана алу үшін оқулықпен жұмыс жасатамын. | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау критерийлерге негізделген дескрипторлар арқылы жүзеге асырылды. Әрбір дұрыс жауапқа «Медаль», «Күлегеш», «Бағдаршам» беру арқылы оқушы білімін қалыптастырушы бағалаумен бағалап отырдым. Сабақта мен бағалаған оқушылар тақырып бойынша ұсынылған мәтіннен дәйексөздер мен үзінділерден тапсырмаларды орындау арқылы көтерілген мәселені анықтап болжам жасайды, жеке, топтық, жұптық жұмыстарда сөз тіркесінің байланысу түрлерін ажыратып жазады, тапсырмаларды орындау барысында сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажыратады, есімді етістікті тіркестерді біліп, қолдана алады. | 1.Пәнаралық байланыс. Астрономия, география. 2.Денсаулық және қауіпсіздік . Оқушылар топпен, жұптық жұмыс кезінде топ ережесіне бағынды, тәртіп сақтады. Қауіпсіздік шаралары сақталынды. 3.АКТ-мен байланыс. Интербелсенді тақта. 4.Құндылықтармен байланыс. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Тіл мен тарих. Табиғатты құрметтеу, қастерлеу. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты мен оқу мәндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар нені білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
Оқушылар мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселеге болжам жасады, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажыратып, қолданды. Сөз тіркесінің байланысу түрлері бойынша берілген мәтіннің ішінен дәйексөздер мен үзінділерден көтерілген мәселені анықтады, тақырып бойынша ұсынылған мәтіндегі тапсырмаларды орындау арқылы көтерілген мәселеге болжам жасады, жеке, топтық, жұптық жұмыстарда сөз тіркесінің байланысу түрлерін ажыратып жазды, тапсырмаларды орындау барысында сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін ажыратты, есімді етістікті тіркестерді біліп, қолданды. Сабақ басында «Жүректен- жүрекке» әдісі арқылы орнатылған психологиялық ахуал оқушыларға өте жақсы әсер етіп, сабақ соңына дейін белсенділік танытып, жақсы көңіл күйде болды. Саралау шаралары тиімді болды, себебі мәтін ішіндегі дәйексөздер мен үзінділерді пайдалана отырып, мәтіннің тақырыбын айтып, көтерілген мәселеге мүдірмей болжам жасады, сұрақтарға нақты жауап берді. Қабілетті оқушылар жеке, топтық, жұптық жұмыстарда сөз тіркесінің байланысу түрлерін ажыратып жазды, тапсырмаларды орындау барысында сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін, есімді етістікті тіркестерді ажыратты, қолданды. Уақытты тиімді пайдаландым. Себебі сабақ ортасында таңдалған әдіс –тәсілдер қызықты болып, оқушылар ерекше ынта – жігермен өз уақытында нақты орындап отырды, артық уақыт кеткен жоқ. Мен өз жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын. |
Қорытынды бағалау |
Жалпы бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Сабақ ортасындағы графикалық органайзер арқылы есімді, етістікті тіркестің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтау бойынша жұптық жұмыс нәтижелі болды. Оқушылар жұптасып жұмыс жасап, бір-біріне көмектесті, толықтырды, бірінің білмегенін екіншісі жазды. 2. Сабақ соңында «1+ 1-» әдісі арқылы орындалған кері байланыс тиімді болды. Өз сыныптастарының ұсыныстарын жақсы қабылдап сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңін есту арқылы әрбір оқушы жағымды әсер алды. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Әрбір тапсырмадан соң орындалған қалыптастырушы бағалау сабақты жақсартып отырды. Өйткені медаль, күлегеш, жұлдызша беру арқылы бағалауым оқушыларға ерекше шабыт сыйлап, келесі тапсырмаға ерекше ынтамен отырғанын байқадым. 2. Оқушыларға дер кезінде көрсеткен ишара мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту, қолдау т.б. әрекеттерім сабақта белсенділік танытуға ықпал етті. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |