Б?л б?лім ой сергіту ма?сатында ж?ргізіледі. Я?ни, к?рделі ойынны? алды?да?ы дайынды? болып есептелді. Біз б?л б?лімді «С?з-шы?армашылы?» деп атаймыз.
А?
?ызыл
Сары
Ас
К?р
Т?тті
?лкен
Біл
Ба?
?р
Жаз
Бас
2 - б?лім «Таным таразысы»
Б?л б?лімде о?ушы ?з білім ?орын пайдаланып ?ана ?оймай, сол ойын на?тылап жауап береді. Сонды?тан б?л б?лімді «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» деп атау?а болады.
Со??ы жылдарда?ы ?аза? республикасында бол?ан елеулі жа?алы?тар т.б. жа?алы?тар айтылады. Егер жауап д?рыс болса жо?ар балл, орта болса т?мендеу баллдар беріледі.
Жүргізуші Ерлік,елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.
Жарық көрмей жатсамда ұзақ кең-тілім!
Таза, терең, өткір, күшті кең тілім,
Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!-демекші
«Жүзден жүйрік» интелектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз. «Жүзден жүйрік» сайысына 5 «Б»,5 «Д» сынып оқушылары қатысып отыр.
Әрқашанда білім көптік етпеген
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
Түсеміз біз білімнің жарысына
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа
Талапкердің талабы таудай болар
Аямас тиіп кетсең, намысына.
Ал енді, жарысқа қатысатын оқушылармен таныс болайық.
5 «Б» сынып оқушылары 5 «Д» сынып оқушылары
1 1
2 2
3 3
Жүргізуші
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1
- бөлім «Сөзстанға саяхат»
Бұл бөлім ой сергіту мақсатында жүргізіледі. Яғни, күрделі ойынның алдыңдағы дайындық болып есептелді. Біз бұл бөлімді «Сөз-шығармашылық» деп атаймыз.
Ақ
Қызыл
Сары
Ас
Көр
Тәтті
Үлкен
Біл
Бақ
Ұр
Жаз
Бас
2 - бөлім «Таным таразысы»
Бұл бөлімде оқушы өз білім қорын пайдаланып қана қоймай, сол ойын нақтылап жауап береді. Сондықтан бұл бөлімді «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» деп атауға болады.
І топ
Күллі адам баласын қор қылатын қандай үш нәрсе бар? (надандық, еріншектік, залымдық)
Жау келгенде қолды кім бастайды? (батыр)
Той-томалақ жиында сөзді кім бастайды? (ақын)
Адам, нәрсе, тозады, жоғалады, жоғалмайтын, мәңгі жасайтын не? (асыл сөз)
Ақымақтың ақылы қай жерінде? (білегінде)
ІІ топ
1.Ақылдының ақылы қай жерінде? (жүрегінде)
2.Еріншекке не оңай? (бүгіннен ертең оңай)
3.Қай уақытта тұрған жігіттің ырысы артық? (ерте тұрған)
4.Тәтті нәрсе не?
Ең ащы не?
Ең жеңіл не?
Ең ауыр нәрсе не? (сөз)
5. Үш арсыз не? (ұйқы, күлкі, тамақ)
3 - бөлім «Санаға сапар»
Бұл бөлім оқушының ойлауын жүйелей алуын, баға беруін, білім деңгейін сынайды.
Соңғы жылдардағы қазақ республикасында болған елеулі жаңалықтар т.б. жаңалықтар айтылады. Егер жауап дұрыс болса жоғар балл, орта болса төмендеу баллдар беріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
(1995жыл 30 тамыз)
Елімізде «ЭКСПО» халықаралық көрмесі қай жылы өтеді?
Тұңғыш президент күнін ата?
Желтоқсан құрбандарын ата?
Бес арысты ата?
Тұңғыш қазақ ғарышкерін ата?
4- бөлім «Маржан сөз»
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты шешендік сөздерді, ойларды мүдірмей айта білу.
Сөз мәдениетін бағалай білу.
Бұл бөлімде билер мен шешендердің айтқан шешендік сөздері мен даналық ойларын жатқа айтады.
5- бөлім «Асыл ой»
Бұл бөлімде қазақ халқының нақыл, қанатты сөздерді ұрпағының зердесіне ұялатып отырғанын нақыл сөз, жұмбақ, мақал-мәтелдердегі ойды ашып, жауап береді.
Нақыл сөз
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Жауап
Жаман сөз – жанға кірген тікен.
Жауап
Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.
Жауап
Әке көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер.
Жауап
Жұмбақ
Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.
Жауап қолшатыр
Ерте тұрдым,
Алып ұрдым.
Жауап есік
Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем.
Жауап аспан мен жер
Бірінші буыным - құс аты,
Екінші буыным – бояу түсі.
Екеуін біріктіріп оқысаң,
Ұлт болып шығамын.
6-бөлім «Жүйрік»
Бұл бөлімде ойыншы сұрақтарға әрі дұрыс, әрі жылдам жауап беру керек. Арнайы 20 сұрақ даярланып, бірінен соң біріне қойылады.