kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдістемелік кабинетінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Лебяжі ауданы

білім бөлімі әдістемелік кабинетінің

2087 жылға арналған жұмыс жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдістемелік кабинетінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары»

«Бекітемін» ___________

Білім бөлімінің басшысы

Е.Еркенов


Лебяжі ауданы

білім бөлімі әдістемелік кабинетінің

2087 жылға арналған жұмыс жоспары

Әдістемелік кабинеттің жұмыс кестесі

Апта күндері

Жұмыс түрлері

Дүйсенбі

Ұйымдастыру жиналысы, өткен атаға есеп беру, апталық жұмысты жоспарлау

Сейсенбі

Нормативтік құжаттармен жұмыс, ереже, бұйрықтарды мектептерге таныстырып отыру

Сәрсенбі

Әдістемелік шеберлікті жетілдіру бағытындағы жұмыстар, мектептерге шығу, жоспар бойынша жұмыс.

Бейсенбі

Әдіскерлерге арналған оқу семинары, әдістемелік баспа материалдарына шолу.

Жұма

Семинарлар, байқаулар, әр түрлі шаралар ұйымдастыру.































  1. Әдістемелік кеңес отырыстары

Қаралатын мәселенің тақырыбы

Мерзімі

Жауапты

1

Әдістемелік кабинеттің 2076 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, 2017 жылдың міндеттері.

Әдістемелік кабинет жұмыстарының 2087 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын бекіту.

Педагог мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарының сараптамасы, қысқа мерзімді курстан өткен мұғалімдердің қызметін мониторинглеу нәтижесі

Аттестацияланушы мұғалімдердің деңгейі (жоғары, бірінші, екінші деңгей), дайындығы.

Қаңтар

Әдіскерлер



Шыңғысова М.Қ



Жанакова А.К.





Батталова Г.Б

2

Жаңа мазмұнды білім беруде 1 сыныпта стандарттың орындалуы.

Мектеп оқушыларының оқу және жазу сауаттылығын қалыптастыруда факультативтік курстардың тиімділігі

Деңгей бойынша біліктілігін арттырып келген мұғалімдердің талаптарды орындауы

Мұғалімдер пән олимпиадасының өтілу деңгейі, дайындығы

Ақпан

Байшүкіров А.Ш Шыңғысова М.Қ

Макишева А.А.



Мустимов А.К Макишева А.А



Шыңғысова М.К

3

Әдістемелік құрал құрастыруда шығармашылық топтың жұмысы, дайындық сапасы.

Озық тәжірбиелі ұстаздар мен дарынды оқушылардың жетістіктерін баспа бетіне, сайтқа үнемі жариялау, марапаттау.

Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасын ұйымдастыру.

«Жарқын болашақ», Абай оқуларын ұйымдастырылуы мен нәтижесі туралы


Наурыз

Шығармашылық топтың жетекші-әдіскерлері

Шыңғысова М.К Оспанова А.Н



Батталова Г.Б Жанакова А.К Обазов А.Т

Макишева А.А

4

Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысын зерделеу қорытындысы.

«Ең үздік сынып жетекшісі», «Ең үздік шағын орталық» байқауларының ұйымдастырылуы мен нәтижесі туралы

«Жас мамандар» мектебінің тәлімгерлер жұмысы мен мәселелерді шешу жолдары

Шығармашылық топтың әдістемелік құрал шығарудағы дайындығы

Мамыр

Жанакова А.К



Батталова Г.Б Оразалинова С.Е

Батталова Г.Б

Шығармашылық топтың жетекші-әдіскерлері

5

Мектептерде қорытынды аттестаттау және жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық жұмыстары.

Мектептерде көптілділікті енгізудің мәселелері мен шешу жолдары

Мектептерді жаңа 2017-2018 оқу жылына оқулықтармен қамтамасыз ету туралы

Шығармашылық топтың шығарған әдістемелік құралдарын аудан көлемінде тарату туралы

Әдістеме кабинетінің рейтингісін шығару


Маусым

Шыңғысова М.Қ Макишева А.А.



Макишева А.А.

Жанакова А.К

Макишева А.А шығармашылық топ жетекшілері

Шыңғысова М.К

6

Білім қызметкерлерінің тамыз коференциясының өтілуі туралы

2017-2018 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатын, оқу жоспарын талқылау

Әдістеме кабинетінің 2017-2018 жылға жұмыс жоспарын талқылау.

Әдістеме кабинетінің сайтының жағдайы


Тамыз

Шыңғысова М.Қ, әдіскерлер

Шыңғысова М.Қ, әдіскерлер



Батталова Г.Б

7

Мұғалімдердің кәсібі қоғамдастығының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Оқушылардың кіші олимпиадаға дайындық жұмыстары туралы (5-7 сынып)

Мектептердің ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындығы туралы



«Жас маман» мектебінің құрамы, жұмысы туралы

Шығармашылық топ жұмысының жоспары туралы


Қыркүйек

Шыңғысова М.К



Мустимов А.К



Оспанова А.Н

Батталова Г.Б

Макишева А.А

8

Аудан мектептерінде тарих және дінтану негіздерінің оқытылуын зерделеу қорытындысы

Жаратылыстану пәндерінің оқытылуын зерделеу қорытындысы

Ақпараттық технологияларды қолдану жайы, жаңа модификациялы кабинеттердің жұмысын зерделеу қорытындысы. «Күнделік», «Bilimland» платформаларының іске асырылуы

Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік қызметті ұйымдастырудың тиімді жолдары

Қараша

Оспанова А.Н.



Мустимов А.К. Батталова Г.Б



Батталова Г.Б.



Шыңғысова М.Қ

9

Озық тәжірбиелі ұстаздардың іс-тәжірбиесін аудан, облыс көлемінде тарату, әдістемелік құрал шығаруға көмек беру туралы

Бақылау жұмыстарының сапасы жөніндегі шығармашылық топтың жұмысы

«Тәжірбиедегі рефлексия» мектеп тренерлерінің жұмысы туралы

Қоғамдық гуманитарлық пәндердің оқытылуы туралы


Желтоқсан

Шыңғысова М.Қ





Макишева А.А

Батталова Г.Б Макишева А.А

Макишева А.А













  1. педкадрлармен жұмыс. қайта даярлау

Шаралар

Өткізілу уақыты

Жауаптылар

Есеп формасы

1

Аудан бойынша педагогикалық ұстаздардың банкін жаңарту

Қыркүйек

Шыңғысова М.Қ

Батталова Г.Б.

Педкадрлардың банкі

2

Педагогикалық қызметкерлердің аттестатталуы

Қыркүйек-мамыр

Комиссия мүшелері

Батталова Г.Б

Бұйрық

3

Марапаттауға аудан мұғалімдердің банкін жасау

Жыл бойы

Шыңғысова М.К Батталова Г.Б Макишева А.А.

Мәліметтер банкі

4

«Алтын есімдер кітабы», «Педагогикалық әулеттер кітабы»

Тамыз, қыркүйек

Шыңғысова М.Қ Батталова Г.Б. Макишева А.А

Кітап шығару, сайтқа енгізу

5

Педагогикалық тәжірибені жалпылама тарату және оқыту; оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін мектептің тәжірибесінің жұмысына енгізу мен ақпараттандыру

Жыл бойы

Әдістеме кабинеті

Жинақтар, сертификаттар беру

6

«Планирование мониторинга образовательного процесса» «Айналайын» б/б әдіскерінің тәжірибесін тарату


Сәуір

Оразалинова С.Е.

Шебер сынып

7

Мұғалімнің «Портфолиосын» қорғау




Қаңтар

Аттестациялық комиссия

Шебер сынып

8

Аттестациядан өтетін мұғалімдер туралы эксперттік сараптама жазу


Қаңтар-ақпан

Комиссия мүшелері

Пікір жазу

9

Мектептерде көрші мектептермен бірлесіп «Шығармашылық күн» өткізуді ұйымдастыру

Жеке кесте бойынша

Шыңғысова М.К

Батталова Г.Б

Есеп (фото)

10

Мұғалімдердің тестілеуден өтуі

Қараша-желтоқсан

Шыңғысова М.К Катенова С.А


Тестілеу қорытындысы

11

Мұғалімдердің курстық қайта даярлауы, жаңа форматты курстық дайындықтан өткізу жұмыстарының тиімділігі

Үнемі

Шыңғысова М.К

Жанакова А.К.

Өтінімдер, бұйрықтар

12

Курстық даярлық бойынша мониторинг жүргізу

Үнемі

Жанакова А.К.

Мониторинг

13

Мектеп тренерлерінің жұмысы

Үнемі

Байшүкіров А.Ш Шыңғысова М.К

Мониторинг



  1. білім мекемелерінің қызметін бақылау, қадағалау

Шаралар

Өткізілу уақыты

Жауаптылар

Есеп формасы

1

Ресурстық орталықтың сессияларын ұйымдастырып, өткізу

Тоқсан сайын

Байшүкіров Мустимов А.К. Макишева А.А.

Қаулы

Сессия

2

Сайтпен жұмыс және материалдарды сайтқа жариялау

Апта сайын

Батталова Г.Б.

Тасимов А.Е.

Сайтқа

мәтін

3

Білім мекемелерде (мектептер, балабақша мен шағын орталықтар) жұмыстық оқу жоспарларын қадағалау

Қыркүйек

Шыңғысова М.Қ Оразалинова С.Е. Оспанова А.Н Макишева А.А Мустимов А.К Батталова Г.Б Обазов А.Т Жанакова А.К

Анықтама

4

Мұғалімдердің сапалық құрамы

Қазан

Шыңғысова М.Қ Оразалинова С.Е. Оспанова А.Н Макишева А.А Мустимов А.К Батталова Г.Б Обазов А.Т Жанакова А.К

Жинақ

5

Штаттық кестелер, тарификация, табельдер

Жыл бойы

Шыңғысова М.Қ

Анықтама

6

Оқу-әдістемелік әдебиеттердің фонды

Қаңтар, қыркүйек

Жанакова А.К.

Анықтама

7

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы

Жыл бойы

Оразалинова С.Е.

Анықтама

8

Эксперименталдық алаңдардың жұмысы

Жыл бойы

Мустимов А.К.

Анықтама



  1. Жалпы педагогикалық өзекті мәселелер бойынша аудандық іс-шаралар

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Мектеп директорларына арналған семинарлар

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамутуда мектеп басшылары құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдары

- Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету

- Электронды оқыту жүйесіне көшу жағдайында мектеп басшысының АКТ құзыреттілігін қалыптастыру



Қаңтар





Сәуір



Қараша



Шыңғысова М.Қ

2

Мектеп директорларының оқу-әдістемелік орынбасарларына арналған семинарлар

  • Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау және тиімді сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту



  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы жаңаша білім берудегі талаптардың, әдістердің маңызы


  • Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде әдістемелік жұмыста интербелсенді әдістерді қолдану жолдары





Наурыз





Сәуір



Желтоқсан





Шыңғысова М.Қ



Батталова Г.Б Макишева А.А



Батталова Г.Б Оразалинова С.Е Жанакова А.К

3

Мектеп директорларының тәрбие орынбасарларына арналған семинарлар

  • «Суицидтің алдын алуда психологиялық түзету жұмыстары»


  • «Дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері және олардан сақтану жолдары»


  • «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің орындалуы туралы






Ақпан



Сәуір



Мамыр





А.Оспанова

4

Педагог-психологтарға арналған семинарлар

  • Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары


  • Мектеп оқушыларының логикалық және есте сақтау қабілеттерін дамытудағы түзету, дамыту жұмыстары




А.Оспанова

5

Мектепке дейінгі мекеме педагогтарына арналған семинарлар

  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу-іс әрекеті барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары


  • Мектепке дейінгі мекемелерінде білім мазмұнын жаңартыда инновациялық технологияларды енгізу және тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, шығармашылығын дамыту


  • Балабақшадағы әдістемелік жұмыс тиімділігінің негізгі критерийлері және оны ұйымдастырудың инновациялық формалары


  • Шағын орталықтың мемлекеттік стандартқа сай орындалуын қадағалау






Оразалинова С.Е.

6

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинарлар

  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары

  • Білім беру мазмұнын жаңартуда бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру

  • Инновациялық идеяларды жүзеге асыру арқылы нәтижеге бағытталған білім беру


  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сын тұрғысынан бағалау






Жанакова А.К.

7

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған семинарлар

  • Мектеп оқушыларының мәтінді түсіну және сауатты оқу саласындағы функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары


  • Сын тұрғысында ойлау технологиясының мүмкіндіктерін қолдану – сапалы білімге қол жеткізу құралы

- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (деңгейлік курстан өткен тіл мамандары)

  • Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дидактикалық материалдарды тиімді пайдаланудың инновациялық тәсілдері


  • Шығармашылық топтың жұмысы, әдістемелік құралдың білім саласындағы тиімділігі.






Макишева А.А.

8

Тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдеріне арналған семинарлар

  • Қоғамдық пәндердің оқыту сапасын арттыруда педагогикалық технологияларды қолдану әдіснамасын жетілдіру


  • Қоғамдық пәндердің оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғанын басты құзыреттіліктерін дамыту






Оспанова А.Н.

9

Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинарлар

  • Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сын тұрғысынан ойлаудың тиімді жолдары

  • Тіл сабақтарын оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғаның басты құзыреттіліктерін дамыту






Макишева А.А.

10

Физика, математика, информатика пәндері мұғалімдеріне арналған семинарлар

  • Физика сабағында жаңа ақпараттық және инновациялық технологияны қолдану-нақты нәтижеге қол жеткізу тәсілі

  • Электронды оқыту жүйесін енгізу жағдайында білім беру ресурстарын қолдану






Мустимов А.К.

11

Жаратылыстану мұғалімдеріне арналған семинарлар

  • Химия, биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда инновациялық технологияларды қолдану

  • Жаратылыстану сабақтарында интербелсенді әдістерді енгізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту






Батталова Г.Б.

12

Музыка, бейнелей өнері және технология пәндері мұғалімдеріне арналған семинарлар

  • «Көркем – эстетикалық пәндерді оқытуда оқушыларға рухани - ізгілік және патриоттық тәрбие беру»





Наурыз





Обазов А.Т.

13

Мектеп кітапханашыларына арналған семинар

  • «Көпшілік жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлері» семинар

  • Кітапханашылар күніне орай тәжірибе алмасу (дөңгелек үстел), «Үздік кітапханашы» сайысын өткізу.

  • Фондтың ұйымдастыруы мен сақталуы, мектеп кітапханашыларының қызметінің сұрақтары бойынша есептер

  • 2017 жылда мектеп кітапханашыларының жұмысындағы негізгі бағыттар. Айтулы және ұмытылмас күндердің іс-шаралар жоспары.




Жанакова А.К.











  1. Аудандық іс-шаралар



Іс-шаралар атауы

Түрі

Мерзімі

Жауапты

1

Жас мамандарға арналған шеберлік сабақтарын өткізу

Шебер-сынып

Қаңтар-желтоқсан

Әдіскерлер

2

«Үздік пән кабинеті» байқауы

Аудандық байқау

Наурыз

Әдістемелік кабинет

3

«Оқыту үрдісіне жаңа оқыту әдістерін енгізу-нәтижеге бағытталған білім беру кепілі» (1-деңгейлік курс мұғалімдерінің қатысуымен деңгейлік курсқа баратын мұғалімдер үшін)

Аудандық тәжірибелік семинар

Сәуір

Шыңғысова М.К

А.Макишева

А.Жанакова

4

«Жас мамандар форумы»

кәсіподақ ұйымен бірлесе

Форум

Сәуір

Батталова Г.Б.

Мукатаева Б.Ж.

5

«Желілік қоғамдастық-мұғалімдердің кәсіби дамуының негізгі факторы» (деңгейлік курс бойынша сертификатталған мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу)

Аудандық форум

Маусым

Шыңғысова М.К

6

1 маусым Балаларды қорғау күні

Ертеңгілік

1 маусым

Оспанова А.Н.

7

«Жас толқын-2017»

Салтанатты жиын

Маусым

Оспанова А.Н.

8

Білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесін өткізу

Конференция секция жұмыстары

Тамыз

Әдістемелік кабинет

9

«Білім беру мазмұнын жаңарту: ізденіс және болашағы»

Аудандық педоқу

Қазан

Әдістемелік кабинет

10

Мұғалімдер күні

Мерекелік концерт

Қазан

Оспанова А.Н.

11

Қарттар күні

Кеш

Қазан

Мукатаева Б.Ж.

12

Қамқорлық күні

Дөңгелек үстел

Қазан

Кобайдарова Д.К.

13

Аудан әкімінің шыршасы

Мерекелік карнавал

Желтоқсан

Оспанова А.Н.



  1. Педагогтардың кәсіби байқаулары



Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Мұғалімдердің пәндік олимпиадасы

Ақпан

Әдістемелік кабинет

2

«Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы» аудандық конкурс

Ақпан

Оспанова А.Н.

3

«Патриоттық тәрбие бойынша сыныптан тыс іс-шараның үздік сценариі» аудандық конкурс

Ақпан

Оспанова А.Н.

4

Информатика кабинеттерінің байқауы

Наурыз

Батталова Г.Б.

5

Ізденімпаз жас маман

Наурыз

Батталова Г.Б

6

Үздік бастауыш сынып мұғалімі

Наурыз

Жанакова А.К

7

«Ең үздік әдістемелі-дидактикалық құрал» сайысы

Сәуір

Әдістемелік кабинеті

8

«Үздік сынып жетекші» байқауы

Сәуір

Оспанова А.Н.

9

«Үздік мектеп» байқауы

Сәуір

Әдістемелік кабинеті

10

«Үздік педагог» байқауы

Сәуір

Әдістемелік кабинеті

11

«Ең үздік мектеп сайты» конкурсы

Сәуір

Батталова Г.Б.

13

Үздік балабақша мен шағын орталық» байқауы

Мамыр

Оразалинова С.Е.

14

«Таңдаулы жыл тәрбиешісі» байқауы

Мамыр

Оразалинова С.Е.

15

«Педагогикалық идеялар көрмесі» байқауы

Маусым

Әдістемелік кабинеті

16

«Ең үздік электронды құрал» аудандық конкурс

Маусым

Батталова Г.Б.

17

«Жаз-2017» байқауы

Тамыз

Оспанова А.Н.

18

«Жыл мұғалімі-2017» байқауы

Қыркүйек

Әдістемелік кабинеті

19

«Жыл әдіскері-2017» байқауы

Қыркүйек

Әдістемелік кабинеті

20

«Үздік психолог-2017» байқауы

Қыркүйек

Әдістемелік кабинеті

21

«Ең таңдаулы әдістемелік бірлестік» байқауы

Қазан

Әдістемелік кабинеті

22

«Авторлық бағдарламалар» байқауы

Қазан

Әдістемелік кабинеті

23

«Жаңашыл мұғалім» байқауы (орыс тілі, шет тілі мұғалімдері)

Қараша

Макишева А.А.

24

«Үздік инновациялық сабақ» байқауы

Қараша

Әдістемелік кабинеті

25

«Ең таңдаулы кітапхана» байқауы

Қараша

Жанакова А.К.

26

«Педагогикалық бастамалар-2016» байқауы

Қараша

Әдістемелік кабинеті

27

«Үздік портфолио» сырттай байқауы

Желтоқсан

Әдістемелік кабинеті



  1. Мектеп оқушыларымен өткізілетін аудандық іс-шаралар



Іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

«Жарқын болашақ» қазақ тілі пәні бойынша олимпиада

Қаңтар

Макишева А.А.

2

Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасы

Наурыз

Әдістемелік кабинеті

3

«Балбұлақ» байқауы даярлық топ оқушылары арасында

Наурыз

Оразалинова С.Е.

4

Аудандық «Абай оқулары» 5-11 сынып

Наурыз

Макишева А.А.

5

Аудандық «Махамбет оқулары» 5-11 сынып

Наурыз

Макишева А.А.

6

«Бүлдіршін» байқауы

Наурыз

Оразалинова С.Е.

7

Аудандық «Жас жол инспекторлар» байқауы

Наурыз

Оспанова А.Н.

8

«Зерде» жас зерттеушілердің байқауы 2-7 сынып

Наурыз

Оспанова А.Н.

9

Интеллектуалдық марафондар

Жыл бойы

Оспанова А.Н.

10

«Өзін-өзі тану әлемі» қолөнер байқауы

Мамыр

Обазов А.Т.

11

Бастауыш сыныптар арасында «Үздік дәптер» байқауы

Мамыр

Жанакова А.К.

12

«Сарбаздар конверті» патриоттық әндер байқауы

Мамыр

Оспанова А.Н.

13

Аудандық «Абай, Махамбет оқулары» 2-4 сынып

Мамыр

Макишева А.А.

14

«Біз-бақытты балдырған!» сурет байқауы

Маусым

Обазов А.Т.

15

«Шабыт» балалар байқауы

Қазан

Оспанова А.Н.

16

Аудандық «Мақатаев оқулары»

Қазан

Макишева А.А.

17

Аудандық «Мағжан оқулары»

Қазан

Макишева А.А.

18

Жоғары сынып оқушылары арасындағы ғылыми жобалар жарысы

Қазан

Оспанова А.Н.

19

«Оқушылар шығармашылығы-2016» қолөнер көрмесі

Қараша

Әдістемелік кабинет

20

5-7 сынып оқушылары арасындағы кіші олимпиадасы

Қараша

Әдістемелік кабинеті

21

8-11 сынып оқушылары арасында аудандық пән олимпиадасы

Желтоқсан

Әдістемелік кабинеті









  1. Пәндердің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша әдістемелік көмек



Іс-шаралар

Мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты

1

Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысын зерделеу

Ақпан

Талдау анықтамасы

Жанакова А.К.

2

Аудан мектептерінде тарих және дінтану негіздерінің оқытылуын зерделеу

Қазан

Анықтама

Оспанова А.Н.

3

Жаратылыстану пәндерінің оқытылуын зерделеу

Қазан

Анықтама

Батталова Г.Б.

4

Ақпараттық технологияларды қолдану жайы, жаңа модификациялы кабинеттердің жұмысын зерделеу

Қараша

Анықтама

Батталова Г.Б.

5

Мектептерде қорытынды аттестация және жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық жағдайын зерделеу, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету

І жарты жылдық

Анықтама

Әдістемелік кабинет

6

Әдістемелік күн өткізу

«Мектептегі әдістемелік жұмыстарды мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруге бағыттау» тақырыбында

Баймұлдин ат. ОМ, Тақыр НМ, Абай ат. ОМ, Шәмші БМ

Жамбыл ОМ, Жаңатан НМ, Ленин НМ

Шарбақты ОМ, Зор-Октябрь, Жабағылы НМ

Бесқарағай ОМ, Малыбай ОМ, Қазантай НМ

Шақа ОМ, Амангельды НМ, Майқарағай ОМ

Сатыбалдин ат. ОМ, Ямышев, Тлектес ОМ

Потанин ОМ, Қазы ОМ, Уахатов ат.ОМ

Лебяжі ОМ мектептеріне әдістемелік көмек көрсету









Жыл бойы

Анықтама

Әдістемелік кабинет

7

Мектептерде жүргізілген ОЖСБ қорытындыларын мониторинглеу TIMS, PIZA халықаралық бақылауға оқушылардың дайындығын бақылау

Сәуір

Анықтама

Әдістемелік кабинет

8

ҰБТ-ға дайындық бойынша мектептерден сынақ тестерін алып, мониторинглеу

Ай сайын

Анықтама

Әдістемелік кабинет

9

Оқушыларды юниор, Президент олимпиадасына дайындау

Үнемі

Ережесін дайындау, өткізу

Әдістемелік кабинет



  1. Әдістемелік оқу құралдарын шығару



Іс-шаралар

Мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты

1

«Суицидтің алдын алуда психологиялық түзету жұмыстары» тақырыбында аудан психологтардың тәжірибесін жинақтау

Ақпан

Жинақ-кітап

Оспанова А.Н.

2

Мектепке дейінгі мекемелер шығармашылық тобы өңдеп шығарған әдістемелік құралдар жинақтау

Маусым

Жинақ-кітап

Оразалинова С.Е.

3

«Бақылау жұмыстарының банкісі» әдістемелік құралы

Маусым

Жинақ-кітап

Шыңғысова М.Қ

4

«Абайтану» курсы бойынша сабақ үлгілерінің жинақтау

Маусым

Жинақ-кітап

Макишева А.А.

5

«Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесін жинақтау

Маусым

Жинақ-кітап

Жанакова А.К.

6

«Логикалық есептер жинағы» әдістемелік құралдар жинағы

Маусым

Жинақ-кітап

Мустимов А.К

7

«Жаратылыстану сабақтарында деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі» әдістемелік құрал шығару

Маусым

Жинақ-кітап

Батталова Г.Б

8

«Тарих пәнінен жұмыс дәптері» әдістемелік құрал шығару

Маусым

Жинақ-кітап

Оспанова А.Н

9

«Тәрбие сағаттарының жиынтығы» сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік құрал шығару

Маусым

Жинақ- кітапша

Оспанова А.Н

10

«Политехникалық бағыттағы сабақтарды беру тәсілдері»

Маусым

Жинақ- кітапша

Обазов А.Т



  1. Жас мамандармен жұмыс


Іс-шаралар

Уақыты

Жауапты

Ескерту

1

Аудандық «Жас мамандар мектебінің» банкісін жаңарту, мониторинг жасау

Қыркүйек

Г.Батталова

Тізім

2

Жас мамандармен жұмыс жоспарын жинақтау (мектептердің) Аудан бойынша жас мамандардың шығармашылық тобын құру

Қазан

Г.Батталова

Жоспар

3

Жас мамандардың тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатыстыруды ұйымдастыру

Жыл бойы

Тәлімгерлер


4

«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында жас мамандарға арналған аудандық семинар

Қараша

Г.Батталова, Хадыс Т. Лебяжі ОМ

Жас мамандар

5

Консультация беру жұмыстары (КТЖ, бағдарлама, журнал толтыру, норм. Құжаттар)

Жыл бойы

Г.Батталова, әдіскерлер

Консультация

6

«Жас мамандар» желілік қоғамдастық құру және жұмыс атқару

Ақпан

Г.Батталова

Есеп (фото)

7

Дөңгелек үстел: Практикум  «Педагогикалық

 әрекеттерді  шешу жолдары»

Ақпан

Г.Батталова


8

Семинар-тренинг: «Оқыту үрдісінде оқушылардың өзі талдау және өзі бақылау дағдысын қалыптастыру»

Наурыз

Г.Батталова


9

Жас маман-болашақ үміті» атты тақырыпта ашық сабақтар шеруі

География- Лебяжі ОМ

Қазақ тілі –Сатыбалдин ат ОМ

Музыка – Шарбақты ОМ

Бастауыш – Шарбақты ОМ

Физика - Жамбыл ОМ

Биология- Потанин ОМ

Наурыз

Г.Батталова Оқу ісінің меңгерушілері, тәлімгерлер

ЖМБ

10

«Ізденімпаз жас маман» аудандық байқауын өткізу

Сәуір

Г.Батталова

Хаттама, ақпарат

11

Жас мамандар форумын

Желтоқсан

Г.Батталова

Ақпарат





















  1. Педагог қызметкерлердің бұқаралық іс-шаралары. Баспа қызметі



Р/с

Жұмыстың бағыты, тақырыбы

Орындау мерзімі

Жауаптылар

1

Бұқаралық ақпарат құралдарында, бөлімнің сайтында әдістемелік кеңес беру, жетекшілік сұрақтарды жариялау

Жыл бойы

Батталова Г.Б. әдіскерлер

2

БАҚ-та білім беру жүйесінің позитивті имиджін қалыптастыруға бағытталған мақалаларды жариялаудың рейтингі

Тоқсан сайын

Макишева А.А.

3

ӘК әдіскерлерінің БАҚ-та мақалалар жариялауы

Жыл бойы

Әдіскерлер

4

Оқу-әдістемелік материалдарды жинақтап, баспаға, сайт бөліміне әзірлеу

Жыл бойы

Әдіскерлер

Тасимов А.Е.

5

НОБД порталы

Қыркүйек

Батталова Г.Б.







Аудандық әдістеме кабинетінің меңгерушісі М.Шыңғысова















































Лебяжі ауданы білім бөлімінің әдістеме кабинетінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысы және 2017 жылға іс-әрекеттің негізгі басымдықтары.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі жұмыс Қазақстан Республикасындағы «Балапан» бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

2015 жылы мектепке дейінгі білім мекемелерінің саны - 9. Шарбақты ауылындағы бала бақшаның 25-тен 80-ң орындыққа дейін кеңейуі, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтылған балалар саны 418-ден 473-ке дейін немесе 13,6% көбеюіне мүмкіншілік берді. (2014 жылы 395-тен 425-ке дейін немесе 6,8% өсті).

Ауданның 15 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-мен 6 жас аралығында 245 бала 15 шағын орталықта қамтылған - бұл 30,7% құрайды (2014 жылы 15 шағын орталықта 253 бала-30,7%).

Барлық мектепке дейінгі 24 ұйымның 23-і ( 96%) оқыту қазақ тілінде, 1-і (4%) аралас тілде жүргізіледі. Ямышев ауылындағы «Болашақ» балабақшасында 50 баланың 25-і немесе 3,68% орыс тілде білім мен тәрбие алады.

Барлығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен шағын орталықтарды қоса алғанда 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 718 баланы құрап отыр немесе 94% ( 2014 жылы 678 – 74,3%). Оның ішінде 473 (62,3%) балабақшамен (2014 жылы 425 немесе51,5%), 245-і немесе 32,3% шағын орталықпен (2014 жылы 253 – 30,7%) қамтылған.

2 ден 6 жасқа дейінгі балалар саны 662 немесе 87,2% (2014 жылы 620- 91,6%). Оның 433 -і немесе 57% бала бақшада (2014 жылы 380 - 56%), 229-ы шағын орталықта қамтылған бұл 30,2% құрайды (2014 жылы 240 бала немесе 35,3%.). 3 жыл қатарынан 3 – пен 6 жастағы балалар 100% қамтылуы жалғасып келеді. Аудан бойынша барлығы мектепке дейінгі ұйымдарда 94 педагог қызмет атқарады (2014 жылы – 97 педагог). Соның ішінде жоғары білімді 52 немесе 55,3 % (2014 жылы – 45 немесе 46,4%). 2014 жылмен салыстырғанда 7-ге ( 3,8 пайызға) артты. Арнаулы орта білімді 42 педагог 44,6% ( 2014 жылы – 52 немесе 53,6%). 2014 жылмен салыстырғанда, жоғары білімді жас мамандар келуіне байланысты, арнаулы орта білімді мамандар саны төмендеді. Жоғары санатты педагогтардың жоқ болуы өзекті мәселенің бірі. Себебі мамандардың республикалық, облыстық жетістіктерінің аздығы және І санатты мамандардың мерзімінен бұрын категория алуға мамандардың жоқтығы. Бірінші санатты 13 педагог- 15,7 % (2014 жылы 11 педагог-11,9%), 3,6 пайызға өсті, екінші санатты 26 педагог 32,7% ( 2014 жылы 25 -28,1%) былтырғы жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға көтерілді.

Жас мамандардың келуіне байланысты санатсыз мамандардың саны 4,6 пайызға көбейді, қазіргі таңда санатсыз саны 58 педагог немесе 59% ( 2014 жылы - 50 педагог - 54,3 %).

2016 жылы мектепке дейінгі дайындық 27 тобында оқытумен 199 (2014 жылы -229) бала қамтылған. Оның қазақ тілінде оқытылатың топтарда 191 немесе 95,9% ( 2014 жылы 31 – 13,5%).

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен тәрбиелеушілер мен оқытушылар үшін аудандық 3 семинарлар, конференциялар, сайыстар өткізіледі. «Ең үздік мектепке дейінгі мекеме» сайысына 4 шағын орталық (Бесқарағай ОМ, Ленин НМ, Қазы ОМ, С.Сатыбалды ат. ОМ) 2 балабақша «Айгөлек» және «Болашақ» қатысты. І орынды С.Сатыбалды ат.ОМ шағын орталығы, ІІ орынды Черное ауылының «Айгөлек» бала бақшасы, ІІІ орынды Бесқарағай шағын орталығы иеленді. «Жыл тәрбиешісі» сайысында І орынды С.Сатыбалды ат.орта мектебінің тәрбиешісі Кунанбаева Р.М., «Болашақ» бала бақшасының тәрбиешісі Латыпова Л.Д., ІІ орынды «Айналайын» бала бақшасының тәрбиешісі Курмангалиева С.Т., ІІІ орынды «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешісі Сарқыт С. иеленді.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының басты бағыты оқушылардың құқықтарын іске асырып, еркін әлеуметтік дамуына, қызығушылықтары мен икемділіктеріне сәй шығармашылық бастамаларына жағдай жасау. Кәзіргі заман талаптарына сай мектеп қабырғасынан шыққан, оқуды бітірген түлектер жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын ескере отырып оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға, өмір жолын өзі таңдап алуға жанжақты қолайлы жағдайлар жасалуда. Аудандық білім беру мекемелері өз жұмысында ғылым және білім беру Министрлігінің 2015 жыл 22 сәуірде № 217 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің концептуалдық негіздерін» басшылыққа алып қолдануда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша СӨС орталығымен бірлескен жұмыс атқарылып, координаторлар мен медбикелерге әдістемелік көмек көрсетіледі. Ішкі істер бөлімі, ішкі саясат бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, орталық аурухана мекмелерінің бірлескен «Суицидтік жайттардың алдын алу іс-әрекеттері» жоспары бекітілген. Барлық мектептерде сенімділік жәшіктері бар.

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудан мектептерінде барлығы 96 үйірме жұмыс істейді. Онда 1030 немесе 63% оқушы қамтылған. (2014 жылы 125 үйірме, 973 немесе 59% оқушы). Ауданның 22 мектебінде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымында екі жыл қатарынан 100% оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылданады. 2015 жылы қараша айында «Жас ұлан» жас-өспірімдер қоғамдары сайысында Лебяжі ауданының оқушылары бірінші орынға көтерілді.

Аудан мектептерінде 22 әскери-патриоттық үйлестіру кеңесі құрылып жұмыс атқаруда. Кеңестің негізгі мақсаты оқушылардың азаматтық қалыптасуын, патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша аудан мектептерінде «Жер бетіндегі өмір үшін», «Әскери жылдар беттерінен» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мектептерде «Патриот» айлығы, «Ардагер жүр жаныңда», «Қамқорлық» акциялары, соғыс ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен, ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер өткізілді. «Зарница», «Жауынгер» әскери-спорттық ойындары ұйымдастырылды. Соғыс, еңбек ардагерлерінің үй-жайларын абаттандыруда тимуршылар командалары көмек көрсетті.

Аудан мектептерінің кітапханаларында Жеңістің 70 жылдығына орай бұрыштар ұйымдастырылып, материалдар әзірленген. Аудандық «Славе не меркнуть - традициям жить» мәнерлеп оқу сайысы, «Мен – Отанымның патриотымын» атты шығармалар сайысы, турнир, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Патриотизмді қалыптастыру бойынша аудан мектептерінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай салтанатты шерулер, «Мәңгілік полк», атты акциялар, «Жеңіс сарбаздары» атты тәрбие сағаттары, «Патриот», «Қамқорлық» айлықтары, әскери-патриоттық «Сарбаз конверті» атты ән сайысы өткізілді. Айлық барысында соғыс және еңбек ардагерлерінің, жалғыз басты қариялардың үй-жайларын абаттандыруда волонтерлер белсене қатысты. Тәуелсіздіктің 23 жылдығына орай «Шабыт» аудандық өнерлі балалар байқауы өткізіліп, оған 12 мектептен 88 бала қатысты.

Дарынды оқушыларды қолдау және дамыту мақсатында аудандық әдістеме кабинетінің ұйымдастыруымен 3 олимпиада 2-4, 5-7, 8-11 сынып оқушылары арасында өтілді. Оған 2015 жылы барлығы 393 (23,8%) оқушы қатысып (2014 жылы 452), 43-і (2014 жылы 20) жүлделі орынды иеленді. Облыстық пән олимпиадасына 11 оқушы жолдама алып 3-і (2014 жылы 11оқушыдан - 2 ) : Лебяжі ОМ, Шарбақты ОМ, Потанин ОМ жүлделі ІІІ және ІІ орынды иеленді.

Аудандық Абай, Мәшһүр-Жүсіп, Мақатаев, Махамбет, Мағжан Жұмабаев оқулары өткізілді. Оқуларға 59 (2014 ж – 69) оқушы қатысып аудандық сайыста 10 оқушы (33-аудандық, 6-облыстық жүлдегер), облыстық сайыста 8 жүлдегер атанды. Облыстық Абай оқуларында 3 оқушы (Тлектес ОМ, Жанатаң НМ, Жамбыл ОМ) 1,2,3 орын иеленді.

Облыстық Махамбет оқуларында Қазы ОМ бір оқушысы 3 орын иеленді.

Облыстық Мақатаев оқуларында Сатыбалдин ат.ОМ оқушысы 2 орын иеленді.

Облыстық Мағжан оқуларында Қазы ОМ үш оқушысы 3 орындарға иеленді.

Облыстық Машһұр Жүсіп оқуларында Потанин ОМ және Лебяжі ОМ оқушылары 1 –ші,

2-ші орындарға иеленді.

Мектептерде спорттық іс-шаралар «Қазақстан-2050 стратегиясына естелік поезы» атты аудандық жобасы аясында іске асырылуда. Жобаға сәйкес, 2014 жыл Ұлы Отан соғысының батыры Сембай Қалиевті еске алуға арналады. 2014 спартакиадалық жылға ауданның отбасыларына Сембай Қалиевтың есімімен 648 грамота берілді.

Қазақстанның волейболдан құрама командасына енген Шарбақты ОМ түлегі А.Исинді, Лебяжі ОМ оқушысы, дойбыдан Қазақстан Республикасының чемпионы Құбайдолла Рустамды атап өтуге болады.

2014 жылы «Жастар» балалар мен жасөспірімдер клубы Шарбақты ОМ алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімін республикалық деңгейдегі біліктілігін арттыру курсынан өтуін қамтамасыз етті.

Ауданның жалпы мұғалімдері ішінен дене шынықтыру пән мұғалімдері (жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің құрамы) 38% құрайды. Ауданның 22 мектебіндегі оқушыларды спортпен және дене шынықтырумен қамту үшін 101 спорттық секция түрлері ұйымдастырылған. Бұл спорт секцияларының түрімен 1077 (66%) оқушы қамтылған. 101 спорт секцияларының 17(17%) түрі спорттың ұлттық түрінен, ондағы оқушы саны 238 (15%).

2015 жылға балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіндегі оқушылар 101 спорт секцияларымен қамтылуы 1077 оқушы 83,3% құрап отыр (2014 жылы 1094 оқушы, 66%).

2015 жылы оқушылардың аудандық спартакиадасын өткізуге, аудан оқушыларының облыстық бағдарламаларға қатысуына аудан қаражатынан 1200 мың теңге, спорттық жабдықтарды алуға 3 млн 690 мың теңге бөлініп отыр.

Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау.

Аудан көлемінде кәмелет жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органы ҚР Конституциясы, «Неке және отбасы» ҚР кодексі, «Балалардың құқығын қорғау туралы» Конвенция, «Әкімшілік құқық бұзушылық», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңына, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына және құқықтық-нормативтік актілері арқылы іске асырылады.

Бүгінгі күні қорғаншылық және қамқоршылық ұйымы есебінде 21 кәмелет жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар есепте тұр. Оның ішінде 8 бала-жетім, 13 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (2014 жылы 24 бала, оның 10- жетім, 14- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар). 2015 жылы аудан көлемінде 5 кәмелетке толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған анықталды, барлығы мемлекеттік балалар үйіне орналастырылды.

2015 жылы 8 қазанда ауданымызда патронаттық тәрбие ашылды. Патронаттық ата-ана Шабар ауылының тұрғыны Масақбаева Майтан Мұқтарқызы. Павлодар қаласындағы отбасы түріндегі балалар ауылында тұрған екі балаға келісім шарт негізінде жұбайлар патронаттық тәрбиесі рәсімделді. Екі бала Павлодар қаласынан тұрғын үй алу үшін кезекке тұрғызылды, АҚ «Халық банкісунде» есеп шоты ашылды. Кәмелет жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 48 бала мемлекеттік уй қорынан үй алу үшін кезекке қойылды, оның ішінде 21-і қорғаушылық мекемелер есебінде тұрған (2014 жылы- 48 бала ). 3 балада үлесті меншікке бекітілген тұрғын үйі бар. «Жол қартасы 2020» жобасының 2-ші бабы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 6 бала трғын үй алды. Екі бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алды: Галкина Г.А. және костина Л.В.

Білім беру есеп шотын ашу мақсатында «Бахытты балалық шақ» жобасы бойынша білім бөлімі тарапынан «Нұр –Отан» одағымен бірлесе отырып қамқоршылық акциясы өткізілді. 17 балаға білім беру дипозиттері ашылған.

Кәмелетке толмағандарға қатысты 2 ата-ананың құқықтары шектелді (Фелькер Т., Голяшова А.) , 5 ата-ананың құқығынан айырылды. 2014 жылы 2 ата-ана құқығынан айырылды, 2-і құқығынан шектелді.

Бүгінгі күні профилактикалық комиссиясы есебінде 31 нашар отбасы тұр, онда тұратын жасы кәмелетке толмағандар 68 бала өмірсүреді. (14- і мектеп оқушылары, 4-і № 14колледж оқушылары).

Балалар арасында суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруда. Білім бөлімі жалпы білім беру мекемелерімен бірлесіп, жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидті болдырмау мақсатында аудан көлемінде жұмыс тобы ұйымдастырылған.

2015 жылы аудан көлемінде 2 қылмысқа жол берілді ( 2014 жылы -2). 2009 жылдан бастап ауданда отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызмет етеді. Онда ата-анысының қамқорлығынсыз қалған 7 бала тәрбиеленеді (2014 жылы -7).

Курстық даярлау.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерін мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады. 2015 жылы деңгейлік курстан өткен педагогтар саны-25. Оның ішінде І деңгейлік курстан 3 мұғалім, ІІ деңгейлік курстан – 1 мұғалім, ІІІ деңгейлік курстан - 15 пән мұғалімі, өзін өзі тану-2, тренер -1, басшылар -3. 2015 жылы «Өрлеу» педагог кадр біліктілігін арттыру институтында қайта даярлау курсты 88 (18,9%) мұғалім өтті. Республикалық біліктілігін арттыру институтында қайта даярлау курсынан 11 (2,4 %), 2014 жылы -6 (1,23%) мұғалім оқушылардың функционалдық сауаттылықты дамыту тақырыптары «орыс тілі сабағында коммуникативтік құзырлылықты дамыту – тілдік тұлғаны қалыптастыру тәсілі», «тәрбиелік жүйе: құру және басқару әдісі» бойынша өтті. 2015 жылы облыстық семинарларға 182 (2014 жылы 177 мұғалім) қатысып өздерінің кәсіби шеберліктерін арттырып келді. Ауданның білім бөлімі ұйымдастырған мұғалімдерге арналған семинар, шебер-сынып, ғылыми-практикалық конференцияға 175 мұғалім ( 2014 жылы – 171 мұғалім) қатысып, тәжірибе алмасты.

Білім бөлімінің тарапынан 51 тақырыптық, 32 әдістемелік көмек, 5 кешенді мониторинг өткізілді. Мониторинг нәтижесінде мектептерде мемлекеттік білім стандартының орындалуы барысында білім сапасы, білім жүйесіндегі кемшіліктер, қиыншылықтар сараланып, шешу жолдары анықталды. Жас мамандар мен санатсыз мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында, мектеп директорларының орынбасарларына, пән мұғалімдеріне арналған семинар, кездесу өтілді.

Оқу үрдісін ақпараттандыру. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы Лебяжі ОМ, Потанин орта мектептері электронды оқыту жүйесіне енгізіліп, «е-learning» бағдарламасына сәйкес  толық жабдықталды.  Республикалық бюджеттен екі мектепке 63 компьютерлік құрылғылар бөлінді. Бүгінгі таңда барлық мектептер компьютерлендірілген, 580 компьютер 1 компьютерге 2 оқушыдан келеді. (2014ж - 481 компьютер, 1 компьютерге 4 оқушы). Ауданның 22 мектебі Интернет желісіне қосылған, оның ішінде 17 мектеп кеңжолақты интернетке қосылып, ауданның барлық мектептерінде барлығы 52 (2014 ж - 47) дана интербелсенді тақта орнатылған. 2014 жылы облыс орталығында.


68 педагог ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін арттыру курстарынан өтіп біліктіліктерін көтерді. (2014 жылы-20). Ауданның 85 % мұғалімдері өз пәндері бойынша 2055 электрондық оқулықтарды пайдаланып, ақпаратты коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолданып 3317 сабақ өткізді. (2014 жылы-75% мұғалім, 1561 оқулық, 3527 сабақ). Облыстық ақпаратты технологиялар орталығының өткізген интернет байқауларында аудан мектептері жоғары рейтингтік көрсеткіш көрсетті. Нәтижесінде облыстық ақпаратты технологиялар орталығы өткізген «Ең үздік интербелсенді сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестивалінде С.Сатыбалды ат. ОМ математика пәні мұғалімі Казыканова А.К ІІ орын, Малыбай ОМ биология пәнінің мұғалімі Шалғынбаева А.Н ІІ орын, Малыбай ОМ информатика пәні мұғалімі Оразханова М.Ж ІІІ орын, Малыбай ОМ физика пәні мұғалімі Темірғалиева А.Е. ІІІ орын иеленді.

Оқу әдебиеті.

2015 жылы оқулық қорына 14млн. 320 мың (2014жылы - 9 млн 805 мың) теңге қаржы бөлініп 15016 теңге қаржы бөлініп, 16635 дана (2014 жылы -1516) оқулық алынды. Оқулықтар мен әдеби кітап қоры аудан оқушыларының сұраныстарын қанағаттандырады. 2015 жылы даярлық топқа, 3, 10 сыныптарға және 11 сыныптың дүние жүзі тарихы толығымен жаңа буынды оқулықтар алынды. Ғылым және Білім министрлігінің №515 бұйрығы негізінде 2015-2016 оқу жылы 4, 5, 6, 11 сыныптарды жаңа буын оқулығымен толық қамтамасыз етуге және 3 сыныптарға ағылшын тілі, 7 сыныптарға информатика пәнінен оқулықтарға тапсырыс берілді.

2014 жылы мектеп кітапханаларындағы көркем әдебиет саны 135758 дана құраса, 2015 жылы 153416 дана құрады.


Әдістемелік кабинеттің өзекті мәселесі: Педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттыру бағытында ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды үйлестіру

Әдістемелік кабинет жұмысының мақсаты:

Педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Әдістемелік кабинеттің 2017 жылға арналған міндеттері:

  • ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын», ҚР «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», «2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылыми негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хат, ҚР Үкіметінің «Оқушылардың функционалдық суаттылығын дамыту жөнінде ұлттық іс-қимыл жоспарын» ҚР Білім және Ғылым министрінің «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру» Ережесін т.б. құжаттарды ала отырып, әдістемелік қызметтің сапасын қамтамасыз ету; Білім беру мекемелеріне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын игеру және енгізуге қолдау көрсету;

  • Білім сапасын арттыруда оқыту жүйесінің өзектілігін айқындау, сапалы білім берудегі тиімді әдіснамаларды тәжірибеге енгізу;

  • Педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттыру бағытында ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды үйлестіру;

  • Деңгейлік курс бағдарламасы идеясын жүзеге асыру, жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үрдісіне кеңінен енгізуге ықпал ету, курстан өткен мұғалімдердің желілік қоғамдастығы жұмысын жетілдіру;

  • Білім сапасын арттыру, пәндердің оқытылу сапасын жақсарту мақсатында әдістемелік көмек көрсету;

  • Инновациялық қызметті жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибе алмасуда ынтымақтастықты кеңейту;

  • Жас мамандарға тәлімгерлік көмек ұйымдастыру, олардың маман болып қалыптасуына ықпал ету.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Әдістемелік кабинетінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары

Автор: Шынгысова Мира Капановна

Дата: 16.01.2018

Номер свидетельства: 450274

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "2014-2015  о?у жылына арнал?ан информатика кабинетіні? паспорты "
    ["seo_title"] => string(66) "2014-2015-ok-u-zhylyna-arnalg-an-informatika-kabinietinin-pasporty"
    ["file_id"] => string(6) "200798"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428921673"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(185) "Баянауыл ауданындағы білім беру ұйымдарында инновациялық-әдістемелік қызметі жүзеге асыру жолдары."
    ["seo_title"] => string(80) "baianauyl_audanyndagy_bilim_beru_uiymdarynda_innovatsiialyk_distemelik_kyzmeti_z"
    ["file_id"] => string(6) "612160"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1661446083"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "П?н бірлестік жоспары 2015-2016 о?у жылы "
    ["seo_title"] => string(44) "p-n-birliestik-zhospary-2015-2016-ok-u-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "231104"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1442375589"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Жас м??алімдер мектебі "
    ["seo_title"] => string(28) "zhas-mu-g-alimdier-miektiebi"
    ["file_id"] => string(6) "204815"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429727334"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "12 жылды? мектепте о?у т?рбие ж?мысын ?йымдастыру"
    ["seo_title"] => string(48) "12zhyldykmiektieptieokutrbiiezhumysynuiymdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "285946"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454259747"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства