2-тапсырма. Жеке жұмыс. «Мәтінмен жұмыс» әдісі арқылы шығармадан алынған үзіндіні тыңдаңыздар. (18-аудио). Үзінді не туралы? Мәселені анықтап, ат қойыңыздар. Райдың үйіне жиналған балықшылар бүгін де теңіз жайын, балық жайын, ауа райын әңгімелеп, әр саққа жүгіртіп жатыр еді.Аттылы біреу кеп есік алдына тоқтады. Дүр етіп аттан түсті. Шылбырын босағаға байлай салды да, сәлем беріп кіріп келді. –Шаруаңды айт, – деді Еламан. –Саған кісі керек дейд ғой. –Иә, керек. –Өзіңе мұз оятын адам керек пе? –Ал, керек. –Ендеше, мені ал! ...Теңіз үстінің дауылы тіпті әлемет. Толқында рірілене бастаған. Қаптай соққан қара дауыл Аралдың айқай желіне ұласты да, теңіз үсті уылдап-шуылдап, үйдей-үйдей толқындар су бетіне ереуілдеп ойнап шығады. Үйдей толқындар енді ес жиғызбады. Бірінен кейін бірі гүрілдеп келіп, онсыз да бір батып, бір шығып малтығып келе жатқан қайықты сүзеген бұқадай қағып өтеді. Қайық төңкеріле жаздап, екі қапталымен су сабалай бастады... Балықшылар қараңғыда қайдан шыққандарын білмесе де, қара дауыл қуған үй аумағындай мұздың ілгері жағы бір тұйыққа тірелгенін іштері сезген-ді. Түнде тоқымдай-тоқымдай мұздың бірінен-біріне секіріп жүргенде, Итжемес аяғы тайып суға кетті. Қолы, аяғы үсіген Құлтуманың қозғалуға шамасы жоқ, мұздың ығында анадай жерде дір-дір қағып қалшылдап жатыр. Бұл екеуінен басқа тағы да үш кісі суға кеттіме, әлде ыққан мұзбен ұлы теңізге кеттіме, өліме, тіріме, белгісіз... Дискрептор: шығармадан алынған үзіндіні тыңдайды үзінді не туралы екенін анықтайды мәселені анықтап, ат қояды Бағалау: «Табыс баспалдағы» әдісі 3-тапсырма. Жеке жұмыс. «Сұрақтар тізбегі» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беріңіздер. Кейіпкердің әңгімесі не туралы болды? Әңгімені кім бұзды? Теңізге шыққан балықшылар неге тап болды? Теңіз үстінде қандай жағдай орын алды? Дискрептор: Бағалау. «Бағдаршам» әдісі 4-тапсырма. Жеке жұмыс. «Суреттеу» әдісі арқылы теңіз үстіндегі дауылды өз сөздеріңізбен суреттеп жазыңыздар. Дискрептор: Бағалау. 5-тапсырма. Топтық жұмыс. «Мәтінмен жұмыс» әдісі арқылы Мәтінді оқыңыздар. Оқиғаны тыңдалым мәтініндегі оқиғамен салыстырыңыздар. Тірек сөздер арқылы ондағы ортақ ойды дәлелдеңіздер. Сонан бір кезде дауыл басылып, бозарып таң атты да, төңірек көріне бастады. Қаратүп! .... Әй, мынау Қаратүп қой! Біз Қаратүптен шығыппыз. Әй, ана қарайған не? Қайсы? Әне, әнекей! – деді де, Кәлен сонан артық тілге келмей жүгіре жөнелді.Оның соңын ала Мөңке, Еламан, Рай, тағы бірнеше кісі жүгірді. Бұлар жақындағанда әлгі қарайғанның үстінен қарғалар ұшты. Кәлен жеделірек басып қасына келсе, әлгі қарайғанның бірі түйеші Жалмұрат та, ал онан қолсозымдай әрегіректе жатқан Сары бала екен. ─ Еламан, сен тезірек елге жет,- деді Кәлен,- біз жарымжан кісілерге бас-көз боп, осы арада қала тұрайық. Еламан тілге келмей жөнеле берді. Сол түні балықшы ауылда бір тірі жан көз ілмеді... Бір топ атты ауылдың тұсынан тасырлатып шауып өтті. Кіл қара шекпенді. Ішінде Федоровпен Курнос Иван бар. ...Күтпеген жерден құла ат осқырынып, жолдан шыға жалт берді. Ерден ұшып түсе жаздаған Шодыр тізгінді тез тартып, ат үріккен жаққа қарап еді, қарсы алдында жолын кеселеп біреу тұр екен. Федоров аттан қарғып түсті. –Сен бе? –Иә, мен. –Ау-құралдарың қайда? Еламан үнсіз. Тымақ астынан атып жіберердей қадала қараған көзді орыс байы енді байқады. - Ау – құралдарың қайда? – Сен .. .иттің баласы! Адамдарың қайда деп неге сұрамайсың?–деді Еламан ақырып темір сүйменді құлаштай сермеп. Шодыр тізгін ұстаған қолымен басын қорғап, бұғып қалды. Иығының басына тиген соққыдан есеңгіреп кетті. Басын шайқап жіберді. Қалың киімді бойымен Еламанды астына баса қалмақ болғанда, Еламан артына қарай ытқып, орыс байының құшағынан сытылып шықтыда, қайта ұмтылды. Бұл жолы сүймен Федоровтың дәл қарағұсына тиді. Құлақшын астынан қан сау етіп, бет-аузын жуып кетті. Қалың киімді, батыр тұлғалы ірі кісі гүрс етіп етпеттей құлады. Еламан сүйменді лақтырып жіберді... Дискрептор: мәтінді оқиды мәтінді тыңдалым мәтініндегі оқиғамен салыстырады тірек сөздер арқылы ондағы ортақ ойды дәлелдейді Бағалау: 6-тапсырма. Топтық жұмыс. Блум таксономиясы әдісі арқылы мәтіндегі қарамен берілген сөйлем нені білдіреді? Болжам жасайды. Дискрептор: Бағалау: 7-тапсырма. Топтық жұмыс. «Менің тұлғамның формуласы» әдісі арқылы Шығармадағы кейіпкерлерді атап, оларға мінездеме беріңіздер. Олар қандай жағдайға тап болғанын әңгімелеңіздер. Оқиға немен аяқталды? Дискрептор: Шығармадағы кейіпкерлерддің есімдерін атайды Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме береді Олар қандай жағдайға тап болғанын баяндайды Оқиға немен аяқталғанын айтады Бағалау: «Қол сигналдары» әдісі |