Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті | Мұғалімнің аты-жөні:Қажығапбасова М.Т. Күні: 12.09.19ж |
СЫНЫП: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну (5.О1).; Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату (5.О3.). |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Тілдік құзіреттілік | Мәтіннің жанрлық ерекшелігі |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Алдыңғы оқу | Әдеп пен талғам |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Сан арқылы топқа бөліп отырғызамын Психологиялық ахуал қалыптастыру: Жүректен жүрекке» тілек | Тапсырманы орындаған әр балаға бағалау таяқшасын беріп отырамын. |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық. Ситуациялық жағдаяттар 1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. ) 2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.) 3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.) | Ситуациялық жағдаяттар, мәтіндер. |
Ортасы 10 минут | Қолдану Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла». Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі. 1 - топ - сыйластық. 2 топ - кішіпейілділік. 3 топ - инабаттылық Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады. Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы.... Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш... Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық... Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. «Ана тілін шұбарлап» сөйлейді дегенді қалай түсінесің? Асыл сияқты балаларға арнап пайдалы кеңес жаз. | Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
Сергіту сәті 2 минут | «Қыдырып қайтайық!» би билеу | Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | «Үздік мақалшы» ойынын ойнату. Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыруға дағдыландыру. Жүргізу ережесі: Әр қатардан бір - бір оқушыны шығарып, Отан тақырыбына білген мақалдарын айтып жарыстыру. | |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | | Кері байланыс кемесі |
Қосымша ақпарат |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
| | |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |