Сабақтың мақсаты:
–Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәбиелеу.
Міндеттері:
Білімділігі:
– Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ;
Дамытушылығы:
–Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;
Тәрбиелілігі:
–оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)
Тыныштық сәті :
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла – бойларыңа толғанан сезініңдер,ал енді көздеріңді ашыңдар.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
С.Әшімбаевтың «Азаматтық формуласы» мәтінін сұрау
3.Дәйексөз:
«Үлкен болып қалу үшін ғаламда,үлкен арман керек екен адамға»
М.Шаханов