«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
КММ Ы. Алтынсаринорта мектеб
Мерзімі 20.01. Сабақтың реті № 18
Тақырыбы:Адамның азаматтық құқығы
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Сүйіспеншілік
Мұғалім Жумашева Г У
Сынып 7 «д»
Сабақтың мақсаты:
–Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәбиелеу.
Міндеттері:
– Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ;
–Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;
–оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі .
Тыныштық сәті :
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла – бойларыңа толғанан сезініңдер,ал енді көздеріңді ашыңдар.
Ресурстар:(құралдар,
мәліметтер)слайд,дәйексөз,
сахналау.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
С.Әшімбаевтың «Азаматтық формуласы» мәтінін сұрау
Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйексөз:
«Үлкен болып қалу үшін ғаламда,үлкен арман керек екен адамға»
М.Шаханов
4.Әңгімелеу(сұхбат):
- «Азаматтық», «Азаматтық парыз», «Жақсы азамат болу» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өз елінің азаматы екеніңді қалай көрсетер едің?
- Адам бойында азаматтық болмаған жағдайда не істер едіңдер?
5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)
«Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазындар
6.Топпен ән айту.
Рух пен тіл
Сөзі мен әні:
М.Шахановтікі
Табиғаттың қзгермейтін заңңына бұр бетінді, Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді. Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде, Олар елің,тілің қорғап жанын қиған бұл жерде.
Қайырмасы:
Ұлтсыздану заманыңда Тілің нарық табаныңда Көнбестік бар қадамында Рухынды басып кетті қарын. Тіліңді жоғалтсаң, Діліңді жоғалтсаң, Жоғалтасы бірін.
7.Үй тапсырмасы.
Үй жұмысы ретінде «Атамекен» әнін жаттап келу тапсырылады.
8.Соңғы тыныштық сәті.)
(Баяу күй ойнайды)
• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!