Студенттер мен барлық сынып оқушыларына арналған іс шара
Просмотр содержимого документа
«"Татулық достық кілті"»
«Татулық-достық кілті» тренинг
Қатысушылар: жатақхана студенттері
Мақсаты: Студенттер арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті:
1.Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.
2. Студенттердің арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3. Студенттерді сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: достық туралы нақыл сөздер,тақырып,шарлар.
Өту барысы:
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу,топқа энергия беру.
Жаттығу барысы:
Шеңбер құрып, бәріміз бірге:
Сауаттылықты жақтаймын.
Денсаулықты сақтаймын.
Тұрамын ыстық жүректен
Баршаға саулық тілеп мен
Шын, жүректен, үлкен махаббатпен
Бәріңізге денсаулық тілеп
Сәлем достар дейміз!
2. «Ми шабуылы»
Достық дегенді қалай түсінеміз?
Сауалға әркім өз ойын ауызша білдіреді.
Мысалы:
Ақниет: адамды досына қарап сына демекші, досыңның адал бол,анына не жетсін деп ойын айтып өтті.
3. «Сиқырлы орындық» тренингі
Мақсаты: тұлғаның жағымды қасиеттерін анықтау. Ортада тұрған орындыққа бір студент отырады. Қалғандары сол студенттің ұнамды жақтарын айтады.
4. «Менің досым»
Студенттер өзінің ең жақын досы жайлы айтып береді.
5. Қорытынды.
Тренингке қатысушылар екі қатар бойымен тұрып қалады, өзіне қарсы тұрған адамға өзінің тілегін айтады.
Тренингке қатысқандарыңызға рахмет.