Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз-елім тірегім»
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – тірегім»
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу. Салауатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіз елім – тірегім» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол.
1. 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды. 2. 1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді. 3. 1993ж. 15-қарашада – Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі. 4. 1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды. 5. 1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы. 6. 1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы. 7. 1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы. 8. 2000ж. Мәдениет жылы. 9. 2002ж. Денсаулық жылы. 10. 2003ж. Ауылды дамыту жылы. 11. 2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы. 12. 2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы. 13. 2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы. 14. 2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды. 15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы. 16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді. 17. 2011ж. Қаңтар – ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті. 18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
19.2013ж «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру.
20.2014ж Астана күні қарсаңында елордада жаңадан ұлттық музей ашылды.
21. 2015ж Қазақ хандығңына 550 жыл
22. 2016ж Тәуелсіздікке 25 жыл
Әдеби монтаж
Оқушы:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Оқушы:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Оқушы:
Бостандық құтты болсынерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Ән «Отаным — Қазақстан»
Оқушы:
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Оқушы:
Халқымның мақтанышы — алып тұлға.
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Оқушы:
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
Оқушы:
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушы:
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Қорытынды: Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!