kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Спорт! Табиғат! Денсаулық!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Спорт! Табиғат! Денсаулық!»

Тақырыбы: « Спорт!Табиғат!Денсаулық!»

Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап , өз денсаулығын күте білуге , зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу; еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру;

ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, жанашырлыққа, әдемілікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Пән аралық байланыс: дене шынықтыру.

Көрнекілігі :суреттер (жануарлар, жемістер), доп, скакалка, жалау.

  1. Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар және оқушылар!

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіндер қадірменді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізде, - деп сіздерге арналған

Денешынықтыру және биология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-ші желтоқсан ҚР тұңғыш президент күніне арналған «Спорт!Табиғат!Денсаулық!» тақырыбымен өткізгелі отырған көңілді жарысқа қош келдіңіздер.

2-Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ер намысын қорғамақ.

Топтар шықсын ортаға.

1-Жүргізуші:

Қайсысы спортшы, кім табиғатты сүюші,

Талаптарына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

2-жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым! Енді жарысқа түсетін екі топты қол соғып, қошеметтеп шақырайық. Жарысқа 6 және 7 сынып оқушылары қатысады. Әр топтың құрамында 7 оқушыдан бар.

1-жүргізуші: Әділдікпен баға берер топтарға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Нақ топты таңдап бүгін алуға.

Жарысымызды бастамас бұрын, бүгінігі жарысымызды саралап, таразылап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Мектеп директоры – Серкенов Жомарт Амантайұлы.

Мектеп психологы – Омарова Алмагүл Қайыпқызы.

Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі- Касенова Гүлнар Иргешқызы.

2-жүргізуші: Сайысымыз он екі кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз қызығы, өз қиындығы бар.

1-жүргізуші: 1-ші кезең: «Сәлемдесу» әр топ өздерін таныстырып өтеді.

  • Топтың аты

  • Топтың эмблемасы

  • Топтың әні (Ұпай саны 1-5 дейін)

2-жүргізуші: 2-ші кезең: «Жемісті кедергілерден өту» . Бұл кезеңде сайыскерлерге қиындық туғызатын кедергі заттар бар. Сол кедергіден өтіп, қабырғада жабыстырылып тұрған әріптердің орынын ауыстырып сөз құрастыруы тиіс (сөздер жеміс –жидектердің түрлері).

1-ші топ – алхоры, құлпынай, таңқурай, алма,қарбыз, ананас,апельсин.

2-ші топ- шабдалы,алмұрт,бүлдірген, өрік, қарақат,жүзім,

1-жүргізуші: 3-ші кезеңКенгуру» Мұнда оқушылар бір-бірден допты аяқтарына қысып алып, секіре отыра орындықты айналып келіп, допты екіншісіне береді. Осылай ойын жалғасады, ең соңғы сайыскер 1-ші топ Д, 2-ші топтың сайыскері Ж әріпінен басталатын спорт және табиғатқа байланысты сөздер жазуы тиіс (1 минут уақыт беріледі) ең жоғары ұпай 5 саны.

2-жүргізуші: 4-ші кезең: «Жұмбақ шешу» . Әр топқа жеті жұмбақтан жасырылады. Бір дұрыс жауап 1 ұпай.

Достар.кz тобы

  1. Жалғыз нүкте сияқты,

Көтерілсе аспанға.

Қасқырға салып тұяқты,

Қозғалтпайды басқанда. (Бүркіт)

  1. Тепсең-ақ секіріп

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп

Тұра алмай сасады (доп)

  1. Тәтті жемістердің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Айыбы бұтаққа ілінеді,

Айтындаршы, кім біледі? (алмұрт)

  1. Аяғымда

Басы қайқы қос сырық

Таяғым да

Қуады оны састырып. (шаңғы)

  1. Үлпілдеген қалпағы аяқ-қолды желден қорқады. (бақбақ)

  2. Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан. (дүрбі)

  1. Ине бел, қылқа мойын, қара-батыр,

Қара тауды көтеріп бара жатыр. (құмырсқа)

Биоспорт тобы

  1. Ат басты

Арқар мүйізді

Бөрі кеуделі

Бөкен санды (шегіртке)

  1. Мініп алып ылғи да

Тыңнан жол табамын.

Жоғарыдан ылдиға

Жұлдыз болып ағамын. (шана)

  1. Кіргенде ініне сынарды,

Ұрпағын шығарды. (картоп)

  1. Үрлесең жеп –жеңіл, Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң, көк –теңбіл, Бұлтқа да жетеді. (шар)

  1. Балықшы емес, балықты

Судан жиып алыпты.

Көрмесін деп оны ешкім,

Дорбасына салыпты. (бірқазан)

  1. Таба алмай оң мен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолынды,

Шығысқа.

Батысқа. (компас)

  1. Дөп дөңгелек доптай, іші қызыл шоқтай,

Дәмін татып көрсең, одан дәмді жоқтай. (қарбыз)





1-жүргізуші: 5-ші кезең: «Жыл басы» Топ мүшелері бір-бірден кезектесіп төрт аяқтап белгіленген орынға дейін барып, қабырғада жабыстырылып тұрған суреттерді рет-ретімен орналастыруы тиіс. Қай топ тапсырманы бірінші және дұрыс орындайды сол топ бұл кезеңде жеңеді. (ең жоғары ұпай 5 саны)

2-жүргізуші: 6-ші кезең: «Капитандар сайысы» екі команда капитаны дөңгелектін ішінде бір аяқтарын қолдың көмегімен көтеріп, бір-бірін итереді, қай капитан дөңгелектін ішінен қарсыласын бірінші шығарса сол топ басшысы жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: Ортаға екі топтың сайыскерлері шығып флэшмоб биін орындайды.

1-жүргізуші: 7 –ші кезең: «Екі жұлдыз» әр топтан екі оқушыдан шығады бір қыз бала,бір ер бала. Қыз бала тоқтамастан скакалка тебеді, ал ер бала оджимания жасайды (1 минут уақыт беріледі).

2-жүргізуші: 8-ші кезең: «Тәтті сайыс» әр топтан бір ер баладан қатысады. Столдың үстінде ыдыс ұнмен, оның ішінде 5 кәмпит болады, сол кәмпиттерді сайыскер аузымен алуы тиіс кім бірінші 5 кәмпитті табады сол жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: 9-шы кезең: «Көбелектер сайысы» сайыскерлер екі аяқтарын қосып баскетбол нысанасына дейін секіріп барып ілініп тұрған көбелекті секіріп үзіп алып орнына жүгіреді, келесі оқушы дәл осылай тапсырманы орындайды бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

2-жүргізуші: 10-шы кезең: «Кірпіше қарғу» сайыскер еңкейіп тұрған алдындағы баланың арқасына қолын тіреп, аяғын тигізбей, үстінен қарғып өтеді. Кезек бастапқыда қарғыған бастаушы қайта айналып келгенде, ойын аяқталады. Қай команда бұрын аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: 11-ші кезең: « Қызықты сұрақтар » Әр топқа он сұрақтан қойылады:бес сұрақ биология пәні және бес сұрақ дене шынықтыру пәні бойынша.Әр дұрыс жауап бір ұпай.Сұраққа көп жауап берген топ бұл кезеңде жеңіске жетеді.

Достар.kz тобына қойылатын сұрақтар:

  1. Футбол ойыны құрамында ойыншы саны? (11)

  2. «Жасушаны» ашқан ғалым (Роберт Гук)

  3. Волейбол алаңындағы зоналарды көрсетіндер.

  4. Жарық микроскопты ашқан ғалым? (голландиялық әкелі-балалы Янсендер)

  5. Португалия командасының ең үздік ойыншысы. (К.Роналдо )

  6. Ең ірі сүтқоректі? (кит)

  7. Қостанай облысының футбол құрама командасының аты. (Тобол)

  8. Денесі тұрақсыз қарапайым. (амёба)

  9. ҚР бокстан әлем чемпионы. (Серік Сапиев)

  10. Балықтартардың тыныс алу мүшесі? (желбезек)

Биоспорт тобына қойылатын сұрақтар:

  1. Баскетбол ойыны құрамында ойыншы саны? (5)

  2. Өте ұсақ заттарды үлкейтіп көрсететін құрал. (микроскоп)

  3. Бокс неше раундтан тұрады? (12)

  4. Жасуша ядросы қандай қызмет атқарады? (көбею)

  5. Аргентина командасының ең үздік ойыншысы. (Месси)

  6. Ең кішкентай құс? (колибри)

  7. Футбол ойыны неше таймнан тұрады, әр тайм қанша минутқа жалғасады (2 тайм, 45 минуттан)

  8. Гүлдің құрылысы. (гүл сағағы, табаны, тостағанша, күлте, аталық, аналық)

  9. Биылғы «Қазақстан барысына» қатысқан палуан, жерлесіміз.

(Ерлан Омаров)

  1. Гүлді өсімдіктердің жемістері қандай топтарға жіктеледі? (шырынды,құрғақ)

2-жүргізуші: 12-ші кезең: «Арқан тартыс» әрқайсысының аралығы бір метрден үш қатар сызық сызылады. Арқанның тең мөлшерде бөлінгенін көрсететін шүберек байланған бөлігі орталық сызыққа дәл келтіріледі. Екі команда арқанның ортасынан бір метр қашықтықтан бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі бойынша әрбір команда арқанды өз жағына қарай тартады. Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі.


1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды қорытып саралайтын әділ қазылар алқасына сөз береміз. Бүгін қызық ойынға куә болдыңыздар. Көңіл бөліп тыңдап, қызықтағандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!














Өлеңді орта мектебі



Тақырыбы:

« Спорт!Табиғат!Денсаулық!»



Пән мұғалімдері: Буханов Н.Е.

Буханова Г.Б.

2016-2017 оқу жылы






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Спорт! Табиғат! Денсаулық!

Автор: Буханова Гульзада Бакыткановна

Дата: 01.02.2018

Номер свидетельства: 454176

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ашық тәрбие сағаты: «Денсаулық әліппесі»"
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_diensaulyk_lippiesi"
    ["file_id"] => string(6) "451905"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516698896"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Разработка урока по казахскому  на тему: "Денсаулы? туралы ма?ал-м?телдер""
    ["seo_title"] => string(65) "razrabotkaurokapokazakhskomunatiemudiensaulykturalymakalmtieldier"
    ["file_id"] => string(6) "259989"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448878383"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Сынып са?аты Дені? сау болсын десе?"
    ["seo_title"] => string(33) "synypsagatydieninsaubolsyndiesien"
    ["file_id"] => string(6) "274318"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452359226"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Денсаулық зор байлық"
    ["seo_title"] => string(23) "diensaulyk_zor_bailyk_6"
    ["file_id"] => string(6) "384504"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485516106"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Т?рбие са?аты: Дені сауды? - жаны сау."
    ["seo_title"] => string(38) "t-rbiie-sag-aty-dieni-saudyn-zhany-sau"
    ["file_id"] => string(6) "254714"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447789669"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства