«Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы толық мэлімет беру. Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру,елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:ашық сабақ.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, СТО стратегаялары - ой қозғау, мағынаны ажырату, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың формалары:жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері:ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
а) Үйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекші мәлімдемесі.
Журнал бойынша түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
Б.Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
Шығарманың мазмұнын сұраймын.
Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын. Сыныпты екі топқа бөлдік, бірінші топ жүрекшелер, екінші топ гүлдер.
Мұқағалидың өмірі, шығармашылығы туралы мағлұматтарды меңгерту;
"Қайырлы түн" өлеңінің тақырыбын, мазмұнын ұғындыру. Мұқағали қашан, қай жерде туған?
"Қайырлы түн" өлеңінің тақырыбы не деп ойлайсың? Айтайын деген ойы қаңдай?
Мұқағалидың сөзіне жазылған қандай әндерді білесіңдер?
Қызығушылығын ояту. Үнтаспа арқылы күйден үзінді беріледі. Ой қозғау әдісі бойынша сауалдарға жауап алу. /Балалар көздерін жүмып отырып ойланады. Көз алдарыңызға нені елестеттіңдер?
1.Кімге қандай ой келді?
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың дәйек сөзі: "Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады" . (Күләш Ахметова).
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мұкағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдері жайлы түсіндіремін. Қара өлең". Мұғалім жатқа оқиды. ("Қара өлең" үғымымен таныстырады). "Елім барда", "Анау аспан, мынау бақ" (Үнтаспадан тыңдату). Мағынаны ажырату.
1. Ақын шабытын оятып, жырына арқау болған тіл өнері, өлең-жыр, туған ел, табиғат туралы танысатындары ескертіліп, инсерт эдісі бойынша тапсырма жүктеледі. Өз беттерінше мүқият оқи отырып, түсініксіз сөздерді қарындаш көмегімен инсерт картаға жазады.
Мұғалім толықтырулар жасайды.
2. Топтық жүмыс. Өлеңді мәнерлеп тізбектей оқыта отырып, бірнеше сұрақтар қою арқылы өлеңнің құрылысын талдау мен мазмұнын ашу мақсатында жұмыс жүргізіледі.
2 топқа сұрақтар беріледі. (Осы сұрақтар кезінде оқушылардан жауап алу).
Тақтамен жұмыс. Әр өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына талдату (буын, тармақ, бунақ саны, шумағы және ұйқас түрін табу).
Дәптермен жүмыс. Графопроектор арқылы үш сөйлемнің басы беріліп, соңын өз беттерінше аяқтау.
Мүқағали Мақатаев 1931 ...
Оның өлеңдерінің тақырыбы....
V. Сабақты бекіту.2 топ екі түрлі әдіс арқылы бекітіледі.
Мұқағалидың өлеңі, өлеңнің негізгі, өлең туралы, өлендерінің тақырыбы ,сенің пікірің...
VI. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Не себепті осы екі өлеңді бірге оқып отырмыз? (Бүгінгі сабаққа алған дәйек сөзбен үндесіп жатқандығы туралы айтылады). Сабақтьщ қорытындысы:
І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
2.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу
Мұқағалидың өмірі, шығармашылығы туралы мағлұматтарды меңгерту сәті
«Жүрекшелер» тобы Хан жарлығы әдісі арқылы өлеңдердің құрылысын талдап, ойлармен бөлісті