kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тау т?л?алы тарлан а?ын-М??а?али Ма?атаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:        «Тау т?л?алы тарлан а?ын-

                                            М??а?али Ма?атаев»

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а а?иы? а?ын М??а?али Ма?атаевты? ?мірі, шы?армашылы?ымен таныстыру, поэзия?а деген ?ызы?уды арттыру, ?ле?дерін м?нерлеп о?у?а да?дыландыру, ?ле?деріні? т?рбиелік м?нін т?сіндіру, ?аза? хал?ына, тілге, Отан?а с?йіспеншілік сезімдерін арттыру.

Дамытушылы?:А?ын шы?армаларын о?ыту ар?ылы с?йлеу м?дениетін дамыту,?з пікірі,эстетикалы? тал?амы бар сауатты о?ушы дайындау.

Т?рбиелік: О?ушыларды М??а?али поэзиясын с?юге ша?ыру,а?ын шы?армаларыны? мазм?ны ар?ылы елжандылы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: а?ын портреті, слайдтар, кітап к?рмесі, а?ын туралы жазыл?ан пікірлер, плакат?а жазыл?ан ?ле? жолдарынан ?зінді, техникалы? ??рал жабды?тар - мультимедиялы? поректор, аудио аппаратура.

Барысы:            І. ?н?ран

                            ІІ.М??алімні? кіріспе с?зі.

1.б?лім              «Поэзия тарланыны? сан тарау жолдары»-а?ынны?                                        ?мірі мен шы?армашылы?ы  туралы деректер.

2.б?лім                «А??уды? ?анатына жазыл?ан жыр»

                              (А?ын ?ле?дерін м?нерлеп о?у)

3. б?лім                А?ын ?ле?деріне жазыл?ан ?ндерді орындау.

4.б?лім                 «Мені? анкетам» (сахналы? к?рініс)

?орытынды б?лім:  «А??улар ?йы?та?анда» поэмасы.

1 – ж?ргізуші: ?айырлы кеш, ?адірлі ?стаздар мен ?ымбатты о?ушылар!

?уат алып Абайды? тіл к?шінен,

Жыр жазамын Абайды? ?лгісімен,

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып т??ілем бір кісіден,-деп жырлап ?ткен ?аза? поэзиясыны? т?лпары, ХХ ?асырды? а?ыны атан?ан М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан «Тау т?л?алы тарлан а?ын» атты ?деби сазды кешімізге ?ош келіпсіздер!

2 – ж?ргізуші: Армысыздар с?з ?нерін ??рметтеуші жыр с?йер ?ауым!

?арасаз, ?ара шал?ын ?ле?де ?стім,

Жыр жазсам о?ан ж?ртым еле?десті?.

?лсе ?лер, М??а?али Ма?атаев,

?лтіре алмас, алайда ?ле?ді ешкім,- деп а?ынны? ?зі айт?андай, оны? ?ле?і ?мірден ?зі кетсе де, ?шпей ?рпа?тан - ?рпа??а жал?асып келеді.

1 - ж?ргізуші: И?, М??а?али – ?ажайып, а?иы?, сыршыл, гуманист а?ын. Ол бізге к?рінбейтін си?ыр бояулардан, бізге естілмейтін ??пия дыбыстардан тоят алатын ж?мба? а?ын. А?ын ?ле?дерін о?ы?ан сайын а?и?ат бейнелі рух, сезім мен сананы? бірлігі к??ілге ?ялайды.

-О,М??а,сезесі? бе,сезесі? бе,

Елі?ді аралап ж?р елесі? де

?ндері? шыр?алады ?р ауылда

С?здері? ?р ?аза?ты? ?ресінде.

(Кезекті М??а?алиды? ?р та?ырыпта жаз?ан ?ле? жолдарына берейік.)

1-ж?ргізуші

Таби?ат жанымды алса?, алшы мені?,

Бір т?йір жерге т?скен тамшы? едім.

М??а?али жо?алса ?айтер дейсі?,

Артында ?алсын елім, ?алсын жерім-деп еліні?,жеріні? б?тіндігін, ?амын ойлап кеткен а?ын.   М??а?али Ма?атаевты ата? пен да?? ?лген со? ?зі іздеп тапты. Тіршілігінде осы ?шін жанын сала к?рескендерді? та?дыры керісінше шешіліп жатады. ?йткені биік тауларды? алыста?ан сайын зорая т?сетіні сия?ты, мы?тылы? та уа?ыт оз?ан сайын  т?л?алана бастайды. Хант??ірі на? осылай. Ал М??а?али а?ын таби?атына айнымай тартып ту?ан а?ын.

2-ж?ргізуші

Б?гін мені? ту?ан к?нім,

Ой п?лі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім ?зім-а?,

Т??ірімні? жарытпай-а? ?ой?аны-ай! –

деп м??дан?ан а?ынны? ?мірден ?ткеннен кейінгі ту?ан к?ндері халы? болып тойланатын болды. Б?гін де сіз бен біз боп ?лы а?ынымызды? ту?ан к?ніне жиналып отырмыз. Біра? арамызда а?ынны? ?зі емес, а?ынны? албырт жырлары мен  жансыз суреттері.

М??а?али ?мірінен к?рініс: «Мені? анкетам»

1-ж?ргізуші

М??а?али Ма?атаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, ?арасаз ауылында 1931 жылы 9 а?панда д?ниеге келген. М??а?алиді? азан ша?ырып ?ой?ан толы? аты – М?хамет?али. «Пай?амбарды? атын т?гел айту бала?а ауыр болады»,- деп еркелетіп, ?ыс?артып М??а?али атап кеткен. А?ын 10 жасынан бастап ?ле? жаза бастайды. (Слайд к?рсетіліп жатады)

2-ж?ргізуші:

А?ынны? аз ??мырында артына ?алдыр?ан жалынды жырлары, о?ырманын т?нті еткен «А??улар ?йы?та?анда», «Райымбек», «Моцарт» сия?ты дастандары бар. А?ынны? ?ле?деріне ?н жазылып, ?азіргі эстрадада  ?алы?та?ан ?н ж?ртыны? ж?регін жаулап ал?ан.

Ендеше ?нге кезек берейік.

М??алыш Олжас пен Жар?ынбек Т?рарды? орындауында: «Сарыжайлау» ?нін ?абыл алы?ыздар.

1-ж?ргізуші:

А?ынмын деп мен ?алай айта аламын

Хал?ымны? ?зі айт?анын ?айталадым.

К?пі киген ?аза?ты? ?ара ?ле?ін,

Шекпен жауып ?зіне ?айтарамын-деп жырла?андай, саф алтындай поэзиясын бір елді? м?расындай етіп ?алдыра білген а?ынны? ?ле?дері ?зі айт?андай талай болаша?тар?а к?шеді.

Ендеше, сол бір м??гілік к?шті? сырлы ?уеніне, жадымызда жа??ыр?ан жыр жолдарына ??ла? салайы?.

(Орта?а а?ын ?ле?дерін жат?а айту?а о?ушылар шы?ады)      

1-ж?ргізуші: Шарасында шатты?ты? м??ы басым,

Н?р-с?уле боп ж?ректе жыры ?алсын.

М??а?али-м?зартты? м?збала?ы,

Шашып ?ткен ?лемге ш??ыласын.

2-ж?ргізуші:

Арулар-асыл жарлар,са?ыныштар,

?тініштер,??ша?тар жалыныштар

Жек к?рсе,олар ж?регін м?з жасайды,

Жа?сы к?рсе бал?ытып,жанына ?стар.

Би: «Арулар,асыл жандар».

1-ж?ргізуші:

Шын зергерлік ?нермен ?лшенетін а?ынды? жолында ж?рекпен ??лаш ?р?ан М??а?али Ма?атаев та ?шпес м??гілік та?ырып махаббат?а ?алам тарт?ан.

Махаббат диалогы

Г?лсана мен Ерс?лтан

- ??с боп ?шып жо?алсам, не етер еді??

- Сені іздеумен м??гілік ?тер едім.

- От?а т?сіп ?ртенсем,не етер еді??

- К?л боп бірге со?ы?нан кетер едім.

- Б?лдырасам са?ымдай не етер еді??

- Жел боп ?уып,а?ыры жетер едім.

- ?ай?ы ?келсем басы?а не етер еді??

- ?ойшы, с?улем, б?рін де к?теремін.

2-ж?ргізуші:

М??а?али – ?ажайып, а?иы?, сыршыл, гуманист а?ын. Ол бізге к?рінбейтін си?ыр бояулардан, бізге естілмейтін ??пия дыбыстардан тоят алатын ж?мба? а?ын.

?ал?ам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен,

?аза?ты? ?ара ?ле?і – ??діретім,

Онда бір с?мды? сыр бар естілмеген.

1-ж?ргізуші.

Аламан б?йге оза шауып, ?ле?-жырда шашасына ша? жутпайтын ерен ж?йрік, талантты т?л?а М??а?али а?ынны? ?мір жолы ?р алуан

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер ?р т?л?алы

Біреулер т?лпар еді дер де м?мкін,

Б?тінделмей кеткен бір ер-т?рманы.

М??а?али ?ле?дерінен:

1-ж?ргізуші. М??а?али с?лулы?,?семдік,адалды? та?ырыбына молынан ?алам тарт?ан.Б??ан тек м??нан т?зілген монша?ты жырлары емес, «А??улар ?йы?та?анда»поэмасы да д?лел бола алады.

2-ж?ргізуші: 1722 жолдан т?ратын,а?пан айыны? бесінен онбесі аралы?ында10к?н ішінде жазыл?ан «А??улар ?йы?та?анда» поэмасынан к?рініс.

1-ж?ргізуші: М??а?али д?ниеден ?ткен со? ?атты к?йзелдім. Ж?регім ?лсіреп, екі ай емханада жаттым.Екі айдан со? ж?мыс?а шы?тым.Бешпентімні? ?алтасынан хат шы?ты,М??а?алиды? жазуы «А?а, мен ?ой.Ішім к?йіп барады.Не болатынын білмедім.Мына?ан к??іл б?ліп к?рі?ізші»,- депті.Б?л «Есі?е мені ал?айсы?»?ні еді.  Н.Тілендиев.

?н: «Есі?е мені ал?айсы?» с?зін жаз?ан М.Ма?атаев.

1-ж?ргізуші:

 ?мірімді несіне жек к?ремін,

Ауыр-же?іл болсада ?ткеремін

?мір ?ашып барады ??с?а мініп.

Мен артынан жетем бе деп келемін.

2-ж?ргізуші:

Та?дырыма несіне ?кпелейін,

Мойын б?рмай келдім к?пке дейін.

О,?мір ?статпа?ан уы? бар ма?

?кел,?кел,оны да жеп к?рейін!

Рас, ?мірді? уын ішіп ?тсе де артында улы емес,н?рлы,м??гі ?шпейтін із ?алды,Сол ізбен оны? ?мірі жар?ырай к?рінері аны?

Назар аударып ты?да?андары?ыз?а рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тау т?л?алы тарлан а?ын-М??а?али Ма?атаев»











Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:












Жұмабаева Гүлжан

Ауғанбайқызы













М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі






Қорытынды кеш


Тақырыбы: «Тау тұлғалы тарлан

ақын-Мұқағали Мақатаев»












Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:


Жұмабаева Гүлжан Ауғанбайқызы














2015-2016 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Тау тұлғалы тарлан ақын-

Мұқағали Мақатаев»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Дамытушылық:Ақын шығармаларын оқыту арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту,өз пікірі,эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау.

Тәрбиелік: Оқушыларды Мұқағали поэзиясын сүюге шақыру,ақын шығармаларының мазмұны арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, плакатқа жазылған өлең жолдарынан үзінді, техникалық құрал жабдықтар - мультимедиялық поректор, аудио аппаратура.


Барысы: І. Әнұран

ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі.


1.бөлім «Поэзия тарланының сан тарау жолдары»-ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.


2.бөлім «Аққудың қанатына жазылған жыр»

(Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу)


3. бөлім Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау.


4.бөлім «Менің анкетам» (сахналық көрініс)


Қорытынды бөлім: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.










1 – жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлап өткен қазақ поэзиясының тұлпары, ХХ ғасырдың ақыны атанған Мұқағали Мақатаевқа арналған «Тау тұлғалы тарлан ақын» атты әдеби сазды кешімізге қош келіпсіздер!

2 – жүргізуші: Армысыздар сөз өнерін құрметтеуші жыр сүйер қауым!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді.


1 - жүргізуші: Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

-О,Мұқа,сезесің бе,сезесің бе,

Еліңді аралап жүр елесің де

Әндерің шырқалады әр ауылда

Сөздерің әр қазақтың өресінде.

(Кезекті Мұқағалидың әр тақырыпта жазған өлең жолдарына берейік.)


АРЫЗ ЖАЗЫП КЕТЕЙІН

Бүгін менің туған күнім,

Ой, пәлі - ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім - ақ,

Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау шапан,

Мынау атың, мін» демей.

Мынау жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?

Халқым,

Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен бәрібір өзіңменен бір болам,

Өзегіңнен тепсең дағы ұлыңды.

ЖҮРЕК АРЫЗЫ

Оу, ием менің,

Өзіңнен бұрын жаралғам.

Алдымен — менмін,

Сонан соң — сенсің жаралған.

Басың мен миың, ақылың, есің, кимылың,

Аяқ пен колың —

Барлығы менен нәр алған.


Балғын шағында, өмірге жаңа аттанған,

Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам.

Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,

Кезің де болды, кайтейін, маған дақ салған.


Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің,

Бәріне көндім,

Қателігіңді түзеттім.

Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа,

Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.


Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,

Жан-ием, сенің жақсылығынды аңсадым,

Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден

Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!..


СЫР

Күрсініп кекірегім, жылайды ішім,

Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.

Қанды дағын жүректің қалдырайын,

Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.


Көрсін де жүрегімнін, аққан қанын,

Ақ қағазда жол-жол боп жатқан дағын,

Байқап бір қарасын да, іздегендер,

Жаудырсын мақтауларын, даттауларын.


Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем,

Шаттығым, мұңым да бар,

Несін бүгем.

Кей-кейде сүріндім де, түңілдім де,

Алайда, жоғалтпадым есімді мен.


О, Муза!

Тағдырыма иемісің?!

Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.

Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,

Сен мені жаралғансың сүйеу үшін.


МЕНІҢ МАҚСАТЫМ

Мен жырламаймын,

Сырласамын.

Сыры бар замандаспен мұндасамын.

Асыққан уақытпен,

Адымымды

Абайлап, анда-санда бір басамын.


Көгендеп жыр қосағын,

Келмейді жыр жасағым.

Бөгендеп бетонменен қоя алмаймын,

Өзінше емін-еркін туласа ағын.


Ғайыптан пайда болған сайтандайын.

Жыр туса, қайтармаймын.

Улатып май тандайын,

Ащы тіл ақиқатын айтар дөйім.


Жаныңнан жалындаған өрт кетпеген,

Жалықпай өзімді-өзім зерттеп келем.

О, жүрегім!

Орныңнан қобалжыма,

Жарамсақ жалғандыққа беттетпеген!


Тіптен де мен емес-ті,

«Мен» дегенім,

Сендірмеймін,

Сенбеңдер сенбегенің.

Басқаның жаны-сырын ұғу үшін,

Өзімді зерттегенді жөн көремін.



ҚИЬІН НЕ БАР?..


Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,

Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?

Мен келемін өз жанымды зерттеумен,

Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.


Арзан не бар ойнау менен күлуден,

Қымбат не бар, адам сырын білуден?

Мен әуремін, өз сырымды білумен,

Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,

Жылдарымды еске аламын бүлінген.



ӨКІНБЕЙМІН


Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,

Жыласам да жұбат деп сұрамаймын.

Қыранның құдіретін қимасандар,

Кайтейін, тағдырын бер құрадайдың.


Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,

Қашан атып алғанша құламаймын.

Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы,

Жанарымда жайнаған тұнады айдын.


Сайрандаймын сайларда, қырды асамын

Сынсыған ну орманмен сырласамын.

Қарауылға іліксем, ілігейін,

Кұзғынға ұқсап келмейді мың жасағым.




1-жүргізуші

Табиғат жанымды алсаң, алшы менің,

Бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

Артында қалсын елім, қалсын жерім-деп елінің,жерінің бүтіндігін, қамын ойлап кеткен ақын. Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады. Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

2-жүргізуші

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –

деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.

Мұқағали өмірінен көрініс: «Менің анкетам»

1-жүргізуші

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліп жатады)


2-жүргізуші:

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.

Ендеше әнге кезек берейік.


Мұғалыш Олжас пен Жарқынбек Тұрардың орындауында: «Сарыжайлау» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:

Ақынмын деп мен қалай айта аламын

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын-деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

Поэзия

Поэзия!менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.

Махаббаттан іздедім, сағыныштан,

Арманымнан іздедім алып ұшқан!

Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,

Сені іздедім жадырау, жабығыстан.

Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,

Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.

Қуаныштан, түршігу-күрсінуден,

Жүректердің іздедім дүрсілінен.

Сені іздедім сезімге у шараптан да,

Минуттерден іздедім, сағаттан да,

Сені іздедім.

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!


ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!


Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанға!



ӨМІРІМЕ

Қысқа өлең сияқтанып қысқа болар

Деп ойлап ем,

Ұзын болдың, өмірім.

Ұрдым-пердім ұлым болар

Деп ойлап ем,

Ұзатылар қызым болдын, өмірім.

Қара аспаннан жалт еткен бір

Жасыным ба деуші едім.

Қара көздің мөлт еткен бір

Жасымын ба деуші едім.

Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?

Неткен жанмын таусылмайтын талқаны мен кеусені?

Ей, Өмірім,

Түсінбеймін,

Түсінбеймін мен сені!!!


ХАЛЫҚҚА ХАТ

Туған халқым!

Қатемді кешір менің.

Сенің арқаң — сескенбей, есіргенім.

Егерде жырың болмай, ұрың болсам,

Алақанға саласын несін мені

Жоқ!

Менің жүрек емес төсімдегі

Ол бір от сенің ұлы көшіндегі

Өзіңнің жандырғаның, өшіргенің

Әзірге тастаған жоқ есім мені,

Уа, жұртым!

Кешір мені!

Кешір мені!


Зәредей қылығың жоқ мен сенбеген,

Жасудамын жаныммен көрсем деп ем.

Жасымнан жамандықты жеңсем деп ем,

Жасырмай бәрін айтып берсем деп ем.


ЖЫЛДАРЫМ МЕНІҢ, ЖЫЛДАРЫМ

Жылдарым менің, жылдарым,

Жазылмай қалған жырларым.

Айтылмай жүрген сырларым,

Ақтармай жүрген мұндарым,

Жылдарым, қайран, жылдарым


Жылысып өткен жылымды,

Жоғалтқан өмір дер едім.

Айта алмай қамап мұңымды,

Шерменде болып келемін.


Көргенім ылғи өгейлік,

Қуанам неге тоқсынып.

Жыл өткен сайын кедейлік,

Жыл келген сайын жоқшылық.


БӘРІНЕ ДЕ ТҮСІНЕМ

Бәріне де түсінем,

Бәрін білем,

Бірақ білмен өзімнің әлімді мен.


Пайдам да жоқ ешкімге, зияным да,

Ұялтуға қақым жоқ, ұялуға.

Жаяулатып жүріп-ақ, дәмем күшті,

Құрық салам құланға қиялымда.


Қалқасында жүріп-ақ қалтарыстың,

Күшім бар деп, күшіндей Алпамыстың,

Келсін шамам келмесін, шаруам жоқ,

Геркулеспен келеді арпалысқым.


Олай көрем өзімді, бұлай көрем,

Өзімді-өзім патша, құдай көрем.

Кесілмеген тұсауы нәрестедей,

Кездескеннің бәрінен құлай берем.


СОҚ, ЖҮРЕК!

Қалай-қалай соғасың, қан жүрегім?!

Соғасың, әлі өмірің бар білемін.

Дем ала ғой, байғұсым, дем ала ғой,

Бұл тірлікте құмарым қанды менің.


Мазалама кеудемді, ойнақ салып,

Хал жоқ менде көнетін қайраттанып.

Қаншама рет суындын қайнап барып,

Қаншама рет тірілдін жайрап барып?!

Мен сені әлсіретіп алдым білем,

Болмашы нәрселерге айдап салып...


Өртенбей қалып едің от-жалыннан.

Көздеп атқан кімдердің оқтарынан.

Қорқамын, қорқам сенің, қан-жүрегім,

Қалжырап ойпы-тойпы соққаныңнан.



1-жүргізуші: Шарасында шаттықтың мұңы басым,

Нұр-сәуле боп жүректе жыры қалсын.

Мұқағали-мұзарттың мұзбалағы,

Шашып өткен әлемге шұғыласын.

2-жүргізуші:

Арулар-асыл жарлар,сағыныштар,

Өтініштер,құшақтар жалыныштар

Жек көрсе,олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе балқытып,жанына ұстар.

Би: «Арулар,асыл жандар».

1-жүргізуші:

Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырып махаббатқа қалам тартқан.


Махаббат диалогы

Гүлсана мен Ерсұлтан

- Құс боп ұшып жоғалсам , не етер едің?

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

- Отқа түсіп өртенсем,не етер едің?

- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

- Жел боп қуып,ақыры жетер едім.

- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

- Қойшы , сәулем, бәрін де көтеремін.


2-жүргізуші:

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен,

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...

1-жүргізуші.

Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жутпайтын ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Мұқағали өлеңдерінен:


ЕСТІ КҮНДЕРІМ

Көңілде

Кептен бері мен

Өмірді көктем көріп ем.

Енді-енді түсініп келем,

Өткенде өткелдерінен.


Кей-кейде жығылып барып,

Кей-кейде жығылып та алып,

Өмірдің сырын ұқпадық,

Ол бізден бұғынып қалып.


Тыңнан жол таппақ та болдық,

Тыңнан нәр татпақ та болдық...

Ақыры батпаққа қондық,

Сонан сон ақ мақта болдық.


ПЕНДЕЛІК

Арылайын десем де пенделіктен,

Арылатын болмадым - ол неліктен?

Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,

Ұрынып та жүрмін ғой, бұғынып та.

Жаныма өгей жасанды қылығымен

Жағынып та көрдім ғой, жұғынып та...


Жауыма да жатсың деп айта алмадым,

Бала қаздай алдында байпандадым.

Талай-талай сөзімнің әкесі өліп,

Талай сөздің кезегін қайтармадым.


Жақсылық та етпедім адамға көп,

Жамандығын айтпадым жаманға кеп.

Пенделіктің іргесін қалай бердім,

Капелімде құлатып алам ба деп.


ӨЗІМНІҢ ЕСЕБІМШЕ...

Өзімнін есебімде

Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.

Кім біледі...

Ендігі қалған өмір

Неше жылға жетерін,

Неше күнге?

Ұмыт болып есебің, есегің де,

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде

Қырықтың бесеуінде.


Адал едім,

Артынан «арам» болдым,

Адам едім,

Ақыры «надан» болдым.

Жиылып бұл жалғанның жамандығы

Ақыры маған қонды.

Жаман болды...

1-жүргізуші. Мұқағали сұлулық,әсемдік,адалдық тақырыбына молынан қалам тартқан.Бұған тек мұңнан түзілген моншақты жырлары емес, «Аққулар ұйықтағанда»поэмасы да дәлел бола алады.

2-жүргізуші: 1722 жолдан тұратын,ақпан айының бесінен онбесі аралығында10күн ішінде жазылған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс.

1-жүргізуші: Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым.Екі айдан соң жұмысқа шықтым.Бешпентімнің қалтасынан хат шықты,Мұқағалидың жазуы «Аға, мен ғой.Ішім күйіп барады.Не болатынын білмедім.Мынаған көңіл бөліп көріңізші»,- депті.Бұл «Есіңе мені алғайсың»әні еді. Н.Тілендиев.

Ән: «Есіңе мені алғайсың» сөзін жазған М.Мақатаев.

1-жүргізуші:

Өмірімді несіне жек көремін,

Ауыр-жеңіл болсада өткеремін

Өмір қашып барады құсқа мініп.

Мен артынан жетем бе деп келемін.

2-жүргізуші:

Тағдырыма несіне өкпелейін,

Мойын бұрмай келдім көпке дейін.

О,өмір ұстатпаған уың бар ма?

Әкел,әкел,оны да жеп көрейін!!!

Рас, өмірдің уын ішіп өтсе де артында улы емес,нұрлы,мәңгі өшпейтін із қалды,Сол ізбен оның өмірі жарқырай көрінері анық

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!
































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тау т?л?алы тарлан а?ын-М??а?али Ма?атаев

Автор: Ж?мабаева Г?лжан Ау?анбай?ызы

Дата: 26.12.2015

Номер свидетельства: 270367


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства