kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??а?али М??атаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: М??а?али Ма?атаев (1931-1976) «?ара ?ле?», «Елім барда» «Анау- аспан, мынау-ба?» «?айырлы т?н» Саба?ты? ма?саты: Білімділік: о?ушыларды? м?нерлеп о?у, жаттау, ?ле? таби?атын т?сіну да?дысын ?алыптастыру, а?ын шы?армаларыны? идеялы? мазм?ны негізінде ?ле? ??рау?а, талдай білу жолдарына ?йрету. Т?рбиелік: о?ушыларды с?з ?нерін ба?алай білуге т?рбиелеу, ?абілет-икемділік ?асиеттерге баулу Дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау, с?йлеу, ?з ой-пікірін еркін жеткізе білуін дамыту, эстетикалы? тал?амы жо?ары ?ле? шы?ару?а, к?ркем с?йлеуге ?йрету Саба?ты? т?рі: тіл ?старту элементтері аралас саба?, сайыс саба? ?діс т?слдері: жеке ж?не топты? ж?мыс, СТО стратегиялары-ой-?оз?ау, болжау, ма?ынаны ажырату. К?рнекілігі: ?анатты с?здер, интерактивті та?та, электронды о?улы?. П?наралы? байланыс: музыка, ?аза? тілі, бейнелеу ?нері. Саба?ты? барысы: І ?йымдастыру. а)О?ушыларды 4 топ?а т?рлі т?сті жеміс-жидектер ар?ылы б?лу. (М. Ма?атаевты? ?ле?дері ту?ан жер атауларына байланысты: «М??а?али ауылы», «?арасаз ауылы», «Поэзия ауылы», «Райымбек ауданы» топтары). ?р топтан топ басшысын сайлап ба?алау бетшесі ар?ылы топ м?шелерін ба?алау. Ба?алау бетшесі № Аты ?й ж?мысына ?ойыл?ан ба?а Саба??а атсалып ?атысуы С?ра?тар?а жауап беруі ?орытынды 1 2 3 4 5 6 ?) Психологиялы? дайынды?. Топ м?шелері орындарынан т?рып, бір-біріне жылжып іштен тілек айтады. Барлы?ы хормен: Бір,екі,?ш Сынып іші тып-тыныш Жал?аулы?ты тастаймыз Саба?ты біз бастаймыз. ІІ «?ызы?ушылы?ын ояту».?нтаспа ар?ылыМ.Ма?атаевты? ?ле?ін ты?дау (?з даусы). О?ушылар?а ой-?оз?ау с?ра?тарын ?ою. 1. К?з алдары?ыз?а ?андай к?рініс елестеді? 2. Кімге ?андай ой келді? 3. ?ле?, а?ын деген т?сінікті ?алай т?сіндірер еді?? ІІІ ?й тапсырмасы: С?ра?-жауап 1) М.Ма?атаев кім? 2) М??а?али ?ле?деріні? та?ырыптары (ана, таби?ат, махаббат, ту?ан жер, Отан, со?ыс, бірлік, тынышты?). «Автор орынды?ы» 1)- Балалар,енді тынышты?, бейбітшілік та?ырыбында жазыл?ан ?ай ?ле?ін білесіздер? (?айырлы т?н) Ендеше автор орынды?ына шы?ып, осы ?ле?ді жат?а айтып береміз! (бір о?ушы шы?ып м?нерлеп, жат?а «?айырлы т?н» ?ле?ін о?иды). 2) Поэзия, а?ынды? туралы айтыл?ан ?ай ?ле?і бар? -«?ара ?ле?» ?ле?і. (Автор орынды?ы). 3)-?ыс?ы к?рініс,таби?ат лирикасына арнал?ан ?ай ?ле?і бар? (Автор орынды?ы). -«Анау-аспан,мынау-ба?» (Автор орынды?ы). 4) Тіл ?нері жайында жазыл?ан ?ле?і -«Елім барда» (Автор орынды?ына шы?ып бір о?ушы орындайды). IV. Жа?а саба?: Д?йекс?з (слайд?а). «?аза?ты? тілін білген адам М??а?али поэзиясын с?ймеуі м?мкін емес. М??а?али поэзиясын с?йген адам еліне, жеріне ие, таби?ат?а жанашыр бола алады». (К. Ахметова). -?ара с?з, ?ара шал?ын ?ле?де ?стім, Жыр жазсам о?ан ж?ртым еле?десті?. ?лсе ?лер м??а?али ма?атаев ?лтіре алмас алайда ?ле?ді ешкім. Деп а?ынны? ?зі жырла?андай М??а?али ?лгенімен жез ?ылыштай жырлары ?лген жо?. М??а?али Ма?атаев 1936 жылы 9 а?панда Алматы обылысы, Райымбек ауданы,?арасаз ауылында ту?ан. М??а?али Ма?атаев ?аза?ты? а?иы? а?ыны,?ара ?ле?ні? ??лагері атан?ан.М??а?али поэзиясы т?рлі та?ырыптар?а б?лінеді: Ана туралы,таби?ат лирикасы,махаббат лирикасы, ту?ан жер,отан, со?ыс та?ырыбы. А?ынмын деп мен ?алай айта аламын, Хал?ымны? ?зі айт?анын ?айталадым. К?пі киген ?аза?ты? ?ара ?ле?ін, Шекпен жауып ?зіне ?айтарамын,- деп а?ынны? ?зі айт?андай, М??а?али мен халы?ты? арасында рухани- таби?и байланыс мы?ты. Атырау?а барса? да,Ар?а мен Алтай?а барса? да алды?нан М??а?али шы?ады.Біресе с?бише шаттанып,біресе ?ай?ысын ?ара жер де ауырсын?андай кейіпте, енді бірде а?ылы мен сезімін к?зінен ?ара ??тыр?ан с?л м??дылау т?рінде ?арсы алды?да батыр т?л?асымен ?ас?ая ?арап т?р?андай.М?найшы да М??а?али ?нін салады, балы?шы да,малшы да М??а?али жырларымен айта алмай ж?рген ойларын ж?рт?а естіртеді. « ?у» деп ?н салатындарды? айта алмай ж?рген ойларын ж?рт?а естіртеді. «?у» деп ?н салатындарды? б?рі М??а?алиды? с?зіне ?уен шы?арады.Тарбы?атай мен Атырауда,Баянауыл мен ?азы??ртта ж?рсе де, ?аза? атаулы желісіне ?йірілген ??лындай М??а?али жырымен табысып, ш?р?ырасып жат?аны.На?ыз ?нер ??діреті деген осы.М?ндай а?ыны бол?ан халы?-ба?ытты халы?. ?ара ?ле? ?ал?ам, мен Лермонтов,Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. ?аза?ты? ?ара ?ле?і- ??діретім, Онда бір с?мды? сыр бар естілмеген. Жат жерді жастан?анда жазатайым, ?анымен жазды, м?мкін, а?атайым, ?асиеті?нен ?ара ?ле? айналайын, ?аза?ты? д?л ?зіндей ?арапайым. Т?зу-т?зу жыртыл?ан а?ыздайын, А?ызыма неге н?р тамызбайын. ?ара ?ле?і ?аза?ты? ?аза болса, ?ара к?зден неге ?ан а?ызбайын. А?ынмын деп мен ?алай айта аламын, Хал?ымны? ?зі айт?анын ?айталадым. К?пі киген ?аза?ты? ?ара ?ле?ін, шекпен жауып ?зіне ?айтарамын. Елім барда Не сыйлайды, не береді келер к?н ?! Не де болса тірі т?рсам к?рермін. Желідегі ??лынымын мен елді?, К?гендегі ?озысымын мен елді?. Не сыйласын, несін берсін ел ма?ан?! Т?рса? екен елім де аман, мен де аман. Таулар – мені? таусылмайтын ба?ытым, Ал ырысым- ?лан?айыр ке? далам. Не істемекпін алтын,гау?ар, жа??тты? Оларды іздеп ?ткізбеймін уа?ытты. Мен ба?ытсыз бола ?ойман сір? да, Ту?ан елім болса екен ба?ытты! ?айырлы т?н ?айырлы т?н! Жер- Анам, К?к аспанды жамыл да, Та??а дейін дін аман, Т?тті ?й?ыда дамылда. Орманы? да шуламасын, Сулары? да туламасын. А? басты ала таулары? да, К??іренбесін, жыламасын. Шамы?ды ?шір, Т?сіре ?ой перде?ді, ?айырлы т?н, алып жер! Д?бірлетіп сені? ?лы кеуде?ді, Таптамасын танктер. ?айырлы т?н, К?к аспан, алып жерді т?сен де, Та??а дейін т?тті ?й?ыда толаста, ?шырама кеселге. ?айырлы т?н, А? аспан, алып жерді т?сен де, боз к?рпе?ді ай?ара жап иы??а. Сені? н?ры? тынышты?пен жарас?ан. ?айырлы т?н,?йы?та! Шашу болып ж?лдыздарды? шашылды, Айы? келіп а? мойны?а асылды. Ш?йіге орапп ?лдилесен ??с жолы тынышты? деп аталатын жас ?лды. Анау- аспан, мынау-ба? Анау – аспан, мынау – ба?, Аспанда б?лт, ба? жадау.Мамы? ?шты ?ылаулап, ?ыс та келіп ?ал?ан – ау. Аспан, жерді? арасын, Д?рігер ?ыс алуда, Таби?атты? жарасын А? д?кемен та?уда. То?дырып ап ма?айын Та?ы к?йлек с?рап ж?р. Ба?ыты кезіп, тал-?айы? Жала? ая? жылап ж?р. ?у б?та?ын ??ша?тап, Т?ксиеді к?рі емен. ?ыс- тазалы?,?ыс- аппа?, ?рі ?кініш, ?рі ?ле?. Анау- аспан,мынау- ба? 1.Авторы – М.Ма?атаев 1931-1976 жылдары ?мір с?рген,Алматы облысы Райымбек ауданынан шы??ан ?аза?ты? біртуар а?ыны.?аза? радиосында, «Лениншіл жас» газетінде е?бек еткен. 2. Та?ырыбы- ?ыс к?рінісі,я?ни, ?о?амды? шынды? к?рінісі. 3.Жанр т?рі-?ле?- белгілі бір ?лшеммен ?иыннан ?иыстырып,?йлесімді ыр?а?пен ?й?асып келетін ?рнекті с?з ж?йесі. 4. Идеясы – ?ыс мезгіліні? еркелігін д?ріптеу,я?ни а?ынны? ?з ойы,?уанышы, ба?ытты с?ті. 5.Шума? – 4 шума?тан т?рады.шума? –ая?тал?ан синтаксистік бірт?тас ой. 6. Тарма? – 16 тарма?ты. 7. Буна? – 3 буна?ты. 8. Буын саны. 7 буынды. 9.?й?ас. Шалыс ?й?асты. (а-б-а-б) 10.?деби теориялы? ??ымдар: Эпитет- а? д?ке,?у б?та?, к?рі емен. Метафора- ?ыс тазалы?, ?ыс – аппа?. Кейіптеулер: Д?рігер ?ыс алуда Ба?ты кезіп тал-?айы? Жала? ая? жылап ж?р т?кседі к?рі емен. 11. Т?сіндірме с?здік.Ба? жадау – ж?та?, жай?ал?ан жасыл жо?. 12. Т?рбиелік м?ні.?ле? ?ыс мезгіліні? ?атал сынынан с?рінбей ?туге,?ысты адам бейнесінде суреттеп, ?ызы?ын да к?руге ша?ырады,?ыс к?рінісінен л?ззат алу?а,?р мезгілді? рахатын к?ре білуге т?рбиелейді. ?ара ?ле? 1. Авторы – М.Ма?атаев(1931-1976). ?аза?ты? а?иы? а?ыны Алматы облысы Райымбек ауданыны? ?арасаз аулында д?ниеге келген. “Б?сіре”“Со?ады ж?рек”, “?ош бол, махаббат” т.б жина?тарыны? авторы. 2. Та?ырыбы: Тіл ?нері, ?ле? – жыр ??діреті. Та?ырып – авторды? айтайын деген ойыны? негізгі ар?ауы. 3. Жанр т?рі – поэзия-(?ле?). ?ле? дегеніміз- белгілі бір ?лшемнен ?иыннан ?иыстырып, ?йлесімді ыр?а?пен келетін ?рнекті? с?з ж?йесі. 4. Идеясы – халы? ?мірін ?астерлеу, с?з ?нерін ба?алау, ел алдында кішіпейіл, ізетті болу, борышын адал ат?ару. Идея – та?ырып ар?ылы авторды? айтайын деген ойы мен ма?саты, арманы. 5. Шума? саны – 4 шума?. 6. Тарма? саны – 16 тарма?ты. 7. Буна? саны – 3 буна?ты. 8. ?й?ас т?рі – ?ара ?ле? ?й?асы(а-а-б-а) 9. ?деби теориялы? ??ымдар: Эпитет – с?мды? сыр, жат жер, ?ара с?з; Метафора – ??діретім, д?л ?зіндей, к?пі киген ?аза?ты? ?ара ?ле?ін, шекпен жауып ?зіне ?айтарамын. Ауыспалы ма?ынада?ы с?здер. ?аза?ты? ?ара ?ле?і ?аза болса, К?зден неге ?ара ?ан а?ызбаймын. 10. Негізгі т?йін, т?рбиелік м?ні. ?ара ?ле?ді ?астерлеуге т?рбиелейді. С?з ?нерін жетік ме?геруге, ?лтты? ??ндылымызды д?ріптеуге ?йретіп, паториотты? сезімді оятады. Елім барда 1.Авторы – М. Ма?атаев – ?аза? хал?ыны? с?йікті а?ындарыны? бірі, к?ллі ?аза? даласы М.Ма?атаевты? ?ле?дерімен сусындап ж?р. “Б?сіре”, “?мір – дастан” т.б жыр дастандары ?дебиетімізді? асыл м?ралары. 2. Та?ырыбы – еліне, жеріне деген ысты? ы?ыласы. Та?ырып дегеніміз – белгілі бір д?уірдегі ?о?амды? шынды?ты? с?улесі. 3. Жанр т?рі – ?ле?, себебі, ?ле? дегеніміз – белгілі бір ?лшеммен ?иыннан ?иыстырып, ?йлесімді ыр?а?пен ?й?асып келетін ?рнекті с?з ж?йесі. 4. Идеясы – та?ырып ар?ылы ?мір шынды?ын суреттеген, ?з к?з?арасы, д?ниетанымы т?р?ысынан бейнелейді де, ?з ма?сат-муддесін білдіреді. Я?ни б?л ?ле?ні? идеясы – еліні? болаша?ына е?бек етіп, ту?ан даласыны? аманды?ын тілеп, хал?ы ?шін ?мір с?ретіндігін білдіреді. 6. Шума? – 3 шума?тан т?рады. Шума? – ая?тал?ан синтакситік бірт?тас ой. 6.Тарма? – 12 тарма?ты. 7. Буна? – 3-4 буна?ты. 8. Буын саны. 11-12 буынды. 9. ?й?ас. ?ара ?ле? ?й?асы.(-а-а-б-а) 10. ?деби теориялы? ??ымдар: Метаномия – желідегі ??лынымын, к?гендегі ?озысымын. С?раулы с?йлемдер: Не сыйдайды, не береді келер к?н? Не сыйлайын, иесін берсін ел ма?ан? Не істемекпін алтын, гау?ар, жа??тты? 11.Т?рбиелік м?ні. Отаны?ды, елі?ді с?юге баулиды, перзенттік борышты ?теуге ша?ырады. ?ле?дерге байланысты 4 топ?а тапсырма. 1 топ «М??а?али ауылы.» тобынатапсырма. « Анау –аспан, мынау ба? »?ле?ін А.??нанбаевты? «?ыс» ?ле?імен салыстыра ВЕНН диограммасын жасау, М. Ма?атаевты? ?ле?і А.??нанбаевты? ?ле?і 2 топ «?арасаз ауылы» тобына Семантикалы? картаны дурыс толтыры?ыз.Д?рыс деп есептеген жауабы?ыз?а (+) белгісін салы?ыз ?ле?дер М.Ж?мабаев С. Торай?ыров А.Байт?рсынов ?.С?рсенбаев М.Ма?атаев Ш.??дайберді?лы С.Сейфуллин І.Жанс?гіров «Мен кім?» «Жолама кулар ма?ай?а» «?ара б?лт» «Елім барда» «Мен - ?аза?» «??ла?тан кіріп бойды алар» «Далада» «Анам тілі» «Ту?ан жер» 3 топ « Райымбек ауданы» ауылы «Ия», «Жо?» с?здерімен тест с?ра?тарына жауап бері?із. 1. 1936 жылы М??а?ли туылды ма? __ __ 2. Ту?ан ауылы Са?ыз деп аталды ма? __ __ 3. Отан та?ырыбында ?ле?дер жаз?ан ба? __ __ 4. М??а?алиды «жыр ж?йрігі» деп атаса? бола ма? __ __ 5. «?ара ?ле?»?ле?і Б.Мырзатаевтікі ме? __ ___ 6. М??а?али лирик пе?___ ___ 7. «Желідегі ??лын» «К?гендегі ?озы» Абай ма? ___ ____ 8. М??а?али таби?ат жарасын а? д?кемен та?ды ма? ___ ____ 9. «ш?йіге орап ?лдилесін ??с жолы Тынышты? деп аталатын жас ?лды»- деп жырла?ан С. Сейфуллин бе? __ __ 10. «А? киімді, денелі, а? са?алды» бейнесін Абай жасады ма?__ ____ 11. «Кыс– тазалы?, ?ыс- аппа? » М??а?али ?ле?інен кездесе ме? ___ ____ 4 топ «Поэзия ауылы» тобы М. Ма?атаевты? «?АЙЫРЛЫ ТУН» ?ле?іне байланысты бейбітшілік, Отан та?ырыбында Постер жасау. ?орытынды: - О?ушылар, М??а?али Ма?атевты? «Елім барда», «?ара ?ле?», «Анау- аспан, мынау- ба?» «?айырлы т?н» ?ле?дерін ?айталап сатылай кешенді талдау жасады?, ?деби теориялы? ??ымдарын т?сіндік. Осы ?ле?дердегі а?ын идеясын ой?а т?йдік. - Ендеше 4 топ?а бірдей 5 жол ?ле? тапсырмасын беремін. СИНКУЭН - 5 жол ?ле?. 1) Зат есім 1 с?з Кім? 2) Сын есім 2 с?з ?андай? 3) Етістік 3 с?з Не істейді? 4) С?йлем 4 с?з 5) Синоним М??а?али ?ле?дерінен не ?йрендік,не т?сіндік? ?айырлы т?н ?ара ?ле? Елім барда Анау- аспан, мынау-ба? Мазм?ны Та?ырыбы Шума?ы Буын саны ?й?асы О?ушыларды ба?алау ?йге тапсырма: М. Ма?атаевты? шы?армашылы?ы туралы ой-тол?ау жазып келу. Ба?алау бетшесі № Аты ?й ж?мысына ?ойыл?ан ба?а Саба??а атсалып ?атысуы С?ра?тар?а жауап беруі ?орытынды 1 2 3 4 5 6
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??а?али М??атаев »

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

«Қара өлең», «Елім барда»

«Анау- аспан, мынау-бақ»

«Қайырлы түн»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау, өлең табиғатын түсіну дағдысын қалыптастыру, ақын шығармаларының идеялық мазмұны негізінде өлең құрауға, талдай білу жолдарына үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды сөз өнерін бағалай білуге тәрбиелеу, қабілет-икемділік қасиеттерге баулу

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу, өз ой-пікірін еркін жеткізе білуін дамыту, эстетикалық талғамы жоғары өлең шығаруға, көркем сөйлеуге үйрету

Сабақтың түрі: тіл ұстарту элементтері аралас сабақ, сайыс сабақ

Әдіс тәслдері: жеке және топтық жұмыс, СТО стратегиялары-ой-қозғау, болжау, мағынаны ажырату.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру. а)Оқушыларды 4 топқа түрлі түсті жеміс-жидектер арқылы бөлу.

(М. Мақатаевтың өлеңдері туған жер атауларына байланысты: «Мұқағали ауылы», «Қарасаз ауылы», «Поэзия ауылы», «Райымбек ауданы» топтары).

Әр топтан топ басшысын сайлап бағалау бетшесі арқылы топ мүшелерін бағалау.

Бағалау бетшесі

Аты

Үй жұмысына қойылған баға

Сабаққа атсалып қатысуы

Сұрақтарға жауап беруі

Қорытынды

1






2






3






4






5






6








ә) Психологиялық дайындық. Топ мүшелері орындарынан тұрып, бір-біріне жылжып іштен тілек айтады. Барлығы хормен:

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ «Қызығушылығын ояту». Үнтаспа арқылы М.Мақатаевтың өлеңін тыңдау (өз даусы).

Оқушыларға ой-қозғау сұрақтарын қою.

  1. Көз алдарыңызға қандай көрініс елестеді?

  2. Кімге қандай ой келді?

  3. Өлең, ақын деген түсінікті қалай түсіндірер едің?

ІІІ Үй тапсырмасы: Сұрақ-жауап

  1. М.Мақатаев кім?

  2. Мұқағали өлеңдерінің тақырыптары (ана, табиғат, махаббат, туған жер, Отан, соғыс, бірлік, тыныштық).

«Автор орындығы»

1)- Балалар,енді тыныштық, бейбітшілік тақырыбында жазылған қай өлеңін білесіздер? (Қайырлы түн)

Ендеше автор орындығына шығып, осы өлеңді жатқа айтып береміз! (бір оқушы шығып мәнерлеп, жатқа «Қайырлы түн» өлеңін оқиды).

2) Поэзия, ақындық туралы айтылған қай өлеңі бар?

-«Қара өлең» өлеңі. (Автор орындығы).

3)-Қысқы көрініс,табиғат лирикасына арналған қай өлеңі бар? (Автор орындығы).

-«Анау-аспан,мынау-бақ» (Автор орындығы).

4) Тіл өнері жайында жазылған өлеңі

-«Елім барда» (Автор орындығына шығып бір оқушы орындайды).





IV. Жаңа сабақ:

Дәйексөз (слайдқа).

«Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес. Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады». (К. Ахметова).

-Қара сөз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер мұқағали мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім. Деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлген жоқ.

Мұқағали Мақатаев 1936 жылы 9 ақпанда Алматы обылысы, Райымбек ауданы,Қарасаз ауылында туған. Мұқағали Мақатаев қазақтың ақиық ақыны,қара өлеңнің құлагері атанған.Мұқағали поэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: Ана туралы,табиғат лирикасы,махаббат лирикасы, туған жер,отан, соғыс тақырыбы.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын,- деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани- табиғи байланыс мықты.

Атырауға барсаң да,Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағали шығады.Біресе сәбише шаттанып,біресе қайғысын қара жер де ауырсынғандай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен қара ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдыңда батыр тұлғасымен қасқая қарап тұрғандай.Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да,малшы да Мұқағали жырларымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді. « Әу» деп ән салатындардың айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді. «Әу» деп ән салатындардың бәрі Мұқағалидың сөзіне әуен шығарады.Тарбығатай мен Атырауда,Баянауыл мен Қазығұртта жүрсе де, қазақ атаулы желісіне үйірілген құлындай Мұқағали жырымен табысып, шұрқырасып жатқаны.Нағыз өнер құдіреті деген осы.Мұндай ақыны болған халық-бақытты халық.

Қара өлең



Қалқам, мен Лермонтов,Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі- құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.



Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым, Қасиетіңнен қара өлең айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.



Түзу-түзу жыртылған аңыздайын, Аңызыма неге нәр тамызбайын. Қара өлеңі қазақтың қаза болса, Қара көзден неге қан ағызбайын.



Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын.













Елім барда

Не сыйлайды, не береді келер күн ?! Не де болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман. Таулар – менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым- ұланғайыр кең далам.



Не істемекпін алтын,гауһар, жақұтты? Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!



















Қайырлы түн

Қайырлы түн! Жер- Анам, Көк аспанды жамыл да, Таңға дейін дін аман, Тәтті ұйқыда дамылда.

Орманың да шуламасын, Суларың да туламасын. Ақ басты ала тауларың да, Күңіренбесін, жыламасын.

Шамыңды өшір, Түсіре ғой пердеңді, Қайырлы түн, алып жер! Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді, Таптамасын танктер.

Қайырлы түн, Көк аспан, алып жерді төсен де, Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста, ұшырама кеселге.

Қайырлы түн, Ақ аспан, алып жерді төсен де, боз көрпеңді айқара жап иыққа. Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.

Қайырлы түн,ұйықта! Шашу болып жұлдыздардың шашылды, Айың келіп ақ мойныңа асылды. Шәйіге орапп әлдилесен құс жолы тыныштық деп аталатын жас ұлды...







Анау- аспан, мынау-бақ

Анау – аспан, мынау – бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты қылаулап, Қыс та келіп қалған – ау.

Аспан, жердің арасын, Дәрігер қыс алуда, Табиғаттың жарасын Ақ дәкемен таңуда.

Тоңдырып ап маңайын Тағы көйлек сұрап жүр. Бақыты кезіп, тал-қайың Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді кәрі емен. Қыс- тазалық,қыс- аппақ, әрі өкініш, әрі өлең.

















Анау- аспан,мынау- бақ

1. Авторы – М.Мақатаев 1931-1976 жылдары өмір сүрген,Алматы облысы Райымбек ауданынан шыққан қазақтың біртуар ақыны.Қазақ радиосында, «Лениншіл жас» газетінде еңбек еткен.

2. Тақырыбы- қыс көрінісі,яғни, қоғамдық шындық көрінісі.

3.Жанр түрі-өлең- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4. Идеясы – қыс мезгілінің еркелігін дәріптеу,яғни ақынның өз ойы,қуанышы, бақытты сәті.

5.Шумақ – 4 шумақтан тұрады.шумақ –аяқталған синтаксистік біртұтас ой.

6. Тармақ – 16 тармақты.

7 . Бунақ – 3 бунақты.

8. Буын саны . 7 буынды.

9.Ұйқас. Шалыс ұйқасты. (а-б-а-б)

10. Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитет- ақ дәке,қу бұтақ, кәрі емен. Метафора- қыс тазалық, қыс – аппақ.

Кейіптеулер:

Дәрігер қыс алуда Бақты кезіп тал-қайың Жалаң аяқ жылап жүр түкседі кәрі емен.

11. Түсіндірме сөздік. Бақ жадау – жұтаң, жайқалған жасыл жоқ.

12. Тәрбиелік мәні. Өлең қыс мезгілінің қатал сынынан сүрінбей өтуге,қысты адам бейнесінде суреттеп, қызығын да көруге шақырады,қыс көрінісінен ләззат алуға,әр мезгілдің рахатын көре білуге тәрбиелейді.

Қара өлең

  1. Авторы – М.Мақатаев(1931-1976). Қазақтың ақиық ақыны Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз аулында дүниеге келген. “Бәсіре” “Соғады жүрек”, “Қош бол, махаббат” т.б жинақтарының авторы.

  2. Тақырыбы: Тіл өнері, өлең – жыр құдіреті. Тақырып – автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы.

  3. Жанр түрі – поэзия-(өлең). Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшемнен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнектің сөз жүйесі.

  4. Идеясы – халық өмірін қастерлеу, сөз өнерін бағалау, ел алдында кішіпейіл, ізетті болу, борышын адал атқару. Идея – тақырып арқылы автордың айтайын деген ойы мен мақсаты, арманы.

  5. Шумақ саны – 4 шумақ.

  6. Тармақ саны – 16 тармақты.

  7. Бунақ саны – 3 бунақты.

  8. Ұйқас түрі – Қара өлең ұйқасы(а-а-б-а)

  9. Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитет – сұмдық сыр, жат жер, қара сөз;

Метафора – Құдіретім, дәл өзіндей, күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын.

Ауыспалы мағынадағы сөздер.

Қазақтың қара өлеңі қаза болса,

Көзден неге қара қан ағызбаймын.

  1. Негізгі түйін, тәрбиелік мәні. Қара өлеңді қастерлеуге тәрбиелейді. Сөз өнерін жетік меңгеруге, ұлттық құндылымызды дәріптеуге үйретіп, паториоттық сезімді оятады.



Елім барда

1.Авторы – М. Мақатаев – қазақ халқының сүйікті ақындарының бірі, күллі қазақ даласы М.Мақатаевтың өлеңдерімен сусындап жүр. “Бәсіре”, “Өмір – дастан” т.б жыр дастандары әдебиетіміздің асыл мұралары.

2. Тақырыбы – еліне, жеріне деген ыстық ықыласы. Тақырып дегеніміз – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.

3. Жанр түрі – өлең, себебі, өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4. Идеясы – тақырып арқылы өмір шындығын суреттеген , өз көзқарасы, дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді де, өз мақсат-муддесін білдіреді. Яғни бұл өлеңнің идеясы – елінің болашағына еңбек етіп, туған даласының амандығын тілеп, халқы үшін өмір сүретіндігін білдіреді.

6. Шумақ – 3 шумақтан тұрады. Шумақ – аяқталған синтакситік біртұтас ой.

6.Тармақ – 12 тармақты.

7. Бунақ – 3-4 бунақты.

8. Буын саны. 11-12 буынды.

9. Ұйқас. Қара өлең ұйқасы.(-а-а-б-а)

10. Әдеби теориялық ұғымдар:

Метаномия – желідегі құлынымын, көгендегі қозысымын.

Сұраулы сөйлемдер:

Не сыйдайды, не береді келер күн?

Не сыйлайын, иесін берсін ел маған?

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты?

11.Тәрбиелік мәні. Отаныңды, еліңді сүюге баулиды, перзенттік борышты өтеуге шақырады.



Өлеңдерге байланысты 4 топқа тапсырма.

1 топ «Мұқағали ауылы.» тобына тапсырма.

« Анау –аспан, мынау бақ »өлеңін А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен салыстыра ВЕНН диограммасын жасау,

М. Мақатаевтың өлеңі А.Құнанбаевтың өлеңі





















2 топ «Қарасаз ауылы» тобына

Семантикалық картаны дурыс толтырыңыз.Дұрыс деп есептеген жауабыңызға (+) белгісін салыңыз

Өлеңдер

М.Жұмабаев

С. Торайғыров

А.Байтұрсынов

Ә.Сәрсенбаев

М.Мақатаев

Ш.Құдайбердіұлы

С.Сейфуллин

І.Жансүгіров

«Мен кім?»









«Жолама кулар маңайға»









«Қара бұлт»









«Елім барда»









«Мен - қазақ»









«Құлақтан кіріп бойды алар»









«Далада»









«Анам тілі»









«Туған жер»











3 топ « Райымбек ауданы» ауылы

«Ия», «Жоқ» сөздерімен тест сұрақтарына жауап беріңіз.

  1. 1936 жылы Мұқағли туылды ма? __ __

  2. Туған ауылы Сағыз деп аталды ма? __ __

  3. Отан тақырыбында өлеңдер жазған ба? __ __

  4. Мұқағалиды «жыр жүйрігі» деп атасақ бола ма? __ __

  5. «Қара өлең»өлеңі Б.Мырзатаевтікі ме? __ ___

  6. Мұқағали лирик пе?___ ___

  7. «Желідегі құлын» «Көгендегі қозы» Абай ма? ___ ____

  8. Мұқағали табиғат жарасын ақ дәкемен таңды ма? ___ ____

  9. «шәйіге орап әлдилесін Құс жолы

Тыныштық деп аталатын жас ұлды»- деп жырлаған С. Сейфуллин бе? __ __

  1. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» бейнесін Абай жасады ма?__ ____

  2. «Кыс – тазалық, қыс- аппақ » Мұқағали өлеңінен кездесе ме? ___ ____

4 топ «Поэзия ауылы» тобы

М . Мақатаевтың «ҚАЙЫРЛЫ ТУН» өлеңіне байланысты бейбітшілік, Отан тақырыбында Постер жасау.













Қорытынды:

  • Оқушылар, Мұқағали Мақатевтың «Елім барда», «Қара өлең», «Анау- аспан, мынау- бақ» «Қайырлы түн» өлеңдерін қайталап сатылай кешенді талдау жасадық, әдеби теориялық ұғымдарын түсіндік. Осы өлеңдердегі ақын идеясын ойға түйдік.

  • Ендеше 4 топқа бірдей 5 жол өлең тапсырмасын беремін.

СИНКУЭН - 5 жол өлең.

  1. Зат есім 1 сөз Кім?

  2. Сын есім 2 сөз қандай?

  3. Етістік 3 сөз Не істейді?

  4. Сөйлем 4 сөз

  5. Синоним



Мұқағали өлеңдерінен не үйрендік,не түсіндік?


Қайырлы түн

Қара өлең

Елім барда

Анау- аспан, мынау-бақ

Мазмұны





Тақырыбы





Шумағы





Буын саны





Ұйқасы









Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: М. Мақатаевтың шығармашылығы туралы ой-толғау жазып келу.









Бағалау бетшесі

Аты

Үй жұмысына қойылған баға

Сабаққа атсалып қатысуы

Сұрақтарға жауап беруі

Қорытынды

1






2






3






4






5






6






































Керекті сөздерді тап!!!



Қалқам, мен ..........,Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі- .........., Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген

&&&

⃰⃰⃰⃰⃰⃰Не сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен ................, мен де аман. .........– менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым- ұланғайыр кең далам.

&&&



Шамыңды өшір, Түсіре ғой .............., Қайырлы түн, алып жер! Дүбірлетіп ............ ұлы кеудеңді, Таптамасын танктер.

&&&

Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді ......... емен. Қыс- тазалық,қыс- аппақ, әрі ..........., әрі өлең.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
М??а?али М??атаев

Автор: Мухашева Айжан Н?рлыбай?ызы

Дата: 04.04.2015

Номер свидетельства: 196881

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Отбасында?ы бал т?рбиесі. "
    ["seo_title"] => string(26) "otbasyndag-y-bal-t-rbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "162655"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422378257"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Свойства айрана и его польза. "
    ["seo_title"] => string(30) "svoistva-airana-i-iegho-pol-za"
    ["file_id"] => string(6) "209208"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431061490"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Ша??ы спорты "
    ["seo_title"] => string(15) "shan-g-y-sporty"
    ["file_id"] => string(6) "149328"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420131590"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "СШ имени Р.Токатаева "
    ["seo_title"] => string(23) "ssh-imieni-r-tokataieva"
    ["file_id"] => string(6) "193292"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427622192"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) ""Сыр санды?""
    ["seo_title"] => string(9) "syrsandyk"
    ["file_id"] => string(6) "274010"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452323740"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства