Просмотр содержимого документа
«Мен елімні? ерте?імін »
Тақырыбы «Мен елімнің ертеңімін» - танымдық сайыс сабақ.
Мақсаты оқушылардың алған білімдерін сынау, сараптау және озық ойлы оқушыларды анықтау.
Тәрбиелік міндеттері Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; Ұйымшылдыққа, бірлікке, іздемпаздыққа баулу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беру дағдыларын қалыптастыру; Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, сигналдық белгілер, эмблема. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздендіру. Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ. Жүргізуші: Қайырлы күн , құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!!. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен елімнің ертеңімін» атты танымдық сайыс сабағы.
4.----------------------------------------------------------------------------------------------------------- 1. Жүргізуші: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау Озат болу шарты сол еңбектену Ендеше сайысқа түсетін сынып оқушылары ұрандарымен таныстыра кетсе.
5 «а» сыныбынан қатысып отырған
1- жұп «Алғырлар» ; 2-жұп «Тапқырлар»
5 «б» сыныбынан қатысып отырған
3жұп «Ойшылдар» ; 4 жұп «Зеректер»
2. Жүргізуші: Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер,-деп ойынымыздың алғашқы кезеңі «Бәйге»
Кезеңінің шарты әр жұпқа 10 сұрақтан беріледі . Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады: Сұрақтар
1жұп « Алғырлар» 1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 жылы 16 желтоқсан) 2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата? /Ту, Елтаңба, Әнұран 3. Жаңа әнұран қай жылы шырқалды? (11 қаңтар 2006 жылы) 4. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин) 5. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы 6. Қазақстанның жер көлемі?
7. –ға, -ге, – қа, -ке жалғауы қай септіктің жалғауы / барыс/ 8. Қазақстанға көршілес елдер?
9. Аудан әкімі кім? -------------------------------------------------------
10 Ауданымыздағы Алаштың үш арысының Ескерткіші қайда орналасқан / орталық алаңда/ 2-жұп « Тапқырлар»
Басты байлық? / денсаулық/ 2. Кімді? нені? деген сұрақтар қай септікте?/ табыс/ 3. Күйді орындаушы адам? / Күйші/
3жұп «Ойшылдар» 1. Қазақша жыл басы? / тышқан/ 2. Өткен жыл қай жыл? / жылқы/ 3. Үш биді ата? / Төле, Әйтеке Қазыбек/ 4. Сөз таптарын ата ? / Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Үстеу, Етістік/ 5. Қазақстан валютасы теңге қай жылы айналымға енді? 1993ж. 15 қарашада 6. Қазақстан Республикасының ұлт аралық тілі? / орыс/ 7.. Екі ақынның өлең жарысы? / Айтыс/ 8. Жерге ең жақын жұлдыз? 9.Наурыз көжеге неше түрлі тағамнан жасалады, аттарын ата
10. Көктем айларын ата?
4 жұп «Зеректер» 1.Күн мен түн теңелген мерзім?/ 22-наурыз
2. Астанадағы « Аялы алақанның» биіктігі неше метр, ол нені білдіреді /97м/
3. Қазақ тілінде неше септік бар?, аттарын ата /7 Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес
4. Жылқыда не жоқ?/ өт/ 5. Жеті атаңды талдап бер ? 6. 2011 жылы қысқы Азия спорттық ойындары Қазақстанның қай екі қаласында өтті. / Алматы, Астана/ 7.Күз айларын ата ? / Қыркүйек, қазан, қараша/
8. 9х8 қанша
9. Бірінші Алтын адам қай жерден табылған ?
10.Мектеп директорының аты жөнін толық атаңыз
Жүргізуші: Екінші кезеңіміз «Жорға» логикалық жұмбақ сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланды. Қылығым болса сенен асырамын Шеше алсаң жұмбағымның бар жауабын Шаттанып күн секілді ашыламын дегендей жұмбақтарды мұқият тыңдап алыңыздар
1-жұпқа 1 Жанұяда бес ер бала және олардың әрқайсының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? 2. Төрт бұрыштың бір бұрышын қиып тастаса неше бұрыш қалады? 3. Торда 12 құс отыр. Оның 11 нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды.?
2- жұпқа 1. Аспанда үш түйеқұс ұшып барады, оның біреуін аңшы атып алды, аспанда неше түйеқұс қалды? 2. Түнгі сағат 2300–де жауын жауып тұрса 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? 3. Алманың жартысы неге ұқсайды?
3-жұпқа 1. Түйеқұс бір аяғымыен тұрса10 кг тартады , екі аяғымен тұрса неше килограмм тартады? 2. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі? 3. Сен әкеңнің әкесіне кім боласың? / немере, жиен,/
4-жұпқа 1. Қайыңда 4 бұтақ бар. Әрбір бұтақта екі-екіден алма бар, қайыңда қанша алма бар? 2. Сендердің аналарыңның, анасының күйеу баласы сендерге кім болады?
1000 сынын алып, оған 40-ты қосыңыз, тағыда 1000 қосыңыз , оған 30 санын қосыңыз,тағы да 1000 қосыңыз, қосу 20 қосу 1000 жіне қосу 10 Қандай сан шықты?
Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Дода» Біреу озса сайыста, біреу артта қалады. Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау. Озат болу шарты сол-еңбектену жалықпау. Ендеше ойынымыздың келесі кезеңіне көшсек Мақал қайдан шығады ой болмаса. Киіз қайдан шығады қой болмаса деп ойынымызды жалғастырайық Кезеңнің шарты мақал мәтелді жалғастыру. 1. Күшіңе сенбе,…………………………………………………………………… 2. Отан -…………………………………………………… 3. Балапан ұяда не көрсе,………………………………………………………. 4. Жүз сомың болғанша………………………………………………………… 5. Әдепті бала арлы бала……………………………………………………….. 6. Көз қорқақ ……………………………………………………………………….. 7.Ілім бұлақ -……………………………………………………………………. 8.Көп түкірсе …………………………………………………………………… 9.Жұмыла көтерген ………………………………………………………….. 10. Дұшпан күлдіртіп айтады……………………………………………….. 4 кезең «Тапқырлық» Ойын шарты тапсырманы орындау. Тапқырлығына, ойлануына, жауабына 5, 10, 15 ұпайдан беріледі. 1 Тапсырма:
Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп « Мына кітапты оқысаң саған 2000 тенге беремін» - дейді Баласы 1 аптадан кейін келіп «Әке мен кітапты оқып бітірдім, 2000 тенгемді бересіз ба?»- дейді. Сонда әкесі «Кітапты оқымағансың»- деп жауап береді . Кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? 5- кезең « Білімділік» сайысы
Әр жұпқа топтастыру беріледі.
Жұпқа -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген? Нені білдіреді ( топтастыр)
2-жұп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында нелер бейнеленген? Нені білдіреді? (топтастыр)
3-жұп: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің авторларын топтастыр, тұлғалар туралы не білеміз?/ топтастыр)
4- жұп Отанымыз Қазақстан туралы небілеміз / топтастыр)
Бүгінгі сайысымызды қортындылау үшін Сөзді әділ қазыларға берейік. Жүргізуші : Жұлдызы жанған озық ойлы оқушымызға қошеметтеп қол соғып қояйық. «Білікке сенер заманда ешкімге есе бермедік, Бірлікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік деп даналарымыз айтқандай» Келешек білімді ұрпақ қолында екендігін Елбасымыз жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес.Алдағы уақытта да тек биіктен көріне беріңіздер деген ізгі ниетпен. Біз сайыс сабағымызды тамамдаймыз. Біздің білімде жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек сәттілік тілейміз!