kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты:Рухани жаңғыру:Мен елімнің ертеңімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Рухани жаңғыру:Мен елімнің ертеңімін тәрбие сағатының мақсаты:Отанын сүюге, патриот болуға, елінің тарихын білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты:Рухани жаңғыру:Мен елімнің ертеңімін»



Тәрбие сағаты

Бекітемін: Л.М.Ирменова.


Сынып жетекші:Б.Б.Бекенова.

Кабинет:221


Сыныбы:

3 «ә»

Күні:15.11.17


Тақырыбы:

«Мен елімнің ертеңімін»

Мақсаты:

Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

Оқушының қабілеті

Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Диалогтық,топтық

Көрнекіліктер

Проектор, бейне баян, түрлі-түсті шарлар,топтық жұмысқа арналған орталықтар,экспонаттар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.


2. «Шаңырақ»

 



Барлығы шеңбер бойымен тұрып, кезекпе-кезек тілек айтады

5 минут

Негізгі бөлім

А) Тақырып ашу.

- Оқушылар,қазір мен сендерге мазмұнды сурет көрсетемін.Сіздер зер салып қарап отырыңыздар.


  • Сонымен суреттен не көрдіңіздер?

  • Бұл суреттер арқылы не айтуға болады?

  • Қандай болжам жасайсыздар?

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

  • «Мен елімнің ертеңімін» деп аталады.

  • Бұл тақырыпты алу отырған себебім, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру.

  • Ал,енді сіздер рухани жаңғыру дегенді естігендерің бар ма?

  • -Рухани байлық деген не?

  • Мұның не екенін тағы да білу үшін білімімізді толықтырып,осы сұрақ төңірегінде ой өрбітеміз.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын.

Ә)

Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watc

  • Елбасы неше құндылықты ұсынған екен?

  • - Басты назарда бірінші нені ұстау керек?

Б)Топтық жұмыс

-Оқушылар биыл астана қаласында өткен халықаралық көрме не деп аталды?

-Осы көрмеге барған оқушылар қызыл шармен белгіленген топқа барып шарға бекітілген қолжетімді тапсырмасын алып орындайды.

- Қалған оқушылар,сіздердің ішіңізден кім өзін арманшылмын деп есептейді бұлар көк шарға ,ал кім өзін қазақтың ұлттық салт-дәстүрін жақсы білемін дейді олар үшінші топтағы қызыл шарға шоғырланып тапсырмасын алып орындайды.

Тапсырмасы:

1-топ: «ЕХРО-дағы ғажайыптар» қабырға газетін шығару.

2-топ:«Болашақ Қазақстан»10 жылдан кейін менің көзіммен. Жоба қорғау.

3-топ:«Ұлттық құндылықтарымызды қастерлейік» жарнамалау.

В) (Есік қағылады)

Ішке Білім патшасы кіреді.

-Оқушылар бізге алыстан қонақ келген екен.

-Төрлетіңіз!

Білім патшасы:

-Сәлеметсіздер ме ,оқушылар!Мен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордаларын аралап Рухани жаңғыруға байланысты жарғы таратып келемін.Сол себепті сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр.

- Партиот адам кім?Ол өзін қалай көрсетуі керек?

- Өздерің білетін ірі тұлғаларды атаңыздаршы?

-Жақсы.

-Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

*Әлемдік өркениетті елде еркін өмір сүру үшін өз ана тіліңді қастерлей отырып,орыс,ағылшын тілдерін жетік меңгеріңдер!

*Өз тарихыңды,ата тегіңді ұмытпа!

*Сен «қазақ» деген ұлы халықтың ұрпағысың!

*Сен ең мықты болуға тиіссің!

-Келесі кездескенше сау болыңыздар!




Мұқият зер салып қарайды.


Сұраққа жауап береді














Диалог












Прзентация







Бейнеролик

тамашалайды




Топтасу

Еркін түрде





Топпен жұмыстану,

талқылау,

кеңесу,қорғау

Ойларын айтады


Патриот ұғымының мәнін ашады, өз бойларындағы және қоғамдағы патриот адамдардың образын жасайды.


Жарғыны оқиды














Қоштасып,

шығып кетеді.

10 минут










































15минут




















5 минут




Қорытынды бөлім

-Білім патшасы бізге не деп кетті?

-Осыған байланысты өз ойымызды жинақтайықшы.

Сөйлемді аяқта «Рухани жаңғыру ...»

Кері байланыс:

!,?,.- өздерің таңдаған белгіге барып тұру.


Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік.
“Сен де бір кірпіш  дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.


Сабаққа қорытынды жасайды. Кері байланыс өзі таңдаған тыныс белгісіне барып шоғырланады

5 минут


























Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!




*Әлемдік өркениетті елде еркін өмір сүру үшін өз ана тіліңді қастерлей отырып,орыс,ағылшын тілдерін жетік меңгеріңдер!


*Өз тарихыңды,ата тегіңді ұмытпаңыздар!


*Сендер «қазақ» деген ұлы халықтың ұрпағысыңдар!


*Сендер ең мықты болуға тиіссіңдер!


*Осы жарғыны естен шығармаңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тәрбие сағаты:Рухани жаңғыру:Мен елімнің ертеңімін

Автор: Бекенова Ботагоз Бахтыгалиевна

Дата: 17.12.2017

Номер свидетельства: 444856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства