kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен елімні? ерте?імін та?ырыбында?ы т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Мен елімні? ерте?імін. Ма?саты: Отанды с?юге. Ата За?ымызды ?адірлеуге, ту?ан еліне, жеріне деген с?йіспеншілікке т?рбиелеу. Елімізді? р?міздерін ?астерлеуге ?йрету Т?уелсіз, бейбіт ел туралы ??ым. О?ушыларды досты??а,адамгершілікке, саналылы??а, еліні? м?расын жал?астырушы азамат болу?а т?рбиелеу. К?рнекілігі: ?аза?стан туралы слайдтар, суреттер, на?ыл с?здер М??алімні? кіріспе с?зі: Армысыздар, ?ымбатты ?стаздар ! Б?гінгі «Мен елімні? ерте?імін» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер! /слайд/ Мені? елім-?аза?стан! Б?л ?рбір дала перзентіні? к?кірегінде ма?таныш пен айтатын с?зі. Елбасы «Елі?ні? ?лы болса?, елі?е жаны? ашыса, азаматты? намысы? болса,?аза?ты? ?лтты? мемлекетіні? ны?айып к?ркеюі жолында жан тері?ді аянбай ж?ріп е?бек ет. Жерді? де, елді? де иесі екені?ді ?мытпа»,-дейді. Расында да, болаша?та ?з еліні? ?ожасы да, иесі де сендерсі?дер. Сендер жа?а ?асыр, жа?а мы?жылды?ты? жас ?рпа?ы, егеменді елімізді? ерте?ісі?дер. Б?л ?асыр-білім ?асыры. Елімізді? дамуы ?шін ?аза?станды ?лем танитындай б?секеге ?абілетті ел болу ?шін б?гінгі жас ?рпа? білімді болуы шарт. А?ыл мен сананы?, білім мен білікті? б?секеге т?сер ?асыры, ерте?ін ойлайтын ел бол?анды?тан, елбасымыз ш?кірт біліміне аса к??іл б?ліп отыр. Ерте?гі к?нні? б?гінгі к?ннен н?рлы болуына ы?пал етіп, адамзат ?о?амын ал?а жетелейтін к?ш білімге ?ана т?н. Сонды?тан сендерді? алдары?ызда ?лкен жауапкершілік т?р. Ж?ргізуші:-Отан – ?р адамны? ж?регіне жылы тиер ?асиетті с?з.Отан –сені? ту?ан елі?, ту?ан жері?, дос –жарандары?, ту?ан туыс?аны?. Отан- б?л ?зі?ні? т?ратын, ?мір с?ретін, ?ызмет ететін жері?. Отан адам ?шін біреу ?ана. Отанды ана?а те?ейді. Себебі, Отан сендерді ана?дай ?ор?айды, к?мектеседі, к?ш береді.Біз Отанымызды, елімізді с?йеміз. Біз, ?аза?станны? патриотымыз!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен елімні? ерте?імін та?ырыбында?ы т?рбие са?аты »

Тақырыбы: Мен елімнің ертеңімін.

Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету

Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,

саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар, қымбатты ұстаздар ! Бүгінгі «Мен елімнің ертеңімін» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! /слайд/

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.

Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де сендерсіңдер. Сендер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіңдер.

Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сендердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.

Жүргізуші:-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
  Жүргізуші: Отан деген не, кім қалай түсінеді? /слайд №2/
     Оқушы:      Көп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оның тұлға түс кейпін,
                     Достым білгің келе ме? 
Оқушы:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                    Отан дейміз өсірген елімізді.
                    Отан дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
Оқушы:Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                  Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Оқушы : Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жасаған елің, өз- халқың.
                   Отан – өлең, Отан-жыр,
                   Көтерген көкке ел даңқын.
Оқушы :    Отан – сенің ата-анаң,
                    Отан – досың, бауырың,
                    Отан – өлкең, астанаң,
                    Отан – аудан, ауылың.
Оқушы: Отан – осы достарым,
                     Көңілге мұны түйе біл!
                     «Отан» деп өс жас қауым,
                     Оны ардақтап сүйе біл!

Оқушы: Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Хор: «Отаным Қазақстан»
Жүргізуші:
-Біздің Отанымыз қалай аталады? /слайд №3/

-Қазақстан Республикасы
Жүргізуші:-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жүргізуші:-Еліміздің астанасы қалай аталады?

-Астана

Жүргізуші:Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.

Жүргізуші: -Еліміздің рәміздерін атаңдар
-Ту, елтаңба, әнұран. /слайд №4/
Жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Оқушы:    Көк аспандай көкпеңбек,
                       Қазақстан жалауы.
                       Көк емес ол тектен-тек,
                       Елдің ашық қабағы.
Жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.
Оқушы:            Елтаңбасы елімнің,
                         Неткен әйбәт, әдемі
                        Тұнығындай көңілдің
                         Ортада аспан әлемі.
Жүргізуші:Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- әнұран. Әнұран мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оқушы:             Оттай жанып жанарың
                        Одан қуат аламын
                        Әнұран ол - тынысы
                        Кең жазира даламның.

Оқушы:

Біз – бақытты балдырғанбыз. Өйткені біздің ана сүтімен тараған қасиетті ана тіліміз бар. Ана сүтімен дарыған ана тіліңді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ана тілімізді ешқашан ұмытпаймыз.

Оқушы:

Біз бақытты балдырғанбыз. Өйткені бізді осындай дәрежеге жеткізіп, мәпелеп, аялап өсірген аяулы ата – аналарымыз, ата – әжелеріміз бар. Сондықтан, біздің ата – анаға, ата – әжеге деген алғысымыз мәңгі, шексіз.

Би «Ақ көгершін»

Жүргізуші: Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар. Солар орындала берсін. (Ақырын музыка ойналып тұрады) /слайд №5/


Мен есепші боламын.

Мен барлық жұмысшыларға,зейнеткерлерге дер кезінде, жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.

Мен әкім боламын.

Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.


Мен білім министрі боламын.

Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.


Мен дәрігер боламын.

Кез- келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.


Мен мұғалім боламын.

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосар едім.


Мен полиция қызметкері боламын.

Еліме адал қызмет етемін.


Мен кәсіпкер боламын.

Ауылдағы ағайынды азық-түлікпен қамтамасыз етер едім.


Мен Біліммін.

Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы мектептен алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.

/слайд №6/

Жүргізуші:Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.

Ақын – жазушыларымыз

Қандай сұлу, қандай көркем,

Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.

Оқушы:

Әйнегі күн – шатыры аспан

Кең дала, төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан – Республикам менің!

Оқушы:

Абай туған, Сәкен Туған

Құрметте досттым қазақтың жерін

Қамбаға жылда мол астық құйған

Қазақстан – Республикам менің!

Би «Қара жорға»

Жүргізуші:Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.

Қымбат маған анам тілі, бал тілім

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.



Ана тілін жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Жүргізуші:

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. /слайд №7/

Оқушы:

Жаса Қазақстаным,

Жаса, менің ұлы елім!

Оқушы:

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым

Артта қалды қиындық пен азабың

Алмас:

Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Оқушы:

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым

Алтын бесік байтақ дала – арманым

Оқушы:

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың

Оқушы:

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым

Өз ұраның айтылсын өз әнің



Оқушы:

Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін

Оқушы:

Батыр ұлың ел көшіп бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң

Оқушы:

Ашық аспан астында

Мәртебең ассын басқадан

Оқушы:

Байтақ дала – жерім менің

Арта берсін жерің сенің.

Оқушы:

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің

Ән «Атамекен»

Жүргізуші: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Оқушылар:-    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

Егемен елімнің ертеңі деп

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма

Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 

Ән «Біз дәуірдің түлегіміз»
Ән «Көк тудың желбірегені».

Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: 
                         Өткеніңді еске алсаң, 
                         Өскеніңнің белгісі. 
                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Мен елімні? ерте?імін та?ырыбында?ы т?рбие са?аты

Автор: ?абдуллина Ба?ытжан Мейрамовна

Дата: 10.04.2015

Номер свидетельства: 199939


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства