kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол, сүйікті мектебім!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қош бол, сүйікті  мектебім!

жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол, сүйікті мектебім!»

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті мектебім!

жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі,



Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы  тұр. Бүл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.

Құрметті  ата-аналар,  аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер, «Қош бол, сүйікті мектебім!» атты соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!

Соңғы қоңырау салтанатын ашу үшін соз кезегін мектебіміздің директоры Салқынбаев Мейрамбек Дөненбекұлына беріледі

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін ҚР гимні орындалсын.

Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.

(Музыка әуенімен ортаға 1-сынып оқушыларымен қол ұстасып бітіруші түлектер шығады)



- Ажырамай мектептен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
түлектерге арналсын тілегіңіз. Дей келе 2015-2016 оқу жылында мектепте атқарылған жұмыстар туралы шағын хабарлама жасау үшін сөз кезегі мектеп директоры Салқынбаев Мейрамбек Дөненбекұлына беріледі

 Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат күші қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде,
Асыл аға тілегіңді аңсармын. 



Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтау үшін сөз кезегін аудандық білім беру бөлімінің------------------------------------------------------береміз



Ән: Тоқтасынова Назерке « ».

- Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаңның,
Айтыңдаршы, таласады оған кім ?
Еленуде елге істеген еңбегің, 
Айтады алғыс шәкірттерің саған мың. 
мектеп оқушыларын марапаттау үшін сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алғалиева Гүлзат Рахымжанқызына беріледі

Кең пейіл мен ақ арманнан нұр алған,
Туған жердің бақытына жаралған.
Орын табар бақыт деген аралдан,
Жүректерің не дейді ?
Түлектерім сөйлейді. – деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.




Бақытнұр:1

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.

Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,

Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,

Өмірге азық мол сыйың,

Құшағы құтты нұрлы ұям.

Мектебім менің - өз үйім,

Санама күнде нұр құйған



Еркежан :2

Өтті бізден бабалық

Өтті бізден шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Ұсынғалы адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс,амандық.



Бақытнұр:3



Ұстаздарға әркім басын ию керек,
Кемеңгер ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы, 
Жеткізген сол ұстаз деп білу крек.
Түлектер ұмытпайды ұстаздарын,
Ұмытпайды ұстазбен ұшталғанын,
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын

Еркежан :4

Мектебім - алтын ұям, құт босағам,

Білімге бастау алдым осы арадан

Жалықпай табасың деп сен үйреттің

Шешуін қиындықтың тосар алдан.

Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,

Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.

Анамның құшағындай елжіретер,

Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?



Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Асылжан:



Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді!



Ұшырады мектебің өз қолынан,

Көріне бер ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.





Еркежан: 

Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт сапар!» —деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.



Мирас:

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,

Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.

Сіздер салған білімнің көпірімен,

Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.



Ақнұр:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды барлық сынып баршаңды.





Аяна:

Сіздерге жалын жүректен

Айтамыз достық тілекпен

Әрқашан сәтті жол болсын!

Сапарларыңыз  оң болсын!

Жанар ма деп талабың,

Биікке, шыңға тартасың

Талабыңа нұр жаусын,

Сәтті болсын қадамың!





Еркежан: 
Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа 
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті»




Бақытнұр: 
Білім жолы- қиын жол! Қиындықтан қорықпа, білім алудан жалықпа. Білімнің мына алтын кілті сендерге алдағы көп сұрақтың жауабын шешуге көмектессін. Аманатқа осы кілтті тапсыра отыра сендерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. білім кілтін 1 сыныпқа тапсырады.

- Мына біздің кішкене сыйлығымыз, сіздерге бізден ескерткіш болсын.

(1-сынып оқушыларына шағын сыйлықтарын табыс етеді)


Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке 
Елітіп тұла бойың балбыраған.
Ән: «----------------Мектебім-------------- » бітіруші түлектерге арналады. орындайтын 1-сынып оқушысы Жеңісбек Аяна



Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді, 
Бал дәурен балалық айналып келмейді. 
Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан 
Жүректе ешқашан өшпейді. 
Түлектердің алғашқы ұстазы  қолға қалам алдырып 42 әріпті үйреткен Алғалиева Гүлзат Рахымжанқызына сөз кезегін берелік. 

Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе?

   Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

   Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,

   Сөз кезегі – жетекші ұстазында



(сынып жетекшісінің құттықтауы)   

«Қош бол мектеп» әнін орындайтын 11- сынып оқушылары Қапсаметова Еркежан,Нұрболатова Бақытнұр

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Ибраева Тұрсынхан апайымызға беріледі.

жүргізуші: Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру салтанатты рәсімін өткізіді бастауға рұқсат етіңіздер.
(Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 10 сынып оқушыларына тапсыру рәсімін орындайды.)


Еркежан:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10 - сыныптар!

Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!

Аманат ту қабылдаушының сөзі: Біз 10 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебесін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз! ( Аманат туын қабылдаған оқушылар орындарына барып тұрады)

Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды. Дей келе соңғы қоңырау соғу салтанаты 11-сынып оқушыларында



Түлектердің қанаттары талмасын

Көк аспанда қыран болып самғасын

Ақ жол тілеп, барша мына ұл-қызға,

Ақсақал ата ақ батасын арнасын деп

------------------------------------------------------------------------------- бата сұраймыз

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

(Әуе шарын ұшыру)





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін ҚР гимні орындалсын

Соңғы қоңырау салтанатын жабу үшін соз кезегі мектебіміздің директоры Салқынбаев Мейрамбек Дөненбекұлына беріледі

Ұшырады мектебің өз қолынан,

Көріне бер ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.



Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын жас түлек!





































Көктүбек орта мектебі КММ















«Қош бол, сүйікті мектебім!»

«соңғы қоңырау салтанаты»











Ұйымдастырушы: Н.Ожарбекова













2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Қош бол, сүйікті мектебім!

Автор: Ожарбекова Назым Талғатқызы "мектеп бітіру кеші"

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 386069

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Қош бол, сүйікті мектебім!"
    ["seo_title"] => string(25) "kosh_bol_suiikti_mektebim"
    ["file_id"] => string(6) "655547"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1724859175"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?ош бол, с?йікті ?ліппем! мерекелік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshbolsuiiktilippiemmieriekielikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272053"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451898770"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "«?ош бол, с?йікті ?ліппем!» 1 csysg"
    ["seo_title"] => string(33) "k-osh-bol-suiikti-lippiem-1-csysg"
    ["file_id"] => string(6) "302237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457096364"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "«Қош бол, сүйікті Әліппем!»"
    ["seo_title"] => string(25) "k_osh_bol_suiikti_lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "376588"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483894335"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""?ош бол с?йікті-?ліппем""
    ["seo_title"] => string(22) "koshbolsuiiktilippiem1"
    ["file_id"] => string(6) "304668"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457774739"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства