kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош бол с?йікті-?ліппем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «?ош бол с?йікті-?ліппем»

Саба?ты? ма?саты: 1.Білімділік: О?ушыларды? сауат ашу п?нін о?у барысында ал?ан білімдерін тияна?тау,?з ?нерлерін ата-аналар?а к?рсету,белсенділігін арттырып, ?жымшылды?ын к?шейту.

2.Дамытушылы?: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында ?з ойларын еркін айтып,толы? жауап беруін,?абылдауын,зейін ?оюын,есте са?тауын арттыру.

 3.Т?рбиелік: Адамгершілікке, ??ыптылы??а,бірін-бірі сыйлау?а,кеш барысында ?зін-?зі д?рыс ?стау?а ?йренеді.

 1.Безендірілуі: «?ліппе,білім бастауы!» с?зі жазыл?ан плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті ?ріптер.

Саба?ты? барысы: 1.Си?ыршы ?ыз: Ой,б?гін к?н ?андай тамаша!Таби?ат-ана ?з жылуын жердегі адамзат?а т?гіп т?р?андай!

2. Си?ыршы: ?ара?даршы ?андай ?демі,?андай к?рікті.Б?гін мені? си?ырлы тая?ым бір ?ажайып к?рсетер ме екен??ане си?ырлы тая?ым ма?ан не к?рсетесі??(Сол кезде шар жарылып,си?ыршылар о?ушылар ортасына келеді)

Си?ыршылар: Ой, біз ?айда келіп ?алды?? (М??алімге кездеседі)

М??алім:Армысыздар, кішкентай си?ыршылар!

2.Си?ыршы:С?леметсіз бе?!Біз сізді танымады?. Біз ?зі ?айда келіп т?рмыз?

М??алім: Кішкентай си?ыршылар,сіздер бізді? мектебімізде т?рсыздар.Б?гін бізді? мектепте ерекше той ?ткелі т?р.Мектепті? 1 «А» сынып о?ушылары ?ліппемен ?оштас?алы отыр.Б?л тойды? ?адірлі ?она?ы болы?ыздар!

1.Си?ыршы: Рахмет,бізге де сізге к?мектесіп т?ру?а бола ма?

М??алім:?рине болады. ?зірге балалармен бірге отыра т?ры?дар.

 М??алім: ??рметті ата-аналар, ?стаздар, о?ушылар!  Б?гін сіздер 1 «А»- сынып о?ушыларыны? «?ліппемен ?оштасу» ерте?гілігіне келіп отырсыздар.

?ліппені бітірді балаларым

?ліппеден н?р ал?ан даналарым.

 ?зі о?ып жазатын х?лге жетті.

 ??тты болсын білімі балаларды?,

2- ж?ргізуші

  ?ош келіпсіз, а? жаулы?ты аналар,

 Ж?здері?нен мейірім мен н?р тамар.

 Алдарында ?ыз?алда?тай ??лпыр?ан,

 Біз ала?сыз бал?ын ша?ты балалар.

1- ж?ргізуші

 К?з салып ?ара?ызшы бойымыз?а

 Орта? боп б?гінгі ?скен ойымыз?а.

 Хош келіпсіз, ?стаздар, ата-аналар,

 ?ліппемен ?оштасу тойымыз?а.

 М??алім:

 ?сті міне бойлары?,

 ?сті а?ыл – ойлары?.

 ?уаныш?а орта?пын,

 ??тты болсын тойлары?!

 -    Балалар

 Іші толы ?ріпке,

 Білімдегі жары? не?

 Хормен:  Болаша??а жол аш?ан,

 Ол с?йікті ?ліппе!

 М??алім:

 -    Олай болса, б?рімізге е? ?ымбат ?ліппені орта?а ша?ырайы?.

 Хормен:       ?ліппе.

 ?ліппе:

 Мені? атым -  ?ліппе,

 Мені ана?дай д?ріпте.

 Мені о?ып ер жеткен,

 А?а менен ?пке? де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысы?дар, ата-ана!

 Болаша??а жол бастар,

 ?ліппе? келді орта?а.

 Мереке?мен ??тты?таймын

 Б?лдіршіндер, бал?ындар!

 Не ?йреніп, не білдік

 К?не орта?а салайы?.

?н: ?ліппе-1

 ?ліппе: – Осы сендер ?андайсындар?

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мы? б?рал?ан бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    А?ылдымыз.

 -    ?лкенге ізеттіміз, кішіге ?ам?ормыз.

 -    К?п о?имыз.

 Барлы?ы: Біз -  ?аза? еліні? болаша?ымыз.

Си?ыршы: Біз сендермен бірге бір ойын ойнаса? дейміз. Ойнаймыз ба?

Балалар:Ойнаймыз.

Си?ыршы: Балалар   мен сендерге си?ырлы с?з жасырамын.                                                   

Си?ыршы:1.?тешті ?имылмен к?рсетеді. /?теш, бірінші ?ріпті ата? («?» ?рпі)

2.   Тастан  тас?а  секірген,Ш?на?дап  ойнап  есірген

??йры?ы  келте  ш?на?,  Оны?  аты  (Ла?) –Бірінші дыбысты атаймыз?  («Л» ?рпі)

3.Ірімшікті жеді? ?ой,

Т?тті екен деді? ?ой.

Ірімшікті біз жеген,

?ай ?ріптен бастал?ан. («І» ?рпі)

5.Пілді? бейнесін ?нсіз ?имылмен к?рсетеді.-Бірінші дыбыс ?андай? («П» ?рпі)

6.Пингвинні? ?имылын к?рсету.-Бірінші дыбыс ?андай? («П» ?рпі)

Ешкіні? бейнесі мен ?имылын к?рсету. Бірінші дыбысты ата? («Е» ?рпі)

Си?ыршы:Балалар ?андай с?з шы?ты?

Балалар: «?ліппе»

Си?ыршы: Ал сендер ?ліппе туралы та?па?тар білесі?дер ме?

Ия

Диана

Бар кітап?а бас бол?ан,

?ліппе ?ылым данасы

?ліппеден бастал?ан,

Даналы?ты? данасы.

Адия

Жа?сы кітап ?ліппе,

 ?йретеді ?ріпке,

?уырша?пен ?оштастым,

?ріптермен достастым.

Нурель

Іші толы ?ріпке,

Мынау айбат ?ліппе

Барлы? ілім, білімні?

?жесі осы ?ліппе

 М??алім: Олай болса, біздер ?ріптер ?леміне саяхат?а шы?амыз.

Д?улет

1-Ж?ргізуші: ?ріптерді к?рейік 
Бастасын к?не айтысты, 

Аянат
2-ж?ргізуші

Жібермесін намысты. 
 Айгерім

А ?рпі

 Ана-к?ркі к?гімні?,

Ана-н?ры жерімні?.

Ана-ба?ы баланы?,

Ма?танышы елімні?.

Асылай

? деп ?за? айтамын

? деп ?йге ?айтамын

?кем, ?жем, т?теме

?демі ?н айтамын

Диана
Б: Б дегені? бала ?ой, 
Ж?мсаса апа? бара ?ой. 

Аружан

?алым болып аламын,

?алам?а да барамын

?ылым, білім- ілімді

?ибрат еткен баламын
Алина

Е: Елге есті ер керек, 
Ер жет ?сіп ертерек. 

Амина
Ж: Жас?ланбыз, жастармыз 
Жар?ын істер бастармыз, 
Жерімізді т?летіп, 
Жайнатып –а? тастармыз. 

Н?ржанат
?: ?арт?а ?ол бер, 
Жас?а жол бер. 

Д?некез
Л: Лашын биік сам?айды, 
Лашын к?кті шарлайды.

Наргиза

Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алды?да ?лкен б?рылыс

Жол т?ртібін абайла

Арты?да ?лкен ??рылыс.

Абзал

?лар, ?лар, ?лармын

?ш?ырлы??а ??мармын

?лы с?зді? басында

? ?рпі болып т?рамын

А?бота

Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фатима

Фермалар?а барыпты

Алихан

Алфавитті білдік біз

Онда ж?йе ?алып бар.

Бізіді? ?аза? тілінде

42 ?ріп бар

?ркен

?ліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды
?ліппені бітірдім
Бала болдым а?ылды.
К?п н?рсеге ?йретті?,
Таныстырып ?ріппен,

Та?ылдатып с?йлетті?.

?Н: ?ліппе-2

Мерей

?йретіп бізге ал?аш ?ліппені,

?стазым ?ылым?а жол салып берді.

Адамны? ой-арманы, ма?саттары,

О?уды? с?улесімен жары? к?рді.

М?лдір

Есімде ?стазды? ал?аш?ы ?арсы ал?аны,
Ай?ара есік ашып таста?аны
Бір мереке думан боп осы ма?да,
Жетелеп бір сынып?а ап бар?аны.

Рамина

?мірге жол бір ?зі?нен бастадым,

Алфавитті ал?аш сенен жаттадым.

?стаз- ана естен кетпес м??гілік,

Мейіріммен жауырыннан ?а??аны?.

Айназ

Ж?зі? жылы, ??ша?ы? ке?,

Сенен т?леп ?шамын мен.

?зі? берген білімі?мен,

Биіктерге шы?амын мен.

Ерасыл

Е? ал?аш ?ол?а ал?анда ?ліппені,

?ызы?а ?арай бердім ?ріптерді.

Мен ?шін ж?мба? болып ?алар ма еді,

?стазым оны? кілтін алып берді.

Балауса

А?ылшы асыл ?стазым,

?зі?е менде ??сармын.

Жеткенше ?айрат к?ш ?лім

Биікке сам?ап ?шамын

?Н: ?стаз Амина

 М??алім: – Балалар, ?ліппе сендерді о?у?а, жазу?а ?йретті. Сол ?шін ?ліппе достары?а не айту керек?

 ?ыздар:   Б?рімізді с?йіп ?ткен,

 ?лдар:     Балалар?а ?йреткен.

 Хормен:   ?ліппе мен ?стаз?а

                  Бас иеміз ??рметпен

 ?ліппе:

 -    Балалар! Сендер менімен ?ана достасып ?ана ?ой?ан жо?сы?дар. Сонымен бірге математика, д?ниетану, музыка, бейнелеу, е?бекпен дос болды?.

Математика: Есептеуге  ж?йрік  болса?  жасы?нан

                          Математика?а  орын  берсе?  басы?нан

                           Барлы?  ?ылым  са?ан  ?йір  болады,

                           Досы?  солар  табылатын  ?асы?нан

-Ал  енді  Болаша?  математиктерді  орта?а  ша?ырайы?.

Алина

Таба?та 5 алма,

?олымда 2 алма

Барлы?ын ?ос?анда

Болады неше алма?

Д?некез

Бес алманы? ?шеуін

Досы? с?рап алады.

Айтшы сонда нешеуі

?з ?олы?да ?алады.

Н?ржанат

Б?лмеде 3 мысы? отыр, ?р?айсысыны? алданда бір-бір мысы?тан.

Барлы?ы неше мысы??

Абзал

-Адам несіз ?мір с?ре алмайды? /ауасыз, сусыз, та?амсыз/

-Сен ж?не мен,біз екеуміз ?осылса? ?анша боламыз? /екеу/

-К?н мен т?н ?алай басталады? /кезекпен/

-Бір жылда неше ай бар?

-Адам есектен неге ??лайды?

Ерасыл

?ш алманы? ?шеуін

Досы? с?рап алады,

Айтшы сонда нешеуі

?з ?олы?да ?алады?

Аянат

 1- ж?ргізуші

 ?ліппені бітіріп,

 Бала болды?  а?ылды.

Д?улет

2- ж?ргізуші

?ош бол, ??тты ?ліппем,

 К?п н?рсені ?йреткен!

Си?ыршы: Рахмет. Бізді? ертегілер ?леміне кететін уа?ытымыз болды. Сендерді? білімдері?ді к?ріп, ?нерлері?ді тамашалап, риза болды?. Білім алу жолдары?да ?анаттары? талмасын! ?ош сау болы?дар!

 ?ліппе: Балалар, рахмет сендерге.

Кір шалмасын беттерін

Таза болсын о?улы? пен д?птері?

О?ы?андары? есте болсын,

К?нделіктері? 5-ке толсын.

?ош сау болы?дар.

Аянат

  1. ж?ргізуші

 ?ліппемен ?ош айтысып ?аламыз,

 Енді ?ол?а Ана тілін аламыз.

Д?улет

2- ж?ргізуші

 Ата –ана ?уаныш?а орта? бол,

 Сауатты боп шы?ты міне бала?ыз!

М??алім: Орта?а ана тілі о?улы?ын ша?ырайы?

Ана тілі:

Армысы?дар жас достар!
Ту?ан елді? тілімін
А?ылы мен танымын,
Т?сіндірер б?рі?е
Ана тілі п?німін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Б?тінделмес кемдігі

 1- Ж?ргізуші

 Баланы? да тірегі,

 Дананы? да тірегі.

 Шаншылмасын еш?ашан,

 Аналарды? ж?регі.

2- Ж?ргізуші

  А?ыл ??й?ан санама,

 К?ннен де арты? расында.

 К?н-алыста, ал анам,

 Ыл?и мені? ?асым

?Н: АНА ?ЛДАР

?ыздар сырт?а шы?ады

Би: 1 топ

?н: Айназ ?стазым

Би: ?уырша?тар

?н: Балауса Мектебім Артта бас?а о?ушылар ?айырмасына ?осылады.

??тты?тау: Мектеп басшылары,

ата-аналар.

?ліппені бітірген туралы Естеліктері мен суреттерін ?сыну. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош бол с?йікті-?ліппем"»

Сабақтың тақырыбы: «Қош бол сүйікті-әліппем»

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын арттыру.

 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға үйренеді.

 1.Безендірілуі: «Әліппе,білім бастауы!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер.

Сабақтың барысы: 1.Сиқыршы қыз: Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!

2. Сиқыршы: Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршылар оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршылар: Ой, біз қайда келіп қалдық? (Мұғалімге кездеседі)

Мұғалім:Армысыздар, кішкентай сиқыршылар!

2.Сиқыршы:Сәлеметсіз бе?!Біз сізді танымадық. Біз өзі қайда келіп тұрмыз?

Мұғалім: Кішкентай сиқыршылар,сіздер біздің мектебімізде тұрсыздар.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «А» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы болыңыздар!

1.Сиқыршы: Рахмет,бізге де сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Мұғалім:Әрине болады. Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.

 

 Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін сіздер 1 «А»- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым.

 Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

 Құтты болсын білімі балалардың,

2- жүргізуші

  Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

 Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

 Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1- жүргізуші

 Көз салып қараңызшы бойымызға

 Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

 Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

 Әліппемен қоштасу тойымызға.

 Мұғалім:

 Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл – ойларың.

 Қуанышқа ортақпын,

 Құтты болсын тойларың!



 -    Балалар

 Іші толы әріпке,

 Білімдегі жарық не?

 Хормен:  Болашаққа жол ашқан,

 Ол сүйікті Әліппе!

 Мұғалім:

 -    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

 Хормен:       Әліппе.

 Әліппе:

 Менің атым -  Әліппе,

 Мені анаңдай дәріпте.

 Мені оқып ер жеткен,

 Аға менен әпкең де.

 Армысыздар жас достар!

 Армысыңдар, ата-ана!

 Болашаққа жол бастар,

 Әліппең келді ортаға.

 Мерекеңмен құттықтаймын

 Бүлдіршіндер, балғындар!

 Не үйреніп, не білдік

 Кәне ортаға салайық.

Ән: Әліппе-1

 Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?

 -    Талабы биік таудаймыз.

 -    Мың бұралған бишіміз.

 -    Біз шеберміз.

 -    Ақылдымыз.

 -    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 -    Көп оқимыз.

 Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.

Сиқыршы: Біз сендермен бірге бір ойын ойнасақ дейміз. Ойнаймыз ба?

Балалар:Ойнаймыз.

Сиқыршы: Балалар мен сендерге сиқырлы сөз жасырамын.

Сиқыршы:1.Әтешті қимылмен көрсетеді. /Әтеш, бірінші әріпті ата? («Ә» әрпі)

2. Тастан  тасқа  секірген ,Шұнаңдап  ойнап  есірген

Құйрығы  келте  шұнақ,  Оның  аты  (Лақ) –Бірінші дыбысты атаймыз? («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

5.Пілдің бейнесін үнсіз қимылмен көрсетеді.-Бірінші дыбыс қандай? («П» әрпі)

6.Пингвиннің қимылын көрсету.-Бірінші дыбыс қандай? («П» әрпі)

Ешкінің бейнесі мен қимылын көрсету. Бірінші дыбысты ата? («Е» әрпі)

Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?

Балалар: «Әліппе»

Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Ия

Диана

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Адия

Жақсы кітап әліппе,

 үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әріптермен достастым.

Нурель

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

 Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Дәулет

1-Жүргізуші: Әріптерді көрейік 
Бастасын кәне айтысты, 

Аянат
2-жүргізуші

Жібермесін намысты. 
Айгерім

А әрпі

Ана-көркі көгімнің,

Ана-нұры жерімнің.

Ана-бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

Асылай

Ә деп ұзақ айтамын

Ә деп үйге қайтамын

Әкем, әжем, тәтеме

Әдемі ән айтамын

Диана
Б: Б дегенің бала ғой, 
Жұмсаса апаң бара ғой. 

Аружан

Ғалым болып аламын,

Ғаламға да барамын

Ғылым, білім- ілімді

Ғибрат еткен баламын
Алина

Е: Елге есті ер керек , 
Ер жет өсіп ертерек. 

Амина
Ж: Жасұланбыз, жастармыз 
Жарқын істер бастармыз, 
Жерімізді түлетіп, 
Жайнатып –ақ тастармыз . 

Нұржанат
Қ: Қартқа қол бер, 
Жасқа жол бер. 

Дәнекез
Л: Лашын биік самғайды, 
Лашын көкті шарлайды.

Наргиза

Ыдырыс-ау, Ыдырыс.

Алдыңда үлкен бұрылыс

Жол тәртібін абайла

Артыңда үлкен құрылыс.

Абзал

Ұлар, ұлар, ұлармын

Ұшқырлыққа құмармын

Ұлы сөздің басында

Ұ әрпі болып тұрамын

Ақбота

Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты

Фархад пенен Фатима

Фермаларға барыпты

Алихан

Алфавитті білдік біз

Онда жүйе қалып бар.

Бізідің қазақ тілінде

42 әріп бар

Өркен

Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды
Әліппені бітірдім
Бала болдым ақылды.
Көп нәрсеге үйреттің,
Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

ӘН: Әліппе-2

Мерей

Үйретіп бізге алғаш Әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Мөлдір

Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Рамина

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Айназ

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Ерасыл

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Балауса

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе менде ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш әлім

Биікке самғап ұшамын

ӘН: Ұстаз Амина

 Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

 Қыздар:   Бәрімізді сүйіп өткен,

 Ұлдар:     Балаларға үйреткен.

 Хормен:   Әліппе мен Ұстазға

Бас иеміз құрметпен

 Әліппе:

 -    Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика, дүниетану, музыка, бейнелеу, еңбекпен дос болдық.

Математика: Есептеуге  жүйрік  болсаң  жасыңнан

                          Математикаға  орын  берсең  басыңнан

                           Барлық  ғылым  саған  үйір  болады,

                           Досың  солар  табылатын  қасыңнан

-Ал  енді  Болашақ  математиктерді  ортаға  шақырайық.

Алина

Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

Дәнекез

Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады.

Нұржанат

Бөлмеде 3 мысық отыр, әрқайсысының алданда бір-бір мысықтан.

Барлығы неше мысық?

Абзал

-Адам несіз өмір сүре алмайды? /ауасыз, сусыз, тағамсыз/

-Сен және мен,біз екеуміз қосылсақ қанша боламыз? /екеу/

-Күн мен түн қалай басталады? /кезекпен/

-Бір жылда неше ай бар?

-Адам есектен неге құлайды?

Ерасыл

Үш алманың үшеуін

Досың сұрап алады,

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

Аянат

 1- жүргізуші

 Әліппені бітіріп,

 Бала болдық  ақылды.

Дәулет

2- жүргізуші

Қош бол, құтты Әліппем,

 Көп нәрсені үйреткен!

Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық. Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!

 Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.

Кір шалмасын беттерін

Таза болсын оқулық пен дәптерің

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің 5-ке толсын.

Қош сау болыңдар.

Аянат

  1. жүргізуші

 Әліппемен қош айтысып қаламыз,

 Енді қолға Ана тілін аламыз.

Дәулет

2- жүргізуші

 Ата –ана қуанышқа ортақ бол,

 Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Мұғалім: Ортаға ана тілі оқулығын шақырайық

Ана тілі:

Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі

 1- Жүргізуші

 Баланың да тірегі,

 Дананың да тірегі.

 Шаншылмасын ешқашан,

 Аналардың жүрегі.

2- Жүргізуші

  Ақыл құйған санама,

 Күннен де артық расында.

 Күн-алыста, ал анам,

 Ылғи менің қасым

ӘН: АНА ҰЛДАР

Қыздар сыртқа шығады

Би: 1 топ

Ән: Айназ Ұстазым

Би: Қуыршақтар

Ән: Балауса Мектебім Артта басқа оқушылар қайырмасына қосылады.

Құттықтау: Мектеп басшылары,

ата-аналар.

Әліппені бітірген туралы Естеліктері мен суреттерін ұсыну.

















Н. Островский атындағы мектеп-лицейі













«ӘЛІППЕ БІЛІМ БАСТАУЫ»





Г.М. Байсалбаева











Сарқан қаласы 2015 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?ош бол с?йікті-?ліппем"

Автор: Байсалбаева Гульмара Малаевна

Дата: 12.03.2016

Номер свидетельства: 304668


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства