kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, шығармашылықтарын шыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз байлығын молайғандығын, сапаларының өткенін көрсету.

Тәрбиелік:

Мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қош бол, сүйікті Әліппе!» плакаты, әліппеге арналған өлең жылдары, шарлар, суреттер.

Барысы: Музыка ойнап тұрады. Оқушылар қол ұстасып сахна төріне кіреді.

Мұғалімнің алғы сөзі:

  • Бүгінгі мерекеге жиналып отырған ақ пейілді, немере дегенде жүрегі елжіреп тұратын қасиетті әжелер, мынау кішкентай қошақандарынан парасатты азамат көрсем деген Алатаудай үміті бар қасиет тұнған ата-аналар, бүлдіршін балапандарының асыға да, аптыға айтқан өлеңдерін толқи да, тебірене тыңдайтын демеуші болар әкелер, қамқоршы болар аналар, мінекей бал қылықты, бал тілді, мынау бүлдіршіннің білім жолындағы алғашқы биігіне қуана қол соғайық, толқи тыңдайық, жігермен жетейік. Сіздер мен біздер жетелеген ұрпақтың алар биігі де, асар асуы да алда.

Білім жолына сәт қадам басқан бүлдіршіндер алдарыңызда, жүректен тербеп, ақылмен демеп, парасат биігіне жол тартайық.

Сөз бүлдіршіндерде:

  1. – жүргізуші:
  2. Ассалаумағалейкум
  3. жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

1 – жүргізуші:

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,  Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне, әліппемен қоштасады, Азамат боп кещегі сәби еркелер.

  1. – жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған. Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

    1 – жүргізуші:

Жиналыппыз қасиетті күні бәріміз де

Үлкен кіші жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ

Әліппеміз қоштаспақ

Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

Біз енді өзіміз – ақ, кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

Мұғалім:

  • Балалар:

Іші толған әріпке

Білімдері жарық не?

Оқушылар:

  • Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

Енді ортамызға менің де, сендердің достарың «Әліппені» шақырамыз.

  •  
  • Келіңіз,  әліппе келіңіз!

Әліппе: Армысыздар, жас достар

Армысыздар, ата – ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Менің атым – әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Ағаң менен әпкең де

Жақсы білім – көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық

Іші толған әріпке

Мынау әйбат әліппе

Барлық ілім – білімнің

Әжесі осы – әліппе

Әліппе деген – алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де –

Атын, затын, түрін де

Ата – ана атын сен

Бізге үйреттің әліппе!

Бізге нағыз жақын сен

Сенен білдік әріпті

Сөйлейді олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды

Таңдай бердім мен жұтып,

Тіл біткен тақпақ жырларды

Ән «Әліппе»

Үйретеді әліппе

42 әріпті

Ең алғашқы кітабың

Әліппені дәріпте

Қ-сы

«А» дегенім ана

«Ә» дегенім әке

«Б» дегенім бала

Естіп жүрме шала

«А» дегенім ата

«Ә» дегенім әже

«Б» дегенім балта

Мұны есте сақта

Әліппені алайық,

Парақтап біз қарайық.

Әріптерді үйреніп,

Әсем әнге салайық.

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп

Ұстаздардың есімін.

Алдыңа келіп, ұстазым,

Алғаш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімді сезінгем

Ұстаз болған баршаға,

Ардақты жандар қаншама?!

Шәкіртің күнде қуансын,

Шаршама, ұстаз шаршама

Талпынды алға жас үміт

Мектебім, қымбат есімің

Қоңыраумен шақырып

Тербетті білім – бесігің

Сәлем саған, мектебім,

Алғыстарым көп менің

Оқу, білім, тәрбие –

Ой – санама еккенің

Сіміріп білім бұлағын

Оқып білім аламын

Дегендей ақ мейіріммен

Қарсы алады мектебім

Жүргізуші:

Сенің нұрың сөнбесін

Ашық аспан, жарық күн

Келешегі сөйлесін \қазақ деген халықтың

Тілі балдай баланың

Талабына жарық бер

Ертеңгілік сабағын

Жалғастырар мына әріптер

Әріптерім, қайдасың,

Кел, ортаға шығайық.

Сырымызды ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Әліпбиді білеміз,

Онда, жүйе қалып бар

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар

Ал әріптер, шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты,

Жібермейік намысты

Әліпбидің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде, түсінші.

«А» деген ол аналар ғой ардақты

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты

«Б» деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі                    

А – Абай атам өлеңін,

Апама оқып беремін

Ә – Әуезов Мұхтар атаның

Әлемді білді атағын

Б – білгір ғалым ақын еді,

Байтұрсынов Ахмет

Ғ – Ғабиден, Ғабит еңбегі,

Ғұмырлық байлық елдегі

Д – Дәуірден тұр тіл қатып

Дулатұлы Міржақып.

Ж – Жүсіпбек Аймауытов ұлы дарын,

Жұртына берсем деген білім нәрін

И – Иірімі өлеңдердің ғажап еді,

Исаны ұмытпайды қазақ елі

К – Кенен ата – ақын еді кешелі,

Кейінгі ұрпақ жырын жаттап өседі

Қ – Қажымұқандай алыпты,

Қалмақан ата жазыпты

М – Мағжан дәуір перзенті,

Мағжан ердің келбеті

О – орны бөлек алыптың,

Олжас ұлы халықтың

С – сындарлы елдің сұңқары,

Сәкеннің біз ұрпағы

Ф – Фариза апа қазақтың бұлбұл қызы

Жыр аспанда жарқырап тұр жұлдызы

Х – Хамит ата кітабы,

Күнде оқиды ұрпағы

Ш – Шәкәрім өлеңдегі ұлы тұлға,

Жырларын халқымның жоқ ұмытуға

Әліппе:

Енді мен сендердің келесі оқитын оқулықтарын Ана тілімен таныстырамын. Бұл оқулықтан көп ілім, білім аласыңдар. Ұқыпты ұстаңдар.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілі – ұраным

Ана тілі – құралым

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым

Ана тілі – елдігім,

Ана тілі – ерлігім

Ана тілі болмаса

Бүтінделмес кемдігім

Сәлем, Ана тіліміз

Сенсің асыл үніміз

Ана тілін сүйеміз

Ардақтап бас иеміз   (бас иеді)

Ана тілі:

Амансың ба шырағым

Ақылыңмен ұнадың!

Жақсы көрсем өзімді

Жаттап алғын сөзімді!

Оқушы: Әр сөзіңді жаттаймын

Жүрегімде сақтаймын

Оқушы:

Таныстырған 42 әріптен

Қош бол, менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім

Әліппе:

42 әріпті игердің

Әріптен буындап сөз тердің

Ризамын балалар сендерге

Рахмет айтар кез келді

Хормен:

Бізге білім, салып берген

Қош, қош енді әліппе

Вальс

Атамның ән-күй ғажайып

Әжемнің әлди ғажайып

Анамның мейірімі ғажайып,

Әкемнің пейілі ғажайып,

Осындай жақсы әдет ғажайып,

Қалмасын ешқашан азайып

Ән «Сағындым әже өзіңді» орындайтын Қасым Б

Мың бұрала билейтін

Биді жақсы көретін

Қыздарымыз бар біздің

Қазақ биін билейтін – дегендей мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында  .....  биін тамашалаңыздар

Көрініс

Мерекеге арналады бүгін билеп

Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер

Алдарыңызда қазіргі «Балақай» биі,

Таң қалдырып, қанекей, би билеңдер,- дей келе 1 «А» сынып оқушылары.

Ән «Әліппе»

Күшейтіп бірлік, білімді,

Ән айттық біз тамаша,

Береке, бірлік болсын деп

Би билейміз жаңаша

Оқушылардың орындауында «Буратино» биі  

Мына менің сұрағыма жауап беріңдерші.

  • Сендер қайдасыңдар?
  • Талабы биік таудаймыз
  • Мың бұралған бишіміз
  • Біз шеберміз
  • Ақылдымыз
  • Үлкенге ізеттіміз
  • Кішіге қамқормыз
  • Көп оқимыз

Хормен: - Біз қазақ елінің болашағымыз.

  • Дұрыс айтасыңдар, сендер біздің болашағымызсыңдар!
  • Олай болса ертеңгілімізді әнмен аяқтайық.

Ән «Біз дәуірдің түлегіміз»

Бау – бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан – көңілді ауыл, қаламыз

Қ-сы

Жадырап  күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!

Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өскеде өсіп, толамыз

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралап

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қош бол, сүйікті Әліппем!»»

«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, шығармашылықтарын шыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз байлығын молайғандығын, сапаларының өткенін көрсету.

Тәрбиелік:

Мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қош бол, сүйікті Әліппе!» плакаты, әліппеге арналған өлең жылдары, шарлар, суреттер.

Барысы: Музыка ойнап тұрады. Оқушылар қол ұстасып сахна төріне кіреді.

Мұғалімнің алғы сөзі:

  • Бүгінгі мерекеге жиналып отырған ақ пейілді, немере дегенде жүрегі елжіреп тұратын қасиетті әжелер, мынау кішкентай қошақандарынан парасатты азамат көрсем деген Алатаудай үміті бар қасиет тұнған ата-аналар, бүлдіршін балапандарының асыға да, аптыға айтқан өлеңдерін толқи да, тебірене тыңдайтын демеуші болар әкелер, қамқоршы болар аналар, мінекей бал қылықты, бал тілді, мынау бүлдіршіннің білім жолындағы алғашқы биігіне қуана қол соғайық, толқи тыңдайық, жігермен жетейік. Сіздер мен біздер жетелеген ұрпақтың алар биігі де, асар асуы да алда.

Білім жолына сәт қадам басқан бүлдіршіндер алдарыңызда, жүректен тербеп, ақылмен демеп, парасат биігіне жол тартайық.

Сөз бүлдіршіндерде:

  1. жүргізуші:

  • Ассалаумағалейкум

  1. жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

1 – жүргізуші:

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне, әліппемен қоштасады, Азамат боп кещегі сәби еркелер.

  1. жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған. Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1 – жүргізуші:

Жиналыппыз қасиетті күні бәріміз де

Үлкен кіші жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге


Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ

Әліппеміз қоштаспақ



Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.


Біз енді өзіміз – ақ, кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.


Мұғалім:

  • Балалар:

Іші толған әріпке

Білімдері жарық не?


Оқушылар:

  • Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!


Енді ортамызға менің де, сендердің достарың «Әліппені» шақырамыз.

Хормен

  • Келіңіз, әліппе келіңіз!

Әліппе: Армысыздар, жас достар

Армысыздар, ата – ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға


Менің атым – әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Ағаң менен әпкең де


Жақсы білім – көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық


Іші толған әріпке

Мынау әйбат әліппе

Барлық ілім – білімнің

Әжесі осы – әліппе


Әліппе деген – алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.



Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де –

Атын, затын, түрін де


Ата – ана атын сен

Бізге үйреттің әліппе!

Бізге нағыз жақын сен

Сенен білдік әріпті


Сөйлейді олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды

Таңдай бердім мен жұтып,

Тіл біткен тақпақ жырларды


Ән «Әліппе»


Үйретеді әліппе

42 әріпті

Ең алғашқы кітабың

Әліппені дәріпте


Қ-сы

«А» дегенім ана

«Ә» дегенім әке

«Б» дегенім бала

Естіп жүрме шала

«А» дегенім ата

«Ә» дегенім әже

«Б» дегенім балта

Мұны есте сақта


Әліппені алайық,

Парақтап біз қарайық.

Әріптерді үйреніп,

Әсем әнге салайық.


Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп

Ұстаздардың есімін.





Алдыңа келіп, ұстазым,

Алғаш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімді сезінгем


Ұстаз болған баршаға,

Ардақты жандар қаншама?!

Шәкіртің күнде қуансын,

Шаршама, ұстаз шаршама


Талпынды алға жас үміт

Мектебім, қымбат есімің

Қоңыраумен шақырып

Тербетті білім – бесігің


Сәлем саған, мектебім,

Алғыстарым көп менің

Оқу, білім, тәрбие –

Ой – санама еккенің


Сіміріп білім бұлағын

Оқып білім аламын

Дегендей ақ мейіріммен

Қарсы алады мектебім


Жүргізуші:

Сенің нұрың сөнбесін

Ашық аспан, жарық күн

Келешегі сөйлесін \қазақ деген халықтың

Тілі балдай баланың

Талабына жарық бер

Ертеңгілік сабағын

Жалғастырар мына әріптер


Әріптерім, қайдасың,

Кел, ортаға шығайық.

Сырымызды ашайық,

Тойға шашу шашайық.


Әліпбиді білеміз,

Онда, жүйе қалып бар

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар



Ал әріптер, шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты,

Жібермейік намысты


Әліпбидің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде, түсінші.


«А» деген ол аналар ғой ардақты

«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты

«Б» деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі


А – Абай атам өлеңін,

Апама оқып беремін

Ә – Әуезов Мұхтар атаның

Әлемді білді атағын

Б – білгір ғалым ақын еді,

Байтұрсынов Ахмет

Ғ – Ғабиден, Ғабит еңбегі,

Ғұмырлық байлық елдегі

Д – Дәуірден тұр тіл қатып

Дулатұлы Міржақып.

Ж – Жүсіпбек Аймауытов ұлы дарын,

Жұртына берсем деген білім нәрін

И – Иірімі өлеңдердің ғажап еді,

Исаны ұмытпайды қазақ елі

К – Кенен ата – ақын еді кешелі,

Кейінгі ұрпақ жырын жаттап өседі

Қ – Қажымұқандай алыпты,

Қалмақан ата жазыпты

М – Мағжан дәуір перзенті,

Мағжан ердің келбеті

О – орны бөлек алыптың,

Олжас ұлы халықтың

С – сындарлы елдің сұңқары,

Сәкеннің біз ұрпағы

Ф – Фариза апа қазақтың бұлбұл қызы

Жыр аспанда жарқырап тұр жұлдызы

Х – Хамит ата кітабы,

Күнде оқиды ұрпағы

Ш – Шәкәрім өлеңдегі ұлы тұлға,

Жырларын халқымның жоқ ұмытуға

Әліппе:

Енді мен сендердің келесі оқитын оқулықтарын Ана тілімен таныстырамын. Бұл оқулықтан көп ілім, білім аласыңдар. Ұқыпты ұстаңдар.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілі – ұраным

Ана тілі – құралым

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым


Ана тілі – елдігім,

Ана тілі – ерлігім

Ана тілі болмаса

Бүтінделмес кемдігім


Сәлем, Ана тіліміз

Сенсің асыл үніміз

Ана тілін сүйеміз

Ардақтап бас иеміз (бас иеді)


Ана тілі:

Амансың ба шырағым

Ақылыңмен ұнадың!

Жақсы көрсем өзімді

Жаттап алғын сөзімді!


Оқушы: Әр сөзіңді жаттаймын

Жүрегімде сақтаймын


Оқушы:

Таныстырған 42 әріптен

Қош бол, менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім


Әліппе:

42 әріпті игердің

Әріптен буындап сөз тердің

Ризамын балалар сендерге

Рахмет айтар кез келді



Хормен:

Бізге білім, салып берген

Қош, қош енді әліппе


Вальс


Атамның ән-күй ғажайып

Әжемнің әлди ғажайып

Анамның мейірімі ғажайып,

Әкемнің пейілі ғажайып,

Осындай жақсы әдет ғажайып,

Қалмасын ешқашан азайып


Ән «Сағындым әже өзіңді» орындайтын Қасым Б


Мың бұрала билейтін

Биді жақсы көретін

Қыздарымыз бар біздің

Қазақ биін билейтін – дегендей мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында .............................. биін тамашалаңыздар


Көрініс


Мерекеге арналады бүгін билеп

Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер

Алдарыңызда қазіргі «Балақай» биі,

Таң қалдырып, қанекей, би билеңдер,- дей келе 1 «А» сынып оқушылары.


Ән «Әліппе»


Күшейтіп бірлік, білімді,

Ән айттық біз тамаша,

Береке, бірлік болсын деп

Би билейміз жаңаша


Оқушылардың орындауында «Буратино» биі


Мына менің сұрағыма жауап беріңдерші.

  • Сендер қайдасыңдар?

  • Талабы биік таудаймыз

  • Мың бұралған бишіміз

  • Біз шеберміз

  • Ақылдымыз

  • Үлкенге ізеттіміз

  • Кішіге қамқормыз

  • Көп оқимыз


Хормен: - Біз қазақ елінің болашағымыз.

  • Дұрыс айтасыңдар, сендер біздің болашағымызсыңдар!

  • Олай болса ертеңгілімізді әнмен аяқтайық .


Ән «Біз дәуірдің түлегіміз»

Бау – бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз


Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан – көңілді ауыл, қаламыз


Қ-сы

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз!


Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өскеде өсіп, толамыз

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз


Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралап

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар


16



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Автор: Иманбекова Улжалгас Дербисбековна

Дата: 08.01.2017

Номер свидетельства: 376588

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?ош бол, с?йікті ?ліппем! мерекелік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshbolsuiiktilippiemmieriekielikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272053"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451898770"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?ош бол с?йікті ?ліппем "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-bol-suiikti-lippiem-3"
    ["file_id"] => string(6) "167558"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423118063"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ашы? саба? "?ош бол, с?йікті ?ліппем." "
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-osh-bol-suiikti-lippiem"
    ["file_id"] => string(6) "167574"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423119186"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "«?ош бол, с?йікті ?ліппем!» 1 csysg"
    ["seo_title"] => string(33) "k-osh-bol-suiikti-lippiem-1-csysg"
    ["file_id"] => string(6) "302237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457096364"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""?ош бол с?йікті-?ліппем""
    ["seo_title"] => string(22) "koshbolsuiiktilippiem1"
    ["file_id"] => string(6) "304668"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457774739"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства