Просмотр содержимого документа
«"Ел рәміздері- еркіндік нышаны"»
Тақырыбы: Рәміздерім –мақтанышым
Мақсаты:
.
Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,
карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Сабақ барысы:
Кіріспе бөлім:
Сәлемдесу Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық. Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге
Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздер екені белгілі. Міне балалар бүгінгі сабағымыз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады.. Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Рәміздерім-мақтанышым» деп аталады.
Бүгінгі сабағымызда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Ендеше сабағымызды еліміздің Әнұранымен бастайық. (Әнұран орындалады)
Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Жас ұлан» тобы,
«Жас қыран» тобы, «Жас өркен» тобы
Мұғалім: Қазақстан-біздің Отанымыз. Біздің Отанымыз өте үлкен ,табиғи қазба байлықтарға бай мемлекет.Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде.. 2021 жылдың 16 желтоқсан айында біз тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болған мерейтойымызды атап өттік.
Қазақстан туралы видео көрсету.
-Қанекей,балалар Отан туралы кім тақпақ біледі?
Гүлдердің ертемен Қауызын ашқанын, Көктемнің көкпеңбек, Мөп-мөлдір аспанын, Таулардың қол жетпес асқарын Ұнатам бәрін де, Өйткені ол Отан, Ұлы Отан. Бәрін де, бәрін де Ұнатам, Өйткені ол Отан Ұлы Отан.
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған! Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады
«Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Біздің мемлектіміздің символы болып табылатын рәміздерді атайықшы, балалар.
Ендеше «Жас ұлан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Жас қыран» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Жас өркен» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерек еріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығайық.
Ақжүрек Біздің Республикамыздың туы көк түсті. Ортасында күн орналасқан. Бұл біздің еліміздің аспаны мәңгі жарық болсын. Ешқашан бұлт төнбесің деген мағынаны білдіреді. Күннің астында қыран құс бейнеленген. Қыран өте биік ұшады. Еліміздің мерейі үнемі биіктен көрінсін дегенді білдіреді. Ал тудың шетінде қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Мерей Көк жүзінде көгілдір Гүл жайнаған мөлдір нұр. Қазақстан жалауы- Азаттықтың алауы. Желбірейді аспанда, Отан орны асқарда.
Айару Желбірейді шалықтап, Қазақстан жалауы. Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады. Көк аспанда нұрлы Күн, Күлімдейді далама.
Нұрбақыт Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы. Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Алихан Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек – Елдің ашық қабағы.
Перизат Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар, біздің Отанымызда өмір сүріп жатқан халықтардың бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның бір бөлігі қанатты тұлпар. Тұлпар - қазақтың киелі жануары болып табылады. Жоғарғы жағындағы жарық жұлдыздың бейнесі көрсетілген. Астында Қазақстан деген Республиканың аты жазылған. Масақ Отанымыздың байлығы, молшылықтың белгісі.
Нұрсила Елтанбасы елімнің Неткен әйбат, әдемі. Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі
Балнұр Құт, береке шаңырақ Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген
Інжу Тұлпар барда қанатты, Шайқалмайды шаңырақ. Тәуелсіздік көркі ол да, Өркениет өрінде. Нұр төгеді Елтаңба Ақ орданың төрінде.
Айару Кез- келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.
Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Әлтайыр Әнұраны елімнің Шақырады бірлікке. Егеменді халқымның Болашағы бірлікте.
Берікбек Ән ұраным - жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім- сағынарым, Жүрсем егер дүние кезіп
Нұрзат Естігенде көк аспанның астында, Тік тұрындар айтылғанда Әнұран. Бар қазақтың үніндей шарықта, Шарықташы, Әнұраным, шарықта! Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.
Аружан Барша халық таныған Біздің үміт, тілекті. Шырқалғанда әнұран Шаттық кернер жүректі
Әр топқа тапсырмалар беріледі. Қағазға сурет қиындыларын жапсырып, әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
1-топ Астана
2-топ Қазақстан табиғаты
3-топ Қазақстан картасы
Отан туралы мақал-мәтел айтады.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерл