Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен білімдерін тексеру.Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілеттерін шыңдау. Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа, өзін - өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білімділер мен тапқырлар»
«Білімділер мен тапқырлар» сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен білімдерін тексеру.Оқушылардың білімдері мен біліктіліктері арқылы ой - өрістерін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілеттерін шыңдау. Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа, өзін - өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! Мектебімізде «Қазақ тілі апталығы» аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.Бүгін сондай іс-шараның бірі «Білімділер мен тапқырлар» сайысы. Бұл сайысқа 3,4,5 –сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысады. Сайыста оқушылардың білімін әділ қазы алқасы бағалайды:
Сайыс кезеңдерімен танысайық!
1.Суреттерді сөйлет.
2.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. Ойлан, тап!
4. Жекпе-жек. Олай болса сайысымызды бастайық!
Қызықты суреттер. (жаңбыр, Кітап, ине, қол, от)
(Нан, бесік, бұлбұл,ит,қоян)
Сөз тапқанға қолқа жоқ. Топтарбір бір әріптен таңдайды. Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулеріңіз керек.
1-топ
Қайда барасың?
Не киесің?
Кімді жақсы көресің?
Кімнің баласысың?
Не сатып аласың?
Мектепке немен барасың?
Сенің мінезің қандай?
Апаң аты кім?
Қандай үйірмеге барасың?
Қандай кітап оқыдың?
2-топ.
Сенің атың кім?
Мектепке барасың ба?
Қарындасыңның мінезі қандай?
Досың бар ма?
Анаң қандай?
Кітап оқыдың ба?
Бүгін қандай күн?
Қандай жазушыны білесің?
Қай елде тұрасың?
Қыздар шалбар кие ме?
Ойлан, тап! Суреттер арқылы қала аттарын табады.
Жекпе-жек. Топтарға он бес сұрақтан қойылады. Топ өз сұрағына жауап бере алмаса келесі топ жауап бере алады.
1-топ
1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар? жауабы: 4 жалғау
2. да, де, та, те қай септіктің жалғауы? Жауабы: Жатыс септігінің
3. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? (қараша,1993ж.)
4. Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)
5. Түйе сүтінен жасалатын сусын?(шұбат)
6. Жуан дауысты дыбыстарды ата.(а ұ ы о)
7. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (15 дауысты дыбыс)
8. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.) 9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 10.Бір тәулікте неше сағат бар?
11.Барыс септігінің жалғауларын атаңдар 12.Жамбыл Жабаев неше жыл жасаған ақын?
13. Қазақ тілінде неше септік бар?
2-тапсырма
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. Бір жылда 12 не бар? (ай)
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.(ә е ө і ү)
4. Бие сүтінен жасалатын сусын?
5. Қазақстанның астаналары? (ОрынборҚызылорда Алматы,Астана)
.6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) 7. Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар)
8. Бала туғанда жасайтын той. (шілдехана)
9. Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)
10. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
11. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 12. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.). 13.Сөйлем неден құралады?