kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ас атасы - нан 1

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ас атасы - нан

Саба?ты? ма?саты :

Білімділік: Саба? барысында балалар д?н т??ымдарыны? т?рлерімен, машина атауларымен танысып біледі.

Дамытушылы?: Балалар Бауырса? кейіпкеріне к?мектесу ар?ылы ?жымды? ж?мыс?а да?дыланады, нан жайлы тере? ма??лмат алып рухани байлы?ын дамытытады, с?ра??а жауап беру ар?ылы толы? с?йлеу дамиды, ?ызы?ты ойындар ар?ылы баланы? ?ш?ырлы?ы мен ойлау ?абілеті тез дамиды.Берілген ма?ал – м?телдермен бала лексикасыны? ?орын одан ?рі молайту к?зделді.

Т?рбиелік:Бауырса? кейіпкеріне к?мек беру н?тижесінде ?йымшылды?ты, нан?а байланысты ма?ал – м?телдер, ?ле?дер, та?па?тар мен жа?ылтпаш айту ар?ылы ?аза?ты? ?лтты? салт –д?ст?ріне т?рбиеленеді.

К?рнекіліктер: суреттер, нан?а байланысты ма?ал- м?телдер

 

                                      ?тілу барысы:

М??алім: С?леметсіздер  ме,балалар, отыры?ыздар!

    Сонымен,балалар,та?таны? бас жа?ына назар аудары?даршы,онда не деп жазылып т?р,к?не барлы?ымыз бір дауыспен о?иы?шы!(Балалар та?тада ілінген т?рбие са?атыны? та?ырыбын дауыстап о?иды).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ас атасы - нан 1 »



Қостанай облысы

Ұзынкөл ауданы

«Троебрат орта мектебі» М.М















(Сыныптан тыс сағаты)












Мұғалім: Какилеева Ә.Ж





Сабақтың тақырыбы: Ас атасы - нан

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Сабақ барысында балалар дән тұқымдарының түрлерімен, машина атауларымен танысып біледі.

Дамытушылық: Балалар Бауырсақ кейіпкеріне көмектесу арқылы ұжымдық жұмысқа дағдыланады, нан жайлы терең мағұлмат алып рухани байлығын дамытытады, сұраққа жауап беру арқылы толық сөйлеу дамиды, қызықты ойындар арқылы баланың ұшқырлығы мен ойлау қабілеті тез дамиды.Берілген мақал – мәтелдермен бала лексикасының қорын одан әрі молайту көзделді.

Тәрбиелік:Бауырсақ кейіпкеріне көмек беру нәтижесінде ұйымшылдықты, нанға байланысты мақал – мәтелдер, өлеңдер, тақпақтар мен жаңылтпаш айту арқылы қазақтың ұлттық салт –дәстүріне тәрбиеленеді.

Көрнекіліктер: суреттер, нанға байланысты мақал- мәтелдер


Өтілу барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,балалар, отырыңыздар!

Сонымен,балалар,тақтаның бас жағына назар аударыңдаршы,онда не деп жазылып тұр,кәне барлығымыз бір дауыспен оқиықшы!(Балалар тақтада ілінген тәрбие сағатының тақырыбын дауыстап оқиды).

Балалар: Ас атасы-нан.

Мұғалім:Дұрыс, бүгінгі өтілетін тақырып осы,ал нан туралы сіздерге толық түсіну үшін бізге қонаққа ертегіден Бауырсақтың өзы көмек сұрауға келді.Кәне,балалар,міне Бауырсақ та келіп қалды.

Осы кезде перденің артынан Бауырсақ кейіпкер шығып сөйлейді.

Бауырсық:Сәлеметсіздер ме,балалар? Сендер мені таныған шығарсыңдар деп ойлаймы

Балалар:Иә,біз сізді таныдық,сіз Бауырсақсыз!

Бауырсақ:Дұрыс айтасыңдар.Өздеріңіз білетіндей мен апам мен атамнан қашып жүрмін.(Осы кезде қоян кенеттен ).

Қоян: Бауырсақ,Бауырсақ,мен сені жеймін.

Бауырсақ: Айналайын ақ қоян, жемеші мені,қалағаныңныың бәрін де орындаймын.

Қоян: Жәрайды,онда сен маған және мына отырған балаларға осы нанды қайда өсіреді,пайдаланатын құралдары туралы айтып түсіндірші.Сонда ғана мен сені жемеймін.




Бауырсақ: Жарайды. Менің “Сиқырлы сандықшам” бар,сонда бәрі де бар.

Мұғалім:Балалар, нан тұқымдары негізінен қай жерде өсіріледі? Қалай ойлайсындар?Егін салғаннан кейін әрине оны суарып отыру керек.

Балалар: Суы жақын жерге отырғызылады.

Мұғалім: Дұрыс айтасың,отырағой,міне мынау саған бір бауырсақ.Балалар,негізінен егінді суы мол жерге немесе суға жақын жерге егеді.

Сондықтан,балалар, егін суы мол Сыр өңірі, Жетісу, Есіл, Ертіс, Жайық бойында егілген.

Мұғалім: Ал егер су болмаса онда қайда отырғызады ?

Балалар: Онда арық қазылады.

Мұғалім: Өте дұрыс жауап айттыңдар. Алыс жерден су тасымалдау мақсатымен арықтар жүргізіліп салына бастайды.

Мұғалім:Балалар, енді былай қарайық, қоянның қойған екінші сұрағына жауап берсек, онда бауырсақты жемеймін деп отыр.

Қоян:Оныңыз рас! Егер екінші сұраққа жауап табылса, онда Бауырсақты жемеймін, ал егер табылмаса, онда бауырсақ менің ас үйімдегі басты тағамым болады. Енді екінші сұрақ: Нан, ұн, бидай. Осы үшеуін реттеп қойып дұрыс жауабын көрсет. Сонан соң бидай тұқымынан ұнды қалай алуға болатынын айтып бер.

Соңғы сұрақ: Осы бидай тұқымдарын өсіріп, баптауға арналған құжетті құралдарды айтып көрсет.

Бауырсақ: Балалар, менің «Сиқырлы сандықшамда » осы сұрақтарға да жауап табылады.

Мұғалім: (Тақтаға, «Бидай, ұн, нан » деген плакат іледі)

Ал, балалар, бірінші орынға нені қоямыз ?


Балалар: Бидай, сонан соң бидайдан ұн аламыз, ұннан нанды пісіріп аламыз.

Мұғалім: Міне, мына бауырсақ саған, дұрыс таптың.

Ал екінші сұраққа кім жауап береді?

Балалар, «Сиқырлы сандықша » көмекке келді.( Осы кезде «Сиқырлы сандықшадан» қағаз алынады ) Бидайдан ұнды алу үшін бұрын қол диірменін пайдаланған, ал қазір ұн зауытында бидайдан ұн алады.

Балалар: Бидайдан ұнды алу үшін оны диірменнен өткізу керек.

Мұғалім: Дұрыс айтасың, міне саған бір бауырсақ.

Енді үшінші сұраққа жауап берейік.


Қиын екені бірден байқалып тұр.( Осы кезде «Сиқырлы сандықша» көмекке келеді) Жер жыртып егін егуге қажет – соқа, омаш.

Жыртылған жерді тегістеуге арналған – тырма, күрек, кетпен.

Егінді оруға арналған – орақ, шалғы.

Қоян: Балалар, сендер барлық сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, оларыңа рахмет. Мен енді бауырсақты жемеймін. (Кетіп қалады)

Келесі көрніс «Би»

Аю: Бауырсақ,Бауырсақ,мен сені жейінші.

Бауырсақ: Жоқ, аю, жемеші, мен тәтті емеспін.

Аю: (Иіскеп) О, қандай тәттісің!

Бауырсақ: Жемеші, айтқаныңның бәрін де істеймін, отырған балалар да көмектеседі.

Аю: Жәрәйді, осы сен маған бидайға ұқсас егіндік дақылдарды атап берші!

Бауырсақ: Иә, балалар, маған көмектесесіңдер ғой!

Балалар: Иә, жегізбейміз, көмектесеміз.

Мұғалім: Балалар, «Сиқырлы сандықша» көмекке келді. Осы жалпы « Сиқырлы сандықшаның » көмегінсіз бұл сұрақты оңай әрі тез шешеміз ғой деп ойлаймын.

Кәне кім біледі, айта ғой!

Балалар: Тары, арпа, күріш, жүгері, сұлы.

Мұғалім: Дұрыс айтасың саған екі бауырсақ.

Аю: Ал балалар, сендер жұмбақтар, мақал – мәтелдер не болмаса өтірік өлең, тізбек сөздер білесіңдер ме, айтыңдаршы. Кім айтады, соған мұғалім бауырсақ береді.

Осы кезде беттегі тапсырма айтылады.

Аю: Ой, Бауырсақ, көмекшілерің сондай ақылды, менің сұрақтарыма дұрыс, қатесіз жауап берді. Мен сені жемеймін, бара бер.

Оқушылардың орындауында «Қазақы дастарханы»


Осы кезде қасқыр кездеседі.

Қасқыр:Бауырсақ,Бауырсақ,мен сені жеймін,сен сондай тәттісің, алыстан иісіңді сезіп қойдым, қашып құтыла алмайсың.

Бауырсақ: Жемеші мені, айтқаныңның бәрін істеймін.

Қасқыр: Істейсің бе?


Бауырсақ: Иә, бұлжытпай орындаймын.





Қасқыр:Жарайды. Сен маған мына сұраққа жауап берші. Осы бұрын егінді орақпен, шалғымен орып жинайтын, ал қазір не істейді. Қазір оны қалай өңдейді?

Балалар: Қазір комбайндармен орады, машиналармен жинайды.

Мұғалім:Дұрыс, балалар, мен сендерге түсіндірейін. Егінді көктемде егіп, күзде оны комбайнмен орып, жинайды, сонан соң ол машинаға жүктеліп салынады, содан кейін ұн шығаратын зауытқа апарады, содан соң ұнды нан пісіретін жерге апарады, онда ұннан нан пісіріледі.

Осы кезде құрастырма ойын ойналады: комбайн – ұн жасайтын зауыт – нан пісіретін зауыт – дүкен, суреттері салынады.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге түсіндірдім,енді біреулерің келіп бұрысын түзеп, дұрысын тауып көрсетіңдер.

Оқушы шығып бағытын дұрыс көрсетеді.


Мұғалім:Жарайсың, міне саған бір бауырсақ.

Бауырсақ: Қасқыр аға, мұғалім мен балалар шәршәді ғой деймін, кішкене демалса қалай болады.

Қасқыр: Мен қарсы емеспін,демалсын.

Бауырсақ: Менің « Сиқырлы сандықшамда » бір ән болуға тиіс . Сол әнді тыңдайық.

Мұғалім: Жарайсыңдар.

Қасқыр: Ал,балалар, мен Бауырсақты жемеймін, қорықпаңдар. Қойған сұрағымның дұрыс жауабын таптыңдар. Мен кеттім.

Мың бұралған бишілеріміз шығады.

Осы кезде түлкі келеді.

Түлкі: Бауырсақ,Бауырсақ,мен сені жеймін және мына отырған балалар мен мұғалімді жейін деп келдім.

Бауырсақ: Жемеші ,біз дәмсізбіз!

Мұғалім:Түлкі, бізді жеп, жұтып әуреленіп қайтесің, оданша сабақ бойы балалардың жинаған бауырсақтарын жесеңші.

Түлкі: Жоқ, олар қағаздан емес пе! Оданша ұннан жасалатын нанның түрлерін айтып берсін балалар. Ал егер де көрсетпесе, мен Бауырсақты жеймін.

Бауырсақ: Балалар, көмектесіңдерші,енді апам мен атамнан қашпайтын боламын.

Мұғалім: Көмектесеміз бе, балалар ?

Балалар: Иә.

Осы кезде «Сиқырлы сандықша » ашылады.




1 – бала:Бауырсақ, ши бауырсақ, ақ бауырсақ, тұм бауырсақ, ашыған бауырсақ, бармақ бауырсақ, жалпақ бауырсақ, жас бауырсақ, бұрма бауырсақ.

2 – бала: Дөңгелек, ләйлек, күлше, шелпек, май шелпек, қиықша, бүкпе шелпек, күлшепай.

3 – бала:Шиыршақ, құймақ, жайма құймақ,қабарған шелпек, су шелпек.

4 – бала: Бөкпен, бүкпелер, тұшпара, бәліш, самса, май қаман.

Мұғалім: Дұрыс, балалар, ал түлкі, біз сенің сұрағыңа жауап бердік.

Қандай мақал – мәтелдер айтып бере аласыңдар?


  1. Оқушы: Нан – тамақтың атасы,

Ынтымақ – көптің батасы.


2 - Оқушы: Қамбасында дәні жоқтың

Дастарқанында наны жоқ.


3 - Оқушы: Тістем нанның қадірін

Тарыққанда білерсің.

Анық достың қадірін

Зарыққанда білерсің.


4- Оқушы: Қоныс көркі – там,

Дастарқан көркі – нан.


5 - Оқушы: Қарны ашқанға

Қара нан да май татыр.

Шөлдегенге

Қара су да бал татыр.


Нанға құрмет – елге құрмет.


6 - Оқушы: Дастарханға төгілген тамақ пен қиқымдарды теріп жеген адамдардың күнәлары кешіріледі.(«Мың бір хадистен»).






7 - Оқушы: Дүниеде байлықтың түрі көп,

Солардың ішіндегі ең негізгісі – осы нан байлығы.

(Ғ. Мұстафин).





8 - Оқушы: Нан болса – ойнап- күлеміз.

Нан болса – еркін жүреміз.


9 - Оқушы: Нан – қасиет.

Нан – береке.

Нан – мереке.


10 - Оқушы: Өтірік өлең.

Нанын теріп өріктің

Нағыз шортан қырда жүр.


11 - Оқушы: Жұмбақ шешейік.

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.

(нан)

Көрініс «Нан қасиетті – тағам»

Бір оқушы шығып нанға байланысты тиым сөздерді айтады.

Мұғалім: Оқушылар өз ойларын, пікірлерімен қорытынды жасайды.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ас атасы - нан 1

Автор: Какилеева Асемгуль Жумагалиевна

Дата: 19.11.2014

Номер свидетельства: 132805

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) ""Ас атасы-нан" "
    ["seo_title"] => string(14) "as-atasy-nan-2"
    ["file_id"] => string(6) "181944"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425416299"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "« Ас атасы – нан »             (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(31) "as-atasy-nan-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "208498"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1430827680"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ас атасы нан ( тіл дамыту)"
    ["seo_title"] => string(19) "asatasynantildamytu"
    ["file_id"] => string(6) "284210"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453950615"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ша?ын орталы? Ас атасы нан ( тіл дамыту)"
    ["seo_title"] => string(39) "shag-yn-ortalyk-as-atasy-nan-til-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "284229"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453954005"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) ""ас атасы-нан"
    ["seo_title"] => string(14) "as_atasy_nan_1"
    ["file_id"] => string(6) "384569"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485529273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства