- ?аза?та «Ас атасы -нан» деген с?з бар, я?ни д?мні? ?лкені – нан.
Нан – ба?ытты ?мiрдi? бастауы, ?зегi. Нан – ?асиет, нан - береке, нан - мереке, нан с?н салтанатты? алтын дi?гегi. Аталамыз ертеде арда?тысын нанмен ?арсы алып, алыс сапар?а бидай к?лшесiн берiп аттандыр?ан. А? дастар?ан ?стiнде бiр ?зiм нан жатса жарасып т?рады. Т?сiне бiлген адам?а бiр ?зiм нан – ?анша тiршiлiктi? тынысы, бiр т?йiр д?н – ?анша адамны? ма?дай теріні? жемiсi.
Нан болмаса ба?а?ны? кетерi бар, Нанмен ?ана ?мiрдi? ?терi бар. Жолда жатса егерде бiр ?зiм нан, Арланбай-а?, сен оны к?терiп ал!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«« Ас атасы – нан » (сыныптан тыс шара) »
« Ас атасы – нан »
Сабақтың тақырыбы: « Ас атасы – нан » Сабақтың мақсаты: Нанды қастерлеуге ,нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып,оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру. Еңбек адамдарын сыйлау білуге, қасиетті тағамымызды, яғни нанды қастерлеуге үйрету. Көрнекілігі: суреттер, мақал – мәтелдер,слайд, тыйым сөздер,пісірілген нан түрлері
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар, бүгінгі "Ас атасы-нан" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
- Қазақта «Ас атасы -нан» деген сөз бар, яғни дәмнің үлкені – нан. Нан – бақытты өмiрдiң бастауы, өзегi. Нан – қасиет, нан - береке, нан - мереке, нан сән салтанаттың алтын дiңгегi. Аталамыз ертеде ардақтысын нанмен қарсы алып, алыс сапарға бидай күлшесiн берiп аттандырған. Ақ дастарқан үстiнде бiр үзiм нан жатса жарасып тұрады. Түсiне бiлген адамға бiр үзiм нан – қанша тiршiлiктiң тынысы, бiр түйiр дән – қанша адамның маңдай терінің жемiсi.
Нан болмаса бағаңның кетерi бар, Нанмен ғана өмiрдiң өтерi бар. Жолда жатса егерде бiр үзiм нан , Арланбай-ақ, сен оны көтерiп ал!
Мадина Нан-ардақты адал ас, Кәрі жас одан аттамас. Нандай жоқ қой асыл дән, Жеп үйренген жасыңнан. Дастарханнан нан кетсе, Береке кетер асыңнан. Ақылбек Ей балалар,балалар, Болмаңдар сірә, нанға тар. Өмірдің алтын арқауы, Бар қасиет нанда бар
Бухарбаев Еліміздің құдіретін асырып тұрған Меніңде, Сеніңде, Оның да мерейін үстем қып тұрған Ол-нан! . Нұрқазы
1. Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
Балалар,нан неден алынады? -Бидайдан. -Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын. Сахналық көрініс:
Бидай: Дәмелі Мен адамдардың аңсары ауған, ас арқауы ақ бидаймын. Мені жер бетінің көп халқы өте ерте дәуірлерден біледі және мен арқылы ұрпақ жайып өсіп келеді. Дәнімнің құрамында адам организімі үшін өте қажетті, әрі сіңімді крахмал,белок,май,қант т.б. заттар болғандықтан, менен жасалған түрлі тағамдар адамның күш-құтының арқауы, дастарханның берекесі, тіршілігінің көзімін. Нан анасы бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толы піскенде Қауызыма сыймаймын.
Арпа: Нұрия Мен негізінен жармалық дақылдарға жатамын. Мені де түрлі тәтті тағамдар қатарына қосады, өте майдалап жармаласа, тісі шықпаған сәбилердің сүйіп жейтін тағамы боламын. Әсіресе, қыста малға таптырмайтын қуатты, витаминді мол қорекпін.
Күміс мұртты арпамын, Ырыс құтты арпамын. Еңбек етіп баптаған Еліме сый тартамын.
Тары:Маржан Арпа танысым айтқандай, мен де жармалық дақылдар қатарына жатамын. Мені де түрлі тәтті тағамдар қатарына қосады, өте майдалап жармаласа, тісі шықпаған сәбилердің сүйіп жейтін тағамы боламын. Әсіресе, қыста малға таптырмайтын қуатты, витаминді мол қорекпін. Ақ,қарамын, сарымын, Мен өнімді тарымын. Халқым еңбек сіңірсе, Қайтарамын қарымын
Күріш: Жайлыхан Мен ел ырысы ақ күрішпін. Сондықтанда халқымыз, ,,Күріш бар ел – ырысы бар ел ’’ деп аса бір мақтаныш сезіммен дәріптейді. Көптеген халықтық ең сүйіп жейтін тағамымын. Тұқымым өте пайдалы, бағалы заттарға бай, халық шаруашылығының түрлі салаларында да құным жоғары. Күнді сүйген күрішпін, Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп ел мол өнім Ала жаздай су іштім.
Көрініс: Егінші мен қасқыр Би: Шашбаулым
Ендігі кезек тақпақтарға беріледі.
Ерболат Менің елімнің елтаңбасында масақтың суреті бейнеленген.Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді.Біз оны мақтанышпен айта аламыз. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар, Нанды өмір деп санаңдар. Нан болмаса Қызығың бақытың Құр әуре,далбаса
Арай Нансыз тыныштық та болмайды Көкіректі мұң, Жерді шаң торлайды. Екі ел бірін -бірі жалмайды. Елімнің құдіретін асырып тұрға н Менің де, сенің де оның да Мерейін үстем қып тұрған Дән емес пе? Дән-ән емес пе? Жансая Дастарқан басынан, Үзілмес асыл дәм. А тоқаш,ақ қалаш, Адамның асы нан.
Дастарқаннан үзілмейтін тамақ не? Нан
Нанда өмірдің иісі мен дәні бар, Нанда адамның еңбегімен ары бар. Нан- өмірдің ана сүті , арқауы, Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар Оқушылардың өздерi дайындаған тоқаш, нан, шелпек т.б. ұннан жасаған тағамдарын ортаға қойып, қонақтарға ауыз тигiзу. Асқа байланысты айтылған тиым, нақыл сөздердi еске түсiру. «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар» Марғұлан 1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. 2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Арайлым
3.Ас үстінен аттама Астан үлкен емессің 4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды. 5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
Ән:Дастархан
Нан туралы мақал-мәтелдер
Қайрат Дастарқанында наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ. Бақытжан Ас атасы нан. Нан бар жерде ән бар. Нан тіршілік көзі. Нан-береке бастауы.
Жайлыхан Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Нұрдәулет
Қоныс көркі там, Дастархан көркі- нан
Тістем нанның қадірін Тарыққанда білерсің
Міне, балалар біздің дастарханымызға нан оңайлықпен келмейді . Ал сендер күнделікті жеп жүрген нанды қалай пісіретіндігін видио арқылы көреміз. (Наубайшының нан ашыту,қалыпқа салу,пешке пісіруін видео арқылы көрсету)
Би :Үнді биі Көрініс: Нан қайдан шығады? (Ертегі) Бір күні Тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен сап – сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан исіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр – жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тышқан тесіктен сақтана сығалады. - Нан, нан сен қайдан шықтың? – деді сыбырлады. - Сатушыдан сұра, - деді Нан - Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады? - Наубайшыдан сұра, - деді. Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналды. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып жұмғанша қап – қап ұн дайын болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да: - Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады. - Комбайыншыдан сұра, - деді қырманшы қарт. Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастады. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп: - Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады. - Көктемде тракторшы жер жыртып, тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - дейді комбайыншы. - Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ нан таба беремін, - деп қутың – қутың етті Тышқан. - Әне мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол – ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
Мұғалім:
Ендігі кезек ойын. Ойынға 2 бала анасымен бірге шығады.1-ші бала анасына ұннан жасалған сөздер айтып,анасына жету. 2-ші бала анасына жету үшін сүттен жасалған тағамдар айту.
Төлеген Альбинаның орындауын да "Наурыз көктем " әні
Қорытынды
1.Дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан байлығы. (Ғабиден Мұстафин)
2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей қалса, бөгелместен “Нан” деп жауап берер едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін күндей жарқыратады. (Ыбырай Жақаев)
Балалар, нан оңайлықпен дастарханға келмейді. Қазір бүкіл жұмыс техниканың күшімен атқарылады. Нанның әр түйірінде сол адамның ыстық алақанының табы бар. Сондықтан да нанды ысырап етпей, қадірін біліңдер. Нанның обалы болады.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! –дей келе бүгінгі «Ас атасы -нан» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.