kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Аялы алақан» байқауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Аялы алақан» байқауы»


Тақырыбы: «Аялы алақан».

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, сыпайылылық, қамқорлық

Өтілу түрі: байқау

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Міндеті:

  • жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту.

  • балалардың өзіндік көзқарасын , өз ойын айта білу қабілетін дамыту.

  • балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: безендіру, даналық сөздер, бейнетаспа «Аялы алақан»

Байқауға қатысушылар: 4 сынып оқушылары мен ата-аналары

Байқау шарттары төрт бөлімнен тұрады:
1 бөлім – «Таныстыру» (топтың өзін таныстыруы)
2 бөлім – «Өнер»
3 бөлім – «Түрлі тапсырмалар»
4 бөлім – «Ас – адамның арқауы» (ас мәзірін қорғау)

Сахнада әуенмен оқушылар өлеңдер оқиды

Талшын: «Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры» .Әр адамның өз анасына деген махабаты шексіз! Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ! Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды , оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана-мәңгілік тақырып.

Аружан: Ана – бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дана, Ана! Ана десе толқымайтын жүрек , Ана – дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек,тербелмейтін сезім болуы мүмкін емес!Балаға анадан артық адам, анадан қымбат жан жоқ.Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Дүниеде анадан жақын кім бар балаға? Өзінің жағдайына қарамаса да, баласына бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын баласына қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»- деп ескерткенін ұқтыратын ана бізді бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсын деп бейнеттенеді. Үлгі көрсетіп өнерге, жақсыға баулиды. Әр ана өз баласын тісімен тістеп жүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, арлы, намысты болып өсуге қолынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен мақтанып, баласымен мың жасауды армандайды. Ана - біздің сарқылмайтын бұлағымыз. Ол біздерге мөп - мөлдір, тұнық күйінде үлгі өнегесімен сусындатуға жаралған ерекше жаратылыс иесі

Мөлдір: Ана — ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі — Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті — ананың табанында». Менің ойымша, осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік болар еді.Адам ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды.Анаға осыдан басқа артық тартутаралығының керегі жоқ. Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.

Ақбөпе:

Ана маған Күн сыйлап, ғұмыр берген,
Қасиетті Анамның тілін берген
Шарласаң да шар дала күн-түн мейлі
Артық жанды таппадым Жұмыр жерден.
Табыстырған мені Ана жан әкеммен
Мейірімін сондықтан дар көрем
Маған ыстық жандардың бәрін-бәрін
Барлығын да өмірге Ана әкелген.


«Ат биден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді рухтандырады.

Аслан: Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың, анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің балаға деген махаббатың тіл жеткізгісіз биік.

 Дана: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті  аяулы  аналар, қонақтар! Бүгінгі «Аялы алақан» атты байқуымызға  қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөзеді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы анна сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі байқау тақырыбы да осы қасиеттті ана мен бала болмақ!

Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар: 1) Искакова Сарсен Муратовна – мектеп директоры

2) Асильева Гульсин Абдрамановна – директордың оқу ісінің орынбасары

3) Лобова Татьяна Александровна – директордың оқу ісінің орынбасары

4) Кайдаулова Раушан Садвакасовна – информатика пәнінің мұғалімі

Жүргізуші: Сайыс 10 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері (критерийлер) болады.

Жүргізуші: Бүгінгі байқауға қатысушы отбасылар, мына парақшаларды бір-бірден алыңыздар, осы алған сандар бойынша кезекпен ортаға шығасыздар.

Жүргізуші:

Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға.

Қызып келген қырандай керілетін,

Әдеппенен ізетпен танысуға.

1 бөлім – «Таныстыру». Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.

Жүргізуші: Дәуірхан, сен өнер туралы мақал білесіңбе?

Жүргізуші: Әрине, Талшын

Ақыл көпке жеткізер

Өнер көкке жеткізер

Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын

Жүргізуші: Бәрекелді, олай болса, біздің отбасылардың өнерін тамашалайық!

2 бөлім – «Өнер». Ата-аналар балаларымен бірге өздері дайындап келген өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: Талшын, адамның әдептілігі, жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады екен.

Жүргізуші: Иә, Дәуірхан, бойымыздағы бар жақсы қасиеттер ең алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Жүргізуші: Талшын, ендеше, «Түрлі тапсырмаларға» кезекті берейік, байқауға қатысушылар қима қағаздардың біреуін таңдап алып,тапсырмаларды орындаңыздар ( регл - 5минут). Орындалған жұмысты әділқазы алқасы алдына апарасыздар.

3 бөлім – «Түрлі тапсырмалар»

1. Тапсырма: Мозайка құру. ( құралған мақалды оқу)

2. Тапсырма:  «Шатасқан әріптерден өлең жолдарын құрастыру»

3. Тапсырма: «Ана мен бала арасындағы махаббатты бейнелеп, тақырып қою»

4. Тапсырма:  «Сабақты кестесін жасау»

5. Тапсырма: «Бала сөзіне және ана сөзіне топтастыру жасау АНА кім? Бала кім?» (Біз аналарымызды үш тілде қалай айтамыз? Иә, Ана, МАМА, Мазз...

Ана – нұр өмір сыйлаушы, дана, данышпан, кемеңгер, тәрбиеші. АНА – бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім.Ана – бұл бізге жарық пен жылу беретін  Күн. АНА  ақылды, сұлу, нәзік, мейрімді, ардақты, анам менің жүрегім, анам менің гүлім, анам менің бақытым.Ана – нұр өмір сыйлаушы, дана, данышпан, кемеңгер, тәрбиеші.

Жүргізуші: Талшын, халқымыз айтады: Ас таңдасаң аяғына қара, Қыз таңдасаң анасына қара – дейді. Қарашы, біздің аналарымыз қандай ақылды, әдемі!

Жүргізуші: Ия, Дәуірхан, ақ орамал ананың сәні емеспе? Олай болса келесі бөлім «Ас – адамның арқауы» (ас мәзірін қорғау 2 минут)

4 бөлім – «Ас – адамның арқауы» (ас мәзірін қорғау)

Жүргізуші: Жүрегімізде жақсы қасиеттердің болуы кімнің арқасы? - Ананың арқасы! Балалар, аналарымызға арналған өз сәби жүрегімізден шыққанақ тілектерімізді айтайықшы. 

1. Мейіріміңіз үшін, Рахмет сізге!

2.Әрбір сәтіме қуанғаныңыз үшін, Рахмет сізге!

3. Алғашқы сөзіме қуанғаның үшін, Рахмет сізге!

4. Қамқор болғаныңыз үшін, Рахмет сізге!

5. Тәлім –тәрбиеңіз үшін, Рахмет сізге!

Рахмет сізге, Анашым! – барлығы бірге айтады. Әр бала анасына раушан гүлін ұсынып, бетінен сүйеді.

Жүргізуші: Әділқазы алқасы шешімі дайын болғанша, мен ән орындап берейін. (ән) Әділқазы шешімдері, марапаттау

Мұғалім:

Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз

– деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі кешіміз игі жақсылықтар әкелсін, балаларыңыз сіздердің алақандарыңыздың аясында өссін!

Балалар, сендерге айтарым, ана алақаны, ана мейірімі жер бетін жылытады, ана махаббаты барлығымызды аялайды. Ендеше, аналарыңды құрметтеңдер, аялаңдар, ренжітпеңдер демекпін. Күніміз анамен шуақты, анамен нұрлы, анамен жарық, анамен көркем болсын!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Аялы алақан» байқауы

Автор: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Дата: 08.11.2018

Номер свидетельства: 484339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Шуа?ын шаш?ан - "Аялы ала?ан""
    ["seo_title"] => string(34) "shuag-yn-shashk-an-aialy-alak-an-1"
    ["file_id"] => string(6) "318710"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460641942"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашық тәрбие сабағы "Анамның аяулы алақаны""
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk_t_rbiie_sabag_y_anamnyn_aiauly_alak_any"
    ["file_id"] => string(6) "398604"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489045894"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«?ке - ас?ар тау, ана - бауырында?ы б?ла?, бала - жа?асында?ы ??ра?»"
    ["seo_title"] => string(51) "kieaskartauanabauyryndagybulakbalazhagasyndagykurak"
    ["file_id"] => string(6) "318633"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460628210"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Б?гін мені? ту?ан к?нім !» "
    ["seo_title"] => string(26) "bughin-mienin-tug-an-kunim"
    ["file_id"] => string(6) "171612"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423683351"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Аялы ала?ан "
    ["seo_title"] => string(13) "aialy-alak-an"
    ["file_id"] => string(6) "204459"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429671980"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства