kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жолда жүріс қауіпсіздік апталығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жол көлік оқиғалары құрбандары туралы стастикалық материал.ҚР жолда жүру ережесі туралы түсінік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жолда жүріс қауіпсіздік апталығы»

ШҚО білім басқармасының

«Науалы балалар үйі»КММ















Тақырыбы; «Жолда жүріс қауіпсіздік апталығы»

Бағыты: Құқықтық және салауатты өмір салты.






Дайындаған:

Нұрахметова Ә.Н



















2016-2017 оқу жылы

«Жолда жүріс қауіпсіздік апталығы»
Мақсаты:
1.Тәрбиеленушілерді жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3. Тәрбиеленушілерді көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Кіріспе сөз

ІІ. Негізгі бөлім

-Жол көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күнінің шығу тарихы.

-Жол апаты құрбандарын еске алып1 минут үнсіздік.

-Апат болғанда көрсетілетін медициналық бірінші көмек.

-Жұмбақтар

-Жолда жүру ережесін білу және сақтау әр адам міндетті.

ІІІ. Қортынды бөлім
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе: Қайырлы кеш құрметті тәрбиешілер және тәрбиеленушілер «Жолда жүріс қауіпсіздік ережесі» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір адам «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. ІІ. Негізгі бөлім:

Жол көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күнінің шығу тарихы.
Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу идеясы осы күнді 1993 жылдан бастап атап келе жаткан РoadPeace британдық ЖКО құрбандарына көмек көрсету қайырымдылық қорынан туындаған.

1995 жылдың мамыр айында Льеже қаласында ЖКО құрбандары Еуропа Федерациясы Бас ассамблеясының делегаттарының жалпы есепке алу күнін өткізу идеясын қолдады.

1996 жылы Австрия, Люксембург,Нидерланды, Белгия, Германия, Греция, Италия, Португалия, мен Испанияның зардап шеккендерге көмек көрсету ұйымдары есепке алу рәсімдерін өткізді.

Көп жылдар бойы ЖКО құрбандарының Еуропа Федерациясына қосылған ұйымдар осы күнді еуропалық ЖКО құрбандарын еске алу күні ретінде ілгерлетіп атап өтіп жүрді.

1998 жылы еске алу күні Еуропаның шегіне шығып, басқа да континенттерде пайда бола бастады.

2004 жылы әлемде көптеген іс-шаралар өткізіліп, бұл күн бейресми түрде Бүкіл әлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні ретінде әйгілі болды.

2005 жылғы 26 қазанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өз Қарарынды дүние жүзі бойынша барлық мүше елдердің Бүкіләлемдік ЖКО құрбандарын еске алу күні ретінде белгілеп, оны қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтуге шақырды.

Жол апаты құрбандарын еске алып1 минут үнсіздік.

«Апат болғанда көрсетілетін медициналық бірінші көмек»

Бүгінгі күндері жолдарда көптеген апаттар мен жол-көлік оқиғалары болып жатқан кезде жәбірленушілерге бірінші көмек көрсете білу маңызды болып табылады. Дұрыс көрсетілмеген көмектің соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғатынын есте сақтаған жөн. 

Жәбірленушілердің өмірі- бірінші кезекте апат куәгеріне байланысты. Жыл сайын Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) бірнеше мың адам көз жұмып, көптеген адамдар жарақат алып, соның нәтижесінде мүгедектерге айналып жатады. Өлімге әкеп соғатын негізгі себеп ЖКӨ мен алған жарақаттар емес, ал дұрыс көрсетілмеген алғашқы көмек болып табылады. Статистикаға сүйенетін болсақ, азаматтардың:  20%- апатта ауыр жарақат алу нәтижесінде, 10%- жедел көмектің кеш келуінен, ал енді ойлаңыныздар 70%- куәгерлердің іс-әрекет етпеуінен көз жұмады. Уақытылы және дұрыс көрсетілген медициналық көмектің арқасында ЖКО зардап шеккен азаматтардың көбінін өмірлерін сақтап қалуға болады.

Әрбір адамның парызы өз бауырларына осы көмекті көрсету болып табылады. Апат куәгері болған адамдар көбіне ешқандай іс-әрекет етпейді. Өз бауырлары мен қарындастары қалай қиналып, жан тәсілім етіп жатқандарын телефон мен камераға түсіретіндері де табылады. Бірінші медициналық көмек- бұл адамдардың 70% құтқару мүмкіндігі. Бірақ адам оны дұрыс көрсете білуі керек. Бұл істе ең негізі-жәбірленушіге зиян келтіріп алмау. Қате және орынсыз іс-әрекеттер, жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына соңы ауыр болатын жағдайларға әкеліп соғады.

Клиникалық өлім кезіндегі бірінші медициналық көмек. Клиникалық өлімнің белгілерін қарастырайық. Бірінші кезекте жүрек соғысын, демалысын және санасына көңіл аудару керек. Егер олар болмай, көз қарашығы үлкейіп кетсе, адам организмінде өмірінің маңызды процестері жалғасып жататын клиникалық өлім орын алды.  Және де ұйқы мен сәулелік артериялар арқасында пульсты анықтау керек. Жәбірленушіні клиникалық өлім жағдайынан шығару үшін бірінші кезекте өкпенің желдетілуін, жабық жүрек мессажын жасау арқылы қан айналымын қалпына келтіру керек.

Алғашқы көмек көрсету тәртібі:

- жәбірленушіні түзу, қатты жерге жатқызу керек;

- тілін жұтып қоймас үшін мойнының астына валик салу керек.

Жүрек қағысы болмай, демалмай жатса жүрекке массаж және жасанды демалыс жасау керек. Бір адам жасанды демалыс кезінде 2 үрлеуге 15 басу жасауына болады. Егер жасанды демалысты екі адам жасап жатса, әрбір 5 басуға 1 үрлеу жасау керек. Жоғарыда аталған әрекеттерді түзу және қатты жерде жасау керектігін естен шығармау керек. Ауа бір немесе екі секунд үрленіп, жәбірленушінің кеуде клеткасын 4-5 сантиметрге басу керектігін білу керек. Егер бала болған жағдайда кеуде 2-3 см-ге басылады. Жүрек жұмысы қалпына келгенге дейін массаж жасалады. Төменде аталған белгілер сіздің іс-әрекеттеріңіз сәтті екендігінің айғағы: жәбірленушінің көз қарашығы тартыла бастауы, ұйқы артериясында пульсация сезіле бастауы, жәбірленушінің тері жабыны қызғылт бола бастауы, жәбірленушінің өздігінен дем ала бастауы.

Қан ағуы және күйік шалуы. Жәбірленушінің жарақаттануы кезінде қан ағуы мүмкін. Қан ағулар екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Сыртқы қан ағу көзге көрінсе, ішкі қан ағудың белгілері: жәбірленушінің жалпы жағдайының әлсіреуі, суық тер, қол-аяқ тері жабындарының ағаруы, есінен тануы және т.б. Сыртқы қан ағу болған жағдайда: қан қою қызыл болып үзіліссіз шашырап ақса- бұл венозды қан ағу, бұл кезде жара бетіне тығыз орама тарту керек. Егер қан ашық түсті болып пульсациялы қатты ағыспен ақса- бұл артериалды қан ағу, бұл кезде жәбірленушінің зақымданған тамырын саусақпен басып тұрып тығыз орама тарту керек (егер қан тоқтамаса бір сағатқа жгут тарту керек). Егер тері жабыны зақымдалып қан ақса- тығыз орама тарту керек.

Сүйек сынуының белгілері болып дене аумақтарының қатты ауыруы, ісінуі және деформациясы болып табылады. Егер ашық сыну болса сүйек жарақат орнынан шығып көрінуі мүмкін. ЖКО жәбірленушінің сүйектерінің сынуы болған жағдайда оған ауруды басатын дәрі беріп, жараны өңдеп шинаны дұрыс салу керек.

ЖКО кезінде дұрыс көрсетілген алғашқы медициналық көмек жәбірленушінің өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Видео көрсетілім

Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам

«Жолда жүру ережесін білу және сақтау әр адам міндетті.»

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

Қосымша тақтайшалар.

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады[1]

Автокөлік тарихының басталғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан, автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Бұл үдеріс біздің елімізде де байқалады. 1991 жылы Қазақстанда жалпы алғанда 1,4 млн.-ға жуық автомобиль, соның ішінде 372 мың жүк автомобилі, 54 мың автобус, 849 мың жеңіл және 119 мың арнайы автомобиль болды [1]. 20 жыл өткеннен кейін жолдағы шетелдік өндірістегі жоғары жылдамдықты көліктер қатары көбейіп, ол 3553,8 млн. құрады [2]. Барлық көлік құралдарын пайдалану арқылы жүк тасымалы 2011 ж. 2974,9 млн. тонна болса, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 22% тоннаға артық.

Дегенмен, көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалды. Ал көлік қылмыстары ішінен алдыңғы қатарды жол-көлік оқиғалары құрады. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. Бұл ретте «Автокөлік өлімінің» әлем бойынша қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларынан кейін үшінші орынға шығуы таңғаларлық жағдай емес. Біріккен Ұлттар ұйымының баяндамасы бойынша жыл сайын 1,3 млн. адам жол-көлік апатынан қайтыс болса, күніне үш мың адам көз жұмады, ал 20 млн. адам жол апатынан жараланады [3]. Дамыған елдерде соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының құрбандарының көрсеткіші орта есеппен 10% артты. Сондай-ақ автокөлік қозғалысындағы адам өлімі көрсеткіші өзен-теңіз көлігінен – 12 есе, темір жол көлігінен – 3 есе, әуе көлігінен – 1,5 есе жоғары [4].

ІІІ. Қортынды бөлім

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет жол жүргенде абай болып келесі кездескенше қош сау болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Право

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жолда жүріс қауіпсіздік апталығы

Автор: Нұрахметова Әсел Нұрболатқызы

Дата: 23.11.2017

Номер свидетельства: 440284

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!"
    ["seo_title"] => string(41) "zholy_bolsyn_rkimnin_orynda_zhol_t_rtibin"
    ["file_id"] => string(6) "658574"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1730131178"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "денсаулық апталығы"
    ["seo_title"] => string(20) "diensaulyk_aptalyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "368497"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481479809"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "баяндама "Бастауыш сынып о?ушыларына логикалы? есептерді? пайдасы.""
    ["seo_title"] => string(72) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-loghikalyk-iesieptierdin-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "249250"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446870882"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Аттанайық бала шақтан болашаққа"
    ["seo_title"] => string(36) "attanaiyk_bala_shak_tan_bolashak_k_a"
    ["file_id"] => string(6) "349243"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476466786"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Тіл жүйрікте кім жүйрік?""
    ["seo_title"] => string(28) "til_zhuiriktie_kim_zhuirik_1"
    ["file_id"] => string(6) "387552"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486187895"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства