kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ата Заң елдігімнің еңсесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР-ның Ата Заңы туралы бірқатар мәлімет беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ата Заң елдігімнің еңсесі"»

«Ата Заң – елдігімнің еңсесі»

«Тәртіп пен әділдік жоқ жерде елдің де бағы ашылмайды, ердің де бағы ашылмайды»

Ә.Кекілбаев

Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады. Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау  мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті  республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.  Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени  және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі  нығайтуды ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
1995 жылдың 30 тамызы біздің респуликамыз үшін Конституцияның жарыққа шығуы тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында елеулі жаңалық әкелді. Конституция кеңес үкметі кезінде өкілді органдарымен қабылданбаған болса, біздің басты заңымыз азаматтардың қалауымен барлық халықтық жалпы дауысымен референдумда қабылданған болатын. Сондықтан Конституция күні мемлектіміздің басты мерекесі ретінде танылады. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Ә.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты.  Конституцияның бас авторы – Н.Ә. Назарбаев деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп  жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының  тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған. Жаңа Конституция мемлекеттіктің табиғаты жөніндегі мәселелерді түбегейлі шешті. Биліктің бірден-бір көзі болып Қазақстанның халқы танылды.

Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Ұлы даланы мекендеген алты алаштың да өз дала заңдары, өзіндік конституциясы болғаны анық. Орта ғасырдағы түркі бабаларымыздың бітік жазуына бармағанның өзінде, қазақ даласындағы бізге мейлінше мәліметті болып жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» секілді заң жүйелері қазақ елі Конституциясының ертеректе қаланған іргетасы іспеттес. Қазақ хандары жолға қойған осы жарғыларды дала конституциясы санасақ, оның «баптарының» сөз бастаған шешендер арқылы қалай өрбігеніне, абыз ақсақалдардың қалай таратып, жөнге салғанына тарихтан көп мысал тартуға болады. Ал кейінгі ХХ ғасыр басында ұлттық тәуелсіздікті ту етіп ұстаған Алаш қайраткерлері дербес Конституция әзірлегені де тарихтан белгілі.

Қазақстан Республикасы Конституциясы жоғары заң күшi бар сатыда тұрады.
Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында тәелсіздігімізді алғаннан кейін екі рет конституция қабылданды. Сол біздің егеменді ел екеніміз және боданды болғанымыз әрі еңселі елдің тәуелсіздігіміздің кепілі емей немене?!.............

Тарихқа жүгінсек, Алаш ұмтылысынан кейін республикамызда бірнеше Конституциялар өмірге келген. Соның алғашқысы 1926 жылы 18 ақпанда Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетімен тұңғыш Конституция жазылып, РСФСР Орталық атқару комитеті бекітпегеннен кейін күшіне енбеген. Сосын 1937 жылы 26 наурызда Жалпықазақ кеңестерінің X төтенше съезі қабылдап, бекіткен Конституция бар. Қырық жылдық ғұмыры болған осы құжаттың орнын 1978 жылы 20 сәуірдегі «кемелденген социализм» аталған заманның Конституциясы басқан болатын. Міне, осы құжат Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылып қабылданған, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстанның төл Ата Заңы қолданысқа енгенге дейін өмір сүрді. Елдің егемендігін танытатын 1993 жылғы тұңғыш Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатта алғаш бекіткен құжат еді.
Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда  анық тұжырымдалған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
1995 жылдың Конституциясы мемлекеттің президенттік басқару жүйесіне өтуін заң бойынша бекітті, осыған орай Қазақстандағы билік өкілеттіктерін бөлу схемасы түбегейлі түрде өзгеріске ұшырады. Бұл схема бойынша президенттік билік айтарлықтай күшейді, мұның әсерін билік өкілеттіктерінің орталықтандырылуынан көруге болады.

Конституцияға өзгерістер енгізу 2007 жылы да жалғасты. Президенттің бұл шешімі 2007 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының біріккен отырысында оқылып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихына жүгінсек, 1995 жылы атқарылған жұмыстар елдің үлкен белестен бір аттағанын, басты асуды асқанын айғақтар еді. Соның ішінде 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституцияны қабылдаудың маңызы айтарлықтай ерекше болмақ. Елдегі саяси өзгерістерге орай, сол жылы Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен сарапшылар тобы құрылып, олар әлемнің көптеген елдерінің Конституцияларын, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданған Негізгі Құжаттарды мұқият сараптаудан өткізді. Сарапшылар тобының ғалымдары, саясаткерлер ғана емес, бұл іске Елбасы да етене араласты. Тіпті, осы істің тізгіні Мемлекет басшысының қолында болды, Президент те бұған барынша жан-жақты дайындықпен келді десек жаңылмаспыз.
Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.
Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.
Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.
Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.
Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.
Біздің Негізгі Заң  дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

Сөйтіп, біздің Қазақстан Республикасының Ата Заңына – 20 жыл толуына орай мемлекеттік Конституциямыз жасасын дейміз!!! Мерейлі мерекеміз құтты болсын!!!







Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Венера Жолмухамбетова Жумашевна, тарих пәнінің оқытушысы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Право

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ата Заң елдігімнің еңсесі"

Автор: Жолмухамбетова Венера Жумашевна

Дата: 19.10.2017

Номер свидетельства: 433420

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ата за?-елдігімні? е?сесі""
    ["seo_title"] => string(30) "ata-zan-ieldighimnin-ien-siesi"
    ["file_id"] => string(6) "267832"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450463851"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "«Ата За? – елдігімізді? е?сесі»"
    ["seo_title"] => string(32) "ata-zan-ieldighimizdin-ien-siesi"
    ["file_id"] => string(6) "267828"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450462841"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ашы? т?рбие са?ат. Ата за?ым аялайды елімді… "
    ["seo_title"] => string(48) "ashyk-t-rbiie-sag-at-ata-zan-ym-aialaidy-ielimdi"
    ["file_id"] => string(6) "201623"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429095314"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "«Р?міздер елдігімні? белгісі» т?рбие са?аты. "
    ["seo_title"] => string(48) "r-mizdier-ieldighimnin-bielghisi-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "171745"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423722320"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) ""Т?уелсіздік тол?аулары" курсыны? о?у ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(52) "t-uielsizdik-tolg-aulary-kursynyn-ok-u-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "235548"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443727960"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства