kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заң білу - заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эта разработка соответсвует восрасть и в этом разрабтке написано о привилах и закона

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заң білу - заман талабы»

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Лубен ауылы

А.Тихоненко атындағы ОББМ КММ


Тақырыбы: «Заңды білу – заман талабы»

Мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;

ә) тәрбиелігі: Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;

б) Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.

Түрі: Сыныптар аралық топтық сайыс

Көрнекілігі:ҚР рәміздерінің суреттері, ҚР Конституциясы т.б. заң жинақтары, заң туралы қанатты сөздер.

Сайыс жоспары:

  1. Таныстыру (топ аты, өмірлік ұстанымы, топ эмблемасымен таныстыру)

  2. «Тікелей сұрақ» - әр топқа 10 сұрақтан

  3. Өз құқығыңды біл

  4. «Жағдаяттық сұрақтар»

  5. Пікірсайыс

  6. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»

  7. «Болашақ» жобасын қорғау


Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды»

Б.Момышұлы.


«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу - ақ»

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»

Ж. Баласұғын.


Сайыс барысы: Ұйымдастыру – үш топқа бөлінген оқушылар жеке – жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.

І топ. «Бейбітшілік»

ІІ топ. «Заңгерлер»

ІІІ топ. «Ақиқат»


Мұғалім: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Мемлекетіміздің Ата Заңының

1 – бабында «Қазақстан Республикасы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.

  • Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

І. Сайысымыздың алғашқы бөлімі Таныстыру деп аталады, яғни әр топ атын, топ ұстанымын, топ эмблемасын таныстырып өтеді. Уақыт – 3 минут.

Жоғарғы ұпай – 10 ұпай. Топтарға сәттілік тілейміз.


ІІ. «Тікелей сұрақ»

Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.

І топ сұрақтары.

  1. Конституция сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? («құрылым», «өкілім»)

  2. ҚР Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы қалай аталады? (халық)

  3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойғаннан кейін)

  4. Егемендік алғаннан кейін ҚР Конституциясы неше рет қабылданды?

(2 рет 1993.28.01, 1995. 30. 08.)

  1. Республикадағы жоғары заң шығарушы орган қалай аталады? (парламент)

  2. ҚР азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)

  3. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады? (5 бөлім)

  4. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)

  5. ҚР – ның қандай заңдарын білесіңдер?

  6. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қай жылы қабылданды? (1991 ж.

16 желтоқсан)

ІІ топ сұрақтары.

  1. Құқық – дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

  2. ҚР Конституциясы неше бөлімнен және неше баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

  3. ҚР – да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)

  4. ҚР – да «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж. 8 тамыз)

  5. ҚР - да ресми түрде қолданатын тіл қандай ? (орыс тілі)

  6. ҚР – ның төл теңгесі қай жылы қолданысқа енгізілді? (1993 ж. 15 қараша)

  7. ҚР – ның әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)

  8. ҚР – ның қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)

  9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері неше қойға теңелген?(1000 қойға)

  10. Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ – та 1787 жылы)

ІІІ - топ сұрақтары.

  1. Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)

  2. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 10 желтоқсан)

  3. ҚР – ның басқару құрылымы қандай? (президенттік республика)

  4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен парламент)

  5. ҚР – ның «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж. 4 маусым)

  6. ҚР – ның «баланың құқықғы туралы» заң неше бөлім және неше баптан тұрады? (10 бөлім, 53 бап)

  7. 1998 жылы қандай жыл болып аталып өтті? (халық бірлігі мен тарих жылы)

  8. 17 желтоқсан қандай күн? (демократиялық жаңарту күн)

  9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)

  10. Балалар құқықтарының конвенциясы қашан қабылданды? (1998 жылы)


ІІІ. Өз құқығыңды біл (Балалар құқықтары туралы)

Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады

  1. Баланың азаматтық құқығы қай кезде басталады?(бала туған кезінен басталады)

  2. Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балалар құқығы туралы» конвенция қабылданды? (1989 жылы 20 қараша)

  3. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептелінеді? (18)

  4. Әр адамның жеке басының куәландыратын құжат қандай? (төлқұжат)

  5. Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмір сүру құқығы)

  6. «Бала құқықтары туралы» конвенцияға қосылуға ниет білдірмей отырған қай елдер?(АҚШ, Сомали)

  7. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)

ІV. «Жағдаяттық сұрақтар»

І топқа. Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата – анасы қарсы. Себебі олар Мәдина ҚР – ның азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп аландайды. Мәдина азаматтығын жоғалтады ма? (жоғалтпайды)

ІІ топқа. Иринамен Қайрат ҚР – ның азаматтары, бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс істейді. Олар отбасында ұл бала дүниеге келеді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі? (ҚР – ның азаматтығы беріледі)

ІІІ топқа. Қарт адам Париж қаласындағы ҚР – ның елшілігіне келіп, оған ҚР – ның азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген халықаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыруы керек қылмыскер болатын. Оған азаматтық беріледі ме? (берілмейді)

V. Пікірсайыс. Берілген сұраққа әр топ өз ой тұжырымдарын білдіруі керек. Уақыт – 3 минут.

Тақырып: Жастар және қылмыс

І. Топ. Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

ІІ. Топ. Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзылу шарттары қандай деп ойлайсындар?

ІІІ. Топ. Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

VІ. Мұны әрбір оқушы білуге тиіс

І. Топ. Оқушы құқықтары:

ІІ. Топ. Оқушы міндеттері:

ІІІ.Топ. оқушы жауапкершілігі:

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Бүгінгі «Заңды білу – заман талабы» атты сабақтан тыс іс – шарамыз аяқтала келе сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Қорытынды: Әділқкзылар алқасы әр топтың бағасын беріп марапаттайды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Право

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Заң білу - заман талабы

Автор: Кенжебекова Мейрамгуль Жолдагалиевна

Дата: 09.12.2017

Номер свидетельства: 443113

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Тәрбие сағаты "Заң білу заман талабы" 7 сынып"
    ["seo_title"] => string(43) "t_rbie_sagaty_zan_bilu_zaman_talaby_7_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "604347"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1649317581"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Разработка внеклассного мероприятия "За?ды білу-заман талабы""
    ["seo_title"] => string(65) "razrabotka-vnieklassnogho-mieropriiatiia-zan-dy-bilu-zaman-talaby"
    ["file_id"] => string(6) "275081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452514394"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Заңды білу-заман талабы"
    ["seo_title"] => string(23) "zandy_bilu_zaman_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "499383"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1549903859"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "За?ды білу - заман талабы. "
    ["seo_title"] => string(26) "zan-dy-bilu-zaman-talaby-1"
    ["file_id"] => string(6) "191418"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427301717"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "За?ды білу-заман талабы."
    ["seo_title"] => string(20) "zandybiluzamantalaby"
    ["file_id"] => string(6) "258497"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448515148"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства