kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заңды білу-заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағат тақырыбы: «Заңды білу – заман талабы» 
Тәрбие сағат мақсаты
: 1) Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 
2) Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; 
3) Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу; 
Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты 
Әдісі: сынып ішілік, топтық сайыс 
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Қ. Р - ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р - ның Конституциясы, тб. заң жинақтары, көрме, заң туралы қанатты сөздер; 

Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»   Б. Момышұлы.

«Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу – ақ»

 «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»     Ж. Баласағұн

«Куәсіз істі күмән табар, Куәлі істі куә табар»     (Халық мақалы)

«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы) 
Тәрбие сағаттың барысы. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу,

ә) Оқушыларды үш топқа бөлу: 1 - топ «Ақиқат», 2 - топ «Заңгерлер». 3 - топ «Болашақ»

б) Әділқазылар алқасын тағайындау.

в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру. 

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Абайлаңыз! Құқықбұзушылық қаупі бар» онкүндік аясында «Заңды білу – заман талабы»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі  тәрбие сағатымызға  бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата- аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? — Әрине бұл Заңдарды білу. Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар – осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар: ( слайд көрсетіледі )
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заңды білу-заман талабы»

Тәрбие сағат тақырыбы: «Заңды білу – заман талабы» 
Тәрбие сағат мақсаты: 1) Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 
2) Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; 
3) Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу; 
Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты 
Әдісі: сынып ішілік, топтық сайыс 
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Қ. Р - ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р - ның Конституциясы, тб. заң жинақтары, көрме, заң туралы қанатты сөздер; 

Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.

«Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу – ақ»

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» Ж. Баласағұн

«Куәсіз істі күмән табар, Куәлі істі куә табар» (Халық мақалы)

«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы) 
Тәрбие сағаттың барысы. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу,

ә) Оқушыларды үш топқа бөлу: 1 - топ «Ақиқат», 2 - топ «Заңгерлер». 3 - топ «Болашақ»

б) Әділқазылар алқасын тағайындау.

в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру. 

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Абайлаңыз! Құқықбұзушылық қаупі бар» онкүндік аясында «Заңды білу – заман талабы»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымызға бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-- аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? — Әрине бұл Заңдарды білу. Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар – осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар: ( слайд көрсетіледі )
Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-- ананың міндеттері де көрсетілген. Мысалы: (слайд көрсетіледі )
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама
331 - бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
            
І бөлім. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру) 
ІІ бөлім «Тікелей сұрақ»әр топқа 10 сұрақтан Ақиқат тобының сұрақтары: 
    1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitution» құрылым, өкілім); 
    2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық) 
    3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 
    4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995) 
    5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент) 
    6. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес) 
    7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан) 
    8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік 
    9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер? (Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы туралы заң т. б.) 
    10. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан) 
    
«Заңгерлер» тобына:
    1. «Құқық» дегеніміз не? 
    2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? 
    3. Қ. Р - да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? 
    4. Қ. Р - да ресми түрде қолданылатын тіл? 
    5. Қ. Р - да «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? 
    6. Қ. Р - ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? 
    7. Қ. Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? 
    8. Қазақстан Республикасы қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? 
    9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? 
    10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? 
    
«Болашақ»тобына: 
    1. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? 
    2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? 
    3. Қ. Р - ның басқару нысаны қандай? 
    4. Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? 
    5. Қ. Р. «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? 
    6. Қ. Р - дағы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? 
    7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? 
    8. 16 - желтоқсан қандай күн? 
    9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? 
    10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды? 
ІІІ бөлім «Адасқан сөйлемдер»
«Ақиқат» тобына: Сұрақ: 36 - бап, 1 - тармақ. Қазақстан, әрбір, азаматының, парызы, оның, және, Республикасын, қасиетті, міндеті, қорғау, 
«Заңгерлер» тобына: Сұрақ: 22 - бап, 1 - тармақ. Құқығы, бостандығына, бар, ар - ождан, әркімнің. 
«Болашақ» тобына: Сұрақ: 14 - бап, 1 - тармақ. Тең, алдында, мен, бәрі, заң, сот, жұрттың. 

ІV - бөлім «Ертегілер еліндегі құқықбұзушылық». 
Ертегі үзінділері көрсетіледі. Сол үзіндіде қандай құқықбұзушылық пен қылмыс орын алғандығын айтады

V бөлім. 
Пікір сайыс. 
Берілген бейне клипке байланысты сұрақтарға әр топ өз ой тұжырымдарын білдіру керек. 
VI бөлім 
«Мұны әрбір оқушы білуге тиіс». 
Тақырып: 
«Ақиқат» тобына: «Оқушы құқықтары» 
«Заңгерлер» тобына: «Оқушы міндеттері» 
«Болашақ» тобына: «Оқушы жауапкершілігі» 

VII бөлім. 
Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата- аналармен біріге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Заңды білу-заман талабы

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 11.02.2019

Номер свидетельства: 499383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства