2-тапсырма.ТЖ. Мәтінді оқып, 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіру; Кластер жұмысын 4 сөйлеммен қорытындылау.
   
Дескриптор - мәтінді түсініп оқиды; - мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты анықтай алады; - анықталған ақпараттарды кластерге түсіре алады; - 4 сөйлеммен қорытындылай алады. 1-топ тапсырма мәтіні. Әйелдердің бас киімдері:тақия, бөрік, орамал,кимешек,сәукеле, шәлі.Сәукеле- ең сәнді,күрлелі бас киім.Қыз бала ұзатылғанда арнайы тігілетін бас киім.Сәукеленіалтын,күміс,маржан қымбат тастармен әшекейлейді.Төбесіне үкі таққан, екі жағында салбыраған шолпысы болған. Халқымыздың: «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» дегеніндей, адам баласы ұятты жерлерін жасырып, абыройын қорғаумен ғана адамдық қасиетін сақтап қалады. Олай болса киім дегеніміз – ұят пен абыройдың қалқаны. Мұсылман халқы үшін орамал тарту – парыз саналған. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал –мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше дәлел хадистер келтірілген.Орамал – қазақ танымындағы киелі ұғым. 2-топ Мәтіннен Ақ кимешек – қазақ әйелдері баскиімінің жапылама шартты түрдегі атауы, ақ жаулықтың баламасы. Кимешек – әрі этноқұндылық, әрі қайта айналып келген тәуелсіздіктің символы. Әйелдің баскиімін қадірлеген ұлттың әйелі де құрметті. Кимешектің күрделі пішімі – басқа киілетін бөлігі. Ол – «төбелдірік»,«шықшыт», «желке», «маңдай», «алқым», «иін» деп аталатын бедер қиындылардан құралады. Кимешек ұзындығына қарай – арқа жабар, бел жабар (түйе кимешек), қылта шалғай, өкше қағар болып төрт өлшемге бөлінеді. Кимешектің киюге де, күтуге де ыңғайлы түрі – тоқыма кимешек. Тоқыма кимешек «киім – кешек» деген түбірге лайық төбесінен етегіне қарай ілмек (қармақ) бізбен тоқылып иықтан төмен түскенде кәдімгі желбегей жамылғыға жалғасып, түрлі бүршіктермен шашақтап, шілтерлеуге, әрлеуге мүмкіндік береді. Күндік, қасаба, сәлденің түрлері сияқты тоқыма кимешектер де жаздық, қыстық болып бөлінеді. Арқа жабар көбіне ғибадат құлшылық жасау, намаз оқуға ыңғайлы. Түйе – кимешек – үлгінің ертеден қалыптасқан түрі. Аты айтып тұрғандай түйеге, басқа да көлікке отырғанда бүктелмейді, ұзындығы құймышықтың ұшымен тұйықталады. «Күндігін қарқарадай қоқитып, түйенің үстінде келе жатыр» деген одағай сөз тіркестері бар. Шалғайы қылтасын, қапталы бөксесін жауып киілетін кимешек – тойға да, «қойға да» ыңғайлы, күнделікті тұрмысқа қолайлы болған. 3-топ тапсырма мәтіні Мұқағали Мақатаев Ақ кимешек көрінсе
Әже, сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем. Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем, Ақ кимешек астынан сені көрем. Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды, Немересін ертпесе жүре алмайды. Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі, Көзіме оттай басылып алаулайды. Аппақтығы ұқсайды әрінің де, Әжімің де, аумайды тәлімің де. ...Әлемдегі әженің бәрі бір ме?! Әже, сен тірі екенсің әлі күнге. Қия өтпейді... Ұқсайды ізетіде, (Ізетсізді бұларда түзетуде.) Бұларда бабасынан алып қалған, Өз жұртының дәстүрін түзетуде. Әже, сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем. ...Ақ кимешек көрінсе, сені көремін, Ақ кимешек жоғалса... Нені көремін? ҚБ  4-тапсырма.ТЖ. - Мама, бүгін бес алдым, барлық сабақтан!.. Қырмызы өзінен бірер жас кіші сіңлісін ертіп, анасының берген байғазы ақшасына дәріханадан гематоген сатып алады. Дүкендегі кәмпиттерден гөрі осы қызыл-қоңыр тәттіні ерекше ұнататын-ды. Әпкесінің «Бестік» алған күндері кішкентай сіңлісі үшін де бір мереке еді... Басына байлаған ақ бантиктері желкілдеп, өмірдің әр қалт еткен көрінісінен қуаныш көріп жүретін ол бір ғажап күндер еді-ау!.. Қырмызы әжесінің баласы еді. Ол кісінің сөз саптауы мен ой-пайымын бала Қырмызы аудыртпай қағып алатын-ды. Әжесінің әр сөзі оған саф алтындай қымбат және әр уақытта орынды болып саналатын. - Менің шешем өте көрікті кісі болған еді... Сен соған тартқансың. Балапаным-ай, кейде осы көркіңнен де қорқам... - Неге, әже? Сұлу болған жаман ба? - Жарқыным-ай, жақсы ғой, тек... жамандығы да бар. - Неге?.. - Болды, қазымыр болма, ол баланың ойыны емес! - Айтшы, әже, сұлу болған неге жаман? Ұлдар бұрымыңнан көп тартқаны үшін бе? - Е, жалған-ай... Сенің екеу болғаныңды көріп, маңдайларыңнан сүйіп барып өлсем - арманым болмас еді... - Әже, сіз ешқашан да өлмейсіз, егер өлсеңіз сізді мен жүрегіме салып ап ешкімге көрсетпей, өөзіміз ғана ӛмір сүреміз. - Балапаным менің, кішкентай ақымағым... Е, Аллам, тіл-көзден аман ете гөр, бұлардың көз-жасын көрсетпе маған... Мәтін | Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер | Жазбаша сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер | | | | Дескриптор - мәтіннен сөйлеу ерекшеліктеріне тән сөз тіркестерін таба алады; - салыстырады,теріп жаза алады. ҚБ  |