kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мөлдір бұлақ -жасыл құрақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-сыныпта "Өзін-өзі тану" пәнінен "Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ" тақырыбында өткен сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мөлдір бұлақ -жасыл құрақ»

Мектеп: «Рыков атындағы орта мектебі»КММ

Мерзiм: 09.02.2017ж

Сабақ: №21

Тақырып: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ.

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адалдық, мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық

Мұғалiм: Исаканова Д.К

Сынып: 6

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы мағлұмат бере отырып, табиғатқа қамқорлық жасап қиянат жасамау құндылықтарын түсіндіру.

Міндеттері : -Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы, сүйіспеншілік

пен үйлесімділік туралы ұғымдарын кеңейту.

- Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау, жанашырлық,

қамқорлық жасау сезімдеріне қозғау салу;

- Табиғатқа мейірімділік, қамқорлық танытуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

оқулық,дәптер,

жайлы әуен, топпен

жұмыс істеуге

арналған

тапсырмалар,


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Слайд№2

Тыныштық сәті: слайд№3 Орманға ойша серуен.

(Оқушылар түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою).

Мұғалім мәтінді жағымды дауыспен айтып тұрады

Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Балалар тыныштық сәті ұнады ма сіздерге?

Тыныштыққа келе алдыңыздар ма?










Үй тапсырмасын тексеру: слайд№4   Оқулықтың 74-76 беттегі № 20 сабақтың «Бетпақдала» атты аңыз әңгімені оқып, талдау.

«Бетпақдала»  А.Сейдімбеков                                                                                            Сұрақ:слайд№5

1. Әңгіме не туралы?

2. Ханның жарлығымен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?

3. Құнарлы жердің Бетпақдалаға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

4. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп  соқтыруы мүмкін?

5. Ханның жасаған әрекеті дұрыс па? (дұрыс емес ол табиғатқа қиянат жасады)

6. Ханның орнында сен болсаң не істер едің?

7. Қандай адамдар қиянат жасамайды?

Түйін:Олай болса балалар біз табиғатқа

қиянат жасамай, қамқорлығымызды көрсетуіміз керек.


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ»слайд№6

Дәйексөз: Фариза Оңғарсынова слайд№7

Таза болса табиғат
Аман болар адамзат

Талдау сұрақтары:

1.Дәйексөздің мағынасын калай  түсінесіңдер?

2.Табиғат тазалығы адамдарға қаншалықты қажет?

3. Сен табиғаттың тазалығы үшін қаншалықты өз үлесіңді қостың?

Түйін: Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты , көңілі көтеріңкі болады. Сол себепті табиғатқа мейірімділікпен қарап, жанашырлық білдіру, қиянат жасамау әр адамның қолында.

Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты  табиғаттан үйренеді. Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстау керек. Табиғаттың адам баласына  сый тартуы шексіз. сол себепті біз табиғатқа мейірімділікпен қарап, қамқорлық көрсетіп, қиянат жасамауымыз керек

Әңгiмелеу: «Табиғатты аялайық»Ғ.Құлахметов 77-бет

Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды.

Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі–табиғат.

Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді.

Ол өздігінен өрескел бұзылмайды, өзгеріске ұшырамайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды». Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.

Табиғат –ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.

Слайд№9 «Табиғат-азамзатқа аманат! » тақырыбында бейнефильм көрсету. 5 мин

Сұрақ: слайд№10

1.Видеороликтен қандай әсер алдыңдар?

2.Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

3.Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?

4.Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?

5.Табиғат та жылай ма? (ойларын айтқызу)

Олай болса балалар әрқашанда Жер –анаға қиянат жасамай аялайық!Табиғаттың бізге беріп жатқан риясыз сүйіспеншілігін бағалай білейік.






Шығармашылық жұмыс: Топпен жұмыс слайд№11

Әр топқа жеке жұмыстар беріледі. Баяу әуен қойылады.

I. топ Табиғатқа байланысты мақал- мәтелдер жазу.

II топ Табиғаттың көрінісін бейнелеу.

III топ Табиғатқа, туған жерге байланысты өлең шығару.

Мұғалім сыйы: «Өмір сүрейік алмасып»М.Мақатаев видеоролик

Топпен ән айту: слайд№12-13

«Ақбұлақ» әні Б.Тәжібаев. Караоке арқылы хормен айту

Қорытындылау: Пікірді жалғастыр Слайд№14

Бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, көңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отырып тілек айтайық.

1)Бұлақтай мөлдір таза бол!

2)Жұлдызың жарық болсын!

3)Айың оңыңнан тусын!

4)Көңілің көлдей шалқысын!

5)Гүлдей жайнай бер!

6)Таудай талап бер!

7)Қызғалдақтай құлпыра бер! - Міне, қандай жақсы тілектер айтылды. Орындалуына тілектеспін. Өмірлерің ұзақ, талаптарың оң болсын!

Үй тапсырмасы. Слайд№15 22 сабақ 81 беттегі “Денсаулықтың он құпиясы” өз ойларыңа қорытынды жасау. Дәптермен жұмыс 21 сабақ 1-2 жұмыстарды аяқтау.


Соңғы тыныштық сәті. Тыныс алу жаттығуы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Окружающий мир

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Мөлдір бұлақ -жасыл құрақ

Автор: Исаканова Джанна Кайсановна

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457300

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Мөлдір бұлақ -жасыл құрақ""
    ["seo_title"] => string(28) "moldir_bu_lak_zhasyl_k_u_rak"
    ["file_id"] => string(6) "384236"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485451826"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "М?лдір б?ла? – жасыл ??ра? "
    ["seo_title"] => string(30) "moldir-bu-lak-zhasyl-k-u-rak-2"
    ["file_id"] => string(6) "217976"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433559181"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Мөлдір бұлақ -жасыл құрақ"
    ["seo_title"] => string(30) "moldir_bu_lak_zhasyl_k_u_rak_1"
    ["file_id"] => string(6) "396263"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488214254"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "М?лдір б?ла? -жасыл ??ра?"
    ["seo_title"] => string(23) "moldirbulakzhasylkurak1"
    ["file_id"] => string(6) "299002"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456422740"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "?зін ?зі тану п?ні "М?лдір б?ла? - жасыл ??ра?"  презентация "
    ["seo_title"] => string(63) "ozin-ozi-tanu-p-ni-moldir-bu-lak-zhasyl-k-u-rak-priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "212043"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1431721065"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства