kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?лдір б?ла? – жасыл ??ра?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?            № 21

Мектеп           № 50

Мерзiмі          24.11.2014                                                                

Та?ырып      М?лдір б?ла? – жасыл ??ра?

??ндылы?      ?иянат жасамау

?асиеттер:      мейірімділік, жанашырлы?, адалды?

М??алiм           Т?ре??лова Н?райым Ба?дат?ызы

Сынып  6"?"   О?ушылар саны  21

Саба? ма?саты  о?ушыларды? адам ж?не таби?ат арасында?ы ?йлесімділік туралы т?сініктерін дамыту.

Міндеті

  1. о?ушыларды? таби?атты? т?тасты?ы туралы ??ымдарын ке?ейту;
  2. о?ушыларды? таби?атты са?тау, аялау сезімдерін дамыту?а ы?пал ету;
  3. таби?ат?а с?йіспеншілікке, мейірімділікке, ?ам?орлы??а т?рбиелеу;

Ресурстар:?нтаспа,

суреттер,на?ыл с?здер, бейнеролик, алма а?ашы; плакат, т?рлі-т?сті ?алам, ?аза?станны? физикалы?-географиялы? картасы, интерактивті та?та

Саба? барысы

        1.?йымдастыру кезе?i. 2 мин.

        С?лемдесу, о?ушыларды? к??іл-к?йін с?рау, саба??а ?атысуын тексеру.

       О?ушыларды топ?а б?лу.

I    топ – «Жер»

II   топ – «Су»

III  топ – «Ауа»

       О?ушылар кезек-кезек «жер», «су», «ауа» деп айтып шы?ып, ?р?айсысы ?здері та?да?ан топтарына барып отырады.

5 Т ережесін еске салу.

     1.Т?ртіп

     2.Талап

     3.Тынышты?

     4.Тазалы?

     5.Татулы?

        2.Тынышты? с?тi. 3 мин.  

          «Орман?а ойша серуен» жатты?уын баяу ?уен ты?дай отырып жасау.

       Ар?а?ызды тік ?стап отыры?ыз. К?зі?ізді ж?мып, тере? тыныс алы?ыз. ?рбір тыныс ал?ан сайын не??рлым к?бірек боса?сып, сабырлы болу?а тырысы?ыз. ?азір біз орман?а серуенге шы?амыз. ?зі?ізді? сынып есігіне ?арай беттеп, есікті аш?аны?ызды, д?лізбен ?тіп, дала?а шы??аны?ызды елестеті?із. Таза ауаны ж?тып, шашы?ызды желбіреткен желді? лебін ж?не беті?ізді с?л-п?л ?ыздыр?ан к?н с?улесін сезіні?із. Орман?а ?арай ж?ре баста?ыз. Келе жат?анда абай болы?ыз, ж?ндіктерді басып кетпе?із. Бір минут то?тап айнала?а к?з салы?ыз. Таби?атты? ?семдігі мен бал?ынды?ын сезіні?із. Г?лдерді? біріне жа?ындап, е?кейіп, оны? н?зіктігі мен ж??алы?ына зейін салы?ыз. Оны иіске?із ж?не хош иісін ж?ты?ыз. Айналада?ы бар н?рсені ба?ылап, ары ?арай ж?ре бері?із. Г?лдер, г?лдер мен а?аштарды? иісі, ??старды? дауысы ж?не ж?ндіктерді? ызы?ы. Орман?а ендей т?сі?із,  ?ара?ызшы, а?аштар биіктей ?рі ?алы?дай т?сті. Жары? пен к?ле?кені? ойынын ?ызы?та?ыз, жапыра?тарды? сыбдырын ты?да?ыз. Біз ?зімізді орманда ба?ытты ?рі ?ауіпсіз сезінеміз. Ала??ай?а шы?ып, осында бірнеше минут демалы?ыз. Т?біне барып отыр?ы?ыз келетін а?ашты та?да?ыз. А?аш?а жа?ында?ыз да оны ді?інен ??ша?та?ыз. Оны? ?уаттылы?ын сезіні?із, онда?ы ?мір ?уатын сезінуге ж?не ??ыну?а тырысы?ыз. Енді оны? ді?іне ар?а?ызды с?йеп отыры?ыз. К?зі?ізді ж?мы?ыз, тере? тыныс алы?ыз ж?не ?орша?ан айналаны? жым-жырт тынышты?ына  к??іл б?лі?із. (Осы жерде м??алім 1-2 минут ?зіліс жасауына болады).

Бізге ?алайша же?іл ?рі тыныш ж?не ба?ытты сезіну ?андай. Таби?ат неткен ?ажап, оны ?алайша с?йетінімізді бен ?адірлейтінімізді, бірде бір тірі ж?ндікке зиян тигізбес ?шін ?ам?орлы? жасауды т?сінеміз. Сізді? ?з а?ашы?ыз бар екенін ж?не кез келген уа?ытта  о?ан келе алатыны?ызды есте ?ста?ыз. Ал ?азір мектепке ?айту?а дайындалы?ыз. Орны?ыздан т?рып, айнала?а та?ы бір к?з ?ырын салы?ыз. Келген жолы?ызбен кері ?айты?ыз, жолы?ызда?ы ж?ндіктерді басып кетпе?із. Міне, мектепті? алдына да келдік. Айнала?ыз?а та?ы бір ?ара?ыз, таза ауаны тере? ж?ты?ыз, есікті ашып, ?з орны?ыз?а ?айтып келі?із. Осы жым-жыртты?, тынышты?, ?ана?ат сезімін ?зі?ізде са?та?ыз. К?зі?ізді ашып, к?лімсіре?із!

      Сіздерге тынышты? с?ті ?нады ма?

      ?андай сезімде болды?дар?

      3.?й тапсырмасын тексеру. 5 мин.

      ?йге берілген А. Сейдімбекті? «Бетпа?дала» ??гімесі бойынша с?ра? ?ою ар?ылы ертегіні? мазм?нын айту.

      С?ра?тар:

  1. Хан неліктен «Жер бетінде бір т?п жусан ?алмасын!» -  деп жарлы? береді?
  2. Хан жарлы?ы мен ел-ж?ртты? ?рекеті таби?атты ?андай жа?дай?а душар етті?
  3. ??нарлы жерді? бетпа? дала?а айналуыны? себебі неде?
  4. Бетпа?даланы ?аза?станны? физикалы?-географиялы? картасынан к?рсет?
  5. Бетпа?даланы? географиялы? орнына сипаттама бер?

Саба? барысын тал?ылау:

4. Д?йекс?з  2 мин.

      «Таза болса, таби?ат

      Аман болар адамзат!»

                         Фариза О??арсынова                                                       

      Д?йекс?здегі «тазалы?» пен «аманды?» деген ??ымдарды? ма?ынасы ?лде?айда тере?де жат?анды?ына о?ушыларды? назарын аудару. Д?йекс?зді талдау ?шін мынадай с?ра?тар беріледі:

  • Д?йекс?зді? ма?ынасын ?алай т?сінесі?дер?
  • Таби?атты? ?андай м?селелері ?азіргі кезде барша адамзатты тол?андырып отыр?

Д?йекс?зді д?птерге жазып аламыз.

5.??гiмелеу (с?хбат). 3мин.

     Таби?ат – адам баласыны? ??тты ?онысы, жайлы мекені, ырыс-д?улеті, денсаулы?ыны? сенімді са?шысы. Сонды?тан халы? оны аялайды, ?адір т?тады, к?тіп-баптайды.

        Адамны? екі анасы бар: бірі – ту?ан анасы, екіншісі–таби?ат.

        Таби?атта?ы за?дылы?тар мен ??былыстар ?йлесімді келеді.

Ол ?здігінен ?рескел б?зылмайды, ?згеріске ?шырамайды. «Таби?ат ?зілді с?ймейді, ол ?ділеттілікті ?остайды». Орманы азайтыл?ан жерлерде ?сімдіктер шы?пай ?алады. Сулы, нулы жерлерді ??лазы?ан а?ызды?тар алмастырады.

         Таби?ат–?стаз, т?жірибелі т?рбиеші. Адам мейірімділікті, с?йіспеншілікті, ?айырымдылы?ты, ?демілікті таби?аттан ?йренеді.

«Таза болса, таби?ат

 Аман болар адамзат!» та?ырыбында видеоролик к?рсету.  5 мин 

   С?ра? - жауап: 5 мин    

1.     Видеороликтен ?андай ?сер алды?дар?

2.     Таби?атты? адам ?міріндегі ма?ызы ?андай?

3.     Таби?ат?а ?з ?арым-?атынастары?ды ?алай білдіресі?дер?

4.     Таби?ат тазалы?ын са?тауда адамны? р?лі ?андай?

5.     Таби?атта жылай ма?

6.Шы?армашылы? ж?мыс, топты? ж?мыс. 10  мин.

I    топ – «Жер»  «Таби?атты аялайы?!» та?ырыбына сурет салу.

II   топ – «Су»    Таби?ат аясында ?зі?ді-?зі? ?стай білу ережесіні? жобасын тізі?дер?

III  топ – «Ауа»  «С?йікті ?алам ластануда!»  та?ырыбы бойынша ?аланы? ластан?ан жерлерінен суреттер беріледі ж?не слайдтан к?рсетіледі.  Осы суреттер ар?ылы  ?аламызды? ластануына жол бермеу жобасын жасап, жария еті?дер?

     7. Топпен ?н айту. 3 мин.

            «Жас д?уірді? т?легіміз»

                                      С?зі   Е. ?тетілеуовтікі

                                      ?ні     И. Н?сіпбаевтікі

     8. ?й тапсырмасы. 2 мин.

1.   Таби?атта?ы «Жасыл достар?а» арнап досты? тілек жазы?дар?

2.   Таби?ат?а байланысты айтыл?ан тыйым с?здерді, ма?ал-м?телдерді жазы?дар. Ма?ынасын ашып т?сіндірі?дер?

9. ?орытындылау. 2 мин.

       - Таби?атты аялау ?рбір адамны? абыройды да азаматты? парызы. Таби?атты с?йе білген адамны? ары да, жаны да таза болады.

          Бір-бірімізді? ?олдарымыздан ?стап, к??ілді к?йде, таби?ат?а  байланысты с?здерді, с?йлемдерді пайдалана отырып тілек айтайы?.

1)Б?ла?тай м?лдір таза бол!

2)Ж?лдызы? жары? болсын!

3)Айы? о?ы?нан тусын!

4)К??ілі? к?лдей шал?ысын!

5)Г?лдей жайнай бер!

6)Таудай талап бер!

7)?ыз?алда?тай ??лпыра бер!

       - Міне, ?андай жа?сы тілектер айтылды. Орындалуына тілектеспін. ?мірлері? ?за?, талаптары? о? болсын!

10. Кері байланыс 2 мин.

Со??ы тынышты? с?тi. 1 мин.

    -  Балалар, енді бір с?т тынышталып, к?зімізді ж?майы?шы. (?уенмен) Б?гінгі саба?тан ал?ан ?серлері? мен жа?сы ойлары?ды естері?е т?сіріп к?рі?дерші…. (с?л кідіріс жасаймын) оны ?здері?мен бірге ?алу ?шін ж?ректері?е салып, са?тап ?ой?андары?ды елестетіп к?рі?дерші. (с?л кідіріс жасаймын). Елестетіп болса?дар жайлап к?здері?ді ашы?дар. Б?гін сендер ?те к?п жа?сы істер жасады?дар, саба?ты жа?сы о?ыды?дар, жа?сы ойлар айтты?дар сол ?шін сендерге рахмет айтамын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?лдір б?ла? – жасыл ??ра? »

Сабақ № 21

Мектеп № 50

Мерзiмі 24.11.2014

Тақырып Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ

Құндылық қиянат жасамау

Қасиеттер: мейірімділік, жанашырлық, адалдық

Мұғалiм Төреқұлова Нұрайым Бағдатқызы

Сынып 6"Ә" Оқушылар саны 21


Сабақ мақсаты оқушылардың адам және табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.

Міндеті

  1. оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;

  2. оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету;

  3. табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер, бейнеролик, алма ағашы; плакат, түрлі-түсті қалам, Қазақстанның физикалық-географиялық картасы, интерактивті тақта

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу.

I топ – «Жер»

II топ – «Су»

III топ – «Ауа»

Оқушылар кезек-кезек «жер», «су», «ауа» деп айтып шығып, әрқайсысы өздері таңдаған топтарына барып отырады.


5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Орманға ойша серуен» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Сіздерге тыныштық сәті ұнады ма?

Қандай сезімде болдыңдар?

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Үйге берілген А. Сейдімбектің «Бетпақдала» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің мазмұнын айту.

Сұрақтар:

  1. Хан неліктен «Жер бетінде бір түп жусан қалмасын!» - деп жарлық береді?

  2. Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?

  3. Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?

  4. Бетпақдаланы Қазақстанның физикалық-географиялық картасынан көрсет?

  5. Бетпақдаланың географиялық орнына сипаттама бер?

Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз 2 мин.

«Таза болса, табиғат

Аман болар адамзат!»

Фариза Оңғарсынова

Дәйексөздегі «тазалық» пен «амандық» деген ұғымдардың мағынасы әлдеқайда тереңде жатқандығына оқушылардың назарын аудару. Дәйексөзді талдау үшін мынадай сұрақтар беріледі:

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?

Дәйексөзді дәптерге жазып аламыз.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды.

Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі–табиғат.

Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді.

Ол өздігінен өрескел бұзылмайды, өзгеріске ұшырамайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды». Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.

Табиғат–ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.


«Таза болса, табиғат

Аман болар адамзат!» тақырыбында видеоролик көрсету. 5 мин

Сұрақ - жауап: 5 мин

  1. Видеороликтен қандай әсер алдыңдар?

  2. Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

  3. Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?

  4. Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?

  5. Табиғатта жылай ма?



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10 мин.

I топ – «Жер» «Табиғатты аялайық!» тақырыбына сурет салу.

II топ – «Су» Табиғат аясында өзіңді-өзің ұстай білу ережесінің жобасын тізіңдер?

III топ – «Ауа» «Сүйікті қалам ластануда!» тақырыбы бойынша қаланың ластанған жерлерінен суреттер беріледі және слайдтан көрсетіледі. Осы суреттер арқылы қаламыздың ластануына жол бермеу жобасын жасап, жария етіңдер?



7. Топпен ән айту. 3 мин.

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Сөзі Е. Өтетілеуовтікі

Әні И. Нүсіпбаевтікі



8. Үй тапсырмасы. 2 мин.

  1. Табиғаттағы «Жасыл достарға» арнап достық тілек жазыңдар?

  2. Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді жазыңдар. Мағынасын ашып түсіндіріңдер?



9. Қорытындылау. 2 мин.

- Табиғатты аялау әрбір адамның абыройды да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген адамның ары да, жаны да таза болады.

Бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, көңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отырып тілек айтайық.

1)Бұлақтай мөлдір таза бол!

2)Жұлдызың жарық болсын!

3)Айың оңыңнан тусын!

4)Көңілің көлдей шалқысын!

5)Гүлдей жайнай бер!

6)Таудай талап бер!

7)Қызғалдақтай құлпыра бер!

- Міне, қандай жақсы тілектер айтылды. Орындалуына тілектеспін. Өмірлерің ұзақ, талаптарың оң болсын!

10. Кері байланыс 2 мин.

Соңғы тыныштық сәтi. 1 мин.

- Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші….. (сәл кідіріс жасаймын) оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғандарыңды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын). Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
М?лдір б?ла? – жасыл ??ра?

Автор: Т?ре??лова Н?райым Ба?дат?ызы

Дата: 06.06.2015

Номер свидетельства: 217976


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства