Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Армысың аспан ата! Армысың жер ана! Армысың шуақты күн! Сәлеметсіңдер ме, менің достарым! Қане, балалар бір-бірімізге қарап күлімдейікші. Әрқашан осылай күліп жүрейік. | Бір-біріне жылулық танытып, сөздерді қайталайды. Армысың аспан ата! Армысың жер ана! Армысың шуақты күн! Сәлеметсіңдер ме, менің достарым! Балалар бір-біріне қарап күлімдейді. |
Ұйымдастыру-іздестіру | -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады, суық па әлде ыстық па? Таңқалу сәті (жөтелден дауыс шығады) Қонаққа ата келеді, балалармен амандасады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Балалар мен сендерді көмекке шақырғалы келдім.Биыл бақшама көкөністер егіп едім, міне күз болып, көкөністерім пісіп тұр.Жинайын десем ауырып қалдым, сендер маған сол көкөністерімді жинауға көмектесесіңдер ме? Ендеше, менің үйіме жүріңдер. (алдарынан апа шығады) -Сәлеметсіңдер ме, шырақтарым? Міне, балалар мынау ата мен апаның бау-бақшасы. Қане, ендеше бақшадағы көкөністерді жинайық. Көкөністермен таныстыру: Орамжапырақ Қияр Картоп Қызанақ Сергіту сәті: «Ағаш» Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі. -Балалар, бәріміз көзімізді жұмып, бір сәт ойланайық. Енді көздеріңді ашуларыңа болады. Недеген тамаша! Міне, балалар ата мен апа себет толы көкөністер салып берді. -Көкөністер қайда өседі? Көкөністердің құрамында қажетті дәрумендер өте көп. Тәрбиеші балаларға шын көкөністерді көрсетіп пішінін, түсін сұрайды. -Балалар қызанақтың түсі қандай? -Ал, пішіні қандай? -Орамжапырақтың түсі қандай? -Ал, пішіні қандай? «Дидактикалық ойын» «Банкадағы көкөніс» Мақсаты: көкөністің түсін, пішінін айыра білу. Ойынның барысы: балаларға банкаға салынған көкөністерге сәйкес келетін пішінді тауып жапсыру. | -күз мезгілі -суық болады -балалар таңырқай қарайды -Сәлеметсіз бе? -Иә, көмектесеміз. -балалар атаның үйіне қонаққа барады. -балалар апамен амандасады. -балалар кезекпен бақшадағы көкөністерді жинайды. Балалар, көкөністерді атайды Орамжапырақ Қияр Картоп Қызанақ Балалар қайталап айтып, қимылдармен жасап көрсетеді. -Балалар көздерін жұмады. -бау – бақшада -қызанақтың түсі қызыл -пішіні дөңгелек -орамжапырақтың түсі жасыл -пішіні дөңгелек |
Рефлексивті-түзетушілік | -Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді? -Ата мен апаның бақшасынан не көрдік? -Көкөністерге не жатады? Балаларды мадақтау. Балалар сендерге ата мен апа бойларың өссін, мықты болсын деп сәбіз берді. Бәрің ата мен апаға жақсы көмектестіңдер. Тобымызға қайтайық. Ата мен апамен қоштасайық.Мадақтау | -қонаққа ата келді -көкөністер көрдік -орамжапырақ, қияр, картоп, қызанақ -Сау болыңыздар! |