Просмотр содержимого документа
«Автоматты бөлектеу және жинақтау.»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының
«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№ 22 сабақ
Пән аты: Алғашқы әскери дайындық.
Топ: 11 ТР-к
Оқытушы: Жумашулы М.
Сабақтың тақырыбы: Автоматты бөлектеу және жинақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Атыс құралдарын қолдануда білім алушылардың білімін жетілдіру. Нормативті орындауға жаттықтыру.
Дамытушылық: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің атыс қарулары жөнінде мағлұмат беру. Атыс қаруы автоматының құрылысы, толық, толық емес бөлшектеудің реттілігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Білім алушыларды елжандыққа, отансүйгіштікке, төзімділікке, ұқыптылыққа баулу, патриоттық тәрбие беру.
Базалық құзіреттілік: Қазақстанның патриоттық тәрбиесімен Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындау.
Біз бүгінгі сабақта сіздермен өткен сабақта бастаған Калашников автоматының толық және толық емес бөлшектеу және жинақтау түрлерімен танысамыз. Сонымен қатар, сабақ барысындағы бағалалау өздерің білетіндей әр білім алушының білімі өз деңгейіне қарай жауап беруіне байланысты қойылады.
ІІІ. Үй тапсырмасы:
Сұрақ- жауап арқылы. ІІІ- деңгейде
І-деңгей: “5”ке
“Калашник автоматы мен пулеметі” тақырыбы бойынша және Калашниковтің өмірбаянын оқып дайындалып келгендер айтады.
ІІ-деңгей: “4” ке
Тақырып бойынша сұрақтарға нақты және толық жауап береді.
Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделген?
Автоматтың (пулеметтің) ұрыстық қасиеті қандай?
Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы айт.
ІІІ- деңгей: “3” ке
Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.
Әр бөліктерін жеке-жеке 1 оқушыдан айтады.
ІҮ. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын:
Кіріспе сөз:
Сендер Калашниковтің кім екенін, Калашников автоматының механизмі мен негізгі бөлшектерімен таныстыңдар, қалай жұмыс істейтінін де білесіңдер. Енді біз бүгін осы Калашников автоматының толық және толық емес бөліктеу және жинақтау түрлеріне тоқталамыз.
Тақырып экранда презентация арқылы көрсетіледі.
1. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
Автоматты (пулеметті) бөліктеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу–жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
1) Оқжатарды бөлектеу.
Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолымен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып,оны бөлектеп алады.
2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.
Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті,
Тазалағышты, бұрауышты,қаққышты шығару керек.
3) Сүмбіні алу.
Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып,сүмбіні жоғары суырып алады.
Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш—компенсатордың орнықтырғышы батырылады. Ұңғылық тежеуіш—компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады.
5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу.
Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады,оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп,қақпқашаны алады.
6) Қайтармалы механизмді бөліп алу.
Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына шығарады.
7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.
Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұры, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.
Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.
Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен өзі тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
1) Газ түтікшесінің ұңғылық бастармасымен қосу.Автоматты (пулемтті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғы қысады; тұйықталғыш оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
2) Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
3) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қосылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
4) Қайтармалы механизмді қосу.Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлыққ ойығына кіргізеді.
5) Ұңғы қорабының қақпағын қосу.Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
6) Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою.Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
9) Пеналды дүм ұясына салу.Сүріткішті,тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпашаға жабылатындай етіп ұяға батырады.
10) Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.
Бейне үзінділер көрсету.
V. Бекіту:
Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар беріледі.
Топ 2 топқа бөлініп әр топ өз тапсырмасын орындайды.
І-топ:
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлщектеу не үшін жүргізіледі?
Автоматты ұстау тәртібі және автомат бөлшектерінің аттарын толық атау.
ІІ-топ:
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлщектеуді ретімен айтып беріңдер.
Оқжатарды қалай бөлшектейді?
2 топқа бірдей тапсырма:
1.Автоматты бөлшектеу және жинақтау. Уақытқа норматив №12,13.
(2 топтан өте пысық, шапшаң оқушылар шығады)
Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинастырудың нормативтері.
Нормативтер:
«Өте жақсы»
«Жақсы»
«Қанағаттанарлық»
Автоматты бөлшектеу
18 секунд – «5»
20 секунд – «4»
25 секунд – «3»
Автоматты жинақтау
30 секунд - «5»
35 секунд - «4»
40 секунд - «3»
Қорытындылау:
VІ. Бағалау: Сабақта үй тапсырмасын толық айтқан оқушыларды және белсенділік көрсетіп отырған оқушыларды өз деңгейінде жауап бергеніне қарай бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы: АӘД оқулығы 132-137 бет конспектілеу, оқу.