kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауаттылы? – мені? ?алауым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды? «денсаулы?», «салауаттылы?» ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту. Міндеттері: • адам?а жа?ымсыз, денсаулы?ына, ?міріне зиян н?рселерге ?уес болмау туралы т?сіндіру; • салауатты ?мір с?руді? м?нін ашу; • денсаулы?ты ба?алау?а, салауатты ?мір салтын ?стану?а т?рбиелеу. К?рнекі ??ралдар: о?улы?, д?птер, тех. ??ралдар т.б
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауаттылы? – мені? ?алауым »

Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – менің қалауым

Мақсаты: Оқушылардың «денсаулық», «салауаттылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • адамға жағымсыз, денсаулығына, өміріне зиян нәрселерге әуес болмау туралы түсіндіру;

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

  • денсаулықты бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, тех. құралдар т.б

Шаттық шеңбері

- Сәлеметсіздер ме балалар! Менбүгін сіздерді көріп жүздескеніме қуаныштымын. «Сәлем- сөздің анасы» демекші алдымен бір-бірімізбен амандасып алайық. Амандасу – амандық тілеу дегенді білдіреді. Амандасудың қандай түрлерін білеміз екен? Ол үшін әрқайсыларың алдарыңыздағы дөңгелектерді алып, артын аударсаңдар бір құпия табасыңдар. Ал оның сиқыры мынада: артындағы суреттен сендер бір – бірлеріңмен қалай амандасу керек екендігін көресіңдер.

- күлімсіреген күн бейнеленсе онда бір-бірімізге күлімдей қарайық, жақсы ықыласпен амандасайық.

 - алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасайық.

-жүрек болса құшақтасайық.

- Міне, балалар, бір-бірімізбен амандасу арқылы көңіл күйіміз көтерілді. Бұдан былай, амандасу мен жақсы сөздердің адамның жанын сауықтырып, көңілін көтеретінін ұмытпаңдар. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Салауаттылық – менің қалауым» деп аталады. Енді біздің шаттық шеңберімізде ақын А.Естеновтың «Салауаттылық деген не?» деген өлеңін бәріміз бірге оқып талқылайық.

Әңгімелесу

  • Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дені сау адам қандай болады?

  • Өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?

  • Қандай спорт түрлерімен шұғылданасыңдар?

  • Салауатты өмір сүруге не кедергі болуы мүмкін?

Мәтінмен жұмыс Аңыз әңгіме

Ертеде бір шаһарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде

саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді қоршап алады. Саудагерлер:

-Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! – деп жар салады.

Дана қарт адам басын айналдыратын осы бір өсімдікті жақтырмай қалады. Ол жиналып қалған қауымға: -Алыңдар! Бұл «құдіреттің» басқа да пайдалары бар. Темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді, ит қаппайды және ол ешқашан қартаймайды,- депті.

Саудагерлер қуанып кетіп: -Айтқаныңыздың бәрі рас. Бірақ сіз «құдіретті» жапырақтың мұндай қасиеттері бар екенін қайдан біліп қойдыңыз?!- деп таң қалады.

-Темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді, өйткені ұрылар түнде тыныш болғанын жақсы көреді. Ал темекі шегетін адам түнімен күркілдеп жөтеліп ұйықтамайды. Көп ұзамай темекі адамның денсаулығын әлсірететеді де, адам тез қартайып, таяқпен жүруге мәжбүр болады. Таяқпен жүрген адамға қай ит жоласын?! Ол адам ешқашан қартаймайды, себебі жасына жетпей, көз жұмады…

Аңырап қалған жұрт ойланып қалады…

  • Өзгелерге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма?

  • Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?

  • Зиянды нәрселердің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін білесіңдер ме? Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?

 

- Зиянды заттарды ұсынатын адамдар шындықтарын айтпайды. Олардан бойларыңды аулақ ұстап жүру керек. Солардың айтқандарына еріп жүрген достарыңды байқаған болсаңдар, оларға ермеуін, аулақ жүру керектігін айтып жүру керек. Бұл сенің досыңа деген үлкен адамгершілік қасиетіңді көрсетеді.

- Темекі шегу үлкендерге еліктеу, қызығушылық танытудан басталады. Бұл қызығушылықтың ақыры адамның денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Өйткені темекінің өзін алып қарасақ, оның құрамындағы никотиннің өзі адам организміндегі қан айналымын реттеп отыратын жүректің жұмысын, бүкіл нерв системасына, тыныс алу органы өкпенің қалыпты жұмыс жасауына зиянын тигізеді.

- Шылым шегіп етіне сіңіп кеткен, ішімдікке әуес болған адамдар да осындай үлкен өміріне, денсаулығына зиян келтіріп отыр. Балалар, осындай адамдардың үлкен дәрежеге жетіп, жетістіктерге қол жеткізгендерін естідіңдер ме? Әрине, жоқ. Олар тек өзіне ғана емес, өзінің отбасына да үлкен қайғы қасірет алып келеді. Жұмысынан айрылады, жолдастарынан, достарынан, тіпті олардан туысқандары да теріс айналады. Олар қоғамға жат әрекеттері арқылы адамгершілік, сыйластық секілді қасиеттерден жұрдай болады. Сондықтан да денемізді таза ұстап, жат қылықтардан аулақ болып спортпен шұғылданып салауатты өмір сүруіміз қажет.

Жаңа ақпарат

Дәйексөз

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты»

- Адамның денінің сау болуы оның болашағының да жарқын болуының алғы шарты. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмір бойы берілмеген. Сондықтан оны сақтау керек. Өйткені ауру адам толыққанды жұмыс істей алмайды, оқи алмайды, ойына келген өзінің сүйген, ұнайтын кәсібімен айналыса алмайды. Ал дені сау адам еңбекке қабілетті қабілетті болады. Сондықтан біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты.

 

Сергіту сәті

Сабағымыздың ендігі бір бөлімі сергіту сәті. Бәріміз де орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық. Ол үшін менің жасаған қимылдарымды қайталайсыңдар.

 

Шығармашылық жұмыс

Өздеріңді салауатты өмір салтын насихаттаушы адамның орнына қойып, «Салауаттылық менің қалауым» тақырыбы бойынша топпен жұмыс жасаймыз. Бүгінгі сабақтан түйген ой-пікірлеріңді алдарыңызда жатқан қағаздарға өлең шумақтарын арнап, сурет салып , коллаж дайындап жұмыла жұмыс жасаңдар.

 

Тапсырма

Оқушыларға Ұлықпан Хакімнің өсиетін оқып шығып, өз ойларымен жалғасын айту барысында адам өмірінде денсаулықты сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.

Тапсырма: Төмендегі мәтіннен Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетті талдап беріңдер.

 

Ұлықпан Хакім мың жасапты. Ерекше дарынды, мол білімді, зеректі болыпты. Ұлықпан Хакім қандай түйіні қиын дауды болмасын оп-оңай шешіп, қандай кеселді болсын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хакім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.

Ұлықпан оларға: -Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре болмаңдар! Денсаулығымның қалпына келуінен әлдеқашан үміт үзгенмін. Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер, – депті.

-Сіздерге айтатын жеті өсиетімнің біріншісі – ерте тұру, екіншісі – орта тазалығын сақтау, үшіншісі – дене шынықтыру, төртіншісі – үнемі денені таза ұстау, бесіншісі – үнемі сергек жүру, алтыншысы – артық тамақ ішпеу, жетіншісі – көп ұйықтап жалқау болмау. Міне, бұлардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі.

 

Сахналау

Қойылымнан соң төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіңдер.

 

  • Атасы немересіне қалай жауап берді деп ойлайсыңдар? Өз нұсқаларыңды ұсыныңдар.

Бақытқа барар жол

Немересі: Ата, өз денсаулығымды қалай сақтауға болады, ақыл беріңізші? Ол үшін көп ақша, жақсы қызмет керек пе?

Атасы: Маған сенің арманың белгілі болды. Бірақ сен айтқан көп ақша, жақсы қызмет адамды бақытты ете алмайды.

Немересі: Сонда не істеуім қажет?

Атасы: Балам, өз бақытың өз қолыңда. Ол үшін адам жағымсыз әдеттерден аулақ болып, жақсылыққа ұмтылып жүруі керек.

Немересі: Тек жамандықтан қашық болу, жақсылыққа ұмтылу деген не?

 

Күтілетін жауаптар:

Атасы: Жамандықтан қашық болу – ол зиянды әрекеттерден аулақ болу, жақсылыққа ұмтылу – ол денсаулығыңды сақтай білу, салауатты өмір сүру. Немересі: Ата, сонда менің денім сау болса мен бақытты боламын ба?

Атасы: Әрине, балам. Дені сау адам өмірдегі ең бақытты адам.

 

Қорытынды

- Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәлімет алдық. Сонымен денсаулықты сақтаудың негізі – салауатты өмір сүру екен.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір» – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіп, дені сау ұрпақ болып өсіңдер!

 

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, сабақты Т.Серіковтың орындауындағы «Достарым» әнімен аяқтайды.

Достарым



















Ашық сабақ тақырыбы: Сенім – менің серігім

Сабақтың тақырыбы: Сенім – менің серігім

Сыныбы: 5

Пәні. Өзін-өзі тану

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

·        «сенім» ұғымының мәнін ашу;

·        Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

·        Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар! Бүгін далада  қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір-бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Негізгі бөлім.  Жаңа ақпарат

-         Балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдар.  Ә.Табылдиевтің «Сенім» өлеңі оқылады.

-         Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар?

(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған,  сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)

ØСенім деген сөзді қалай түсінесің?

ØӨзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

ØҚандай адам сенімге ие болады?

ØАдамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

ØАдамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

(Оқушылар өз орындарына отырады)

Мәтінмен жұмыс

         Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін «Жаңа дүкенде» мәтіні оқылады.  

-         Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

-         Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?             

Тыныштық сәті      (Музыка қосу)

  - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

     Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

     Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».

Сахналау

         Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогты сахналау ұсынылады «Кімге сенім артуға болады?» .

-         Сенімге ие болу үшін не істеу керек?

Шығармашылық  жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар

С - сенімді, сыпайы, ...

Е – ерен, ерекше,...

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...

І -   ілтипатты, ...

М – мәдениетті, момын,

Дәйексөз

         Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

М.Жұмабаев

Дәптермен жұмыс

47 беттегі 3 тапсырма

-         Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.

Жүректен жүрекке

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген. Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара ұштастығын ашу керек.

Үйге тапсырма

«Сенім» өлеңін жаттау, мәтінді оқу

 































































 Дөңгелек үстел тақырыбы: Отбасы жарастығы

Ата-аналар: бастауыш сынып

Пәні:Өзін-өзі тану

Мақсаты: Ата-анаға баланың жан дүниесін түсіне білуге кеңестер беру. Ұлттық тәрбиенің маңызы зор екенін айтып, этнопедагогикаға назарын аударту.

Шаттық шеңбері

-Қайырлы күн, ата-аналар!Сіздермен танысу мақсатында біз қазір «өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты-жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті берімін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз. Қарасаңыздар, өрмекшінің торы шықты. Енді кері қайтарамыз, ол үшін сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттірен айтасыз.

-Құрметті ата-аналар, біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Отбасы жарастығы». Отбасы – әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Тбасы дегенімізде бірінші үйдегі бала, бала тәрбиесі деген сөзді қолданамыз. Сол себепті де бүгінгі тақырыбымыз бала жайында өрбімек.

         Бала тәрбиесі қашанда кезек күттірмейтін, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Бала үшін отбпсы – басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды. Сөйтіп бала өзінің ең жақын адамдары арқылы өзін қоршаған дүниені танып біледі.

         Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау, мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады.

Жағдаяттарды талдау

1. Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жыылы сөз естімеді.

         Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

         Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?

2.Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

         Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?

         Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?

Сұрақтар легі:

- Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Отбасы жарастығының сыры неде?

- Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесіз?

- Балаңыз бір оғаш нәрсе жасап қойды делік. Сіз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?

- Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі ақылдасып отырасыз ба?

- Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

Тыныштық сәті:

  - Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Біркелкі демалуға тарасыңыздар.                                                                                             Сергіту сәті. 1. «Сиқырлы таяқ» ойыны.

         Әр ата-анаға тек қана жақсы қасиеттерді айтамын құлақтарына, ортадағы таяқшаны ұстап тұрып, бір қасиетті айтамын, сонда сол адам таяқшаны құлатпай ұстап қалу керек.

Ер жүрек, батыл, қайсар, табанды, сенімді, мейірімді, адал, шыншыл, шыдамды, өжет, талапты, қайратты, әдепті, бауырмал, әділетті, қамқоршы, қайырымды, дарынды, талантты, жауапкершілікті, инабатты, тәрбиелі.

Дәйексөз

«Баланы 5-ке дейін патшадай тәрбиеле,

15-ке дейін еңбекке құлындай тәрбиеле,

15-тен кейін ақылшың ретінде ұста» деген керемет ұлағатты нақыл бар.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».

Жүректен жүрекке

Бүгінгі әсерлеріңіз қандай? Бір-бірлеріңізге шаттық, көңіл-күй, жақсылық тілек білдірейік!



Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы: «Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет» 
Өзгеге жасаған ізетің, 
өзіңе жасаған құрметің.
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықтытүсіндіру;
- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, ақ қағаздар.
Шаттық шеңбері
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Әңгімелесу.
-Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
- Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
- Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Мәтінмен жұмыс. «Үш дос» Әңгімені оқу, талдау.
- Балалар неге бірге ойнай алмады?
- Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет» 
Жаңа ақпарат. Оқушылар оқулықтағы жаңа ақпараттарды оқи отырып, адамдардың арасында көп нәрсе сыйластыққа байланысты екенін түсінуі қажет.
Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.
Дәптермен жұмыс
Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.
1- Тапсырма: «Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап хат жаз.
2- Тапсырма «Менің айтар ақылым». Үйдегі үлкендердің өзіңе айтқан ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.
Жүректен жүрекке 
Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлең жолдарын бірге айтып, сабақты аяқтайды.
Құрметтеп ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау- кішілік,
Үлгілі мінез- кісілік

























Күні: 17.11.2010 Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 9
Тақырыбы: Ар-намыс керек адамға
Ар, ұяттың анасы-әдептілік.
Халық даналығы
Мақсаты: «Ар» ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері: 
ұят,ар,намыс туралы түсінік беру; 
сыпайы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; 
ұяты бар, арлы бала болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, табиғат аясындағы көлдің суреті 
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын атап, мына өлең жолдарын айтады, оқушылар қайталайды.
Қандай адам — ұятты?
Инабатты-ұятты.
Сыйланатын-ұятты
Сабыр ойла-ұятты
Абыройлы-ұятты.
Ойланайық пікірлесейік.
Ұят дегенде нені түсінесіңдер?
Инабатты адам деп кімді айтамыз?
Сыйлы адам дегенде кімді түсінесіңдер?
Сабырлы адамды не үшін ұятты, деп айтады?
«Ойлы-ұятты», «абыройлы-ұятты» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары.
Өсиет әңгіме
Алынған жауаптар өсиет әңгімені мұғалімнің айтып беруінен және балалардың жауаптарымен толықтырылады. Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды.
Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят. 
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін- дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып:
Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершіліті сезіндіремін, - дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: 
О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың-адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам-нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді-бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс-ағасы, ар-інісі, ұят-кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен. 
Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Үлкендердің сендерге «ұят болады» деп қандай жағдайларда айтқанын естеріңе түсіріңдер және айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары.
Дәйексөз
Баалалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді. Мұғалім тақтаға «Ар, ұяттың анасы-әдептілік» халық даналы5ы6 деп жазып қояды. Ұят, ар адамды әдепті, ізетті болуға жетелейді. Адам кейде өзінің бір оқыс қылықтарына, тұрпайылық көрсеткеніне, дұрыс істемегеніне ұялады. Ұялудың өзі жақсы қасиет. Ал оны болдырмау одан да жақсы.
Әңгімелеу
Оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша пікірлерін білу үшін әңгімелеу тәсілі ұйымдастырылады. Мұғалім әңгімені айтып береді. Оқушылар мұқият тыңдайды. Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап береді.
Шие тергенде
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай-ақ қалың шиеге кезікті. Жанат терген шиесін қолындағы ыдысқа салса, Қанат шиесін тойғанша жеп, сонан соң өз бетімен ойнап кетті. Таза ауада әрі жақсы дем алып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды. Жанат ыдыстағы шиесін атасына ұсынып жатып:
Ата, мына шиені әдейі сіз жесін деп, орманнан теріп әкелдім, — деді. 
Көп жаса, Жанатжан, — деді атасы бір шиені алып, аузына салып. 
Өскенде сен мені асырайды екенсің. 
Өзің де же, Жанатжан, — деді ол бір кезде. 
Ата, біз шиені орманда тойғанша жедік 
««Ас иесімен тәтті» — дейді халық. Сен көмектеспесең, мен жалғыз өзім тауыса алатын емеспін. 
Қанатжан, сен неге отырмайсың, — деді атасы, босаға жаққа тұрып қалған Қанатты көріп, — Жанаттың шиесін же

Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді. Қанат қандай әрекеті үшін ұялды? Қанат осы әрекетін қайталамайды деп ойлайсыңдар ма? Неліктен? Әңгімені өз ойларыңмен қалай аяқтар едіңдер?
Балалардың жауаптары.
Үй тапсырмасы
Оқушылардың осы сабақтан түйген ойларын үйде пысықтауы үшін үй тапсырмасы беріледі.
Жүректен-жүрекке
Мұғалім сабақты былайша қорытындылайды.
— Балалар, бүгінгі сабақтан ар, ұяттың нағыз адам болып өсуге тигізетін пайдасы көп екенін түсіндік. Ұяты жоқ, өзінің ағаттық істеріне ұялмайтын балаларға үлкендер ренжиді. Оның болашағы үшін нағыз адам болуы қиын-ау деп қиналады. Ал ұяты бар, арлы балалардың болашағынан үлкендер көп үміт күтеді. Мұғалім төмендегі сұрақты қояды, оқушылармен бірге жауап береді, қайталап айтқызады.
Қандай адам-ұятты? 
Инабатты-ұятты
Сыйланатын-ұятты
Сабыр ойлы-ұятты
Абыройлы-ұятты



















Күні: 11.09.2010 Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 5
Сабақ тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойынан эмоционалды мәдениет ұғымын қалыптастыру, өз эмоцияларын билеуге үйрету.
Сабақ барысы:
1.Шаттық шеңбері
-Қайырлы күн!Өзін өзі тану сабағына қош келдіңіздер!Сендерді «қуаныш шеңберіне»шақырамын. Бір-біріңіздің қолдарыңызды ұстап, бойыңыздағы жылу,қуаныш энергиясын бір-біріңізге сыйлаңыз. 
2.Дәйек сөзбен жұмыс.
«Сөз – ізгі істің басы» (Л.Н.Толстой)
«Адамның қылығы - өзінің бейнесін көрсететін айна» (И.Гете)
«Егер өзіңізді билей алсаңыз, сізде үлкен билік бар» (Сенека) 
Қазір сабақта не туралы әңгіме болады?Кімнің қандай ойы бар?
3. Әңгімелесу.
-Қазір бойларыңды қандай көңіл-күй билеп отыр?
- Бойларыңда қандай мінез жиі болады?
-Өз көңіл күйіңді жасыру керек пе?неге және қалай?
-Өз эмоцияларыңды билеу сізге қиынға соға ма?
4. Кластер бойынша жұмыс.
«Мінез» деген сөзді естігенде көз алдыңызға не елестейді?
Мінез
5. Фотосуретпен жұмыс.
Тақтада әр түрлі эмоциядағы адамдардың суреті. 
-Осы адамдардың қандай эмоциялық күйде екенін айтып беріңдерші.
6. Мәтінімен жұмыс «Мінездер».
Мәтінді оқу,талқылау.
- Сіздің өміріңізде мінездің ролі қандай?
- Не қажеттірек? жаман мінез әлде қуаныш?Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
- Қандай адамдармен араласу жеңілірек? Ашушаң әлде ақыл мен шешімге келетін адамдармен бе? 
- Өзін өзі бақылау деген не?оның адамға көмегі.
 7.Жаңа ахпарат.
Мінез бен сезімсіз өмірді елестету өте қиын.түрлі мінездер өмірімізге неше түрлі бояулар береді.Болып жатқан оқиғаларға мән береді. Егер эмоциялар болмаса,болып жатқан оқиғалар құрғақ фактілерге ғана айналар еді.
- Мәдениеттілік деген не? Оған қалай үйрену керек?

8. Шығармашылық жұмыс 
Қазір әдепті адам туралы әңгімелейміз.Сұрақтарға жауап беріңіздерші.
- Бүгінгі өмірде әдепті адам қажет пе?
- Неге әдепті адам болған ұтымды?
- Әдепсіздік , мәдениетсіздік бар жерде өзіңізді қалай ұстауға болады?
 Тақтада В.А.Сухомлинскийдің сөзі «Жақсы сөз адамға қуаныш береді, ал дөрекі, ақылсыз сөз-қайғы береді»
Бұл сөздің шындығын өмірдегі мысалдармен дәлелдеп беріңіз. 
Зейнеткер А.Н. Алексееваның астана газетіне шығарған хатын оқып ,талқылау
Өз қалаңызда «сөз тазалығы» акциясын өткізудің жоспарын жасаңыздар.
10. «Жүректен жүрекке» шеңбері.
Балалар қол ұстаса шеңбер құрып бір-біріне деген тілектерін білдіреді.






























Күні: 27.11.2010 Пәні: Өзін өзі тану Сыныбы: 5 
Тақырыбы: Қызға- нәзіктік, ұлға- батылдық
Мақсаты:
-адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;
- оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;
- нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу ;
Шаттық шеңбері : «Балалық» 
Сөзі – Ғ. Жандыбаевтікі.
Күндей жайнап, гүлдей бойлап, 
Туған жерден нәр алып, 
Күліп ойнап, күнде тойлап,
Өскен біздің балалық.
Қамсыз, алаңсыз,көңіл шат қалай,
Айхай, алау жүз, нұрлы шақтар-ай!
Күнге қарай өрмелеп,өрлей өскен балалық
Құлыншақтай ентелеп, желдей өскен балалық.
Қызық думан, арман қуған.
Ақ ниеттен жаралап, естен кетпес, қайда келмес,
Шіркін біздің балалық.
Әңгімелесу. Мәтінмен жұмыс істеу: « Неге ұялды?» Ә .Хасенова.
-Нәзікеннің бойыннан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Мұрат неліктен өз ойын жүзеге асыра алмады?
Дәйексөзбен жұмыс істеу:
Озар елдің қызы мінезді,ұлы өнерлі келеді . Халық мақалы.
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс істеу:
« Жайма –шуақ» С. Сарғасқаев. Оқулықтың 53-57 беті.
 Мұрат пен Жаннұрдың татуласуына не себепкер болды?
 Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?
 Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?
 Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?
 Қыздар мен ұлдардың арасында сыйластыққа қалай қол жеркізуге болады?
Сахналау : Мәтінді рөлге бөліп сахналаңдар. Оқулықтың 57 беті.
Жаңа ақпарат:
Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық , ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.
Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.
Үйге тапсырма оқулықтың 58 беті.
Суретке қарап, «Біз қалай достасып кеттік» Тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Жүректен жүрекке.
«Қазақ қызы»
Сөзі- И. Сапрбаевтікі
Әні- Р. Таймановтікі.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен.
Өмірде қалған із бар « Ақтабаннан»
Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен ,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
















Күні: 4.09.2010 Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 6
Тақырыбы: Ізгілікке бастар жол
Мақсаты:
-өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; 
-адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
-өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
Міндеті:
адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру; 
оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
Шаттық шеңбері: 
Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдесіп шығады. Алғашқы сабақ болғандықтан бір-бірін көргеніне қуанышты екенін білдіріп жақсы тілектер айтады.
Әңгімелесу.
Жақсылық жасау туралы балаларда түсінік қалыптастыру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Мұғалім әңгімелеп береді. Мұғалім әңгімеде айтылған ой туралы балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.
• Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
• Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Балалардың жауаптары:
Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық жасау туралы балаларда түсінік қалыптастыру үшін әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Мұғалім әңгімелеп береді. Мұғалім әңгімеде айтылған ой туралы балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды.
• Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
• Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Балалардың жауаптары:
Дәйексөз
Оқушылардың әңгіме мазмұны бойынша ойлары дәйексөзбен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға Ыбырай Алтынсариннің «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» дәйексөз мазмұнымен жұмыс.
- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. 
Жүректен-жүрекке.
Балалар шеңберге тұрып, ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді:
- Аяулы анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Құрметті ұстазыма зор денсаулық тілеймін.
- Сыныптастарыма бақытты өмір тілеймін.
- Еңбекшіл достарыма қажымас қайрат тілеймін.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Салауаттылы? – мені? ?алауым

Автор: Ас?арова Айжан Ас?ар?ызы

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202051

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "«Салауаттылық менің қалауым»"
    ["seo_title"] => string(26) "salauattylyk_menin_kalauym"
    ["file_id"] => string(6) "531219"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575973385"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Салауаттылы? – мені? ?алауым мен ма?танышым "
    ["seo_title"] => string(46) "salauattylyk-mienin-k-alauym-mien-mak-tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "202086"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429180232"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Өзін-өзі тану пәнінен 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы:"Салауаттылық менің қалауым""
    ["seo_title"] => string(80) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_5_synypk_a_arnalg_an_sabak_zhospary_tak_yryby_salauattyly"
    ["file_id"] => string(6) "403433"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490531068"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салауаттылы? –?мір салты"
    ["seo_title"] => string(22) "salauattylykomirsalty3"
    ["file_id"] => string(6) "300821"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456807423"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?дістемелік баяндама"
    ["seo_title"] => string(22) "distiemielik-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "250280"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447066390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства